Дипломдық ЖҰмыс мамандық атауы: 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



бет2/5
Дата16.12.2023
өлшемі68,26 Kb.
#140198
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сағидолла Асқар А (12 (копия)

Зерттеу пәні: Қазіргі заман әдебиеті.
Зерттеу әдістері: Зерттеу, саралау, салыстыру, аналитикалық талдау, әдеби – ғылыми, жинақтау және қорытынды-талдау әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: Зерттеу жұмысымыздың теориялық негізі ретінде ғалымдар ұсынған ғылыми еңбектер қолданылады. Ғылыми жобаның зерттеу нысанын түсінуде, көркемдік негізін тануда белгілі жазушылар мен зерттеушілер: Жүсіпбек Қорғасбек, Р.Нұрғали, Д.Ысқақұлы, Әмірхан Меңдеке, А. Мантаева, Айгүл Кемелбаева, Кәдірбек Сегізбайұлы еңбектері мен ой-тұжырымдары бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Асқар Алтай шығармаларының тақырыбы мен идеясы, стилі, образдар жиынтығы жайлы құнды пікірлер айтылып, прозалық туындылары жүйелі түрде зерттеу өзегіне алынып, ғылыми мақсатта қаралу көзделді. Жұмыстың нәтижелерін мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарға қолдануға болады. «Қазіргі қазақ әдебиеті» атты сыныптан тыс жұмысын ұйымдастырып, қазіргі қазақ прозасын, Асқар Алтай шығармаларымен таныстыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы арқылы іске асырылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан, әр тарау екі тақырыптан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсат-міндеттері, зерттеу нысаны, пәні, болжамы, теориялық, практикалық маңызы, әдістері берілді. Сонымен қатар ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар мазмұндалады.
Негізгі бөлім екі тараудан «Асқар Алтай шығармашылығы және зерттелуі»; «Асқар Алтай әңгімелеріндегі көркемдік ізденістер» тұрады, бірінші және екінші тарау екі тақырыптан және қорытындыдан құралған.
Бірінші тараудың «Асқар алтай прозасы және қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы» атты бірінші тақырыбында, қаламгердің шығармашылығы, қазіргі қазақ әдебиетінің даму деңгейі жайлы жалпы мәлімет берілген.
Бірінші тараудың «Асқар алтай прозасындағы заман шындығы» атты екінші тақырыбында, қаламгердің шығармасындағы қоғам шындығы айқын сипатталады.
Екінші тараудың «Асқар Алтай әңгімелеріндегі адам және қоғам бейнесі» атты бірінші тақырыбында жазушының еңбектерінде қоғамның адамға әсер етуі жайлы мілңмет беріледі.
Екінші тараудың «Асқар Алтай әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі» атты екінші тақырыбында, Асқар Алтайдың әңгіме, романдарының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, авторлық идеяның жаңашылдығы, жазушы прозасының жанрлық сипаты мен образ сомдау жүйесі жайлы мәлімет беріледі
Қорытынды бөлімінде зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдар берілді. Сонымен қатар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

МАЗМҰНЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет