Дипломдық ЖҰмыс «Ауыл шаруашылығындағы пиар стратегиясының дамуы» Мамандығы 6В03203 «Қоғаммен байланыс pr»


РЕФЕРАТ Зерттеу жұмысының тақырыбы



бет2/7
Дата25.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#97152
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АйданаMicrosoft Word

РЕФЕРАТ
Зерттеу жұмысының тақырыбы:«Ауыл шаруашылығындағы пиар стратегиясың дамуы»
Зерттеу жұмысының бет саны: 57
Зерттеу жұмыста пайдаланылған сілтемелер саны: 18
Зерттеу жұмысында пайдаланылған әдебиет саны:20
Дипломдық жұмыстың тақырыбын ашу барысында БАҚ беттерінде жарық көрген материялдар мен отандық селекционер ғалымдардың еңбектері, ұлттық статистика, кешегі «Алаш» қайраткерлерінің шығарған ауыл шаруашылығына қатысты алғашқы қазақ тілді оқулықтарын жан-жақты салыстыра отырып, талданды.Сонымен қатар бүгінгі таңда комуникцияның басты құралына айналып отырған әлеуметтік желідегі блогерлер мен сарапшылардың да ауыл шаруашылық өнімдеріне қатысты жариялаған жазбалары мен, жазармандардың жазған материялдарына да шолу жасалды.
Диплом жұмысында қолданылған тірексөздер: ER, қатынасу деңгейі, пиар стартегия, ауыл шаруашылғы, мал шаруашылығы, импорт, экспорт
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері:
• Ауыл шаруашылығының дамуы және экономикалық рөлі
• Жаңа әдістерге сай Ауыл шаруашылығы мәдениетін настхаттау бойынша әкімдікпен және шаруашылықтармен жұмыс
• Отандық және шетелдік БАҚ беттерінде жарық көрген материялдардағы PR элементтері немесе арнайы тапсырыспен шыққан материялдар
• Ауыл шаруашылық өнімдерінің имиджін қалыптастыруға арналған жобалар мен көрмелер
Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: Сапалық зерттеу әдісі пайдаланылады. БАҚ беттері мен жарық көрген мерзімді басылымдарға шолу жасалып, жан-жақты сарапталды.
Диплом жұмысының дереккөздері:PR турасында жазылған кітаптар мен сенімді Веб-сайттардан, отандық ауыл шаруашылық өнімдеріне қатысты ашақ дерек көздерден алынды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі:«Толық тәуелсіздік, тек толық экономикалық тәуелсіздік болған кезде ғана болады.» Түріктің көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік айтқандай, еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болу үшін, экономикамыз да қуатты болуы тиіс. Біз үшін ауыл шаруашылығы байырғы дәстүр салтымыз бен аңыз дастандарымыздың материялдық бейнесін сақтаушысы. Сондай-ақ, кең жеріміз бен құнарлы топырағымыз болашақта, әлемдік саясатта ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушы ірі ойыншылардың қатарына қосары анық. Ал тамақ өндірісі қай дәуірде де, мән – маңызын жоғалтқан емес. Сонымен қатар бүгінгі таңда еліміз урбандалу мен ішкі көшіғонның артуы салдарынан көптеген мәселелерге тап болу да. Басты себеп шалғайдағы елді мекендер мен ауыл халқының жаппай аудан орталықтары мен қалаға қоныс аударуы. Егерде бұл үрдіс тоқтамаса, қазіргі болып жатқан қаладағы артық жүктеме мен шекаралық аймақтардың иен қалуы ертең үлкен мәселелерге душар етуі әбден мүмкін. Сол себептен де ауыл шаруашылығы өнімдері түгіл осы саламен айналысатын мамандардың яғни дихандар мен фермерлердің оң имиджін жасау кезек күттірмейтін мәселе. Егер осы мәселе шешілер болса, еліміздегі қала халқының артуы, ауылдың иен қалуы сынды мәселелер өздігінен шешілер еді. Бұл мәселелердің түбі бүгінгі қоғамның дертіне айналған баспана мәселесі екені белгілі.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………….................……….
I.ТАРАУ:Ауыл шаруашылығының дамуы және экономикалық рөлі
1.1 Еліміздің ауылшаруашылығы тәуелсіздікке дейінгі келбеті …..................
1.2 Еліміздегі ауылшаруашылығының тәуелсіздіктен кейінгі ахуалы...........
II.ТАРАУ: Жаңа әдістерге сай Ауыл шаруашылығы мәдениетін насихаттау бойынша әкімдікпен және шаруашылықтармен жұмыс
2.1 БАҚ тың арнайы айдарлары мен бағдарламалары...........................................
2.2 Ауыл шаруашылық өнімдерінің имиджін қалыптастыруға арналған жобалар мен көрмелер..............................................................................................

Кіріспе
«Біз қазақ деген мал баққан елміз...» деп басталатын Қазыбек бидің қанатты сөзі әр қазақтың жадында болса керек. Иә, әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениеті ас-ауқаты мен киім-кешегін айырып отырған ауыл шаруашылығына тығыз байланысты. Ол аз десеңіз, дүниенің материалдық сипатынан бөлек, тілдік сипаты да сол айналысқан кәсібіне, өсіп-өнген топырағына қарай қалыптасатыны бұрыннан белгілі. Ал қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мал шаруашылығы екеніне ешкімнің шүбә келтірмесі анық. Көшпенділердің киім-кешегі мен сусыны, ас-ауқаты, тіптен баспанасы мен қыстық отыны да осы төрт түліктен алынып келгені, соған байланысты халық жатынан түрлі ертек пен аңыз-әпсана туғаны , шешендеріміз түйінді сөзінен табиғатқа арқау етіп кестелерде, осы төрттүліктің бойындағы қасиеттерге ұштастыра бейнелегені қазақтың ауыз әдебиетінен анық көрініс табады. Ол аз десеңіз, ана тіліміздің мәнін өзге ұғала алмас, мәйекті тіркестері де осы мал шаруашылығымен тығыз байланысты сияқты. Мәселен қазақ заманның мамұражай тыныштығын, түрлі зіл-зала мен зобалаңнан амандығын – «қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған заман», – деп бір ауыз дүниенің тілдік бейнесін бейнелей салғандай. Бұл тіркесті қанша жерден аударып, өзге ұлт өкілдеріне таңғаныңыз бен олар үшін бұл қазақ баласының көкейіне қонғандай қона қоймасы анық. Сол секілді, әлем халықтарының қоршаған ортасынан, ана топырағынан бойына қондырып, санасына толғатқан дүниесі де қазақ баласына онша қатты әсер ете қоймайды.
Бүгінде жаһандану процесі жүріп жатқан заман, түрлі ашылған жаңалықтар мен ғылыми ізденістер жер бетіндегі шаруашылықтар мен түрлердің өз ерекшеліктері мен айырмашылықтарын жойып бара жатқандай. Бұл үрдіс ғылым мен экономика талап еткен үрдіс болған соң ба, қай салада болмасын көрініс беруде. Соған сай жаңа технологиялар мен терминдерді қабылдау, жаңа кәсіп түрлерін меңгеру қазақ халқыныңда болмысына, қалыптасқан ұлт философиясына әсер етпей қоймасы анық. Бүгінде қара көздеріміз әр түрлі кәсіп маманы болып, нәпаөасын тауып жүр. Соның әсерінен қазақтың дүние ғаламнан түйген сыры мен сырын шешетін түйін сөздерін түсінбес ұрпақ көбейуде.
Бұл аз десеңіз, бүгінде ел экономикасының негіз қазба байлықты экспорттаудан, жер астындағы алтын мен мұнайды сатудан құралып отырғаны жалпыға мәлім шындық. Ал, қазба байлықтың қайта қалпына келмейтін ресурс екені, үнемдеп пайдаланбасақ болашақ алдында ұятқа қалатынымыз жөнінде ғалымдарымыз дабыл қағып-ақ жатыр.
Жер көлемі бойынша 9 орында әлем картасынан орын алған еліміз, қалпына келетін байлықтан кенде емес. Қалпына келмейтін байлық қазба байлық екенін айттық, ал қалпына келетін байлық ол жайылым мен егістік. Ал еліміз 75 пайызы мал шаруашылығымен айналысуға жарамды жайылым жерлер. Бүгінде әлем халқының саны жыл сайын бірнеше миллионға артып, бүгінде 8 миллиардтан асып кеткенін ескерсек. Азық-түлік ешқашан құны мен сұранысын жоймайтын байлық. Демек, еліміздің алдағы уақытта бақуатты болуы осы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыруға байланысты. Әлемдегі өсімдіктер мен үй жануарларының ата-тегі қазақ жерінен кеткен деп мақтанамыз. Қисынсызда дүние емес. Ал енді алдағы таңда қазақ баласының алдына да сол селекция ғылымында ашылған жаңалықтар мен жаңа технологияларды шебер ұштастырып, ауыл-шаруашылығын көтеру мақсаты тұр.
Бүгін де әлем табиғи өнімге аш десек артық айтқандық емес, бастабында арзан және тез аратын тағам түрлеріне жаппай басымдық берген әлем. Енді соның кесірін көріп жатыр. Өнімді мол алуға мүмкіндік беретін химиялық қоспалар мен дәрілердің дәурені өтті. Ендігі таңда аз өніммен де пайда табуға болады. Сапалы, табиғи таза болса болғаны.
Елімізде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің имиджінін солай қалыптастыруымыз керек. «Қазақстан тек экологиялық таза өнім өндіредін ел» деген көз-қарас қалыптастыра алсақ, еліміздің тасы өрге домалары анық.
Еліміздегі ауыл шаруашылық дамыр болса, әр аудандағы әр бір өзінім өзінше тарихы бар брендке айналар болса, облыс орталықтары мен қалаларда туындап жатқан баспана тағысын тағы мәселелер өзі-ақ шешімін табар еді. Дамыған елдерде ққаншама жылдық тарихы мен шаруашылықтар бар. Бізде ше, брендке айналған, жалпы бұқара тегіс танитын шаруашылықтар бар ма. Тіптен ол аз десеңіз шетелдік кинолардан көрініс тапқан шаруашылықтың құрылуы мен дамуы туралы небір шедеврлер бар. Бізде ше, бізде неше атамыздан бері мал шаруашлыығымен айналысып келе жатсақ та, бір ауыл не аудан үшін күресіп жүрген ауыл шаруасы туралы кино не сериял неге жоқ. Тіптен сондай байлар кезінде Алаш қайраткерлерін қолдап қаншама дүниесін қазақ руханияты жолында садақа етпеді ме. Міне осы дүниеден бүгінде ұтылып жатқандаймыз. Егер әр шаруашылықтың мөрі мен логотиві жәй көрнекілік құрал ғана емес, астарлы мән-маңызға ие құндылыққа аналса, бүгінгі таңда «жан жүрегім–ауылым» «Менің Алматым» деген сынды жалған көшірмелерге қарағанда әлде қайда ауылдың, ауданың, мейлі қаланың болмасын тұрғындары өзі тұрған мекенді қастерлеп аялар еді. Бүгінгі таңда мамандардың артуынша ірі қалалар мен облыс орталықтарында көзделген жоспар: жол, үйлер, су ға жүктеме қатты артып кетіп отыр. Оның үстіне баспанасы жоқ, үй жалдап тұратын адам тұрғылықты жерін аялайма. Әлде бір күндігін ғана ойлай ма міне мәселе. Міне сол себептен де біздегі біздегі ұсақ өндіріс орындарын көбейтуіміз, әр аймақтан әр түрлі өндіріс орындарын ашуымыз керек. еліміздің әр облысы өзінше бір мүше десек, өзіндің ерекшеліктері мен соған сай атқаратын қызыметтері бар. Демек сол ұтымды тұстарына сай ұйымдастыру жұмыстарын жасау бүгінгі басты мәселе. Кезіндегі Кеңес одағы кезінде мыңғырған малмен (әр түрлі мал тқымдары) аты шыққан аудандар мен савхоздар қайда кетті. Бүгінде еліміздегі мал саны тәуелсіздік алған тұстағы мал басына әлі жетпей келе жатыр, ал бөлініп жатқан ақша аз емес. Бұның барлығы ұйымдастыру жұмыстарының дұқрыс жолға қойылмағандығынан. Түптеп келгенде пиардың да басты мақсаты бір-екі күндік қана емес, ұлы дүние, ертең іргелі, танымал брендке айналатын шедевр жасау екені даусыз. Егер еліміздің аймақтары ауыл шаруашылық өнімдерін дұрыс жоға қойып дамыр болса, тіпті болмағанда жылына жетпіс пайыз шетелден импорттап отырған өнімдерді алмағанда еліміз әлде қайда серпілер еді. Сол себептен де еліміздегі аудан дар мен ауылдарды дамыту, Қазақстанның ертеңі болашағы үшін аса керек дүние. Ел азаматтарының басым көбінің қолынан келетін де осы сала. Түптеп келген де ауыл шаруашылығы дамымайынша дамыймыз деп айту қиын. Бүгінгі таңда өнім түгіл, өндірем деген әлемдік ірі өндіріске сапалы шикізат ет, сүт, тері өндіріп бере алмак біз үшін үлкен масқара. Демек бізде ғылым да өндірушілер де жоқ деген сөз. Ал анығында осы саладағы ұйымдастыру мен үгіт –насихаттың пиардың жоқ екегдігі. Егер осы салада пиар дұрыс жүргізілгенде қандай қиындық болғанына қарамастан аудандар мен ауыл тұрғындары өздері-ақ ауылдарын гүлдендіріп алар еді. Елімізде бұндай аудандар аз емес. Сол аудандар мен дамыған ауылдар Еуропаның бірде-бір ауылынан кем де емес. Сол ауылдар мен аудан тәжірибесін алып неге барлық ел аумағын дамытпасқа?
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық өнімдерінің имиджін көтеру үшін ең әуелі сол саламен авйналысатын мамандар мен кәсіпкерлердің имиджін арттыру маңызды. Кезіндегі «Баспай-қойы» деген сынды иесінің атын исі қазаққа жайған тұқымдар мен небір жүйіріктердің шығуы соның дәлелі. Бүгінгі таңда сол үрдісті қайта қолға алар болсақ, бұл өз кезегінде осы саланың дамуына алып келер еді. Егер елімізде ауыл шаруашылығы дамыйтын болса, экономикамызға да ел азаматтарының денсаулығы мен өмір сүру сапасына да бір шама өзгерістер енері анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет