ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................
45
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Мәтіннің өзіне тән мән болмысы, ерекшелігі бар және бірнеше сөйлем негезінде мазмұнды ақпарат беретін туынды. Көркем сөздің хабарлау, сипаттау, пікір айту сияқты түрлі типтерін іске асыратын белгілі бір аяқталған жүйелі ой екендігін, байқата отырып, оқушылардың сөздік қорын байыту.
Қазіргі қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын жеке тұлға қалыптастыру – бүгінгі мектеп алдында тұрған ең негізгі міндет [1].
Қазақ тіл білімі дамыған, бөлімдері мен салалары жан-жақты зерттелген ғылымдардың қатарына жатады. Атап айтсақ, фонетика, грамматика, лексика салалары тараулар бойынша зерттеуге арналған құнды еңбектер көп.
Тіл ғылымына бүгінгі күнге дейінгі зерттеу нысанасы айналған дыбыс, сөз бен сөз тіркесі, еркін тіркес пен тұрақты тіркестер, сөйлем және оның түрлері, морфологиялық, грамматикалық, фонетикалық құбылыстар, лексикалық тұлғалар – сол мәтіннің құрамына кіретін тілдік бірліктер болмақ. Мәтін құрылымы, мағыналық әрі қызметтік тұрғысынан тереңірек зерттеуді аса қажет күрделі мәселелердің қатарына кіреді.
Қазақ лингвистикасында мәтінге қатысты екі түрлі пікір бар: кейбір ғалымдарымыз мәтіннің өзіндік айрықша белгілері, категориясы, тұлғалық бірліктері бар объект есебінде емес, тек сол мәтіндерді құрайтын сөйлемдерінің қасиеттерінен танып-білуге болады деп есептейді. Келесі бір зерттеушілеріміз, керісінше, мәтіннің өзіндік бірнеше ерекшелігіне ғана тән бірліктерінің қосындыларынан тұрады деген ақпарат айтады. Дегенмен де ғалымдарымыздың басым көпшілігінің пікірінше, мәтіннің өзіндік қасиеті, ерекшеліктері болады, сондықтан жеке категория ретінде қарастырылатынын мойындайды. Сөйлемдердің жай қосындыларынан мәтін құралмайды, олардың белгілі бір жүйемен мәтін құрайдын өзіндік қасиеттері болады.
Ұлт мектептерінде қазақ тілі сабағы мәтінсіз ұйымдастырылмайды. Сондықтан да болашақ маман ретінде мәтін арқылы оқушы тілін дамытудың өзіндік ерекшелігін, маңыздылығын ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын «Ұлт мектептерінде мәтінмен жұмысты ұйымдастыру және оның тіл дамытудағы тиімділігі» деп алғанды жөн көрдік.