Дипломдық ЖҰмыс 6В07201 мамандығы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



бет5/26
Дата02.03.2023
өлшемі0,95 Mb.
#71113
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Сурет №1

Эфир майы жас өркендерінде және бүрлерінде де болады. Алатау мен Қаратау аралығында ертерек кезде аршаның 6 түрі өскен. Көнекөз қариялардың айтуларына қарағанда, кейінгі 300 жыл ішінде олардың 3 түрі мүлде жойылып кеткен. Ал қалған 3 түрі – қара арша, балғын арша және сауыр арша — қазіргі кезде Талас Алатауында өсіп, кезінде халқымыздың біртуар азаматы Тұрар Рысқұловтың тікелей ұйтқы болуымен 1926 жылы ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қорғауға алынған. Жалпы, аршаны қазақ халқы киелі әрі қасиетті ағаш деп санаған. Оны беталды кесуге мүлде тыйым салған. Тек кейде ғана бесікке немесе қобызға қажетті ағаш таңдаған кездерде талғаммен қурай бастаған арша ағаштарын кесіп пайдаланған. Бұл өңірде аршаны жаппай кесу XIX ғасырдың орта тұсынан бастап отынға, теміржолға төсеу үшін, шахталар мен жерасты жолдарына тіреу үшін және мыңдаған жауынгерлердің сырт киімдерін бояу үшін арша ағаштары көптеп қырқылғандығы туралы деректер кездеседі.


Өсімдіктерден хош иісті заттар алуды адамдар шамамен 7000 жыл бұрын үйренген. Ежелгі Мысыр қорымдарында археологтар дәрілік эфирмайлы өсімдіктердің ізін, олардың хош иісті құтыларын тапқан. Ладан, сандал және мирра Жоғарғы Өсиет (Ветховый Завет) кітаптарында кездескен. Шөптер туралы ғылымның негізін қалаушылар – ежелгі Мысыр тұрғындары, біздің дәуірге дейін төрт мың жыл бұрын эфирмайлы өсімдіктерді терапевтік және косметикалық мақсаттарда, сондай-ақ мәйіттерді бальзамдау құралы ретінде кеңінен пайдаланған. Олар үйде және түзде қолдануға арналған хош иістерді бөліп жіктеген. Діни рәсімдер мен мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды іс-шараларды орындау міндетті түрде ладанды балауызбен бірге жүргізілді, өйткені бұл хош иіс өлім-жітімнің әрқайсының жанын «ашуға» жоғары күштерге көмектеседі деп есептелді. Балауызбен хош иістенген шарларды биші-күңдер шаштарына өрген: билеп, қызып тұрған тері жабынына жанасқан балауыз еріп, қоршаған ауа нәзік қоздырғыш жұпар иістерге толған.
Ежелгі Мысырда қолданылған ароматты өсімдіктер туралы кейбір деректерді саркофагтардағы және табыт қабырғаларындағы жазбалардан алуға болады. Бүгінгі таңда осындай жазбалардың ішіндегі белгілі ең көнесі шамамен б.э.д. 2800 жылға сәйкес келеді. Пирамидалардың ішінен бензой эфирінің көптеген майларының құрамына кіретін ладанның айқын иісі бар май және жақпамай шөлмектері, косметика банкалары табылған.
Ежелгі мысырлықтар өсімдік тектес түрлі табиғи заттардың экстракттарын пайдалана отырып, пилюля, суппозиторий, паста және жақпамай түріндегі сыртқа және ішке қолдануға арналған дәрілік препараттарды, сондай-ақ ұнтақ және ароматты ысқылау сияқты косметикалық заттарды жасай алған. Дәл осы ежелгі Мысырда жүзім, қарбыз, сарымсақ, пияз, кориандр, тмин, анис, туя және т.б. сияқты пайдалы эфирмайлы өсімдіктерді медициналық және косметикалық мақсаттарда пайдалану дәстүрі туды.
Мәдениеті өте жоғары дамыған мысырлықтар эфир майларын химиялық айдау процесі жайында білген жоқ, олар эфир майларын сығымдау және механикалық сығу арқылы алды. Ежелгі мысырлықтардың қабірлерінде археологтар елге кипарис және туи майларын әкелу фактілері туралы айтылған иероглификалық мәтіндері бар саз тақтайшаларын тапты, бұл сол алыс уақыттарда эфир майларының сауда айналымында жүргенінің көрнекті дәлелі болып табылады.
Ежелгі гректер мысырлардан медицина саласындағы мәліметтердің көп бөлігін алып, өсімдіктердің емдік қасиеттері мен олардың хош иісті туындыларын табандылықпен зерттеуді жалғастырды. Олар өсімдік эфир майлары мен эссенциялары адамның ағзасы мен психикасына әртүрлі әсер ететінін анықтады, яғни босаңсытып, ұйықта да, сергітіп, белсенді әрекеттерге ынталандыра да алатын түсінді.
Шөптер мен гүлдерден шипалы хош иісті компоненттерді абсорбирлеу үшін гректер Жерорта теңізі елдерінің аумағында өсетін зәйтүн ағашы жемістерін кеңінен қолданған. Ароматталған зәйтүн майы емдік және косметикалық мақсатта пайдаланылған. Мирра – Шығыс Африкада өсетін ағаштардың сары-қоңыр шайыры болып табылатын ең көне хош иісті ингредиенттердің бірі. Шайқасқа баратын грек жауынгерлері міндетті түрде өздерімен зәйтүн майы мен миррадан жасалған антисептикалық және жараны басатын әсері бар емдік жақпаны алып жүрген.
Гүлдер мен шөптердің майлары мен эссенциялары жараларды, тұрмыстық жарақаттарды, ішкі ағза ауруларын емдеу үшін қолданылған. Австралияның аборигендері терапевтикалық мақсатта «шай ағашы» жапырақтарынан жасалған күшті антисепкалық әсері бар шырынды пайдаланған. Оның жапырақтарын мұқият ұсақтап, ботқа жасап, жаралар мен жарақаттарға қалыңдап жаққан, содан кейін жылы жапқышпен жауып қоятын болған. Осындай компресстерді пайдаланғанның арқасында жаралар бірнеше күннің ішінде жазылып кететін болған. Ресми медицинамен мойындалған әсері басым табиғи антисептиктердің бірі шай ағашы жапырақтарының майы жүздеген жылдар бойы әртүрлі мақсаттарда қолданылған. Қазіргі таңға дейін де қолданылып келеді.
Классикалық медицинаның негізін салушы болып есептелінетін Гиппократ эфирмайлы дәрілік өсімдіктердің айтарлықтай мөлшерін сипаттап берді. Шөппен емдеу теориясына атақты ежелгі римдік дәрігер Гален мол үлесін қосқан. Ол қазіргі таңда «галенді» деп аталатын эфирмайлы өсімдіктердің түпнұсқа классификациясын жасаған және жақпамайлардың прототипі болып табылатын «салқын кремді» ойлап тапқан.
Дәрілік өсімдіктер туралы ғылымға баға жетпес үлес қосқан – атақты Шығыс дәрігері Ибн Сина (980-1037 жж.). Оның ғылыми қолжазбаларында дәрілік өсімдіктердің 800-ден астам түріне ақпарат берілген және әрқайсысының адам ағзасына әсері сипатталған. Ол өсімдіктерден эфир майларды химиялық айдау әдісін ойлап тапты. Ибн Сина ароматерапияны – табиғи хош иістердің (эфир майларының) иіс сезу орталықтары арқылы адамға әсер етуінің эстетикалық әдістемесін танымал етті.
XII ғасырдың басынан бастап өсімдік эфир майларының негізіндегі шығыс хош иістері белгілі болып, Батыс Еуропа елдерінде кеңінен танылады. Еуропалықтар тасшөп, розмарин, лаванда сияқты жергілікті өсімдіктерді белсенді пайдалана бастады.
Орта ғасырдың көптеген қолжазбаларында өсімдік текті эфир майларын алудың әртүрлі әдістері турады мәліметтер бар. Кітап басып шығару пайда болғаннан бері бұл рецепттер өсімдіктерді сипаттауға арналған арнайы кітап баспаларында жарық көре бастады. Анағұрлым күрделі құрамды дәрі-дәрмектер дәріханаларда сатылды, ал жеңіл дәрілер: лаванда тамшылары, шөптік жастықшалар, жақпамайлар үй жағдайында дайындалды.
Еуропада емдік және хош иісті эфир майларының дамуына және жаппай таралуына күшті түрткі болған жағдай жұқпалы инфекциялық аурулардың (оба, шешек) эпидемиялары. Егер адамдарда өздерімен бірге ароматты эфир майларына шыланған дезинфекциялаушы әсері бар гүл жинақтары немесе шарлар болмаса, қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынған.
Алайда, хош иісті өсімдіктердің артықшылықтары антисептикалық немесе қабынуға қарсы қасиеттермен ғана шектелмейді. Иіс естеліктерді жандандыруы, адамның көңіл-күйін өзгертуі мүмкін екені бәріне мәлім. Қазіргі уақытта Ұлыбританияда, АҚШ-та және көптеген басқа да мемлекеттерде ароматерапия адамдарды емдейтін және тыныштандыратын жүйенің бөлігі ретінде дамып келеді. Майлар массажда, ванна үшін жиі қолданылады немесе оларды физикалық және эмоционалдық көңіл-күйді жақсартатын хош иіс алу үшін жағады. Бұл тәсілдердің барлығы ежелгі халықтарға белгілі болған, сондықтан терапиядағы хош иісті пайдалану дәстүрі жалғасып келеді.
Химия өнеркәсібінің қарқынды дамуы жасанды түрде жасалған дәрілік препараттардың табиғатпен жасалған табиғи заттардың ығыстырылуына алып келді. Ароматерапия көп жылдар бойы сұранысқа ие болмай қалды.
Бірте-бірте Батыстың медициналық рецептеріне Индия, Қытай және Азияның басқа да елдері отаны болып саналатын эфирлік майлы дәрілік өсімдіктердің көп саны кірді. Американдық және австралиялық континенттердегі эфирлік майлы флора өкілдері де шеттен тыс қалмады. Шай ағашы, қалампыр, герань, сандал, эвкалипт, жалбыз, лаванда эфир майлары – бұл жасанды синтезделген дәрі-дәрмектерді ығыстыра алмайтын, бірақ оларға лайықты бәсекелестікті құрайтын заманауи ароматерапия арсеналының ең танымал өкілдері.
Жыл сайын экологиялық жағдай мен фармацевтикалық нарықтың стихиялық коммерциялануының нашарлауы жағдайында «Артқа, Табиғатқа, табиғи дәрілік заттарға!» ұраны қазіргі заман тенденциясына айналды. Адамдар бірте-бірте қазіргі заман медицинасының шамасы барлық нәрсеге қауқарлы еместігін, денсаулығына әр адам өзі қамқор болу керек екенін түсініп жатыр және эфир майларының үлкен әлеуетін ашу үстінде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет