МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысы серіктің үш осьтік бағдарын магниттік момент құру арқылы анықтау есебіне арналған. Бағдарлаудың магниттік жүйелері жеке өлшемдер бойынша үздік нәтижелер алуға мүмкіндік береді – олар арзан, сенімді, шағын және аз энергияны тұтынады немесе тіпті оны мүлдем тұтынбайды. Магниттік жүйелердің бұл ерекшеліктері олардың танымалдылығының екі өршуіне себеп болды. Біріншісі өткен ғасырдың 60-шы жылдары ғарыш кеңістігін игеру басталған кезде болды. Екіншісі қазір байқалып отыр және миниатюралық немесе микро- (100 кг - ға дейін) және нано - (10 кг-ға дейін) спутниктердің танымалдығы мен ғылыми әлеуетін көтерумен байланысты.
Же рдің жасанды серігінің үш осьті бағдар жүйесі бірқата р мақсатты, негізгі, маңызды міндетте рді шешу үшін қолданылады. Айта кетсем, ол микрогравитация саласы бойынша ғарыштық тәжірибиелерді жүргізу кезінде артықшылықта р береді. Серіктің үш осьті бағдарын дәлдігін сақтау үшін бағдарлауды басқару жүйесі қолданылып, оның түрлі атқарушы орга ндарын пайдалану арқылы жүзеге асады: электромагниттік басқару органдары, қоғалтқыш-маховиктертер және де электрозымыранды қозғалтқышта р
Басқару жүйеле рі – істен шығуы басым болатын көп элементті күрделі жүйеге жатады. Мұндай жүйеге қойылатын негізгі талап сенімділік коэффициентінің жоғары болуы керек.
Ғарыш аппаратының қозғалысын басқару жүйелерінің алуан түрлі аумағына қарамастан, негізінен келесідей функционалдық жағынн айырмашылықтары бар құрылғы топтарынан тұратынан атап өту қаже т:
1) ғарыш аппаратының кеңістіктегі орнын және оның қозғалысын анықтауға мүмкіндік беретін датчикте р (гироскоптық датчикте р, магниттік датчиктер, күн датчиктері, жұлдыз датчиктері және т. б.);
2) датчиктерден келіп түсетін ақпаратқа талдау жасайтын және туындаған жағдайға сәйкес қозғалысты басқару командаларын жасайтын логикалық құрылғыла р;
3) логикалық құрылғылардың командаларына сәйкес ғарыш аппаратының қозғалысын өзгертетін атқарушы органда р (инерциялық – маховикте р, электромагниттік қозғалтқыштар, реактивті қозғалтқыштар және т.б. ).
Ғарыш аппаратының бағдарлау жүйесінің реактивті қозғалтқышының істен шығуының бірден-бір себебі мақсатталған тапсырманың орындалмауына әкелуі мүмкін, ал қозғалтқышқа келетін болса қ, оның «өз уақытында өшірілмеу» жұмысшы қателігі сұйықтықтың шығындалуына алып келеді сонымен қатар ғарыш аппаратын үлкен бұрыштық жылдамдықтарға айналдырып жібереді.
Бұрыштық жылдамдық векторын өлшейтін гироскоптық сезімта л элементтердің біре уінің істе н шығуы се ріктің ба ғда рды ба сқа ру жүйе сінің мінде тінің орындалмауына алып келеді. Сондықтан, бағдарлау алгоритмдерін жасау қазіргі уақытта өзекті мәселе болып табылады.
Серіктің орбиталды бағдар режимі. Бұл режимде серіктің бойлық өсі жергілікті вертикаль бойымен бағытталған, күн батареялары орбита жазықтығында жатады. Режим гирожүйенің көмегіме н іске асырылады. Бұл режим ғарыштық материалтану саласында эксперимент жүргізу үшін өте ыңғайлы болып табылады. Оның басты кемшілігі – Күнге қатысты серік орбитасының барлық жағдайында күн батареяларының энергия жинақтауы төмен болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |