R = Z – S, Мұнда: R – дифференциалды рента;
Z – шеткі шығын;
S – дербес шығын (нормалы пайда қоса есептелген).
Рентаны есептеудің бірнеше жолдары бар. Олар: нарықтық (әлемдік) баға мен жеке өндіріс бағаларын салыстырып, қоғамдық қажетті шығын мен дербес шығынды салыстырып және шикізаттық өнімнің бағасынан дербес шығынды және нормалы пайданы шегеріп.
Табиғат ресурстарын экномикалық бағалаудың екі түрі: абсолютті және салыстырмалы бағалаулар ажыратылады. Абсолютті бағалаудың өзі екіге: ағымдағы және ұзақ мерзімдік бағалауларға бөлінеді. Ағымдағы бағалау жылдық рента мөлшерімен анықталады:
R = (Z – S)Q, Мұнда:Q – бір жылда пайдаланатын ресурс немесе одан өндірілетін өнім мөлшері.
Ұзақ мерзімдік абсолютті экономикалық бағалау үшін табиғат ресурсы пайдаланылатын барлық жылдардағы жиынтық рентаны есептеу қажет болады. Жиынтық рента уақыт факторын ескеріп дисконттау арқылы анықталады.оның мағынасы әр жылдары алынатын ренталардың қазіргі құндылығын анықтау. Рента (тиім) неғұрлым тезірек алынса, соғұрлым құндырақ болады.
,
Мұнда: Zt – t жылғы шеткі шығын, өндірілетін құндылық;
St – t жылғы дербес шығын;
( 1 + Енп)t – дисконттау коэффициенті;
Енп – дисконттау нормасы, әдетте сарқылатын ресурсатар
үшін 0,08, сарқылмайтындарға 0,02;
t = 1, 2, 3 ... Т – табиғат ресурсын пайдалану жылдары.
Салыстырмалы экономикалық бағалау келтірілген шығындар төмендегі формуламен жүзеге асырылады:
U + Ен Кmin
Мұнда: U – ағымдағы шығындар;
К – бір мерзімдік күрделі қаржы;
Ен – күрделі қаржының тиімділік нормасы;
Бірдей нәтижеге қол жеткізетін нұсқалардың қайсысында келтірілген шығындар аз болса, сол нұсқа тиімді деп есептеледі. Абсолютті бағалаулардағы сияқты мұнда құндылық мөлшері анықталмайды, тек қана толық шығындар есептеледі.
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау екі негізгі қызметтер атқарады:
Бірінші, есептеу – табиғат ресурстары ұлттық байлық, өндірістің материалдық ресурсы, қоғамдық еңбекті үнемдеу факторы, тіршілік ортасы ретінде бағаланады.
Екінші, ынталандыру – бағалау арқылы табиғатты қорғау және ұтымды пайдалану ынталандырылады.
Биологиялық ресурстардың ішінде аса маңыздыларының бірі орман ресурстары. Орман климат түзуші, ауаны сауықтырушы, су қорын қорғау, егістіктерді қорғау, сауықтыру, рекреациялық т.б. көптеген экологиялық қызметтер атқарады. Орман өндіріске шикізаттың материалдық ресурстар береді. Орман рухани-эстетикалық құндылық.
ҚР орманы аз елдердің қатарына жатады, территориямыздың ормандылығы 4,2, орман жері 26,5 млн. га, о.і. орманды алқаптар 11,4 га. Ормандарымыздан жылына есепті кесім мөлшері 2,5 млн. м3, ал дайындалатыны 1,5 млн. м3 аспайды. Ол экономикамызды ағаш ресурсымен қамтамасыз ете алмайды, басым бөлігін, 70 астамыншет елдерден аламыз.
Орман қоры атқаратын қызметтеріне байланысты 3 топқа бөлінеді.1 топ ормандары экологиялық қызметтер атқарады. Онда те қана орманды сауықтыру күтіп баптау келімдеріне рұқсат беріледі. 2 топ ормандарында экологиялық қызметтерімен қатар шектеулі кесімдер жүргізіледі. 3 топ ормандарында өндірістік маңызы бар ағаш дайындау жұмыстары жүргізіледі.
Республикамыз үшін орман қорын қорғау және молайту аса маңызды экологиялық және экологиялық міндеттер болып табылады. Орман қорын қорғаудың, ұтымды пайдаланудың басты бағыттары:
Өрттен қорғау.
Ағаш дайындау және өңдеу қалдықтарын кешенді пайдалану.
Орман қорын
Ұлттық байлық, материалдың экологиялық ресурстар ретінде бағалау қажет болады. Сонымен қатар оның қажеттілігі келесі жағдайлардан туындайды:
- орман шаруашылығы материалдық өндірістің жеке саласы, орман өнімдерін сату есебіненорман шаруашылық жұмыстары қаржыландырылады;
- орман қорын қорғау, өсіру жұмыстары экономикалық ынталандыру қажет етеді, ал орман қорын бүлдірушілер материалдық жауапкершілікке тартылады.
- орман шаруашылық шығындары толығымен қайтарылуы тиіс және орман рентасы иесіне тиесілі болады.
Орман ресурстарын экономикалық бағалау орман рентасының негізінде жүзеге асырылады және келесі ерекшеліктері ескеріледі.
1. Орман қорын өсіруге, қорғауға шығын жұмсау мерзімі мен нәтижесін алатын уақыт бір-бірінен өте қашық.
2. Орман жер бетінде тегіс орналаспаған, орманды жердің өзінде әртүрлі ағаштар өседі, олардың және құндылығы әртүрлі болады.
3. Табиғи жағдайларына, климатына байланысты орман шаруашылық және ағаш дайындау шығындары да әртүрлі болады. Осы ерекшеліктері орман рентасын есептеуге мүмкіндік береді.
4. Орманда әртүрлі жастағы ағаштар қатар өседі, олардың құндылықтары да әртүрлі, соған қарамастан олар бірге бағаланады.
5. Орман ағаштарының түріне, іске жарамдылығына байланысты құндылықтары әртүрлі, сондықтан орман қоры таксациялық бөліктерге бөлініп бағаланады.
6. Орман арнайы экологиялық қызметтер қызметтер атқаратын болса, онда ол сол қызметтерінің тиіміне сәйкес бағаланады.
7. Орманда негізгі кесім-ағаш дайындауға дейін орманды сауықтыру, күтукесімдері жүргізіледі.Олардан алынған өнімдерден тиім орман қорын бағалауға қосылуы тиіс. Сондай-ақ орманды жанама пайдалану, қосалқы өнімдер тиімдері де бағалауға қосылады.
8. Ормандағы ағаш өнімдерімен қатар орман жері де бағаланады.
Орман рентасын есептеу формулалары:
1. Орман ағаш рентасы:
Rз= ;
2. Орман жер рентасы:
Rз= ;
3. Жанама, қосалқы өнімдер рентасы:
;
4. Ағаш шайырын, шырынын даярлау рентасы:
.
Сонымен орман ресурсының толық бағалануы:
R = Rд + Rз + Rп + Rш + Rғ.
Формулаларда: Rд + Rз + Rп + Rш + Rғ – орман ағаш, орман жер, жанама, қосалқы өнімдер, шайыр, шырын дайындау және экологиялық ренталары Ма , Мв – бір га ағаш қоры және жылдық өсімі; ra, rв – бір куь м. Ағаштан және 1 га алынатын жылдық ренталар; Vi – сәйкес өнімдер мөлшері; ri – олардан алынатын жылдық ренталар; Т – ағаштың кесімге жарамды жасы; t – бағалау жылы, t1 – бағалаудың алдында өнім даярланған жыл; Eнп – дисконттау нормасы (0,03 деп алынады).
Практикада орман ресурсын экономикалық бағалау үшін ағаш рентасы (1) мен жер рентасы (2) ғана есептеледі. Қалғандарының үлесі шамалы болғандықтан ескерілмейді.
Орманның экологиялық қызметтерінен алынатын тиімдер арнайы формулалармен есептеледі.
Орман қорын қалпына келтіру құндылығы жұмсалатын шығындар негізінде анықталады. Мұнда да ағаш құндылықтарын және жер құндылығын қалпына келтіру есептеледі. Ағаш қорының артуы және орман жерінің жерінің өнімділігі бағаланады.
Э = Эд + Эз,