Дипломдық жұмыс: Ғұмар қараш өлеңдеріндегі ой-таным


ІІ ТАРАУ. АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ



бет4/7
Дата12.05.2023
өлшемі232,5 Kb.
#92395
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
dip -gumar-qarash-olenderindegi-oy-tanym

ІІ ТАРАУ. АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ



    1. Ақынның қоғамдық – саяси ойлары

Ғұмар Қаршевтың өлеңдерінде қазақтың патриархалды, феодалдық ауылындағы әдет – ғұрыптың ірік – шіріктерін, надандықты, рушылдықты, қос қатын алушылықты, жас қызды қалың малға сатушылықты, жалқаулықты, талапсыздықты, партиягершілікті, өтірік-өсек айтып, жалақорлыққа салынушылықты үнемі сынап, халықтың сол әдеттерден арылып, адам болу бағытында ақын жалынды өткір жырларын жазады. Осы ретте Өмірхан Әбдиманұлы "XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті" деген еңбегінде "Ғұмар поэзиясында реалистік шындықты жырлау басым болып келеді. Тақырыптық тұрғыдын алғанда поэзиясында патшалық Россияның отарлау саясатына қарсылық басымдау жатады. Өлеңдерінде тек жалаң күресте емес, өнер- білім арқылы жүзеге асатын саяси күресті алға қояды"[21,282],-деуі ойымызды толықтыра түседі.


Иә, сол дәуірдің озық ойлы азаматтары сияқты Ғұмар Қарашев та өз поэзияларында қазақ елінің мүшкіл халін қаз қалпында суреттеп бере алды. Ақын елінің ауыр жағдайын айта келіп, бір кезде қазақ халқының бостандықты өмірі мен қазақи тұрмысы аясында молшылықты ғұмыр кешіп еркін жүргенін "Қарлығаш" атты кітабында өлең жолдармен былай көрсетеді:
Бар еді қазағымда оңған заман
Басына бақыт құсы қонған заман
Мал бағып шаруа істеп босқа жүрмей
Төрт түлік бірдей бітіп толған заман[7,25 ].
Ақынның өлеңдерінде қазақ қоғамының күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелері - әлеуметтік, отарлық саясаттың арам пиғылдары мен жер су мәселелері терең философиялық мағынамен суреттеледі. Отарлық сасясаттың кері әсерінен дамымай мешеу қалған қазақ халқының мүшкіл халін қаз- қалпында поэзия тілімен суреттейді:
Жеткен емей немене:
Мынау қазақ деген жұрт
Кең далаға жайылып,
Аңғырт өскен ел едік,
Кезінде елмен тең едік.
Күні бүгін болғанда
Ол қоныстан айрылып,
Қанатымыз қайрылып,
Қажып тұрған ел едік [7, 79 бет].
Шын мәнінде, Құмар Қаршев XX ғасырдың басында қазақ халқының пайдалануынан отарлық қорына 45 млн. десятина жерді күшпен тартып алғанын, елді үркітіп- қорқытып құмды, тұзды жерлерге мекен етуге мәжбүр еткенін ашына жазды.
Негізінде Ғұмар Қарашев қазақ қоғамына дерт болып енген ұлттық езгі мен теңсіздіктің кең қанат жаюын, өз ұлтының саяси биліктен және жерден айырылуымен тікелей байланыстырып қарайды. Қазақ халқының жерге деген меншік құқығының жоғалтуын оны ұлттық езгінің тепкісіне тастап, теңсіздікті заңдастырған әлеуметтік - саяси көріністерге өзінің әділ бағасын беріп, жан даусымен өз пікірін білдіреді. Мысалы, ол "уақытша ереже" атты құқықтық құжаттың негізінде қазақ жерін талан- таражға салған патша өкіметінің аграрлық саясатын былай деп көрсетеді:
Борап жатқан бір топырақ
Ірге жаяр жері жоқ.
Сол топырақтың ішінде
Үйін тіреп қояды.
Алақандай қатқыл жер тапса,
Өңшең жыртық қараша үй
Сол араға толады.
Шағаладай шаңырақ боз үйлер
Бетегелі бұйра, ну жерлер
Бәрі кетті қазақтан
Не дерге мұны болады. [17.45 бет]
Ғұмар Қарашевтың бұл сарындағы саяси- құқықтық көзқарасы, XX ғасырдың басында жер мәселесі туралы құнды пікір айтқан қазақ зиялылары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Барлыбек Сыртанов сияқты қайраткерлердің пікірлері мен бір мағынада баяндалғанын анық байқаймыз.
Қазақ қайраткері, қазақ қоғамының озық ойыл өкілдерінің бірі ретінде қазақ сахарасына енгізілген әкімшілік басқару жүйесін өз тарапынан қатаң сынға алады. Оның пікірінше, қазақ халқының даму сатысын, шаруашылық жағдайлары мен әдет – ғұрпын мүлдем ескермей қабылданған заң жүйесі, қазақ халқына одан бетер отарлық басқарудың күшеюіне әкеп соқтырды, ішкі шиеленістерді ұштастыра түсті. Соның тікелей салдарынан, қазақ жерінде саяси билік жүргізілуі Ресей империясының мүддесіне қызмет етті. Ал ол мүдденің ең басты мақсаты - "бөліп ал да билей бер" саясаты еді. Осы тұрғыда Ғұмар Қарашев былай дейді: Патша үкіметінің ұлттар тұрмысын көріп, оларды көгертіп, көркейтумен ісі болмады. Олар әрдайым да халықты көтере алмастай, өздерінің мейірімсіз тырнағында жаншумен болды һәм моллиондаған халықты, әсіресе шет ұлттарды қалай да қараңғылықта, надандықта ұстауға тырысты".
Бұдан шығатын қорытынды анық көрініп тұр. Патша үкіметі шет ұлттарды аздап болса да ағарту, олардың ғылым, өнерде артта қалғандарын алға бастыру туралы тіпті де қам жеген жоқ.
Ғұмар Қарашев қазақ халқының орыс отарына айналуының салдарынан, құқықтық тәуелсіздіктің қазақ даласына кең етек жайып, адам құқығының аяққа тапталуын, бассыздықтың жайылуының ең сорақы көрінісі ретінде бағалайды.
Ақын "Аға тұлпар" жинағында Ресейдің қазақ халқының арасына іріткі салған сайлау институтын, орыстың "бөліп ал да, билей бер" саяатын түсінбей, партияшылдыққа бөлініп, атақ – дәриже, билік жүргізу, пара алу, лауазым үшін халқын сатқан болыстарды қатаң сынға алады. Ақын бұл ойын "Заман жайынан" деген өлеңінде былайша көрсетеді:
Заманның азған шағында
Мұндай да мұндай хал болды.
Ел ағасы паң болды.
Адалдың ақтың білмейді,
Ары,діні мал болды.
Елге намыс келтірді,
Ерді шағып өлтірді,
Алым пара ақы үшін
Жетім жесір жылатып,
Аз ғана күндік бақ үшін
Халқын сатып құл етті [7,79 ].
Құмар Қарашев өз халқының осындай ауыр күйде отырғанын көрсе де көрмегендей тоғышарлық күй кешіп жүрген басшыларына күйінеді. Ақын өз ыза кегін төмендегі жолдармен көрсетеді:
Ел ішінде осы күн
Алымнан басқа ақы жоқ,
Жұрт жайында қамы жоқ,
Сыңартың бұқа пішімді
Әкімге қалған күн құрысын.
Ғәріптерді олжалап,
Өсім алып мал жиған,
Осы күні қалтылдақ
Байларға қалған күн құрысын [7,110 ].
Ақын бұл өлеңінде бір кезде халқы сеніп, үміт артып қойған басшылардың бүгінде ел қамынан гөрі өз қарнын ойлап жүргеніне қынжылады. Сол себепті байлықтың буымен адамдық, ардан безген басшыларды аямай сынайды. Ақын осы өлеңдері арқылы елдегі басшылардың намысын оятуға тырысады. Сондай-ақ елдің түзелуі басшыларға байланысты екенін былайша айтады:
Су басынан тұнады
Өрт алдынан сөнеді.
Басшылардың жүрегін
Адалдыққа асық ет [7.84 ].
Ғұмар Қарашев қазақ халқының қараңғылық шырмауынан, отырықшылдық құлдықта жаншылып отырған ауыр күйін бірнеше өлеңдерімен береді. Ұлт бостандығын көксеу идеясы тұрғысынан 1911 жылы даңқты Сырым Датұлының өмірін поэма етіп жырлайды. Ақын бір жағынан қазақ жастарын оқуға, білімге талапты іскерлікке, өнімді еңбекке, кәсіпке шақырса, екінші жағынан халықтың тарихындағы ерлік дәстүрді жырлап, Сырым сияқты батырлардың ерлігін үлгі етіп ұсынады:
"..... Ойдағыға жете алмай
Ешбір лаж ете алмай.
Екі көзден жас парлап,
Налып тұрғын кезіміз,
Бізге дағы күн туып,
Жігерленіп бел буып,
Ашылар ма екен көзіміз.
Жарық көрсе игі еді.
Кейінгі қалған қозымыз
Жойылмаса игі еді,
Артта қалған ізіміз"[7,84 ] ,-деп халықтың бостандық жөніндегі арманын жырлай отырып ақын жастарды халқын сүюге, халықпен мақсаты айнымас бір болуға шақырады. Осы мақсатпен ақын өз ойын "Жаңа шыққан жастары" деген өлеңінде ашық білдіреді."Ел мен ер бір туыс, бірінен-бірі айырылмауға тиіс. Егер ажырасып қалса, ер де, ел де бақытсыз" ,-деп өзіндік пікір айтады:
Бақ дәреже тап болса,
Ел не керек демеңіз
Халық деген қауымың,
Қаны бірге бауырың,
Бір туып, бір кететін
Жаны бірге денеңіз.
Жаны бірге денеңді
Сүйенер күндер туғанда,
Сүйеу беріп, демеңіз [7,84 ]
Тіл сауырлы бітік жердің қадір-қасиетін біліп, қадірлеп, оған қожа боп, Иелік қылу қажеттігін де патриот ақын естен шығармайды. Жер-ананың төсін еміп, тел өскен ерлер, оны ата-анасындай қорғауға тиіс деп біледі.
Мәдениет пен өнер, әділдік өріс алмаған жерде дүлей қара күштің ғана үстемдік ететіні мәлім. Революцияға дейінгі қазақ даласында жағдай дәл осындай болды. Арын, адамдығын, байлығын сатып билікке таласпаған, сүйтіп бүкіл елге әмірін жүргізуді көздемеген бірде-бір ауқатты қазақ болған жоқ десек, асыра айтқандық болады. Мұның өзі цивилизациядан гөрі, сонау тағылық дәуірден онша ұзап кепегендіктің белгісі еді- деп көрсетеді С. Өбекұлы өз еңбегінде [9,18 ].
Ақын қоғамдық залалдыңың барлығын надандықтан көреді, ол надандықтың өзін ынтымақсыз жалқаулықтың салдары деп таниды. Сондай-ақ Ғұмар Қарашев жер-судың тарылып бара жатқанын өзі білімсіз отырғанымыздың нәтижесі дейді. Егер өнерлі білімді халық болсақ мұндай күйге душар болмас едік дегенді айтқысы келеді. Осындай ауыр жағдайдан құтылудың бір амалы-халықтың ұлттық санасын, намысын біліммен көтеріп, ғылымды терең меңгерумен байланыстырады.
Ел өсер, халық құралар ұл мен қыздан,
Оқытсаң үлес алар ғалымдықтан
Оқытпай ұлың, қызың бос қалдырсаң
Болуы халықтың надан сол себептен [7,22] ,-деп ақын халқына білім мен өнердің қадірін түсіндіреді. Сондай-ақ, ақын өлеңдерінде ,ата-бабадан келе жатқан жалқаулықты тастап, түгел ердің жолдасы болып, ғылым, өнер жолына түсіп, бөтен жұрт үлес алып жатқан дүниеден бізге де үлесімізді алу керек,- дегенді айтады. “Басқа бірсыпыра ақындардың шығармаларымен салыстыра қарағанда Мұштақ ғылым-білімді насихаттау тақырыбына ерекше байсамдылықпен, ақылдылықпен келді”,- деп жазады Әнуар Дербисалин "Қазақтың октябрь алдындағы демократиялық әдебиеті" деген еңбегінде. Мысалы:
Баланы жастан үйрету, жақсы үйрету,
Әркімнің өз басына міндет шырақ.
Өзіңе міндет істі ада қылмай
Тәңіріні жазғыруың жолсызырақ,- [7,68] дейді ақын бір өлеңінде. Шумақтың соңғы жолында құдайды қорғаштау сияқты пікір ұшқыны байқалады. Бірақ бұл сырт қарағанда солай болып көрінетін тәрізді. Шумақтың ішкі мазмұнына тереңірек үңілсек, ақын басқа бір маңыздырақ мәселені көтеріп отырғандай болады. Автордың айтып отырғаны балаңды жасынан бастап оқыт, ол сенің парызың, сол парызды өтей алмағаныңды кейін басқаға жаппа, тәңір солай жазды деумен құтыла алмайсың деген пікір. Ғұмар Қарашев тағы бір өлеңінде:
Ер болсын, әйел болсын білім білсін,
Жолды бұл заманында алар білген
Қай елдің ұлы-қызы болса надан
Сол елдің ырысы қайтып, бағы тозған[7,70] ,-деп жазды. Оның өнер, білім тақырыбына жазған көп өлеңдерінде байқалатын ортақ бір көрініс ақын ұл мен қызға бірдей білім беру мәселесін көтереді, мұнсыз мәдениетті елдердің қатарына теңелудің мүмкін еместігін көрсетеді.
Ғұмар өз халқының отаршылдық езгі мен ұлттық қаналушылыққа қарсы бас көтере алмай жатқанының себебі – білімсіз отырғанымыздан деп біледі. Сөйтіп, халқын жаппай білімді болуға шақырады: Ақын "Заманның адамы" дейтін өлеңінде:
Тіршілік керек жігіттер,
Түспей тұрып шойынға
Қылдан еспе бұғалық.
Мойынға түссе қыл арқан,
Пайда бермес сол күнде,
Қырық рет шықсаң дұғалық,
Дұғалығы бұл жолдың
Ғылым болса керекті [7,87] ,- деп ақын үлкен мәні бар ой қозғайды. Ғұмар адамның адамдық қасиеті, адамдық мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі тәңірдің қолында емес, адамның өзінде. Адам аң да болуға, адам да болуға жарайды. Жаратылыстың жасырын сырына неғұрлым сұғынымпаз болса, адамның тіршілігі соғұрлым көркиеді. Ал жаратылыстың сырынан қашып, өз басымен, өз денесімен әуре болса, онда адамның тұрмысы кері кетеді. Бұл жерде ақынның айтайын деген ойы анық көрініп тұр. Өнер-білім арқылы болашақта өркениетті елдер санатына қосылуға болатынын айта келіп, ақын халқын өнер-білімге шақырады. Білімсіздіктің пайдасыз, халыққа залалды жағын өлеңдеріне негіз етіп, халықтық ой-санасына қозғау салады. Ақын ойын мына жолдармен толықтырады:
Қай елдің ұлы-қызы болса надан,
Сол елдің ырысы қайтып, бағы сөнген.
Надандық қайыры жоқ ол бір кесір
Еш халық оңа алмайды оған ерген.
Бұл сөзге мойын қояр, бойын ұсынар,
Ақтарып тарихтың жүзін көрген. [7.70бет].
Ғұмар Қарашевтың бұл өлеңі Абайдың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба" деген өлеңдеріне ұқсас айтылып өзіндік ой- толғамдарымен толықтырып, өлең құрылысын өзіндік қолтаңбасымен өрнектеуі емес пе?
Ғұмар Қарашевтың қалам тартқан қай жанрын алсақ та, мейлі ол пәлсафалық ой-талғамдары болсын, көркем прозасы немесе өлеңдері болсын, барлығында да өзін заман жаршысы ретінде ғана көрсетіп қоймай, ондағы келеңсіз құбылыстарды ашып бейнелеу арқылы оқырманды одан жерітіп, шығар жолды нұсқаумен ерекшеленеді. Осы ретте біз Ғұмар Қарашевтың 1911 жылы Уфа қаласынан басылып шыққан "Өрнек" деген кітабына тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет