Дипломдық ЖҰмыс «Ауыл шаруашылығындағы пиар стратегиясының дамуы» Мамандығы 6В03203 «Қоғаммен байланыс pr»


II.ТАРАУ: Жаңа әдістерге сай Ауыл шаруашылығы мәдениетін насихаттау бойынша әкімдікпен және шаруашылықтармен жұмыс



бет5/7
Дата25.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#97152
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АйданаMicrosoft Word

II.ТАРАУ: Жаңа әдістерге сай Ауыл шаруашылығы мәдениетін насихаттау бойынша әкімдікпен және шаруашылықтармен жұмыс
2.1 БАҚ тың арнайы айдарлары мен бағдарламалары
Ауыл шаруашылық жөнінде мерзімді басылымдардың көбінде дерлік жазылып, ондағы түйткілер тұрасында айтылып жүр. Ауыл шаруашылық өнімдерінің маңындағы мәселелерді ғана жазуға арналған қызақ тілді басылым әзірге жоқ деп айта аламыз. Дегенмен, заман талабына сай, әлеуметтік желілердің дамуы шаруалардың ютубтан, ФБ, инстаграмнан жеке парақша ашуына алып келді. Ендігі кезекте әр өңірдегі шаруалар өздері жүргізген зерттеулер мен мол тәжірибесін ауыл шаруашылығына қызығушыларға еркін бөлісуге мүмкіндік алды.

Ауыл шаруаларын ақпараттандыру


Жергілікті БАҚ-та жарық көрген материялдар




Интернет ресурстары

Ауыл шаруашылық минстірлігінің сайты мен ҒЗИ

Малтабу кз – әлеуметтік желідегі неше түрлі сайттарды қарап отырсаңыз бар ғой әә! Қызықтырады. Тақырыбы қызық. Малтабу дейді. Жақсы. Тақырыбы қызық. Малтабу деген не? Мал табу деген біріңді екіге қосып, екіңді үшке қосып еселеп еңбек ету деген сөз ғой. Мал табу- қазақтың бойына сіңген қасиет. Жүгіргеннен жүрген жақсы, жүргеннен отырған жақсы, отырғаннан жатқан жақсы дейді –бұл жалқаулардың сөзі. Керісінше айту керек – жатқаннан отырған жақсы, отырғаннан жүрген жақсы, жүргеннен жүгірген жақсы. Мал табу деген жүгіріп жүріп істейтін жұмыс [10]


Малтабу кз – бірден –бір ауылшаруашылық бағытында ақпарат таратып, қызметін ұсынатын қазақ тілді сайт. Сайттың мазмұнын келер болсақ :
– Төрт түлік: Түйе, жылқы, ірі қара, ұсақ мал, құс, жоғалған-табылған мал, айырбастау-сатып алу, жіліктеп сату, көтерме сауда.
–Жемшөп, егістік-бау бақша: Шөп, құрама жем, қоспалар, дәнді дақылдар, көшет, егістік тұқымдары, агрохимия, тағы басқалар.
–Техника және қызыметтер: Ветеренария, құрал-жабдықтар, тасымалдау, техника, техника майлау, қырқу, қолға үйрету, басқалар.
–Азық түлік: Ет, сүт өнімдері, дәнді дақылдар, көкөністер-жеміс-жидектер, азық-түлік жезкізу.
–Жұмыспен қамтыу: Жұмысшы іздеу, оқыту, жұмыс беру
–Үй жануарлары: Ит, мысық, балық, кеміргеіштер.
–Басқа заттар: Киім-кешеу, жылжымайтын мүлік, жиһаз, электорника.
Ауыл шаруашылығымен күнін көріп отырған ағайын үшін, Малтабу сайты ақпараттық қолдау ғана емес, үлкен демеу болды. Жәй ғана, малға бақташы табудың өзі қиын жұмыс болатын. Оған себеп, бақташығы жұмыс ұсынушы мен бақташы арасындағы сенімнің болмауы. Бұғандайін сары басылымдар қайта-қайта ұсынып, берекесін алған ата кәсіптің қиуы кетіп-ақ тұр. Ал мұнда, жұмыс беруші мен жұмысқа тұрушының арасында арнайы келісім болатындықтан, алаңдаудың қажеті жоқ. Қожайын мал ұрланады немесе дұрыс бағылмайды деп уайымдамаса, бақташы айлығымды ала алмай қалам, жеке басыма қауіп төнеді деп қам жемесе болады.
Көшпенділер мен.Жоқ...анғы қазақтар мен жылқын бөле-жарып қарауды – үлкен қылмыс деуге болады. Азаматты арғымағынан, қазақты қазанатынан, тұлғаны тұлпарынан бөліп- жаруға болмайды. Олар бөлінген емес, бөлінбейдіде.Қамбар батырдықара қасқа атынсыз, Алпамысты Байшұбарсыз, Қобландыны Тайбұрылсыз, Ақанды Құлакерсіз елестете алмаймыз. Демек бөле алмаймыз.Ал, сіздер жылқының исін искеп көрген боларсыздар? Әсіресе, бәйгеден жаңа келген жүйіріктің исін. Ооо, онда күллі табиғаттың, болмыстың, даралықтың, тектіліктің жұпары аңқиды!
Иә, кезінде көшпенділердің «Кентабр» атты аңыз қалдырып, ұлы таланы дүбірлетуіне бірден-бір сеп болған – қасиетті жылқы баласы еді. Елбасының, Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында:
Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.
Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.
Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. – деп айырықша атап өтуі де, тегінен тегін емес еді. Арғымақ кз порталы, негізінен қазақтың атбегілік өнері мен жылқыға қатысты бүткіл ұсақ-түйекті, бүге-шігесінен дейін ұсынып, құнды ақпарат беріп отырған бірден –бір портал. Мазмұнына келер болсақ:
–Желі
–Бие сауым
–Үзеңгілес
–Аттың сыны
–Қазанат
–Екі жирен: Ән, күй, өлең
–Бәйге төбе
–Медиа:Argymaq FM, бейнелер, суреттер, фильмдер
–Басқада: Жылқ таным, биебау, бөктершек, атшабар

Расымен атына заты сай ақпараттық портал деуге болады. Жылқыға қатысты барлық дүниелер болмаса да, сайт журналистерінің тынбай ізденетіні көрініп тұр. Порталдан «тазақанды» аттарды баптаудың әдіс-айласынан бастап, жайылымда жүрген қазақы жылқының жүйірігін тану, оны тебіндету, тел емізу, сүтпен суару барлыөқ барлық дүниелер қамтылғңан. Тіптен кешегі қазақ тарихында өткен Күреңбай сынды сыншылар мен жылқы сынығын салатын сынықты, ветеренарларға шейін түгендегені көрініп-ақ тұр.


Бүгінгі таңда, әлеуметтік желінің дамуы, жалпы интернеттің қолжетімді болуы. Ауыл шаруашылығына да бір шама серпін алып келді. Малшылардың қолы жеткен тағы бір заман игілігінің бірі – жайылымдағы малды GPS арқылы бақылау. Туындаған қажеттілік, сұраныс қызымет көрсетушілерді де шығарды.
Мәселен:
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі мал ұрлығы үшін жазаның қатал болуы, ауыл шаруашылығы малдарын тіркеу, COVID-19 пандемиясы 2020 жылы мал ұрлығы фактілерін екі есеге азайтуға мүмкіндік берді деп хабарлаған болатын. Соңғы жылдары мал ұрлау фактілері барлық облыстарда азайып келеді. 2015 жылы 8 мың қылмыс тіркелді, 2016 жылы – 7,3 мың (-8%), 2017 жылы – 6,4 мың (-13%), 2018 жылы – 5,6 мың (-12,4%), 2019 жылы – 4,7 мың (-15,2 %). Яғни, 2015 жылдан 2019 жылға дейін тіркелген жағдайлардың саны 40% -ға азайған.Сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін жылжыту және АӨК саласындағы жаңа технологияларды тарату мақсатында жыл сайын Қараөткел АӨК жетістіктерінің республикалық жәрменкесі өткізіледі. [11]
G PS трекерлер – бүгінгі таңда ауыл шаруалары, әсіресе жылқы өсіріп отырған ағайынның шаруасына сеп болған, жаңа технология мүмкіндіктерінің ең озығы деуге де болады. Айғырға не мама биеге GPS трекерлер тағу арқылы, үйірдің жайылым аумағын, қай маңда жүргенін, қандай жылдамдықпен ығып немесе жайылып бара жатқаны туралы толық ақпарат алуға болады. Қазақта «жылқы –ұрының малы» деген сөз бар. Расымен бұрын, қарақұрығы күшті, ұрылардың кесірінен жиі зардап шегетінде осы жылқы өсіріп отырған ағайын еді. Енді міне, жаңа технологиялардың отандық ауыл шаруашылығымызға дендеп енуі, ұрылардыің да жолын кесіп жатыр. Осындай трекерлер арқылы, кез-келген қосымшаны құрылғысына жазып алған адам, малдың өрісімен, жайылымын бақылап отыра алады. Сонымен қатар, мал өрісін шектеп қоюға да болады. Егер мал шектелген жағдайжа мал иесінің ұялы телефонынан трекер сигнал хабар жіберетін болады. Ал бұл дегеніміз, малды дер кезінде тауып, ұлрықтың, желдеп жоғалып кетудің алдын алу деген сөз.Тобыр шындық айтқанның емес, иллюзия бергеннің артынан ереді[14]
Әлеуметік желінің дамуы, басқа да салаларға әсер еткені сияқты. Ауыл шаруашылығына да өзіндік ықпалы мен жеңілдіктерін алып келді. Мәселен ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар мен тұқымдарды немесе түрлердің артықшылығын жазатын, айтатын, бейне контенд өндіретін блогерлер бұл салада да пайда болды.
Заман талабына сай ауыл шаруашылығына қатысты ақпарат тарату арқылы пайда табатын инфо бизінісмендер немесе блогерлер бұл салада да пайда болды. Бүгінгі таңда ауыл шаруашлығын тиісті деңгейде насхаттау мен дамуына үлес қосуда имфлюсерлердің еңбегі айырықша деуге болады. Алмасбек қатарлы ауыл шаруашылығын насихаттап жүрген азаматтардың арқасында елімізде қанша ма дүниелер өзгеруде. Ең бірінші кезекте мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалардың тақырыбының тым ұзақ болуы. Шыны керек біз өмір сүріп жатқан заманда және жай ақпараттық заман емес, жылдам ақпараттық заманда адам атаулығы ең құнды жәдігер ол- уақыт. Сондықтан біз өмірімізде уақытымызды алатын артық заттан қаша бастаймыз. Сол секілді газеттегі мақаланың да тақырыбы тым ұзақ болса соғұрлым оқырманға оқу қиын. Содан кейін мерзімді басылымдардың оқырман қарасы азайып, таралым төмендейді. Мәселен: «Қолдан кеткен қысқы олимпиада 2022 жылы қытайлардың қоржынын қампайтпақ» («Айқын» газеті, 6-тамыз, 2015 жыл) Бұл тақырыпты оқи отырып ойға келетін алғашқы сұрақ: Бұл тақырыпты оқыған оқырманға мақаланы толық оқудың қаншалықты қажеті бар?[17] Иә, бүгінгі дамыған заманда онсызда жыл өткен сайын үкіметік вюжеттік күшімен жан сақтап отырған ресми БАҚ ның бірлі жарым материялдарына бола ауыл шаруашылығы дами да қоймас. Дегенмен осы салада ақпарат таратып, өз нанын айырып қана қоймай, елімізде ауыл шаруашылық өнімдерінің дамуына үлес қосып жүрген блогерлер жетерлік. Тіптен бұл блогерлердің аудиториясы еліміздегі ең пайдалы, ең құнды аудитория демесем артық айтқандық емес. Ауыл шаруашылығымен айналысып, өздерінің жеткен жетістіктерін көрсету арқылы ауыл халқының сенімін арттырып, жастардың туған ауданы мен ауылын сақтап қалуы үшін түрлі кәсіппен айналысып, ауылына жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығындағы жаңа үрдістерді алып баруына түрткі болып жүрген бұл азаматтардың жұмысы, расымен де бағалануы тиіс. Сонымен сондай азаматтар турасында бірнеше мысал келтіре кетсек:
С ондай өнімді жұмыс істеп бағбандар мен қатар малшылардың мәселесін көтеріп жүрген, блогерлердің бірі – Алмаспек Садырбаев.Агрохолдинг QAZYNA Басқарма Төрағасы, Гэмпшир, суффолк және меринос етті қойлар республикалық палатасының төрағасы және«Шопан-ата Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығы»
Алмасбек Садырбаев Орталық Азия университетін «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Алмасбек Садырбаев Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
QAZYNA Агрохолдинг басқармасының төрағасы.
2017 жылдан - Гэмпшир, суффолк және меринос етті қойлардың Республикалық палатасының төрағасы.
2018 жылдан - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы.2019 жылдан бастап - Алмасбек Садырбаев Шопан ата Қазақстан қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы.
«Жем мәселесі бүкіл елге қатысты», - дейді Алмасбек Садырбаев. Біз тамаққа өте кедейміз. Биыл, әрине, климаттық жағдайлар кінәлі - қалыптан тыс жылу, жауын-шашынның болмауы. Үкімет, Ауыл шаруашылығы министрлігі жутты мойындамаса да, бар, оның себебі шөптердің аз жиналуы. Оған қоса, бәрінің қақпасы ашық болғандықтан, елімізден арпа, бидай, кебек экспортталды. Барлығы шығарылады. Бұл, мысалы, бидайдың келісі 150 теңгеге дейін жетуіне әсер етті. Жағдай өте ауыр. Оған барлығы бірге әсер етті, ал қалыпты емес жылудың таза табиғи құбылысы және, әрине, біздің бірнеше жылдардағы, тіпті ондаған жылдардағы сауатсыз аграрлық саясатымыз да әсер етті». Ауыл шаруашылығы шикі затын қайта өңдеу үлесін ұлғайту арқылы, жалпы қайта өңдеу кәсіп орындарының артуына мүмкіндік береді.Қорыта келгенде. Газетте ең бірінші тілдік ережелерді сақтай отырып, қысқа әрі нұсқа, түсінікті, оқырманға интрига тудыратын тақырыптарды қойюға болады. Және бұл үшін ұзын сонар сөйлем құраудың да, ұйқас қуудың да қажеті шамалы, орынсыз сөз тіркестерін ойлап табу керегі жоқ. Бар болғаны оқырманды тарта білетін түсінікті, дәлме дәл, қысқа тақырыптарды, мәйегімен мағынасы бар сөздерді қарастыру керек. [17]
«Залынды барынша азайту үшін суармалы жер көлемін ұлғайтып, мал азығын өндіруді дамыту қажет. Өйткені, қазір бізде мал азығын өндіруді ондай дамыту саясаты жоқ. Кез келген бағдарламаларды алыңыз, оқыңыз, жемшөп өндірісін дамыту бойынша нақты және құнды ештеңе таба алмайсыз. Сондықтан бұл мәселе бүгінде өзекті болып отыр. Бұл негізгі аспект екенін бәрі білсе де, бұл мал шаруашылығының негіздері. Ол әрқашан үш тірекке сүйенді - таңдау, басқару және ең маңызды кит - жемшөп өндіру. Ал енді, елестетіп көріңізші, біздің мал шаруашылығымыз екі-ақ тірекке негізделген, тіпті олардың да проблемасы бар. Ал ондай мал азығын өндіру жоқ! Оның жалғыз орны - ірі фермаларда, сүт фермаларында және ірі ауылшаруашылық құрылымдарында. Орта және шағын шаруашылықтарда бұл мүлдем жоқ. Сондықтан мал шаруашылығымыз қазір қолдаудан құр қалды. Оны дамыту керек – суармалы егістіктер арқылы, тұқым шаруашылығында селекциялық жұмыстарды қолдау арқылы. «Менің ойымша, батыс пен оңтүстік өңірлерде ірі қара малды кең көлемде өсірудің мағынасы жоқ. Батыс пен оңтүстіктен келген ата-бабаларымыз қой шаруашылығымен, жылқы шаруашылығымен, түйе шаруашылығымен айналысқан. Олар қашанда жергілікті мал шаруашылығының негізгі түрлері болды. Бұрын бұл жерлерде мал болмаған, сондықтан, шынымен де, бұл жерде не істеу керек? Меніңше, мың жылдық тарихтың өзі бәрін дәлелдеп, барлық сынақтардан өтті. Ал, жалпы, әрине, мал өсіру керек. Мұнда олар өсірілді, өсірілді және одан әрі өсіріледі. Бір ғана нәрсе, туындаған экологиялық мәселеге және аграрлық саясаттың дұрыс жүргізілмегеніне байланысты бұл үшін жағдай ең қолайлы емес». «Мемлекет бұрын-соңды болмаған қолдау шараларын ұсынды және фермерлер әлі де олар үшін коронавирусқа «рақмет» айтады. Қоғам да, Үкімет те шаруаларды дер кезінде қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінді. Енді фермерлерге мемлекеттік қолдаудың тиімді жүзеге асуы үшін тетіктер қажет» «Ет сатуымызға ешкім қарсы емес. өтінемін Бірақ асыл тұқымды малды экспорттау мүмкін емес! Ауыл шаруашылығы министрлігі бір жасқа толмаған бұзауларды, бір жастан асқан құнажындарды және сиырларды экспорттауға тыйым салды. Міне, блогер жарнамалайды: міне, сізге ангус құнажындары, міне сізге сиырлар, егер қаласаңыз - міне ішінде бұзауы бар буаз сиырлар»
«Бізде мал жетіспейді. Тәуелсіздік таңындағыдай деңгейге жеткен жоқпыз. Бұл аграрлық саясатта белгілі бір олқылықтар болғанының салдары. Мүмкін қазір олар бірдеңені теңестіруге тырысады. Барлығы: экспорт, экспорт дейді. Жеке малы болмайынша экспорт болмайды. Меншікті мал асыл тұқымды мал арқылы көбейтіледі. Ал аналық мал шетелге тікелей сатылса, бізде өсім болмайды. Бiр жерде бiр жерде сауда жасап, ақша жасап жүрген өзбек, қырғыз ағайын бар деп, барлық несиелердi, барлық субсидияларды саламыз ба? Яғни, бір кездері біздің ата-бабаларымыз Қоқан, Хиуа, Қытайдың шикізат қосымшасы болғанындай, біз қайтадан шикізат қосымшасы боламыз. Ал бұдан өңдеу арқылы ғана шығу керек. Бізде ет тапшылығы жоқ, тек қой еті ғана. Басқа түрлер үшін тапшылық бар. Ал бұл тапшылықты Өзбекстанға сату жақсы емес». «Шағын фермер субсидияға немесе қаржыландыруға қол жеткізе алмайды, бірақ ол бизнеспен айналысады. Оларда ірі кәсіпорындардағыдай артықшылықтар жоқ».«Бұл Ет одағы субсидиядан бас тартты деген хабарлама, ол Ауыл шаруашылығы министрлігінен келеді... Енді мемлекет аналық поло сатып алуға ақша бөледі.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашлығын тиісті деңгейде насхаттау мен дамуына үлес қосуда имфлюсерлердің еңбегі айырықша деуге болады. Алмасбек қатарлы ауыл шаруашылығын насихаттап жүрген азаматтардың арқасында елімізде қанша ма дүниелер өзгеруде. Иә, бүгінгі дамыған заманда онсызда жыл өткен сайын үкіметік вюжеттік күшімен жан сақтап отырған ресми БАҚ ның бірлі жарым материялдарына бола ауыл шаруашылығы дами да қоймас. Дегенмен осы салада ақпарат таратып, өз нанын айырып қана қоймай, елімізде ауыл шаруашылық өнімдерінің дамуына үлес қосып жүрген блогерлер жетерлік. Тіптен бұл блогерлердің аудиториясы еліміздегі ең пайдалы, ең құнды аудитория демесем артық айтқандық емес. Ауыл шаруашылығымен айналысып, өздерінің жеткен жетістіктерін көрсету арқылы ауыл халқының сенімін арттырып, жастардың туған ауданы мен ауылын сақтап қалуы үшін түрлі кәсіппен айналысып, ауылына жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығындағы жаңа үрдістерді алып баруына түрткі болып жүрген бұл азаматтардың жұмысы, расымен де бағалануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет