Кіші Наяда – Najas minol All. Өте сирек түр. Туысының аты ерте кездегі грек мифологиясынан шыққан. 50-ге тарта түрлерді қамтиды. Барлық өкілдері суға батып тұрып өсе береді. Соның салдары болар оның сабағы тез майысып, сынғыш болып келеді. Сабақтарының сынғыштығы жемісті таратуға икемделгендігінен болады деген жорамал бар. Қазақстанда 3 түрлі Наяда кездеседі. Қызылорда облысында Кіші Наяданы сақтауды қатаң түрде қолға алған. Бір жылдың, сынғыш, қанық-жасыл өсімдік. Сабақтары жіп тәріздес, ұзындығы 5-25см, ені 2 мм шамасында. Күшті бұтақталған, жапырақтары жіңішке сызықты, ұзындығы 1-2см, ені 0,5мм. Бір үйлі өсімдік. Аталық гүлі бір гүл қоршауынан тұрады. Үнемі жабынмен қапталған. Жемісі сопақша, ені 2-3мм. Шілде, тамыз айларында жеміс береді.
Өзен аймақтарында, көлдерде өседі. Еуропа, Азия және Африкаға кеңінен таралған. Сырдария суының азаюына байланысты Наяда күрт төмендеп, жойылып бара жатыр.
Соғды қызғалдағы – Tulipa sogdiana Regel. Өте сирек түр. Орта Азия территориясында ертеректе жойылып кеткен, мемлекеттің, қаланың атымен байланысты өсімдік түрлері кездеседі. Соғды қызғалдағы бактери мятлигі және бактери астрагалланың аттары бұрынғы Бактерий және Сағдан мемлекеттерінің атымен қойылған. Ерте кездегі Самарқанның аты Мараканды, ол Цмина Мараканда түрінің атымен, Сырдария Яксарт болған. Ол-Смолевка және Сырдария сүтті генінің атымен байланысты.
Биіктігі 10-20 см, көп жылдық өсімдік, жуашығы жұмыртқа пішіндес. Орташа, басқа құмда өсетін өсімдіктермен салыстырғанда құмға терең бекиді. Қышқыл түсті терілі қабықпен қапталған. Жапырағы әдетте екеу, ланцетті. Гүлі жалғыз /кейде екеу/ ақ түсті, білінер-білінбес қызғылт жолақтары бар. Наурыз, сәуір айларында гүлдейді. Қызылқұмда кездеседі.
Бүршікті Альдрованда – Aldrovanda vesiculosal. Жойылып бара жатқан түр. Сулы ортада өсетін көп жылдық өсімдік. Тамыры жоқ, тек судың бетінде қалқып жүреді. Жіңішке сабағында 6-9-ға дейін кішкене жапырақтары болады, әрқашан суда табылады. Жапырақ тақтасының аяғында ұшталған сезгіш бір клеткалы талшығы орналасқан ортасына таман сөл шығаратын безі бар. Сулы ортадағы майда микроорганизмдермен қоректенеді. Жапырақтары қосылып, сол арқылы қрғайды. Оның жас жапырақтары осылай етіп қоректене алмайды. Қоректік заттарын өсу нүктесі береді.
Гүлдері ақ, жалғыз, ұзындығы 4-5 мм. Энтомо илді, көпшілік жағдайда тозаңданбай қалады. Сондықтан да саны кеміп бара жатыр. Қысты күні өсімдіктің түп жағына құлап сонда қыстап шығады. Ал, көктемде дамып, жас өсімдіктің жоғары жағына жүзіп көтеріледі. Шілде, тамыз айларында гүлдейді.
Қазақстанда өте сирек түрде кездеседі. Қазір тек қана Сырдария, Іле өзендерінде ғана кездеседі деп тіркелген. Өзендердің бірқалыпты болмауының салдарынан жойылып бара жатыр.