Дипломдық ЖҰмыс «Ауыл шаруашылығындағы пиар стратегиясының дамуы» Мамандығы 6В03203 «Қоғаммен байланыс pr»


I.ТАРАУ: Ауыл шаруашылығының дамуы және экономикалық рөлі 1.2 Еліміздегі ауылшаруашылығының тәуелсіздіктен кейінгі ахуалы



бет4/7
Дата25.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#97152
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
I.ТАРАУ: Ауыл шаруашылығының дамуы және экономикалық рөлі
1.2 Еліміздегі ауылшаруашылығының тәуелсіздіктен кейінгі ахуалы

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін жаппай жекешелендіру науханы жүргізілгені бәрімізге мәлім. Еліміз нарықтық экономикаға бет бұрғандықтан, Кеңес одағынан қалған біраз нысандар мен обиектілерді жекешелендіруіміз керек болды. Бұл өз кезегінде салалардың біраз уақытқа тұралауына алып келді. Бұл кезеңде ауыл шаруашылығы да тұралай бастады. Ауылдардағы жер өңдеуге керек техникадан бастап жердің өзі де талан таражға түсті. Тіптен, кезіндегі мал төлдететін, қой қырғатын, өнім жинайтын қоймалардың барлығы да бүлінді.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері ауыл шаруашылық өнімдеріне деген оң көзғарас соңғы он жылдан бері қалыптасып келеді десек артық айтқандық емес.Ауыл шаруашылығында кенделеп қалған мәселелерді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылы болып жарияланды. Күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін ҚР-ның 2003-2005 жылдарға арналған мемілекеттік азық-түлік бағдарламасы әзірленді. Осы жылдары ауыл шаруашылық өнімдерін нарыққа шығуына сай заңнамалық база қалыптасты және халқаралық нормаларға сәйкес келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды. Бағдарламаның іске асырылуы еліміздің қауіпсіз азық-түлік мәселесін біршама шешуге агралық секторды дамытып қолайлы жағдай жасауға біршама ықпал етті.
Қазақстанның кәсіби Парламенті еліміздің саяси-экономикалық да­муы­на негіз болып отырған заңдарды дер кезінде қабылдап келеді. Ауыл шаруа­шылығына қатысты заң жоба­лары түгелдей Мәжілістің Аграрлық мәсе­лелер комитеті арқылы өтеді. Өзім Аграрлық мәселелер комитетінің мү­ше­сі ретінде заңдарды жетілдіруге атсалысып келемін. Ал қабылданған заңдар аграрлық саланы өркендетуге серпін берді. Парламент депутаттары Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындап, қоғамға қажетті басқа да заңдарды жедел қабылдап жүр. Күні кешеге дейін «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақ­тарын дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Бағдарлама шеңберінде ауылдық жерлердегі мектептердің, денсаулық сақтау ұйымдарының және мәдени ошақтардың материалдық техникалық негізі айтарлықтай нығайып, оларды заман талабына сай жабдықтау жұмыстары жүргізілді. 2004 жылдан бері ауылдық жерлердегі даму әлеуеті жоғары елді мекендерде тұратын халық санының 2,2 есе артуы, ауыл хал­қының жан басына шаққандағы жыл­дық ақшалай табысының 3,5 есе өсуі, ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі ауыл тұрғын­дары үлесінің 4,5 есе азаюы осы жұ­мыстардың нәтижесі. Десек те, ауылдың айналасындағы түйткілдер әлі де жеткілікті. Соның бірі әрі бірегейі – аграрлық секторды қаржыландыру мәселесі. Бүгінгі күні ауыл халқын шағын несиелендіру ша­ғын және орта кәсіпкерліктің көкей­кесті мәселелерін шешудің және мем­ле­кеттің дағдарысқа қарсы саясатының ең қажетті және тиімді тетіктерінің бірі болуына байланысты еліміздің эконо­ми­касында зор маңызға ие болып отыр. Шағын несиелендіру аз мөлшерде қаржыландырудың негізгі элементі ретінде дәстүрлі банктік қарыздар алуға шамасы келмейтін өте кедей «ұсақ кәсіпкерлерге» несие берумен ерекшеленеді. Ауылда халықтың 47 пайызы өмір сүреді десек, олардың 18 пайызының табысы өмір сүру деңгейінен төмен екен. Ауыл халқының кедей болуының негізгі себебі үй шаруа­шылығының өнімділігі мен табысты­лығын арттыру үшін қаражат табу мүмкіндігінің шектеулі болуы.
Халықтың кәсіпкерлігін дамытуды қолдаудың біртұтас мемлекеттік жүйесіндегі тиімді құрал ретінде Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан «Ауыл халқын шағын несиелендіру жүйесін ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы дайындалды. Бағдарламаны жүзеге асырумен 2005 жылдан бастап «Ауыл ша­руашылығын қар­жылай қолдау қоры» АҚ айналысады, бұл – акцияларының 100 пайызы мемлекет иелігіндегі қаржылық институт. Бюджеттік бағдарламаның әлеуметтік бағытын ескере отырып, шағын несиелер халықтың нысаналы топтарына: табысы өмір сүру деңгейінен төмен және табысы орташа үй шаруашылықтарына беріледі.
Бастапқыда жер асты байлығын ашуға көптеп инвецтисия тартылып келсе, бүгінде ауыл шаруашылығын дамытушыларға арналған көптеген жобалар іске асырылуда:
«Сыбаға» – еліміздің ет экспортындағы үлесін молайтып, әлеуетін арттыруға арналған бағдарлама. Бағдарлама негізінен ауылдық жерде мал бағып отырған, оның саны мен сапасын арттыра түссем деген шаруаларға арналған.Бағдарламаның көздегені – жергілікті жердегі мал нәсілін асылдандырып, еліміздегі ет бағасын арзандатуға бағытталған.
«Сыбаға» аясында берілетін несиенің үстеме пайызы төмен, қайтару мерзімі ұзақ. Мәселен, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ шарттары бойынша ең жоғары несие сомасы - 18 000 000 теңге, сыйақы ставкасы - жылдық 6%, ең ұзақ мерзімі - 84 ай, 12 айдан 24 айға дейін жеңілдетілген кезеңімен беріледі. Бұл несие тек қана мал шаруашылығымен айналысатын, соның ішінде етті бағыттағы ірі қара өсіруші жеке кәсіпкерге, шаруа қожалығына, фермерлік шаруашылыққа және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге берілуде.[9]
Бұл жобаның басқа жобалардан ерекшелігі, берілген несие малдың тек етті бағытына арналған. Сонымен қатар қаражатты, жобаның басты мақсатты еліміздегі ет сапасын арттыру, жергілікті ірі қара мал тұқымын асылдандыру болғандықтан асыл тұқымды сиырлар мен қолдан ұрықтауға арналған құралдар сатып алуға, асыл тұқымды аталық мал сатып алуға болады.
Сонымен қатар, несие алушы кепіл қоюға міндетті. Несие алам деген шаруа, қай жылы тұрғызылғанына қарамастан құжаттары заңды кез-келген құрлыс нысанын, ауыл шаруашылық техникасын кепілге қоя алады. Кепіл берілген қаржының он алты пайызына тең болуы тиіс. Басқа да несиелер сияқтығ неие алам дейшінің соңғы үш айдағы кіріс-шығысы мен несие тарихы тексеріледі. Банк бәрі дұрыс деп тапқан жағдайда несие беріледі.
Болашақты бағамдаған Жолдаудың төр­тінші бөлімінде Елбасы Үкіметке ауыл шаруашылығын мейлінше жандандыруға байланысты нақты алты тапсырма берді. Осы тапсырыстардың ішіндегі кезек күттірмейтіні – екіншісі, яғни Жолдауда: «5 жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау кәзіргі күннің талабы» делінген. Ел экономикасының басты саласы – агроөнеркәсіп кешенін дамытуда тежеп келе жатқан проблемалардың бірі, басым жағдайда өндірістің ұсақ тауарлы сипатта болып табылатыны. Мұндай шаруашылықтарда еңбек өнімділігі төмен, өндірілген өнімнің өзіндік құны жоғары, нарықта бәсекеге қабілетсіз болып тұр. Осы жағдайларды шешу мақсатында ауыл шаруашылығын кооперациялау қажет. Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» Заң 2016 жалдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл заңда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметтерінің негізгі мақсаттары мен құқықтың мәртебесі анықталған. Кооперация – ауыл болашағы. Оның пайдалылығы айдан анық: өндірілген өнімді делдалсыз, тұратын жерде тиімді өткізу; мемлекеттік қолдауға (субсидияға) қолжетімділік; төменгі салық төлеу режимі (70%-ға дейін), сонымен қатар, кооперативтер өз кезектерінде мал сою цехтарын міндетті түрде несиеге алатыны ауданымыздағы ветеринария саласындағы көп проблемаларды шешер еді. Үстіміздегі жылы Елбасының тапсырысымен Үкімет «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруға кірісті. Бұл бағдарлама бойынша жергілікті жерде, ауыл, кент округтарында атқаратын жұмыстардың ауқымы өте кең. Үкіметтің тарапынан берілетін қаржылай қолдауды мақсатты пайдалануының нәтижесінде ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне оң әсерін беретіні сөзсіз. Ауыл тұрғындарына: ауыл шаруашы­лығы кооперативтеріне, жеке үй шаруашы­лықтары мен ұсақ фермерлерге (шаруа қожалықтарына) жеңілдетілген 6% берілетін несие-қаржының Ережелерін (тәртібі мен тетіктерін) Республика бойынша жауапты Министрліктер айқындап, жақын арада жа­рыққа шығарып, облыс пен ауданның атқарушы органдары мен қаржы институттарына, біздерге (Кредиттік серіктестіктерге) жеткізеді. Осы шешім тез арада қолға тисе. Бүгінгі күнгі ауданда 43972 жан өмір сүреді. Олардың 19868 немесе 45% еңбекке жарамды. Бұның ішінде 783 жұмыссыз (4%) мен 2225 (11%) өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар санатындағы адамдар. Қазіргі кезеңде осы екі санаттағыларды жұмыспен қамтуымыз қажет. Ол үшін олар өз істерін әрі қарай дамытуға несиемен қаржыландыруымыз керек. Бұның сыртында 01.01.2017 жылға аудан бойынша 1342 шаруа қожалығы бар. Дені ұсақ шаруалар есепте тұр. Оның 1335-і жұмыс істеп тұрғандар, осының ішінде 498-нің малы жоқ. Салық комитетінің деректері бойынша жұмыс атқарып тұрған шаруа қожалықтарында жұмысшылардың саны 2 мыңның маңында. Орташа есеппен бір шаруашылыққа 1,5 адамнан келеді. Осы шаруа қожалықтары­ның басым бөлігіне 1 адамнан 3 адамға дейін ауызша шартты түрде («договорники») жұмыс істейді. Бұлар салық комитетінде тір­келмегендер, оларға жұмыс беруші – шаруа қожалықтарының жетекшілері зейнет қорына жарна түсірмейді. Яғни, бұлар статистика органдарында өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар қатарында. Міне, осы жоғарыдағы адамдарға несие беріп, атқарып отыр­ған жұмыстарына (бизнестеріне) қаржылай қолдау жасап, шаруашылық басшыларының бастауымен оларды жұмыспен қамтыған деңгейге шығаруымыз керек. Ол үшін ол­арға ауданның жұмыспен қамту орталығы арқылы кредиттік серіктестіктен жеңілдетілген жылдық сыйақы 6% бес жылға несие беруімізді қамтамасыз ету қажет. Несиенің көлемі несие алушының жағдайына байланысты «Іскер» бағдарламасы бойынша 500 мың теңгеден 6 млн. теңге мөлшерінде. Бұл соманы Жолдауда көрсетілгендей 16,0 млн. теңгеге дейін көтеруге болады. Жоғарыдағы несие алушыларды қаржыландыруың екі жолы бар: Біріншіден, оларды кооперативтерге біріктіру. Бұл мәселе бойынша облыстың ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының филиалы арқылы біршама жұмыстар атқарылуда. 2016 жылы Тағылы ауылдық округіне «Бірлестік» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып басшысы Хайролла Акимов, құрамына 7 шаруа қожалығы кіріп, жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылдың аяғында Өспен ауылдық округінде «Алға» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды, басшысы жоғарғы білімді жас жігерлі жігіт Мекім Дастан Есетұлы, құрамында 28 қосалқы үй шаруашылығы бар. Облыстың қаржылай қолдау қорынан 66,5 млн. теңге несие алып, кооператив мүшелерінің мал бастары мен өнімін көтеруге жұмыстар атқаруда. Осы тәжербиені әр округке жеткізіп, ауыл шаруашылық кооперативін құруды жалғастыру қажет. Бүгінгі күні Талды, Ақжал, Ақой, Көктіңкөлі сияқты ауылдық округтерінде осындай ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті. Мемлекет тарапынан салаға бөлінетін қолдаулардың біраз бөлігі осындай кооперативтерге бейімделетіні қуантады, сонымен қатар қазіргі таңдағы пайдаланбай жатқан жерлерді Үкіметке қайтару процесі қарқын алуда. Міне, осындай босаған жерлер кооперативтерге басымдылықпен бөлініп отырса, олар болашақта мал бастарын едәуір көбейте алатыны сөзсіз. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру туралы барлық аудандарда облыс әкімінің орынбасары Ш. Мамалиновтың басшылығымен облыстың қаржы институттарының жауапты өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңестер өткізіліп, жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл үрдісті әрі қарай алып кету жергілікті әкімдер мен ауданның атқарушы және біздердің міндетіміз. Екіншіден; биылғы жылдан бастап ауыл тұрғындарына, жұмыссыз адамдарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және жеке үй шаруашылықтары мен ұсақ шаруа қожалықтарына (фермерлерге) төменгі жылдық пайызбен (6%) бес жылға несие-қаржы облыстағы 11 кредиттік серіктестіктері арқылы «2020 жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 428 000 000 теңге Республикалық бюджеттен бөлінді. «Шеткөмек» Кредиттік Серіктестікке 129 818 182 теңге қарастырылды. Егер берілген қаржыны ерте игерсек, Республикадан, облыстан қосымша қаражат бөлінуі мүмкін. Осыған орай ауыл, кент әкімдері Серіктестіктен несие алу үшін, алатын адамдардың құжаттарын күні бұрын наурыз айының ортасына дейін дайындап, ауданның жұмыспен қамту орталығына және бізге, серіктестікке тапсыру керек. Бізден, яғни, серіктестіктен несие алушылар, міндетті түрде ауданның кәсіпкерлер палатасы мен жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен келулері керек. Биылдан бастап, облыс, аудандар бо­йынша Кредиттік серіктестіктерден 2015-2016 жылдары 14 пайызбен берілген несиелер Үкімет тарапынан 10 пайызы субсидияланады деген оң шешімді облыстың ұсақ шаруа қожалықтары асыға күтуде. Облыс бойынша Серіктестіктер арқылы (облыста 11 кредиттік серіктестіктер жұмыс атқарады) 2015-2016 жылдары 2,5 млрд.теңге көлемінде 14% несие берілген-ді. Субсидия мөлшері – 250,0 млн.теңгені құрайды. Бұл қомақты қаражат, шаруаларға үлкен қолдау. Біздің аудан бойынша кейінгі екі жылда (2015-2016 ж.ж) 37 шаруа қожалығына 247 млн.теңгенің несиесі берілді. Олардың субсидия көлемі 24,0 млн.теңге. Бұл қаражат олардың шаруашылықтарын әрі қарай дамуына оң әсерін береді. Ауылдық жерде тұрып жатқан азаматтарға, олардың отбасыларына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны жұртшылықтың көз алдында. Астық өндірісінің инфра құрлымын дамытуға ерекше назар аудару қажет, өйткені дәнді дақылдар ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау құрлымында үлкен үлес алады. Элеваторлар мен астық тасығыштар жетіспеушілігі проблемасы астықты өңдеу мен сақтауға , сондай-ақ оны тасымалдауға арналған қуаттылықтарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады.[9]
Қазіргі уақыттың талабы – ауыл шаруашылығы саласының әрі қарай дамуы ғылыммен тығыз байланыста болуы. Ауданымызда біраз шаруа қожалықтары асыл тұқымды малдарын асылдандырып, бонитировка жүргізуге, асыл тұқымды малдарын көбейту мақсатында ғалымдармен жұмыс атқаруда. Ал егістіктермен, шабындықтармен және жайылым жерлермен ғылыми негізінде сүйемелдеу жұмыстарын ешкім жүргізіп отырған емес. Жуырда ғана шыққан «Жайылымдар туралы» Заңның талаптарына қарасақ жайылым айналымын қатаң сақтау, оған геоботаникалық, агрохимия­лық зерттеулердің қаралуы көрсетілген. Сонымен қатар, аудан көлемінде жылдан­-жылға жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алумен шұғылданатын өндірістік орындар көбеюде. Әрине, бұл заманның талабы, аудан экономикасына салынатын үлкен ин­вестиция, ауданның қосымша жұмыс орындары. Дегенмен, бұл ашылып жатқан кәсіпорындар көбінесе ашық тәсілмен жер қыртысын сыдыруда. Ал біздің өңірде жылына 70-100 күн жел тұрса осындай өндіріс орындардың маңындағы топырақтардың зиянды, басқа да қалдықтармен ластанбауына ешкім кепілдік бермейді. Жоғарыда көрсетілгендей біздің әр шаруа қожалығында 1-2 ғана жұмыскер бар екенін ескерсек, бұл кісілер өздерінің күнделікті жұмыстарына қоса жерлерін зерттеу жұмыстарын жүргізетін мүмкіншіліктері аз, сол себептен өзінің ең басты міндеті – жалға алған жерінің топырақ құнарлығын түсірмеуді тиімді орындауды атқара алмайды. Осыған орай құрылатын кооперативтерді құр құрып қана қоймай, оларға ары қарай қолдау үнемі тұрақты түрде жасалуы керек. Үкімет тарапынан тағы да субсидиялау көздерін қарастыру керек сияқты. Мысалы, кооперативке несиеге берілетін мал сою цехін алайық. Бұл цехтар біздің ауданға әсіресе, былтырғы атышулы «сібір жарасынан» кейін қажеттілігі бірінші кезекте. Осындай нысандарда сойылған әр басқа, немесе жылына 1 рет кооперативке субсидия қаралса, ия болмаса сүттің литріне, немесе еттің килограмына төленетін субсидия көлемін 1,5-2 есеге ұлғайтса деген ұсынысымыз бар. Осындай ауқымды көмектерді нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушыларына кооперативтерге, ауылдағы ағайындарды біріктіруге және оларға жан-жақты қолдау жасап, қазіргі заманауи озық техника мен технологияларды алуға қолдау көрсету бүгінгі күннің басты талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет