Дипломдық ЖҰмыс 6В05101 «Биология»


Леманн күшаласы – Eminium lehmannii



бет15/19
Дата10.05.2023
өлшемі90,43 Kb.
#91665
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дипломка 3

Леманн күшаласы – Eminium lehmannii. Сирек кездесетін түр. Ерте кездері Арайниктер тұқымдасының екі мыңға жуық түрлері негізінен тропикалық және субтропикалық аудандарда орналасқан. Леманн күлшарасының қазықтардың арасында тараған аты “Қарапышақ”. Эмениум өздігінен гүлге ұқсай бермейді. Оның сабағы қоңырқай келеген жатын жауып тұрады да одан ланцет тәрізді бірнеше жапырақтар өскен. Солардың ішінде ерекше бір жағы қалың күлгін түсті. Ол пышақтың жүзіне ұқсас.
Көп жылдық, ірі шар тәрізді түйнегі арқылы жерге бекініп тұрады. Сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Құмды жазықтарда және сазды топырақтарда өседі. Қызылқұмда, Орта Азияда өседі. Өте сирек түр.
Аласа Мерендера – Merendera robusta Bunge. Өсу ариалы қысқарып бара жатқан өте сирек түр. Аласа Мерендараның ерте кездері Қызылқұмнан, Мойынқұмнан кездестіруге болады. Сырт пішінінен қарап, оны басқа гүлдермен шатастырып алуы мүмкін. Тек гүл қоршауының бос болуына байланысты басқа гүл өкілі емес екендігі айқындалады.
Биіктігі 10-20см-ге жететін көп жылдық өсімдік. Ұзындығы жұмыртқа пішіндес, ірі жуашағы сыртынан қабыршақпен қапталған. Сабақтары дара және тік. Жапырақтары сызықты, ені 1см-ден. 2-3 сирек, кейде одан көп-ақ және қызғылт түсті гүл қоршауымен жабылған гүлдер болады. Тянь-Шань тауларында, Ауғанстанда және біздің облысымызда, Қызылқұмда кездеседі. Егістік жерлерді жырту салдарынан және гүл терудің нәтижесінде мұның қорлары бүгінде тез азайып бара жатыр.
Қара жемісті Итжүзім – Bryoina melenocarpa. Сиреп бара жатқан өсімдік тамырының ұзындығы 75см. Ені 20см. Сабағы шекаралық көптеген бөліктерге бөлінген. Оның биіктігі 4см. Жапырақтары етті. Сырт пішіні жүрек тәріздес домалақ, саусақ салалы бөліктерге бөлінген. Әдетте аталық гүлдері төмен, аналық гүлдері жоғары орналасқан. Тостақаншасы сарғыш-жасыл. Ал жемісі жасыл қара, тегіс, диаметрі 8мм-дей. Мамыр, маусым айларында гүлдейді.
Құм далада сексеуіл, жүзгіндермен бірге өседі. Малдардың таптауынан өсу ариалы кеміп бара жатыр. Тіпті, қазір ақжемісті итжүзімді Сырдария тоғайынан таба да алмайсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет