Дипломдық ЖҰмыс 6В07201 мамандығы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



бет6/26
Дата02.03.2023
өлшемі0,95 Mb.
#71113
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 6В07201 маманды ы «Фармацевтикалы ндіріс техно

Сурет №2
Арша ағашы Солтүстік жарты шардың тасты топырақтарында өседі, Испания мен Португалияда өсетін аршаның түрлері, сондай-ақ қызыл жемісті арша хош иістендіргіш ретінде қолданады.
Тұқымдас тармағының уәкілдері Солтүстік жарты шарда Арктикадан субтропиктік таулы аймақтарға дейін кең таралған. Тау беткейінде де құмды жерлерде де жақсы өседі.
Ұзындығы биік (10-15 м) аршалар Ортажер теңізі аймағында, Орта Азия да, Мексика мен Солтүстік Американың құрғақшыл аймақтарында арша талдары орман болып топтасып өседі.
Биіктігі кішірек бұталар таудың тасты жарларында, ормандардың үшінші ярусында өседі.

Ал, республикамыздың солтүстік облыстарында өседі. Ол тау беткейлерінде, орман арасында, құмды жерлерде, далалы аймақтарда жиі кездеседі. Орал облысының далалы, құмдауыт жерлерінен де табылады. Дәрілік шикізат ретінде қара күзде өсімдіктің піскен жемісі ( қаракөк түстілері ) жиналып алынып, ашық жерде ептеп кептіріледі. Ол үшін ағашты қолмен сілкіп, жерге түскен жемісін жинап алады да, тазалап, сорттап, кептіреді. Кептірілген жемісті кардон, фанерь жәшіктерге салып ( бетін жауып ), құрғақ бөлмелерде үш жылға дейін сақтауға болады.


Қазақстанда аршанын үш түрі кездеседі:

  • зеравшан аршасы (қара арша),

  • Туркістан аршасы

  • жарты шар тәрізді арша - Juniperus semiglobosa Regel.

Оңтүстік оңірінде "Сайрам-огем" ұлттық паркыгда осы аршанын үш түрі де кездеседі.

1.2. Биологиялық сипаттамасы


Өсу тұрғысына қарай арша

  • жайыла өсетін және

  • тік өсетін болып екіге бөлінеді.

Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі – 20-30 метрге жетеді.
Арша 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.
тоннадан астам жапырақшаларды өңдеу қажет.
Эфир майларының құрамына терпендер мен терпеноидтар, ароматты қосылыстар, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер, альдегидтер, органикалық қышқылдар және т.б. кіреді. Эфир майларының сапасын таңдау көрсеткіші қолдану саласына байланысты және олардың табиғилығымен, парфюмерлік, фармакологиялық, дәм-иіс қасиеттерімен анықталады.
Эфир майларының құрамы өсімдіктің түріне, оның хемотипіне, өсімдіктің жиналған жылындағы ауа райы жағдайына, шикізатты сақтау жағдайына, эфир майларын алу тәсіліне, сондай-ақ сақтау ұзақтығна да байланысты болады.
Эфир майлары өте күшті әсер ететінін және абайлап қарауды талап ететінін ескеру керек. Атап айтқанда, эфир майын таза түрде теріге жағуға болмайды – оны алдын ала базалық маймен сұйылту керек. Маймен жанасқаннан кейін теріні дереу тазалау қажет. Эфир майын ішке қабылдау қатты улануға әкелуі мүмкін. Эфир майларын балалар мен жануарларға қол жетпейтін жерлерде сақтау қажет. Көзге түсуден сақтау керек, түсіп кеткен жағдайда көздің шырышты қабатын тез арада судың көп мөлшерімен жуып, дәрігерге қаранған жөн.
Эфир майлары – тұтану температурасы төмен ұшқыш, жанғыш заттар. Буып-түю кезінде (медицинада және ароматерапияда арнайы терапиялық мақсаттағы, парфюмерлік өнімдерді қалыпты пайдалану жағдайларынан басқа) дем алудан және терімен жанасудан аулақ болу керек:

  1. өнеркәсіпте: эфир майларын басқа заттар сияқты қолдану қауіпсіздік паспорттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы керек (materialsafetydatasheet-MSDS ағылшын терминіне сәйкес келеді);

  2. азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарда: эфир майларының ішкі қолданылуына тек тамақ өнімдерінің құрамында (сусындар, кондитерлік өнімдер) немесе арнайы фармацевтикалық препараттарда (валидол, аскөк суы) ғана жол беріледі;

  3. тұрмыста: хош иісті заттар толық жанбаған жағдайда (ароматты таяқшалар, темекі, т. б.) зиянды заттар, соның ішінде полициклдік ароматты көмірсутектер (ПАК) сияқты кейбір канцерогендер пайда болуы мүмкін.

Көптеген эфир майлары мен олардың компоненттерінің таза күйінде уыттылығы әдетте LD50 0.5-10 г/кг-ға жақын.
Эфир майлары негізінен тамақ өнімдерін, сусындарды, тұрмыстық химия бұйымдарын хош иістендіруге, фармацевтикалық өнеркәсіпте, медицинада және ароматерапияда, сондай-ақ еріткіштер (скипидар) ретінде қолданылады. Ароматерапия тек қана хош иіспен емдеуді ғана емес, оларды фармакотерапия ережелеріне сәйкес, басқа дәрілік заттарды қолдану сияқты пайдалануды білдіреді.
Қазақстанда 10 жабайы түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне

  • Түркістан аршасы (І. turkestanіca)

  • Талас аршасы(І. talaіca) - кәдімгі арша, ем арша деп те айтады

  • Сібір Аршасы (І. іbіrіca)

  • Кәдімгі арша (І. communі)

  • Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады.

Олардың биіктігі 1-2 м-ге жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет