Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В120100-«Ветеринариялық медицина»


Қорытындылар мен ұсыныстар



бет13/14
Дата15.12.2022
өлшемі3,67 Mb.
#57545
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қорытындылар мен ұсыныстар

Жоғарыда келтірілген індеттік деректерге талдау жасай отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесі негізінде төмендегідей тұжырым жасалынды:


- сырттан әкелінген қойлар арасынан трихофития қоздырушысын тасымалдаушылардың 30 күндік дауалық карантин кезіндегі екі реттік зерттеуде толық анықталмауы;
- жүйелі спецификалық иммундеуде барлық қойлардың қамтылмауы, камтылғанның өзінде, жалпы отарға бірен-саран трихофитияға қарсы иммунделмеген бөгде қойлардың қосылғандығы анықталып отыр;
- дезинфекциялық және басқа да ветеринарлық-санитарлық шаралардың трихофитияның негізгі таралу ерекшеліктеріне байланысты қолданылмауы;
- трихофитияның жұғу, таралу жолдарының және инфекциядан сақтану ережелерінің адамдар арасында кең түрде насихатталмауы;
- жүйелі түрде кеміргіштермен, қансорғыш жәндіктермен және кенелермен күрес шараларының жүргізілмеуі т.с.с.
Осыған байланысты қазіргі нарық жағдайында шаруашылық мал дәрігерлерінің тарапынан сауықтыру және алдын алу шаралары кешенді түрде жүргізілуі тиіс.Шаруашылықта трихофитияның алдын алу шаралар кешенінде, қойларды ЛТФ-130 вакцинасымен иммундеуге ерекше көңіл бөліп отыру қажет.
Трихофитиядан сақтану шаралары ретінде мал дәрігер мамандары әрбір тоқсан сайын шаруашылықтағы малды түгел клиникалық байқаудан өткізіп тұруы қажет.Ауруға күдігі бар малды бөліп алып, толық тексеріп емдейді.
Жем шөпті үнемі лабораториялық тексеруден өткізіп, кеміргіштерді ұдайы жойып отырады.Ауруға күдіктілерін оқшаулап емдейді, ал басқа қалған шартты сау қойларды ЛТФ-130 вакцинасымен вакциндейді.
Трихофитиямен ауырған қойлар тұрған қораларды дер кезінде тазалап, күйдіргіш натрий 3 % ыстық ерітіндісімен дезинфекциялайды.
Болашақта қойлар трихофитиясын «Жарасбаев» шаруа қожалығында болдырмау үшін ғылыми жетістіктерге сүйене отырып және жүргізілген зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесінде берер ұсынысымыз:
- шаруашылықтың сәтсіз пункттеріндегі мал төлдерін, күзде алдын алу мақсатымен ЛТФ-130 вакцинасымен трихофитияға қарсы иммундеу;
- мал орындарын таза ұстаумен қатар,мал қораларындағы кеміргіштерді үнемі жойып отыру;
- шаруашылыққа әкелінген мал алдын-ала 30 күн карантинде ұсталуы тиіс.
Карантин кезінде оларды клиникалық жолмен тексеріп, әлдеқалай күмән туса микроскопиялық,бактериологиялық және серологиялық тексерулерден өткізіп, жемшөпті лабораториялық тексеруден өткізу;
- әр тоқсан сайын барлық малды клиникалық байқаудан өткізу қажет;
- емдеу мақсатымен қойларға екі еселенген дозада ЛТФ-130 вакцинасын, «ЯМ» және «АСД фракция 3» маздерін қолдануды ұсынамыз;
- мал қорларын үнемі дератизациядан,дезинфекциядан өткізіп,оның сапалығын тексеріп отыру қажет.
Трихофитияны тиімді дауалау,одан отарларды жедел сауықтыру,індеттік жағдайды талдау, бағалау, қадағалау шараларын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік маңызы бар жаңа жүйесі тәжірибеге ұсынылды.
Сондықтан жоғарыда жазылғандарды қорыта келе бұл індет қойлардың арасында тез таралатындығы,нақты мал дәрігерлік жұмыс жүргізілген жағдайда, мал басын кемітпей,одан тиісті өнім алуға,мал арасында трихофития таратпауға әбден болады.
Ауру мал бөлініп алынған әрбір сәттен кейін қораға дезинфекция жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет