, , Мұнда, Э – сәйкес экономикалық құндылықтар.
Еа – экономикалық тиімділік (орташа шама).
Сн, Си– бір өлшем эвивалент өнімнің нормативтік және дербес өзіндік құндары.
М – 1 га орманда қалпына келтірілген ағаш қоры.
Пр – ағаш қорының жылдық өсімі.
Табиғат ресурстарын пайдаланудың әң тиімді жолы кешенді пайдалану, табиғат қорғау шараларыда кешенділікті қажет етеді.
Кешенді пайдалану деп-табиғи ресурстардың барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей мейлінше толық пайдалануды айтады. Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану да кіреді.
Минералды ресурстары кешенді пайдалану ұғымына кешенді барлау, толық өндіру, кеннің құрамындағы пайдалы элементтері мен компонентері толық айырып алу, ілеспе өнімдері мен қалдықтарын пайдалану, өндірістің қоршаған ортаға зияның азату кіреді.
Минералды шикізатты кешенді пайдалану-өндірілген кендегі пайдалы және қосымша элементтерді өндіріс қалдықтарын пайдалану.
Минералды шикізат қорын кешенді пайдалану-кен қорын және кен ашу, аралас тау жыныстарын жер асты суларын, ілеспе газдарды ұқсату.
Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану-жақын орналасқан бір-бірімен технологиялық байланысы бар кен орындарын ортақ игеру.
Минералды ресурстарды кешенді пайдалану бірден екі мәселені шешуге мүмкіндік береді: алынатын өнімдер артады және табиғи ортаны ластаулар азаяды.
Минералды ресурстарды кешенді пайдалану дәрежелін бірнеше натуралдық құндық және салыстырмалы көрсеткіштер мен бағалау болады.
Натуралдық көрсеткіштер: алынға элементтер мен компонентер саны және сапасы, алыну дәрежесі, ұқсатылған қалдықтар мөлшері, т.б.
Құндық көрсеткіштер: өндірілген құндылықтар, тиім, пайда, өнімнің өзіндік құны бағасы, рента, т.б.
Салыстырмалы көрсеткіштер: экономикалық тиімділік, рентабелділік, нормалар-мен, жобамен және озық тәжірибелермен салыстыру.
Жиынтық көрсеткіші кешенді пайдалану коэффициенті.