6. Алынған нәтежиелерді талқылау
Осы заманғы жеңіл өнеркәсіп технологиясы малдан алынатын шикізаттың сапасына өте жоғары талаптар қояды.Ол талаптарға дені сау малдан алынған өнім ғана сай келеді.Мал шаруашылығында иммунопрофилактикалық шараларды жүргізуде ветеринарлық мамандардан инфекциялық процесс, иммунитет, вакцина ерекшеліктері, сонымен қатар иммунопрофилактика мен эпизоотиялық процесстер арасындағы өзара байланысты толығымен меңгеру талап етіледі.Қазіргі уақытта меншіктің барлық түрлері қатар дамып, жекеменшіктегі мал санының шұғыл артуына байланысты мал шаруашылығына ветеринариялық қызмет көрсету, оның ішінде індетке қарсы шараларды іске асыру қиындай түсуде.Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады.
Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады,ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады.Трихофития (дерматомикоз, қысаға) - Trichophytia патогенді саңырауқұлақтар қоздыратын,теріде айқын шектелген қабыршақтанған аймақтарда ұштары қырқылған жүндердің пайда болуымен,терінің айқын қабынуымен,серозды-іріңді экссудаттың бөлінуімен және қалың қабықшаның түзілуімен сипатталатын инфекциялық ауру.Трихофитиямен зақымданудың негізгі көзі ауру малдар болып табылады және инфекцияның таралуында мал қораларын ластайтын ауру малдың зақымданған тері қабыршақтары, жүні, шашы қауіп төндіреді.
Диагноз эпизоотиологиялық, клиникалық және лабораториялық зерттеулер негізінде қойылады.Микроскопиялық зерттеулер үшін зақымданған жердің шеттерінің терісі мен жүнінен қырынды алынады. Қырында скальпель арқылы,ал жүні пинцетпен терінің әрбір жерінен жұлынып алынады.Патологиялық материалдар қағаз пакеттерде немесе кең пробиркаларда лабораторияларға жіберіледі.Трихофитияны қышымадан, демодекоздардан, экземадан және сыздауықтан ажырату қажет,сондай-ақ ең бастысы клиникалық-эпизоотологиялық мәліметтер мен микроскопия нәтижелерін зерттеу негізінде микроспориядан және фавустан ажырату қажет.
Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда жүргізілетін алдын-алу шаралары:1.Аурудың алдын-алу үшін малдарды күтіп-бағудың және ұстаудың ветеринариялық-санитариялық ережелерін сақтау қажет.2.Трихофитияның алдын-алу бойынша профилактикалық шаралар жаз айларында жүргізіледі.3.Мал қораларының аумағындағы қиды толық зарарсыздандырады, содан кейін мал шаруашылығы бөлмелерін профилактикалық дезинфекциялайды.Малдарды қыстауға ауыстыру алдында барлық мал басын клиникалық тексереді.Ауруға күдікті немесе ауру малдар анықталған жағдайда,диагноз анықталып, емдеу жүргізіледі.4.Малдарды қыстауға тұрғызған кезеңде мал қораларына айына бір рет, ал жаңа туған төлдерді ұстайтын қораларына айына 2 рет дезинфекция жүргізеді және мал қоралары таза болуы. 5.Шаруашылықсубъектілеріне жаңадан келген малдарды 15 (он бес) күн ішінде карантинде ұстайды.Сол мерзім ішінде малдарды тері ауруларына тексереді.
Қызмет көрсететін адамдар тері ауруларын анықтаудың қарапайым әдістерімен және жеке профилактика ережелерімен таныс болуы қажет. Жалпы алдын-алу шараларымен бірге бір мезгілде, аурудың алдын-алу үшін қолдану бойынша инструкцияларына сәйкес,вакциналармен малдарды иммунизациялайды.Теріні күтіп бағу гигиенасы.Малы суару,азықтандыру және қолайлы жағдай туғызумен қатар, олар әрқашанда күтуді қажет етеді. Осы күтудің арқасында мал организімі өзіне қажетті табиғи тітіркеніш қабылдайды. Мұндай тітіркеніштер организмнің физиологиялық қызметіне, зат алмасу процесіне, организмнің функциональдық қызметінің өсуі мен қалыптасуын арттыруға, сондай-ақ денсаулығы мен өнімділігінің өсуіне өз ықпалын тигізеді.
Мал терісі,оның рецепторлық аппараты,бұлшық ет,жүйке жүйесін шынықтыру нәтижесінде түгел организмге және жекелей органға тура және жанама әсерін тигізеді.Мұндай жағдай гомеостазды сақтап қана қоймай әрбір органдардың және жүйелердің функциональдық қабілетін арттыруға ықпалын тигізеді, түгел организмнің де жағдайын жақсартады және өнімділік қабілетін көтереді.
Тері организмде бірнеше қызмет атқарады.Ең бірінші–тері сыртқы ортаның әртүрлі әсеріне кедергі есебінде қызмет етеді.Мал организмін сақтау және қалыптасу қызметі терідегі көптеген рецепторлар арқылы жүреді. Терідегі нейрорецепторлық аппараттың перифериялық жүйесінің соңы (ұшы) арқылы, организм әр мезгіл сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің байланыстырушы және үйлестіруші қызметінің арқасында барлық ішкі органдармен де өз байланысын жоғалтпайды.Теріде кейбір бөліктегі вегетативтік жүйке жүйесінің бір-бірімен қосылуының арқасында ішкі органдармен рефлекторлық шеңбер құрайды.Тері рефлекторлық байланыс арқылы организмегі жылу реттеу байланысы және зат алмасу процесін атқарады.Терінің күн энергиясын өзіне қабылдау және оның шағылысу күштілігі мал терісінің түсіне байланысты.Терінің сыртқы қабатының температурасы оның жүнінің ұзындығына, тығыздығына және сапасына,сыртқы орта температурасына және ауа қозғалысына байланысты.Терінің тыныс алу қызметі: тері – белокты ыдырату (бөлшектеу) және синтездеу,күкірттісутегінің алмасуына, витаминдердің синтезделу реакциясына қатысады.Терінің экскреторлық қызметі.Тері арқылы су бөлініп шығады.Су теріден осмос заңы бойынша шығады.Теріден судың шығу мөлшері сыртқы ортаның температурасына, ылғалдылығы төмен болған сайын теріден судың шығу мүмкіндігі жоғарылай түседі.Тері арқылы 13 пайызға дейін жылу жоғалады екен.Зат алмасу процестері арқылы терінің сыртына олейн, жоғары май қышқылы,сүт қышқылы және тағы басқа да органикалық қосылыстар шығады, сөйтіп теріге лайықты PH құрайды.Қолайлы температурада мал терісінің реакциясы шамалы қышқылдау болып келеді (РН 6,2 –6,9).Тері өте қышқылды болса, ол байырғы және патогендік микробтардың өсіп-өнуіне жол бермейді.
Сондай-ақ,терінің организмде иммуноглобулиндердің түзуіне тікелей қатысы бары анықталған.Ал иммуноглобулиндер болса,олар вакцина егілгеннен кейінгі иммунитеттің артуына көп әсер тигізеді.Теріні тазалау. Мал терісін тазалау,оны барлық ластан, теріден шыққан әртүрлі сұйықтан тазарту үшін қолданады.Ол жүйке жүйесінің және терідегі қан тамырларын механикалық қозғалысқа келтіріп, оларды қоздырады.Теріден ылғал шығару қабілетіне қарай,бірінші орында жылқы (2,5-3л/с), ірі қара (0,5л/с), одан кейін қой, ешкі, шошқа ретімен келеді.Терідегі әртүрлі эпидермистің өлген клеткалары,шаң-тозаң, ылғал,сапрофиттік және патогендік микробтар, саңырауқұлақтар,вирустар,бактериялар және т.б,жиналып қалады. Сондықтан тері тазалаудың ең басты міндеті- тері бетін және оның жүнін патогенді және жартылай патогенді микробтардан, жиналып қалған ластан, қалдықтан тазалау болып табылады.
Мал дәрігерлік- санитариялық ереже бойынша малдың терісін күнделікті тазалап тұру қажет.Ол үшін арнайы щетка, металл тарақ қолданады.Мал қорада қолайлы микроклиматты сақтау үшін, малды қорадан тыс жерде тазалау керек.Теріні қолмен тазалағанда қысқа,қатты,түкті немесе синтетикалық материалдардан жасалған щеткалар,ұщы доғалданған тарақ қолданылады. Малды сол жағынан бастап, алдымен басын, мойнын, алдыңғы аяғы мен кеудесін содан кейін шоқтығынан артқы аяғына дейін тазалайды.Малды пневматикалық тазалау щаңсорғыштар немесе вакуум-насостар арқылы жүргізіледі.Мал мұндай тазалауға тез арада үйренеді.Тек малды бір мезгілде тазалау жұмысын өзгертпеуге тырысу керек.Малды жуу және тоғыту.Малдың денесіндегі ласты тазалау немесе ыстық күнде салқындату ретінде – денесіне су құяды,жуады және тоғытады.Дені сау малдарды суға тоғыту жалпы организмді нығайтушы,организм мүшелері мен жүйелер қызметтерін қоздырушы ретінде,ал ауру үшін емдік мақсаттақолданылады.Сондықтан су процедурасын қолданған кезде су жылы болуы тиіс (16-180c), малды тоғытқан кезде ауаның температурасы 16-180c төмен болмауы тиіс.Малды тоғытқаннан кейін суық тимес үшін, кептіру, сипалап суын сарқыту керек, ал бағалы немесе асыл тұқымды малды қораға кіргізеді, оның астына жұмсақ төсеніш төсейді.
Трихофитиядан таза емес пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда жүргізілетін шаралары.Шаруашылық субъектісінде трихофития ауруы анықталған жағдайда ветеринариялық маман сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына тез арада хабарлайды.Сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы трихофития ауруының пайда болуы туралы хабар алғаннан кейін тез арада ауру шыққан жерге келеді және таза емес пункттің індет ошағының шекарасын анықтау мен эпизоотологиялық тексеруді ұйымдастырады.
Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралары болып екі салаға бөлінеді.Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрды. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек. Сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына,инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілулері керекдерматомикозбен күрес және оның алдын алу үшін эпизоотияға, эпидемияға қарсы, санитарлық-ветеринарлық және санитарлық-гигиеналық шаралар кешендері іске асырылуы тиіс.Жетекші шаралар қатарына дерматомикоздың жануарлар арасында таралуына жол бермеу жатады.
Осы мақсатпен,шаруашылықта санитарлық-ветеринарлық шаралардың уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау, бұзаулар организмінің резистенттілігін арттыру, ауру және ауру тасымалдаушы жануарларды анықтау үшін ветеринарлық қадағалау, жануарларға арналған өндірістік ғимараттарда жоспарлы дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстары жүргізілуі тиіс.Әсіресе малды бағып күтудегі санитариялық-зоогигиеналық талаптардың орындалуына ерекше көңіл бөлінеді.Егер шаруашылықта бұрын трихофития ауруы байқалған болса, жыл ішінде барлық малдарды оған қарсы иммундейді.
Мұндай шаруашылықтың мал басы егілген жануарлармен ғана толықтырылуға тиіс.Жануарлардың қай түрінде болмасын трихофития байқала қалған жағдайда шаруашылыққа шектеу шараларын енгізеді. Қойлардың түгелдей клиникалық тексеруден өткізіп, аурулары мен күмәнділерін оқшаулап,емдейді, ал қалғандарын вакцинациялайды.Ауру мал бөлініп алынған әрбір сәттен кейін қораға дезинфекция жүргізіледі. Трихофитияның жалпы дауасы мал фермасында ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау, малды дұрыс күтіп, азықтандыру, қора жайда ретті түрде дезинфекция, дератизация жұмыстарын жүргізуге саяды. Шаруашылыққа сырттан әкелінген мал 30 күн дауалық карантинде ұсталуы қажет.Оқшауханадан шығарар алдында ондай жануарлардың үстін 2% тотияйын, күйдіргіш натрий немесе басқа дезинфектанттармен шылау керек. Шаруашылық соңғы ауырған мал жазылған соң 15 күн өткенде, қорытынды дезинфекция жасап барып, сау деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |