Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В120100-«Ветеринариялық медицина»


Кесте-4 Экономикалық шығындар



бет11/14
Дата15.12.2022
өлшемі3,67 Mb.
#57545
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Кесте-4 Экономикалық шығындар
5 Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыруға және техника қауіпсіздігін сақтауға бірінші басшы мен инженер жауапты болады.Еңбекті қорғау жұмыстарын жүргізуге аса көңіл бөледі,яғни арнайы жоспарлар құрады.Сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылуы және санитарлық-сауықтыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.Жоғарыдағы жұмыстарды жүргізу үшін арнайы құрал жабдықтар және ақшалай көмек болуы қажет.


Еңбек кодексі бойынша коллективке және жекелеген адамдарға еңбек шарты жасалады.Егер еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шартқа қол қойыл-маса ешқандай кәсіпорын жұмыс жасамайды. Кәсіпорын әкімшілігі қауіпсіздік-ті қамтамасыз етілуін,өндірістік травматизмнің болмауын, санитарлық-гигие-налық талаптардың сақталуын,жұмыскерлерге арнайы жұмыс киімі-нің киілуін қадағалап ескертуі керек.
Техника қауіпсіздігін,өндірістік-санитарлық және өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы,Айыртау ауылында орналасқан «Айыртау» серіктестігінде еңбек қорғау жұмыстарын атқару үшін арнайы жұмысшылар қойылады.Шаруашылық басшылары еңбекті қорғау жұмыстарын жүргізу үшін бір жылдық жоспар құрады.
Кәсіпорындар тиісті органдармен келісе отырып,еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік орган бекіткен типтік ережелерге сәйкес еңбекті қорғау қызметін құрады.Еңбекті қорғау қызметі мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтермен теңеседі және кәсіпорын басшысына бағынады.
Еңбек қорғау жөніндегі жағдайға және еңбекті қорғау туралы заңнамаға сәйкес жұмысшылар мен қызметшілерді қауіпсіздік техникасы мен қауіпсіз жұмыс нұсқаулары мен әдістеріне үйрету бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Фермада еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыруға арналған қауіпсіздік бөлмесі бар.Қауіпсіздік техникасы сақтау және нұсқау таныстыружиі беріледі.Қауіпсіздік журналына жетекшісі және барлық қызметкерлер қол қояды.
Жыл сайын шаруашылыққа қажетті қаржы бөлінеді.Шаруашылық жоспары бойынша шаруашылық мекемелерінің санитарлық шараларын ұйымдастырады,жұмысшыларды қажетті жұмыс киімдерімен қамтамасыз етеді.Қорғаныс құралдарын береді, әдебиеттер,ңұсқаулармен және еңбекті қорғау жұмыстарына арналған плакаттар береді.
Еңбекті қорғау жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы курстар ұйымдастырады,әрбір жұмысшының өзін-өзі қорғау қабілетін арттыру қажет.
«Еңбек туралы негізгі заңдылықта» бекітілген:адам денсаулығына зиянды жұмыстарды орындау үшін жұмысшыларға арнайы жұмыс киімдерімен, аяқ киімдермен және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі.Денсаулыққа зиян жұмыстарда тегін сүт беріледі.
Жұмысшылармен жазатайым жағдай болғанда,оларға жоспардан тыс инструктаж жүргізіліп, жұмысшының жұмысын ауыстырады.
Шаруашылықтағы электр құралдарына,механизмдерге және көліктерге мезгіл сайын тексеру жұмыстары жүргізіледі.Әрбір өндірістік мекемелерде көліктерге, механизмдерге және электр құралдарға бұзылғанын және қауіпсіздігін қадағалау мақсатында жауапты адамдар қойылады.
Мал шаруашылықтарында арнайы қадағалау жұмыстары және техника қауіпсіздігін сақтау,қойларды қырқу және қолдан ұрықтандыру кезінде сақтаған дұрыс.Малды дұрыс байлағанда жібі мықты, малдың қозғалысын шектемейтіндей және денесін қыспайтындай, жақсы мөлшерде бос болуы керек.
Мал шаруашылық фермаларында вентиляция, екі жаққа ашылатын биік есіктер, кіреберісте дезинфекциялық тосқауыл болуы керек.
Төлдерді күтіп бағу үшінде техника қауіпсіздігі сақталуы тиіс. Төлдерге алғашқы күндері уыз беріледі. Күтуші уыз бергенде астаушаны жоғары көтеріп қоймайды, себебі төл тұрып ішуі тиіс. Күтуші төлге уыз берерде алдында ол қолын жуады, сонан соң сүтті 40ºС-қа дейін ысытып, таза ыдысқа құйып алып қозыға ішкізеді.Күтушілерге арнайы халат беріледі, халат міндетті түрде ақ және таза болуы қажет.Күтуші қозыларға сүт бергеннен кейін ыдыстарды 3 %-дық хлорамин ерітіндісімен жуып шаяды.
Шаруашылықта жұмысшылардың жеке гигиенасы жөніндегі шаралар мұқият қаралады:
- жұмысшылар, бақташылар әр ай сайын диспансеризациядан өтіп, туберкулез және бруцелез ауруларына тексеріледі.
Өрттің алдын алу шаралары
Мал шаруашылық фермаларының жұмысшылары өрт сөндіруші құралдарымен жақсы таныс болуы керек.Мал шаруашылық фермаларындаөрт қалқандары болады.
Әр фермада өрт сөндіруші дружиналар болады. Шаруашылықтарда өрт қаупі туындаған кезде арнайы эвакуациялық жоспар бойынша жұмыс жүргізіледі.Еңбекті қорғау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы дәріс оқылатын
бөлме тіркеледі.
Еңбекті қорғау талаптарын сақтаған жағдайда өндірістегі қайғылы оқи-ғалар, жарақат алу,кәсіптік аурумен ауыру төтенше жағдайлар болып табылады. Алайда, егер мұндай жағдайлар орын алса,қызметкерлер кез-келген жазатайым оқиғалар,кәсіптік аурудың белгілері немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы өздерінің тікелей басшыларына немесе басшылығына жедел хабарлауы керек.Жұмыс беруші мен басшылық апатты тергеу,оның алдын алу және апат болған жағдайда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті.Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, олар осы қауіп жойылғанға дейін жұмысты орындаудан бас тартуға, сондай-ақ зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуден бас тартуға құқылы,егер басқа ережелерде еңбек шарты.Бұл әрекеттер тәртіптік жауапкершілікке тартпайды.
Еңбекті қорғау тәртібі мына құжаттармен реттеледі: еңбекті қорғау тура-лы ережелер,құрылыс нормалары мен ережелері; әлеуметтік мемлекеттік өнер-кәсіптің өндірістік ережелері;өнеркәсіпте жұмыс жасайтын және қызмет ете-тін адамдардың ішкі еңбек тәртібі; зауыттың, жергілікті комитеттің, адам-дардың құқықтары туралы ережелер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет