Нәтижелерді бағалау және даму деңгейлері бойынша қорытындылар жасау Әрбір зерттелінушінің әрбір суреттердегі жауаптары жеке-жеке талданды. Осындай талдаудан кейін қорытындыларын келесі категориялардың біреуіне жатқыздым:
1. Агрессивтілік реакциялар.
2. Агрессивтіліксіз реакциялар.
Агрессивтілік реакциялар санына суреттердегі адамдардың әрекеттері дөрекі көрінген және ол әрекеттерге дөрекілік түрде жауап берген (агрессивті) зерттелінушілердің нәтижелері жатады. Бұл жағдайда зерттелінушінің жауаптары басқа қоршаған адамдарға балағаттау, мүсіркеу немесе қорқыту түрінде болады.
Агрессивтіліксіз реакцияларға сыналушылардағы оқиғаларды дұрыс қабылдап, болған жағдайларды жеңілдетуге және болған жағдайды өзінің кесірінен болды деп қабылдауға, сонымен қатар әрбір әрекетті эмоциясыз және қалыпты қабылдап, дұрыс жауаптар береді. Бұл жағдайдағы зерттелінушілердің жауаптарында ешқандай қатігездік немесе дөрекілік әрекеттер көрінбеуі тиіс.
Қорыта келе, зерттелінушілердің жауаптарының санына қарай агрессивтілік реакциялар және агрессивтіліксіз реакциялар қатынастары саналады. Егер де, агрессивтілік реакциялары жоғары болса, онда ол нәтиже бойынша агрессивті деңгейге жатады. Ал егер, агрессивтілік реакциялары аз болса, ол агрессивті емес деген қорытынды жасалынды.
3. Ч.Д. Спилбергердің мазасыздық деңгейін анықтау шкаласы.
Зерттеу жұмысына сыналушы топтан - 15 жасөспірімдер, бақылау тобынан - 15 жасөспірімдер тобы қатысты. Олар екі шкала бойынша зерттелінді. Бірінші шкала бойынша – жағдайлық мазасыздықты анықталса, екінші шкала бойынша - тұлғалық мазасыздық деңгейі анықталды.
Зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық-педагогикалық тренингке дейінгі (экспериментке дейінгі нәтижесі) нәтижелері келесідей болды. Сыналушы топтарының жағдайлық мазасыздық деңгейі бойынша – жоғары - 22% - ды, орташа - 7%- ды, ал төменгі деңгей бойынша - 9% - ды көрсетті. Зерттеу нәтижелері бойынша сыналушы топтарының тұлғалық мазасыздық деңгейі бойынша – жоғары - 32 % - ды, орташа – 19 %- ды, ал төменгі деңгей бойынша – 14 % - ды көрсетті. Зерттеу нәтижелері бойынша бақылау тобы жағдайлық мазасыздық деңгейі бойынша – жоғары – 7 % - ды, орташа – 20 %- ды, ал төменгі деңгей бойынша – 24 % - ды көрсетті.
Зерттеу нәтижелері бойынша бақылау топтарының тұлғалық мазасыздық деңгейі бойынша – жоғары – 8 % - ды, орташа – 11 %- ды, ал төменгі деңгей бойынша – 30 % - ды көрсетті. Екі топқа педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Психологиялық-педагогикалық жұмыстардың нәтижелері бойынша екі топтың нәтижелері: Сыналушы топтарының жағдайлық мазасыздық деңгейі бойынша – жоғары – 21% - ды, орташа – 9%- ды, ал төменгі деңгей бойынша – 5 % - ды көрсетті. Зерттеу нәтижелері бойынша сыналушы топтарының тұлғалық мазасыздық деңгейі бойынша – жоғары – 30% - ды, орташа – 17 %- ды, ал төменгі деңгей бойынша – 18 % - ды көрсетті. Зерттеу нәтижелері бойынша бақылау тобының жағдайлық мазасыздық деңгейі бойынша – жоғары – 5 % - ды, орташа – 14 %- ды, ал төменгі деңгей бойынша – 38% - ды көрсетті. Зерттеу нәтижелері бойынша бақылау топтарының тұлғалық мазасыздық деңгейі бойынша – жоғары – 3 % - ды, орташа – 7 %- ды, ал төменгі деңгей бойынша – 33 % - ды көрсетті. Зерттеу жұмысының психологиялық-педагогикалық амалдардан кейінгі салыстырмалы түрдегі нәтижелерін төмендегі (2 кестеден) көруге болды:
Кесте 2.2.1 - Ч.Д. Спилбергер әдістемесі бойынша тәжірибелік тобының және бақылау тобының жағдайлық мазасыздық (ЖМ) және тұлғалық мазасыздық (ТМ) деңгейлерінің көрсеткіші