Дипломдық жұмыс Мамандығы: 6В01102 «Педагогика және психология»


Мемлекет тарапынан жасалатын көмек, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету технологиясы



бет7/9
Дата10.05.2022
өлшемі49,21 Kb.
#33855
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Айжан Дипломдық жұмыс

1.3 Мемлекет тарапынан жасалатын көмек, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету технологиясы

Мемлекет соңғы уақытта баса назар аударып отырған қоғамдағы басты мәселе ол – мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда орнығып, олардың барынша қалыпты адамдар тең дәрежеде өмір сүруін қамтамасыз ету. Соның ішінде маңызды рөл атқаратын мүгедек жандарды әлеуметтік реабилитациялау (сауықтыру, еңбекке жарамды ету институты) кешенді іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады, бұл кешен ұйымдастыру, экономикалық, қала құрылысы, реабилитациялау сияқты әрекеттерден тұрады. Ол мемлекеттік және муниципиалды органдар мен әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау мекемелері және басқа да салалардың мемлекеттік емес органдарымен қарым-қатынас жиынтығы арқылы жүзеге асады.



Мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың іс-әрекеті, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты әлеуметтік саясаттағы мүгедектерге деген көмектің түрлі үлгілерін жүзеге асыру, оның негізінде индивидтің өзінің жағдайына үйренуі ғана емес, сонымен бірге оптималды жағдайда өз-өзіне көмек жасау дағдысын қалыптастыру және әлеуметтік байланыс жүйесін құруға мүмкіндік беретін реабилитациялау іс-шараларының бағдарламасы жатыр. Мұндай іс-шаралар негізінде 1995 жылы заң шығарушы актілерде қарастырылған негізгі реабилитациялық бағдарлама жатуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік реабилитациясының көлемі мен мазмұны, жеткілікті деңгейде реабилитация субъектілері, қоғам, жалпы алғанда мемлекеттің өзінің іс-әрекетінде осыған сәйкес ұйымдастырылатын және жүзеге асатын бағдарламалардың ұсынатын принциптерімен байланысты. Мүгедектерге арналған саясат алғашқыда оқшаулау (изоляция) және өтемақы (компенсация) принциптеріне негізделген. Оқшаулау принципі – әлеуметтік тарих дауының ежелгі кезеңінен бастау алады. Бұрынғы кезде бұл принцип мүгедектерді шеттетуге, оларға қатысты түрлі үрейлердің қалыптасуына алып келді. Бүгінгі таңда ол ортақ жүйелерден бөлінген: тұрақты, кейде өмірінің соңына дейін тіршілік етуге арналған арнайы үйлер, ерекше оқу орындар, мамандандырылған кәсіпорындар және т.б мүгедектердің өмірлік іс-әрекетін қамтамасыз етудің ерекше жүйесін жасауда көрініс тапқан. Мұндай жүйеде мүгедектерге күтім жасау және олардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады, бірақ бұл бірінші кезекте қоғамның дені сау мүшелерінің көзқарасы тұрғысынан іске асады. Осылайша мүгедектердің өздері қоғамнан шеттетіледі және оның қамқорлығының объектісіне айналады. Өтемақы (компенсация) принципі бойынша – мүгедектердің шығындарын өтеуге ақшалай немесе басқалай өтем түрінде: зейнетақы немесе жәрдемақы төлеу, жеңілдіктер беруге (қоғамдық көлікті, дәрі-дәрмекті қолдануға,пәтерақы төлеуге және т.б) бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Осы сияқты жеңілдіктер әрине керек, бірақ көмектің жалғыз механизмі бола отырып, олар мүгедектердің қоғамға қосылуына мүмкіндік тудырмады және оларға өмір сүрудің тым төмен стандарттарын қамтамасыз етті (күнелту минимумы деңгейде не одан да төмен). Сонымен бірге мүгедектердің бірқатар қажеттіліктері тек ақшалай көрініс таппауы мүмкін, ал әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, қоғамға қосылудың толыққандылығы материалды фактормен жанама түрде ғана байланысты. Мүгедектерге қатысты саясат идеологиясының өзгеруі, мүгедектіктің әлеуметтік үлгісін қабылдауға өту, мүгедектерге және мүгедектікке қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік құрылымының жетекші принципінің таралуына әкелді. Бұл принцип бойынша барлық тұлғалардың құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей. Осыған сәйкес мүгедектер қоғамның тек қамқорлық объектісі ғана емес, сонымен бірге өздерінің өзіндік өмірлік іс-әркетінің субъектілері ретінде қарастырылады. Индивидтің әлеуметтік құқықтары тумасынан және ажырағысыз бөлінбейді, олар арқылы қоғамның мәдени-тарихи дәстүрлеріне, мемлекеттің мүмкіндіктеріне тәуелді белгілі бір әрбір индивидке қолайлы әлеуметтік игіліктердің минимумы көрсетіледі. Олардың ішіне тек күн көруді қамтамасыз етудің қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру ғана емес, сонымен бірге индивидтің әлеуметтік қажеттіліктерінің барлығы да кіреді. Әрине, бұл қажеттіліктердің бар болуы және оларды ұғыну, мүгедектің қоршаған ортаны, тіршілікті, өзін-өзі және әлеуметтік әлемдегі өзінің орнын түсіну және бағалау мүмкіндігінің дамуы арқылы шектеледі. Шын мәнінде мүмкін болатын оңтайлықты және кепілдігінің деңгейінің маңыздылығы біршама деңгейде объективті және субъективті жағдайлармен байланысты, мемлекеттің және осы қоғамның әлеуметтік-экономикалық қорларының көлемімен шектеледі. Өздеріне арналған жәрдем қызметінің жұмысын ұйымдастыруға мүгедектерді белсенді қатыстыру, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты мемлекеттік әлеуметтік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталған принцип. Халықаралық құқықтық құжаттардың бірқатарында, оның ішінде мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты тәртібінде баяндалған, бұл принцип кейінгі кезде шетелдің бірқатар реабилитациялық қызмет тәжірибесінде «Өз өміріңді қалыптастыр, өзгерт» атты бағдарлама ретінде белсенді түрде іске асты. Бұл бағдарламаға сәйкес мүгедектер қаржыны қолға алады немесе оларды сауықтыру үшін мемлекеттен не муниципиалды органдардан бөлінетін қаржыны жарату құқығын береді. Олар өздеріне пайдалы деп есептейтін қызметтер немесе бөлімдердің іс-әрекетін, қамқор және білікті қатынас жасайтын қызметкерлердің жұмысын төлейді. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі шетел зерттеушілері мүгедектердің өздері мүгедектерге қатысты саясатты және бағдарламаны бағалаудың ең жақсы сарапшысы болып табылады.

Ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету технологиясы. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, әлеуметтік реабилитация жасау технологиялары, реабилитациялық шараларға ата-аналарға міндетті түрде қатыстыруды көздейді. Осылайша балалар мен ата-аналар тәуелсіз өмір сүруге бірге үйренеді. Әлеуметтік реабилитация технологиялары, кемтар баланың қарқынды дамуына әсер ететін, әдістер мен тәсілдер жиынтығынан тұрады. Қызметіне қарай, келесі технологиялар түрлеріне ажыратылады:



  • Психологиялық (психологиялық үрдістерге, күйлерге ықпал етеді).

  • Әлеуметтік-психологиялық (адам/топ жүйесіндегі үрдістерді өзгертеді)

  • Дәрігерлік-әлеуметтік (физикалық күйге және онымен байланысты әлеуметтік жағдайларға ықпал етеді).

  • Қаржылық-экономикалық (материалдық ресурстармен, жеңілдіктермен, жәрдемақылармен қамтамасыз етеді).

Реабилитацияның келесі түрлерін ажыратады:

  • Дәрігерлік реабилитация. Бұл ағзадағы қандай бір жоғалған қызметтің орнын толтыру немесе қалпына келтіру, науқастың барысын баяулату немесе тоқтату.

  • Психологиялық реабилитация. Бұл мүгедектің дарапсихологиялық ерекшеліктерін дамыту мен түзету мақсатында, психикалық саласына ықпал ету.

  • Педагогикалық реабилитация. Баланың міндетті білім көлемін меңгеруіне, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын меңгеруге бағытталған, оқу-тәрбиелік шаралар жүйесі.

  • Әлеуметтік-экономикалық реабилитация. Баланы тұрғын-үй, қаржылық қамсыздандыру сияқты, қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету жұмыстары.

  • Кәсіби реабилитация. Мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдердің мүмкіндігіне сай, еңбек түрлерімен айналысуын, қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілуін, баланың тұрмыста, ешкімге тәуелсіз болуын қарастырады.

  • Спорттық және шығармашылық реабилитация. Спорттық шаралар көмегімен, шығармашылық шараларға белсенді қатыстыру арқылы, балалардың физикалық және психикалық денсаулықтары артады, депрессия жойылады, балалар өзінің кемістігін ұмытады.

  • Әлеуметтік реабилитация. Мұнда, әлеуметтік шаралар жүйесі кіреді, яғни ата-аналарға жәрдемақы төлеу, мүгедек баланы бағу үшін төленетін қосымша төлемақы тағайындау, нақты көмектер беру, жеңілдіктермен қамтамасыз ету, арнайы техникалық құралдармен, протездермен, салықтық жеңілдіктермен қамтамасыз ету жұмыстары кіреді. Толыққанды және кешенді реабилитация міндеттеріне сәйкес, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-дәрігерлік жұмыс түрлеріне ажыратуға болады.

Психологиялық-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттарына жатады:

  • баланың психикалық дамуы мен дағды, білікерінің қалыптасу деңгейіне диагностика жасау;

  • кешенді және дара реабилитация бағдарламасын жасау;

  • логопедиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру, оқу және еңбек әрекеттерін ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік-бағдарлау әрекетін ұйымдастыру;

  • ата-аналарға психологиялық кеңес беру;

  • ата-аналарды реабилитация негіздеріне үйрету;

  • заманауи педагогикалық және әлеуметтік технологияларды меңгеру мен енгізу;

  • тиімді реабилитация критерийлерін анықтау;

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау әдістемелерін даярлау;

Әлеуметтік-құқықтық реабилитацияның негізгі қызметі:

  • бала мен отбасының әлеуметтік потенциалын арттыру мақсатында әлеуметтік қорғау мекемелерімен тығыз байланысты жүзеге асыру;

  • мүмкіндігі шектеулі бала мен отбасы туралы ақпараттар банкін жинақтау;

  • заңдар мәселесі бойынша, ата-аналарға құқықтық көмек көрсету;

  • арнайы сапарлармен, аудандар мен облыстардағы балалардың отбасыларына, жергілікті атқару органдарына кеңес беру істерін жүзеге асыру, патронаждың барлық түрлерін қамтамасыз ету;

  • балаларды қоғамға кіріктіруде мәдени, спорттық және діни ұйымдарды қатыстыру;

  • заңгерлік кеңес беру.

Әлеуметтік-дәрігерлік жұмыстың міндеттеріне кіретіндер:

  • балаға реабилитация жасау мүмкінтерін болжау мақсатында, психодиагностика жүргізу;

  • балаға кешенді реабилитация жасаудың жоспарын құру;

  • стационарлық, амбулаторлық және патронаждық көмек беру;

  • диагностикалық шаралар жүргізу;

  • қажетті мамандар кеңесімен қамтамасыз ету;

  • тиімділігі жоғары реабилитациялық технологияларды пайдалану және енгізу;

Осылайша, соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау жүйесінің жұмыстары арта түсуде. Бұған, мүгедек балалардың отбасыларын, әлеуметтік қолдаудың нормативтік-құқықтық базасының кеңейіп және күшейіп жатқандығы себеп болды, сонымен бірге, бұқара халықтың санасында, бұл мәселе, тек дәрігерлік аспекті ретінде ғана қарастырылса, енді әлеуметтік аспектіден қарала бастады. Соңғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, елімізде қазір 56 облыстық, қалалық, республикалық ПМПК жұмыс істейді. ПМПК жүйесінің кеңейтілуіне байланысты, дамуында ауытқуы бар балаларды анықтау мүмкіндігі арта түскен.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру түрлері.

Мүмкіндіктері шектеулі баланы отбасында тәрбиелеудің ерешеліктері отбасына тәуелді. Отбасы типологиясы үшін бала саны маңызды көрсеткіш. Отбасы бір балалы, екі балалы, көп балалы болып бөлінеді. Жалғыз баланы тәрбиелеудің жағымдысы – бала махаббатты сезінеді, өзіне-өзі сенімді болады, бірақ сонымен бірге өзін-өзі жоғары есептеуі де пайда болуы ықтимал. Екі бала тәрбиелейтін отбасында бала ерте жастан өзінен басқа бала бар екенін түсініп серіктестік сезіммен тұлға ретінде дамиды. Көп балалы отбасында балалар көбінесе еңбекке төзімді, икемді, жауапкершілік сезімі жоғары болады. Тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының жоспарында оқушылардың отбасын зерттеу:


  • Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру.

  • Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.

  • Ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру.

Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.

Ата-аналармен бірлесіп жасалатын жұмыс жоспары

Кесте 1

Мерзімдері

Ата-аналарды педагогикалық ағартудың тақырыптары

Жанұялармен жүргізілген жеке-дара жұмыс

Қыркүйек

Ата-аналар жиналысы «Отбасы және тәрбие бастауы»

Ата-аналарға сауалнама жүргізу.

Ата-аналар кеңесін сайлау және оның жұмысын жоспарлау.





Қазан

Ата-аналармен жеке пікірлесу.

Сұхбат-пікірлесу

Қараша

Ⅰ тоқсанның қорытындысы. Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хат.

Психолог, мамандар дәрісі



Алғыс хаттар, мадақтамалар

Сауалнама, пікірлесу.



Желтоқсан

Ата-аналар жиналысы «Отбасындағы бала тәрбиесі»

Жаңа жылға ұжымдық шығармашылық даярлық






Қаңтар

Ата-аналармен жеке пікірлесу

Сұхбат-пікірлесу.

Кеңес беру.






Психолог, мамандар кеңесі




Ақпан

«Ұл тәрбиесі» атты тақырыптық кеңес.

Кеңес беру, пікірлесу.

Наурыз

«Отбасындағы қыз тәрбиесі»

(тақырыптық кеңес)



Кеңес.

Сәуір

Ⅲ тоқсанның қорытындысы. Оқушылардың ең үздік жұмыстарының көрінісі.

Көрме

Мамыр

Жыл қорытындысы. Ата-аналар жиналысы. Алғыс хаттар. Ата-аналарға мерекелік концерт.

Жазғы демалыс.



Алғыс хаттар, мадақтамалар.

Отбасы туралы әлеуметтік педагогтың пікірі.

Отбасының төрт түрі:



  1. Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы. Балалардың өз икемділіктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар. Тәрбиешінің көп араласуын қажет етпейді, дегенмен нақты бір кезеңде тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар мен кеңестер артық болмайды. Психолог кеңес береді.

  2. Ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс бағыттарын ұстанбайтын отбасылар. Балалар ата-аналарының ерекше қамқорлығында болуы мүмкін, осыған байланысты менмендік, өзімшілдік басым дамиды. Бұл пелагогтың көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді. Психолог, тифлопедагогтың көмегіне жүгінеді.

  3. Дау-жанжалды отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналардың баламен ісі жоқ. Олар өзара қарым-қатынастарын шеше алмайды. Ешқандай парасатты тәрбие туралы сөз болуы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда мамандардың ақыл-кеңесі қажет және үнемі қадағалауы тиіс.

  4. Ұрпақтар арасындағы сезімталдық, көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар. Ата-анасы жоқ, анасы, әкесі жоқ балалар, ата, әжесі, аға-апа қамқорлығындағы балалар бар. Мұндай отбасылармен психологиялық-педагогикалық тәрбие жұмыстар үнемі жүргізіліп отырылады.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:

  • ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;

  • ата-аналарға балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету;

  • топ ұжымдарымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру;

  • ата-аналармен тақырыптық жиналыстар өткізу;

  • мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру;

  • ата-аналарымен жеке жұмыс жүргізу;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет