Дипломдық ЖҰмыс 6В05101 «Биология»



бет18/19
Дата10.05.2023
өлшемі90,43 Kb.
#91665
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дипломка 3

Қорытынды.

Зерттеу тақырыбын қорытындылай келе биологиялық ресурстарды тиімді пайдалануға ұсыныс білдіремін. Биологмялық ресурстарды тиімді пайдалануда экономикалық жолмен ұйымдастыру өзекті мәселе болып отыр. Экномикалық саутсыздық биологиялық ресурстарымыздың бей берекет , ретсіз пайдалануына жол береді. Сол себептен жас экологтар табиғатқа экономикалық тұрғыдан сауатты қорғау алдынғы орынға шығып тұр.


Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді.
Осымен, қортындылай келе біз табтғат ресурстарын тиімді пайдаланып, елімізде бар байлықтарды текке шашпаныздар дегіміз келеді. Табиғат біздің екінші анамыз! Сол себепті табиғат ананың бізге сыйға тартқан асыл байлығын тиімді пайдаланып,келесі ұрпаққа саф күміс қазынадай қалдырайық! Өз елімізде табиғат ресурстарын тиімді өндіру ақсақ болып тұр. Сондықтан,осы жұмысты игеретін мамандар иелерінің шығуына көптеп көңіл бөліп,қолға алғанымыз жөн. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.Қолда бар алтынды қадірлей білейік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет