KK= , Мұнда a-алынған пайдалы элементтер мен компоненттер (өнімдер);
К-лоардың алыну дәрежесі (нормасы);
Р-сәйкес бағалары.
Бөлшектің алымы нақты алынған құндылықты көрсетеді, ал бөлімі-тиімді алуға болатын құндылықты білдіреді. Оның мөлшері ғылыми-зерттеу, жобалау жұмыс-тарымен анықталады.
Минералды ресурстарды кешенді пайдалану бағыттарын (жолдарын) таңдау әдістері:
1. Баланстық әдіс.
2. Келтірілген шығындарды салыстыру.
3. Компенсация шығындарын ескеріп толық шығындарды салыстыру.
4. Рента саласымен анықтау.
Кешенді экономикалық бағалау жеке ресурстар сияқты жиынтық рента бойынша анықталады, тек мұнда қосымша синергиялық тиімді қоса есептеу керек.
ҚР табиғат ресурстарын арнайы пайдалану және табиғи ортаға рұқсат етілген шамада қалдықтар шығару (тастау, орналастыру ) төлемді болып табылады. Табиғат пайдалану төлемдері: табиғат қорғау шығындарын өтеу, ресурс иесінің құнығын жүзеге асыру, табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру, ренталық табыста бөлісу, ынталандыру, басқсару қызметтерін атқарады.
Табиғат пайдалану төлем топтары
Төлем тобы
Негізгі түрлері
Атқаратын қызметі
Анықтау көрсеткіші
Төлем көзі
Төлем аудару
1
2
3
4
5
6
Иелік (меншік) құқығы
Пайдалану құқығы үшін
Ұқыпты пайдалануды ынталандыру
Шикізат құны әлеуметтік шығындар
Өнімнің өзіндік құны
Бюджет
Қалпына келтіру (өсіру)
Геологиялық барлау қалпына келтіруге қор аудару
Жұмсалатын шығындарды өтеу
Жұмсалатын шығындар
Өнімнің өзіндік құны
Табиғат қорғау қоры
Үлестіру
Ренталық төлемдер
Ренталық табысты бөлісу
Дифференциалды рента 1
Рента
Бюджет немесе рента қоры
Өтем
Нормалы ластағаны үшін
Табиғат қорғау шығындарын қайтару
Келтірілген зиян
Өнімнің өзіндік құны
Табиғат қорғау қоры
Өтем
Табиғат пайдалануды шектегені үшін
Мүмкін табыстың орнын толтыру
Алынбаған табыс
Шаруашылық шығындары
Бюджет немесе зиян шеккенге
Айып
Нормадан артық ласта-ғаны үшін
Ысырапқа ластауға жол бермеу
Зияндарды еселеп қайтару
Таза табыс
Табиғат қорғау қоры
Жер ресурстарын пайдаланушылар және иеленушілер: жер салыгын, арендалық төлемдер төлейді. Жер жеке меншікке сатылғанда, мұраға қалтырылғанда және кепілдікке қойылып, несие алғанда жердің нормалық құндылығы анықталады. Жер салығы бір жылдың тіркелген төлем болып табылады, оның базалық ставкасын парламент бекітеді.
Су ресурстарын арнайы пайдаланушылар белгіленген лимиттер шегінде су қорын қалпына келтіру және су пайдаланғаны үшін төлемдер төлейді. Лимиттер артық шамаға төлем 5 есе арттырылады. Суармасы егістікте су пайдаланғаны үшін төлемдер екі ставкалы ( куб.метрлік және гектарлық) нормалар төлем төлейді. Су пайдалану төлемдері негізінен су қорғау, тұтынуға әзірлеу және беру шығындарын қайтарады. Ауыз суға және өзге шаруашылық мақсаттарға пайдаланатын төлемдер арнайы тарифтермен анықталады.
Орман қорын пайдалану түрлері:
- Ағаш дайындау;
- Шайыр, шырын дайындау;
- Қосымша ағаш материалдарын дайындау;
- Орманды жанама пайдалану;
- Орманды, мәдени-сауықтыру, туристік – спорттық, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану;
- Орманды ақшылық шаруашылықт қажеттері үшін пайдалану.
Жануарлар қорына төлемдер:
- Жануарлар қорын пайдалану төлемдері;
- Жануарлар қорын қорғау, өсіру төлемдері;
- Жануарлар қорын шектен артық және ұтымсыз пайдаланғаны үшін айып төлемдер.
Төлемдер ставкасын ҚР Үкіметі белгілейді (алыған өнімнің 10% шамасында).
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы оларды ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланған үшін алынады. Төлем ставкаларын атқарушы органдардың ұсынысымен өкілетті органдар бекітеді.
Қоршаған ортаны ластағаны (зиянды заттарды атмосфераға шығарғаны, су көздеріне тастағаны (төккені), қатты қалдықтарды жерде орналастырғаны үшін белгіленген шекті шамаға және шектен артық шамаға төлемдер алынады. Төлем ставкаларын және төлем сомаларын есептеу әдістерін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бекіткен.