Дипломдық ЖҰмыс 6В07201 мамандығы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



бет7/26
Дата02.03.2023
өлшемі0,95 Mb.
#71113
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Сурет №3

Арша қылқаны


Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады.

Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай, Қарағанды қ-ларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді.


1.3. Аршаның химиялық құрамы.
Арша жемісінің құрамында 35 – 40 пайыз шамасында қантты заттар, смолалар, балауыз, сірке, құмырсқа, алма аскорбин қышқылы және фитонцидтер бар.

1. 4. Аршаның қолдануы


Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.
Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады.
Мал дәрігерлігі практикасында арша жемісі несеп айдайтын, асқазан – ішек жұмысын жақсартатын және өңеш бездерінің қызметін арттыратын дәрі ретінде қолданылады. Арша жемісі малдың асқазанына түскеннен кейін оның құрамындағы эфир майлары асқазан – ішектің кілегейлі қабығын тітіркендіріп, олардың жиырылып – созылуын үдетеді, ішектегі зиянды газдардың тез шығуына ықпал етеді. Организмнен эфир майлары бүйрек және өңеш бездері арқылы шығады. Осы эфирмайлары бүйрек пен өңеш бездерінен қатты әсер етіп, олардың жұмысын жақсартады. Халық емінде арша жемісі ежелден – ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келген. Мал дәрігерлігі практикасында аршаның жемісі ауру малға тұнба, ботқа және болюс түрінде беріледі. Ауру малға берілу мөлшері :

  • жылқыға – 25 – 50 грамм

  • ірі қараға – 50 – 100 грамм

  • қойға – 5 – 10грамм

  • тауыққа – 0,2 – 0,5 грамм


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет