Дипломдық жұмыс: Ғұмар қараш өлеңдеріндегі ой-таным


Ғұмар дүниетанымының көрінісі



бет3/7
Дата12.05.2023
өлшемі232,5 Kb.
#92395
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Ғұмар дүниетанымының көрінісі

Қайсыбір қайраткерлер мен ғұлама тұлғалардың көзқарастарының қалыптасуына әр қашанда ұстазы, алған білімі, қоршаған ортасы және халықтың тарихи даму ерекшеліктері ықпал еткен.


Көрнекті ғалымдар С.З. Зиманов пен Қ.З. Ыдырысов былай дейді: "Дәуір, қоршаған орта және тәрбие–адамның, қоғам қайраткерлерінің, дүниетанымдық және дүни көзқарасын қалыптастырушы факторлар" [13,35]. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, Ғұмар Қарашевтың саяси-әлеуметтік көзқарастарына мәдениет пен әдебиет әсер еткенін көруге болады. Ол басқа да қазақ қайраткерлері сияқты ауыз әдебиетіндегі эпостар мен дастандардың және ақын-жазушылардың, құнарлы мазмұндарынан нәр алып, олардың кәусар бұлағынан сусындады. Қазақ фольклорының бай, рухани мұралары, оның шығармаларынан кейінірек көрініс тапты. Осы ретте біз ақынның 1911 жылы даңқты Сырым Датұлының өміріне жазылған поэманы алайық. Ақын мұнда батырлық жырлара кезедсетін стандарт сөздерді пайдаланғанын көреміз.
Кешегі өткен заманда
Кіші жүздің елінде
Өзі батыр, өзі би
Сырым деген ер болған.
Халқының қамын жер болған [18,3]
Немесе:
Сонда батыр сөйлейді
Сөйлегенде бүй дейді, - деген жолдар халық ауыз әдебиетінің бастау көзінен бүгінгі қазақ әдебиетінде кездесетін қалыпты сөз оралымдарына айналғанын көреміз.
Сондай-ақ, ақынның дүниетанымының қалыптасуына жыраулық поэзияның да әсері аз болмағанын аңғарамыз. Жас кезінен жанына серік, көңіліне көрік еткені Шәлгез, Доспамбет, Қазтуған, Бұқар, Махамбет, Мұрат, Шәңгерей поэзиясындағы халықтық әуендер, ақын ойының толысуына ықпал еткен. Міне, ақын осы мұраларды жинастырып, 1910-1912 жылдары Орынбор қаласынан "Шайыр", "Көксілдер" деген екі жинақ шығарады. Ақын "Шайыр" жинағына Байтоқ, Жанұзақ, Доспамбет Қазтуған, Шалгез, Әсет, Шәңгерей шығармаларын, шешендік сөздер мен "Ер Шобан", "Әділ Сұлтан" сияқты жырларды топтастырған. Ал "Көксілдерде" Шәлгез жырларынан үзінділер, "Едіге, Тоқтамыс", "Орақ, Мамай" жырларын жариялайды.
Ғұмар Қарашевтің "Замана жайынан" деген толғауынан біз жыраулық поэзияның үлгісін көреміз. Осы толғаудан біз Шәлгездің, Доспамбеттің, Махамбеттің өлең өрнегін көреміз. Мысалы, Шәлгезде:
Аспанды бұл құрсайды
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды,
Көкшілден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды, -деп келсе Ғұмар Қарашев та былай деп берілген:
Аспанды бұлт құрсайды
Құрсағанын байқасаң
Күн жауарға ұқсайды
Ғаламға барша нұр берген
Аспандағы жарық жалғыз күн.
Нұры күңгірт тартады
Оны да байқай қарасаң
Қараңғылық қаптап сәулесін
Тұтылғанға ұқсайды [7,43].
Сондай-ақ Доспамбет жырау әйел сұлулығын суреттеуді:
Маңдайы күнге тимеген
Желге шашын үрлеген
Серпіліп адам бетін көрмеген
Қалай күн кешті екен! [19,33] ,-деген жолдарымен бейнелесе, Ғұмар Қарашев та :
Желге шашын өрмеген
Маңдайы күнге тимеген,
Жібектен өзге кимеген
Аруларың бар еді [7,37] ,-деген жолдарымен біршама өзгертіле бейнеленген.
Шын мәнінде, халық бай фольклорды сақтайды, оқып үйренеді және ұрпақ тәрбиелеу ісінде кеңінен пайдаланады. Сондықтан Ғұмар Қарашевтың саяси-құқықтың көзқарастарын фольклордан тыс тану мүмкін емес.Оның ебектерінде ауыз әдебиетінен мол хабары болғаны анық байқалады.
Сонымен қатар, Ғұмар Қарашевтың саяси-әлеуметтік танымының қалыптасуына қазақ халқының ғасырлар бойы ел билеу, басқару жүйесінде пайдаланып келген мақал-мәтелдер де шешімін тапқан. Мысалы: "Тойдың болғанынан, боладысы қызық", "Ғалым дұшпаннан надан досың қауіптірек", "Той дегенде қу бас домалайды", "Жалған ғалым еш уақытта пайда бермейді" және тағы басқа көптеген ұлағатты сөздер ақын идеяларының дәлелдігін күшейту мақсатында қолданылып отырған.
Ғұмар Қарашев ұлы Абайдың ағартушылық реалисік дәстүрінен көп үлгі алған ақын. Ақын Абайды ұстаз тұтқанын, Абайдан үйреніп, үйреніп қана қоймай Абай дәстүрін өзінше жалғастырып, тың өзгерістермен толықтырғанын Е. Ысмайлов, А. Нұқатов сияқты ғалымдар да өз еңбнектерінде атап көрсетті. А. Нұрқатов: "Ғ. Қараш - өзінен бұрын да, өзімен тұтас та ақындардан, әр елдің әдебиет үлгілерінен үйрене отырып, өзіндік стиль тапқан ақын",- деп жазды [20,318 ] .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет