Дипломдық ЖҰмыс «Ауыл шаруашылығындағы пиар стратегиясының дамуы» Мамандығы 6В03203 «Қоғаммен байланыс pr»


I.ТАРАУ: Ауыл шаруашылығының дамуы және экономикалық рөлі 1.1 Еліміздің ауылшаруашылығы тәуелсіздікке дейінгі келбеті



бет3/7
Дата25.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#97152
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
I.ТАРАУ: Ауыл шаруашылығының дамуы және экономикалық рөлі
1.1 Еліміздің ауылшаруашылығы тәуелсіздікке дейінгі келбеті

Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел – қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді.[1]
Бүгінде адамзат баласы пайдаланып өзі тұтынуға қажетті азық-түлік пен киім-кешегін алып отырған адам –адам болғалы қалыптасқан кәсіп түрі – ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы көне дәуірде қоршаған ортаның қолайлылығына тәуелді болды. Жер игеру мен сұрыптауды үйренген адам баласы бұл қиындықтыңда шешімін тапты. Адам баласының алған ауыл шаруашылығымен айналыса бастауын, өркениеттің бастауы деп толықтай айта аламыз. Бастапқыда оннан, жирмадан топтасқан аңшылар мен терімшілердің қонысында жүзден артық адам болмайтын. Оған терілген өнім мен аулаңған аң етін бөлу, сонымен қатар жиналған өнімді сақтау деген қиындықтар себеп болды. Ал алған жер өңдеп аңды қолға үйрете бастағаннан кейін қоныстағы адамдар саны жүзден мыңға дейін жетіп, алғашқы тайпалардың негізін қалады.
Ауланған аң еті тез бұзылып кететіндіктен, адам баласы аңды қолға үйрете бастады. Тиісінше, керегін қолданып, қалғанын өсіріп бақты. Міне бұл алғашқы мал шаруашылығын негізін қалаған болатын. Бастапқыда егін шаруашылығынан көрі, мал шаруашылығы жақсы дамыды. Өйткені егңн шаруашылығымен айналысуға керек құрал саймандар жетілмегендіктен. Тек қолайлы жерлер ғана пайдаланылатын. Бұндай көл маңындағы, өзен жағасындағы жұмсақ жерлердің артықшылықтары мен қоса кемшіліктері де бар еді. Сол себептен алғашқы шарулар, өздерімен бірге айдап жүруге қолайлы, мал шаруашылығымен жаппай айналысты.
Егіншілік, қала мен сауда – адамзат тарихының бертінгі кезеңінде пайда болған құбылыстар. Дене бітімі қазіргілермен бірдей адамдар 200 мың жыл бойына аңшылық және терімшілікпен ғана күн көрді, биологиялық жағынан алғанда, Homo sapiens шағын қауымдарда тіршілік етуге, жабайы табиғаттан алған азықпен қоректенуге, үнемі жаяу жүруге, жерде отыруға бәрінен де икемді болған шығар. Екі жүз мың жыл ішінде адам баласы тіл құдіретіне ие болды. Тілдің көмегімен қоршаған орта туралы күрделі білімді бөлісу, жинақтау, сақтау және біреуге беру сияқты бірде-бір жануарға бұйырмаған ұжымдаса үйрену қабілетін игерді.
Шамамен б.з.д. 10 мың жылдықтан кейін (12 мың жыл бұрын) дүниежүзінің бірнеше ғана бөлігіндегі адамдар ұжымдаса үйрену қабілетін табиғат берген азықты пайдаланудан бөлек, азық-түлікті өндіру әдістерінде қолдана бастады. Бірнеше мың жыл ішінде кейбір қауымдар дақылдарды арнайы егетін, өсіретін, жинайтын өмір салтына ауысты. Сондай-ақ ғұрыптық құрбандық шалу, тамақ, тоқыма жібі және сүйектер алу үшін жануарларды қамау мен қорғауды қажет ететін шаруашылық түріне өтті.[2]
Өндіруші шаруашылық — терімшілік пен аңшылық азықпен қамтамасыз ететін жер көлемінде әлдеқайда көбірек жан басын асырай алатындай азық-түлік қорын бірден көбейтті. Нәтижесінде, б.з.д. 10000–4000 жылдар арасында дүниежүзінің кейбір бөліктерінде халық саны бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жылдам өсті, ал тұрақты қоныстар ірілене түсті. Отбасылар мен қоныстар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар күрделеніп, қауым ішінде айтарлықтай билікке ие көшбасшылар пайда болды, технологиялардың әдіс-тәсілдері жетілдірілді, сауда шекарасы кеңейді. Тараудың бірінші бөлігінде осы өзгерістерді, әсіресе Батыста – Жерорта теңізі аймағы мен Шығыста – Оңтүстік Азияда болған өзгерістерді талдаймыз.
Шамамен б.з.д. 4000 жылдардан басталған өзгерістер қарқыны осы ұлан-ғайыр аймақтағы шаруашылықпен айналысатын қауымдарда тіпті үдей түсті. Адамдар қоныстарға тұрақтанды, мұндай қоныстар саны кей жерлерде бірнеше мыңға жетті. Кейбір адамдар қажетке жарайтын заттар жасау, басқа адамдардың жұмысын қадағалау, қоғамдық тәртіпті сақтау немесе бақыты мен ынтымағын қамтамасыз ету үшін құдіретті құдайлармен тілдесу мақсатында егін егу немесе қорек жинаумен айналысуын доғарды. Қорек табушылар мен ұсақ егіншілік шаруашылықпен айналысатын шағын қауымдарға тән теңдік мәдениетінің орнына, байлыққа, рухани мәртебесіне, ерекше қабілетіне немесе қарулы жақтастарын басқару қабілетіне негізделген жасанды әлеуметтік жік пайда болды. Тараудың екінші бөлігінде адам қауымдастықтарын ұйымдастырудың жаңа және сан қырлы әдісі ретіндегі күрделі қоғамның дамуын зерттейміз, оны шартты түрде «өркениет» деп атаймыз.[3]

«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.» -деп басталатын Қазбек би бабамыздың сөзі, қазақ халқының филосфиясы мен болмысын, тыныс тіршілігін айқындап тұрғандай. Иә, қазақ халқының басты шаруашылғы төрт түлік малмен тығыз байланысты болды. Табиғатпен етене өмір сүріп, рухани дүниелерге барынша көп уақыт арнауды шешкен дала филосфдары, төрт маусымда төрт қоныс жаңалап отырды:


Қыстау – мал шаруашылығында ең маңызды қоныстың бірі. Қыс түсіп, жайылымның бәрін қар басқанда. Қары жұқа, табиғаты басқа аймақтарға қарағанда қолайлы жерді қыстау еткен. Қыстауға қыс түспейінше мал жолатпай қорыған бабаларымыз, мал шаруашылығындағы жайылымды тиімді пайдалану технологиясын ойлап тапты.
Көктеу – Қыстан шыққан малды төлдентуге арналған орын.
Жайлау – Жаз жайлау, көшпенділердің сауық құрып демалатын, той-томалақ өткізетін қонысы. Табиғаттың аса бір жомарт, аса бір жайлы мезгілінде, салқын жайлауды жайлаған бабаларымыз әр күнін той-томалақ пен өткізген.
Күзеу– аты айтып тұрғандай, көшпенділердің күзгі қонысы. Күзеу сөзінің негізі жылғының жал-құйрығын күзеу дегеннен шықса керек. Жаздай тойынған малдың реттеп, қысқа дайындайтын болған.
16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады.[4]
Адамзат баласының дамуына әсер еткен бірден-бір дүние, еңбек құралдарын жасай алуымен, терімшілік пен аң аулауды қойып. Тұқымдар мен түрлерді сұрыптап, қолға үйретілген хайуандар мен өсімтал өсімдіктерінің тұқымы мен түрін алуында еді. Бастапқыда, табиғи ортаның қолайлылығына қарай, дамыған шаруашылық, адамзат тұрмысынан бөліп қарауға болмайтын үлкен бір салаға айналды.
Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.
Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.
Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз бөлігі ірі жер иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде.[4]

Осы орайда ауыл шаруашылығына байланысты «Алаш» қайраткерлерінің атқарған істерін айтпай кеуге болмас. Ауыл шаруашылығын дамыту мен өнімді арттыру, дұрыс сақтауға қатысты еңбектер «Алаш» баспасөзінде жиі жарияланып тұрды. Бұған дейін дәстүрлі мал шаруашылғымен айналысып, көшіп-қонып жүрген қазақтардың. Алдағы уақытта егінмен айналысу жайы, малда кездесетін әр түрлі ауырулардың алдын алу турасында әр түрлі үгіт насихат жасалып тұрды. Сонымен қатар қазақ тарихындағы алғашқы ауыл шаруашылығына қажетті оқулықтарда осы кезде жарық көрді. Мәселен : Мәметұлы Ахметтің «Өсімдіктер һәм олардың өмірі» атты кітапшасының алғы сөзі тіптен әсерлі. Мазмұнынан қазақ баласының замана көшінен қалып қойуына ата-бабамызды кінәлаудан көрі замандастарын кінәлау, қатаң сөгу бар. Ата-бабамыз ескертті, мойындарынан жүк түсті, ендігі борыш бізде дейді. Өзге ұлттар сияқты білім алып, табиғат сырын ашып, құдай тиесілі еткен нығыметімізге иелік етейік, жұртқа жем болмайық дейді. 1924 жылы шыққан «Өсімдіктер һәм олардың өмірі» кітабының «бастама сөзі», Зубрилин А-дан аударған Ахмет Мәметұлы:


Білегі жуан бірді жығады,
Білімі жуан мыңды жығады.
Мақал
Міне осы мақалға қарағанда өткен замандағыларда білімнің пұлын ертерек білген-ау деймін. Неге десеңіз, білім деген нәрсеге жеңіл-желпі қараған ауыздан мұндай сөздер көп шыға қоймайды. Біздің осы күнгі «Надан қазақ, жалқау қазақ, аңқау қазақ...» сықылды сөздерімізді өткен заман қариялары жоғарғы екі ауыз сөздеріменен мұнан неше жылдар бұрын айтқанға ұқсайды.
Ойлап қарасақ, біз солардың ескі ауыз сөздеріне ие болып еліріп жүрсек керек. Оны біз ескеріп, есімізде тұта алмасақ, айтқандарына құлақ аспасақ, оған олар айыпты емес. Бірақ, тура жөн сілтеп кетулері анық. Олардың ондай кең бір замандарда айтқандарын, біз мынадай мұң-мұқтаж көбейіп, есепті заманға қалғанда орындай алсақ, жаңа тұрмысқа лайықты болғанымыз. Оларды орынсыз жазғырсаң, аңдамай сөйлеуші арсыз ұл болғаның, олар айтты, орындай алмасаң өзіңнің жамандығың. Жөнсіз желігіп үлкендердің сүйегін тербетіп жының бар ма? Заманың келді, амалын өзің іздеп тап. Өткендер жоғарғы екі ауыз сөздеріменен мойындарынан борыштарын әлдеқашан түсірген. Заманыңда туып, аштан өліп, көштен қалсаң обалың өзіңде.
Әр адам туған заманының құлы. Қосқасын еріксіз істемек. Желкесінде кесірі бар жалқаулар жарыс майданында қала бермек, бұған өткен адамдар айыпты емес. Өз мініңді көрмей, оларды жерден алып, жерге салудың керегі жоқ.
Көз алдыңдағы түрлі жан-жануарлар, өсімдіктердің өмірін біліп алып, құдайдың бермесін тартып алып отырғандардың сеннен ата-анасы артық емес. Ақылында да иәки басқа мүшелерінде де артық жері жоқ. Артығы болса заманында туып амалын тапқандығы.
Бұл кітапшада жазылғанда сол көп амалдардың бір ұшқыны.
Сенде оқы, көр, біл, неге десең, сол заман шын десін. «Табаныңа кірген тікен маңдайыма қадалсын» дейтін, заман сенің ата-анаң емес. Оның саған жаны ашып қабырғасы сөгілмейді. Ертеде айтылған терең сөз «Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады» деген ұранды ұстанып бәйгеге қосыл.
Қалып қойсаң обалың маған.[5]
Мәметұлы Ахмет
1917 нші жылғы Қазағстанда мұнша мал болған:
🐎 Жылқы - 3 941 146
🐄Ірі қара мал - 5 507 636
🐏Ұсақ қара мал
🐐(Қой, ешкі) - 13 123 257
🐫Түйе - 644 024
___________________
23 216 063
Бірақ,
1922 жылы барлығы 13 миллиондай мал қалған.
1929 жылы барлығы 42 508 000 басқа көбейген.
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кан-темировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.
Тың игерудің непзп қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақ-стан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.
1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан ас-там мал басы болды.[6]
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін мал шаруашылығында да бір қатар өзгерістер жасалды. Мал шаруашылығына қатысты жүргізілген саясатты толықтай теріс немесе жөнді дей алмаймыз. Мәселен «Маңмаңкер» журналында жарық көрген ақпарат бойынша 1916 жылғы санақ бойынша қазақ жерінде 4 мил 640мың бас қыл құйрықты болған. Қолдан жасалған саясаттың нәтижесінде осыдан он секіз жыл яғни 1936 жылы жүргізілген санақты 5 млнға жуық жылқыдан не бары тек 440 мың бас ғана қалғаны айтылады. Айта кетейік күні бүгінге дейін еліміздегі жылқы түлігінің санынын 4 млн нан асыра алмай келе жатырмыз. Ал, сол тұстағы қазақ жеріндегі жылқыларды асылдандыруыды көздеген мамандардың еңбегін көрмеуге болмас. Г.Г Хитенков бастаған ғалымдар, ең әуелі қазақ жеріндегі жылқылардың түрі мен санын есепке алды. Нәтижеде төрт түрлі түрдің кең тарағандығы айтылды:
-Мініске жайлы, шоқтығы биік, оң түстік батыстағы адай тұқымы.
-Орталық аймақтағы , келте жабы тұқымы
- Ұзақ шабысқа шыдамды, тауылы жерде кең тарағын, шығыстағы найман тұқымы
- Дон тұқымымен будандар және батыс пен солтүстік өңірлерде өсірілетін желісті жылқылар.
Ғалымсдар Қазақстан жылқы тұқымын жетілдіруді жалғастыра берді. Оның үстіне мініске жайлы, желісті және дон тұқымдарынан жасақталған жылқы зауттарын құру туралы КСРО үкіметінің қаулысы болды да, аталған шаруалардың ілгерлеуіне ықпал етті. 1941 жылға дейін 9 жылқы зауыты қабырға көтеріп үлгерді. Заут армияны кілең жүйіріктермен қамтамасыз етуге міндеттелді.[7]
Атқарылған жұмыстар бастапқыда оң нәтиже бермегенімен. Қазақтың жылқы бағу әдісі бойынша жұмыс істеген мамандар, жақсы нәтиже алды. Бастапқыда ғалымдар қолдан азықтандыру арқылы мініске төзімді, биік жылқы аламыз деп ойлады. Алайда қандай тұқымды әкеліп қосса да туған төлдер әлсіз, дала жайылысына төзімсіз болып шықты. Ақыры ақылдаса келе ғалымдар, будандастырған биелерді тебіндетті, бұл әдіс біртіндеп пайдасын берді де. Бастапқыда қыс айларында ғана қосымша жем-шөп берілсе, кейін келе тек құлындарды ғана азықтандыруға көшті. Оның өзі қысттың қатты аяздарында ғана болды. Ал қалған уақытта буданнан туған құлындар да енесі сияқты дала жайылыммыен өсірілді. Ақыры аяғында биік бойлы, мініске төзімді жылқылар шыға астады.
1930 жылдары жылқы малының көбеюін ерекше назарда ұстады. Халыққа бұдан былай жылқы етін тұтынуға шектеу қойылды. Бұрыннан келе жатқан қызқуу, аударыспақ, көкпар сынды ойындар ескінің сарқыншағы есебінде танылып, бұндай ойындармен айналысуға шектеу қойылды. Қолға алынған шаралардың арқасында 1934 жылғы санақ бойынша қазақ жеріндегі жылқы саны 896 мың басқа жетті. Біртіндеп көбейіп келе жатқан жылқы саны соғыс салдарынан 5 пайызға қайта кеміді. 1954жылғы санақ бойынша 1 миллион 669 мыңға жеткен жылқы саны, недаур өсе бастады. Бірақ 1956жылы билік басына келген Н.С.Хрущев жылқы түлігіне жаудай тиді. Осылайша құлынды биелер мен көбейуге жарамды аналық бастың көбі ет комбинаттарына айдалып кете барды. Жылқы саны 559 мыңға кеміп, 1962 жылғы санақ бойынша 1милион 100мың ғана болды.
Кеңес әскері әскери техникалар мен жабдықталып, дала төсін жылқы тұяғы емес шынжыр табан техникалар түбірлете бастады. Ғалымдардың алдында, ендігі кезекте мініс көлігін емес, ет бағытындағы жылқы тұқымын көбейту тұрды.
1961 жылы Қазақстан Компартиясы орталық комитеті мен Қазақ КСР министрлері ет пен сүт өнімдерін арттыру мақсатында «жылқы түлігін ұлғайту және жылқы түлігін жетілдіру» деп аталатын қаулы қабылдап, оны ғалымдар қызу қуаттады.[8]
1940 жылдың бacынa дейін бүкіл Кеңес Одaғындa 200 ден aca қой cовхозы, 186 500-ден aca колхоздың товapлы қой феpмaлapы ұйымдacтыpылды.
Кеңес Одағы халық шаруашылығанда қой шаруашылығы ерекше орын алды. Өнеркәсіпке керекті ет, май, сүт, елтірі, жүн сияқты бағалы азық-түлік пен шикізат осы қой шаруашылығынан алынды.
Қой шаруашылығынан алынатын аса бағалы шикізат жүн мен терісі болды. Ол кезде бүгінгідей мата өндірісі онша дами қоймағандықтан, жұмысшылар мен әскерлерге арналған киім-кешек қой жүнінен өндірілетін. Қой жүні неғұpлым көп болca, кездеменің caпacы дa cоғұpлым жaқcы болaды.
Мата өнеркәсібіне керекті шикізаттардан, қой жүнінің мынадай артықшылықтары болды:
1)жүн мейлінше берік болaды; жүннің беріктігін, өз өлшеміндегі сым темірмен бірдей деуге болады;
2)жүн жылуды жақсы сақтайды
3)Жүн, сол тұстағы киім-кешек өндірісінде қолданылатын шикізаттардың ішіндегі ең жеңілі болды:
4)Жүннің созылу қасиеті, сол тұстағы өңтелген мақтаға қарағанда әлде қайда жоғары болды;
5)Жүнге бояу жақсы сіңді.Жүндегі бояу оңайшылықпен кетпейтін. Сонымен қатар сол тұстағы көрпе төсеніш ретінде де жүннен басылған кигіз өте бағалы болды. Әрі арзан, әрі жеңіл.
Кеңес үкіметі қой шаруашылығын жүні үшін ғана емес, сонымен қатар арзан ет деп те бағалады. Басқа түліктерге қарағанда өсімтал, еті де сапалы болып келді.
20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.[9]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет