Зерттеудің объектісі: мүмкіндігі шектеулі балалар
Зерттеу жұмысының пәні: мүмкіндігі шектеулі балалармен жасалатын педагогикалық-психологиялық жұмыстар
Зерттеудің әдістері: Дипломдық жұмысты орындау барысында қолданылатын негізгі әдістер:
Психодиагностикалық әдістер;
Эмпирикалық бақылау, байқау әдісі, қосалқы, сұхбат және түзету әдістері
Пелагогикалық тәжірибені талдау;
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және де қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде
Екінші бөлімде
1 Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда әлеуметтенуі туралы ғылыми-теориялық негіздері
Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық мәселелері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік сақтау 1991 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның негізгі мақсаты мүгедектерді біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу әрі әлеуметтендіру. 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау № 39-3 ҚРЗ заңының негізгі мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың тыныс – тіршілігімен, қоғаммен етене араласу мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық шарттарын айқындау. Сонымен қатар бұл заң ерекше жандардың әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, қоғамдық бірлестіктер және т.б мәселелері қамтылған.
Қоғамдық әлеуметтік нормалар мен ережелерді балалардың игеруі әлеуметтендіру арқылы жүзеге асады. Әлеуметтендіру - жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені белсенді игеруінің нәтижесі мен барысы, отбасындағы, арнайы балабақшалар, мектептер, еңбек ұжымдарындағы іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өсунің әсерінен мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артуда. Мемлекет осы жағдайға баса назар аударуда. Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімделу өзекті мәселе болып тұр. Жалпы білім беретін балалардың үлгемеушілік мәселесі көптен бері педагогтардың, психологтардың, медиктердің және социологтардың көңілін алаңдатуда. Олар дамуы артта қалған балаларға жатпайтын, бірақ білім деңгейі шектелген балалар категориясын ашып тапты.
М.С.Певзнер және Т.А.Власова (1968,1973) мүмкіндігі шектеулі баланың жеке бас қалыптасуындағы эмоционалдық даму үрдісіне көңіл аударды. Баланың – ананың екіқабат алғашқы айларында түрлі патогендік факторлар арқылы орталық нерв жүйесіне әсер етілген қолайсыз жағдайлар арқылы пайда болатынын анықтайды. Сонымен қатар, психологиялық-пелагогикалық түзетумен қатар, емдеу шараларын жүргізу керектігі айқын болды.
Мүгедектік – халықтың әлеуметтік игіліксіздігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады, әлеуметтәк көрегендікті, экономикалық ауытқулықты, қоғамның өнегелі, толық мәнділігін шектейді, мүгедек – адам және қоғам арасындағы өзара байланыстың бұзылуын сипаттайды. Оған мәселен кемтар балаларды арнайы педагогика негізінде оқытумен тәрбиелеудің тарихи тәжірибесінде анықталғандай, эволция барысында осы мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас әр кезде біркелкі болмаған. Тек қана қоғамның қайта өрлеу барысынан XIX ғасырдың ортасына дейін Еуропалық дефектология ғылымындағы деректер бойынша баланың ақыл ой және дене бітімі ауытқуларына деген көзқарастың бірқалыпты жүйеленгені байқалады.
Дефектология – педагогика ғылымының арнаулы саласы. Ол көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді. Дефектология ғылым ретінде төменде көрсетілген төрт сала бойынша:
Сурдопедагогика – есту кемістігі бар ( естімейтін және нашар еститін) балаларға;
Тифлопедагогика – көру кемістігі бар (көзі көрмейтін және нашар көретін) балаларға;
Олигрофренопедагогика – ақыл ойының дамуында кемістігі бар балаларға;
Логопедия – тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.
Ақыл-ой дамуында кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу барысында арнайы әдіс-тәсілдер қолдану керектігі туралы мәселесін өз еңбектерінде ең алғаш Швейцария педагогы И.Г.Песталоции мұндай балаларға арналған оқу принцптерін ұсынды: оқытудың баланың даму деңгейіне сай болу, және еңбек тәрбиесін қатар жүргізу және оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру. Бақылай отырып, ойша қорытындылар шығару әдістерінің орынына зерттеудің эксперименталды әдістері келді. Бұл жағдай ақыл-ойдың артта қалушылық мәселесін түсіндірудің екі бағытын айқындады:
Анатомия – физиологиялық (Д.Бурнивель, Б.Морель, Э.Креплин, С.С.Корсаков, Г.И.Россолно, т.б)
Педагогикалық-психологиялық
Анатомиялық-физиологиялық бағыттың дамуына айрықша үлес қосқан неміс психиатры Эмиль Креплин (1856-1926) болды. Ол алғаш рет ақыл-ой кемістігінің барлық түрлерін біріктіріп, оларды психикалық дамудың тежелуі деп атады да, олардың туа біткен түрлерін бір топқа топтастырып, ғылымға олигофрения деген термин енгізді.
Ал түрлі есі ауысқан ауруларға деген алғашқы гуманистік қарым-қатынас қадамдарын жасаған француз психиатр дәрігері Филипп Пинель (1745-1826) болды. Ол алғаш рет жан аурулардың классификациясын жасап, олардың туа біткен және жүре біткен деп негізгі 2-клиникалық формаларын ажыратып берді. Пинельдің ісін әрі қарай жалғастырған оқушысы Жан-Этьен-Долшник Эскироль (1772-1840) осы екі форманы аменция және деменция деп атауды ұсынды. Эскироль ақылдан ауысудың симптоматикалық классификациясын негіздеген, бұл аурудың жетекші белгісі ретінде олардың сөйлеу ерекшеліктеріне баса назар аудартты. Бельгия психиатры Жан Демор (1867-1941) алғаш рет бұл аурудың шығуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларын бөліп қарайды. Бұл топтағы балаларды ол медициналық және педагогикалық даму жағынан артта қалғандар деп бөлді. Медициналық жағынан артта қалу себептерін іште жатқанда не сәби кезінде белгі берген патологиялық факторлармен байланыстырды. Педагогикалық дамуында артта қалу себептерін бала кезінде дұрыс тәрбие алмаумен, ауырғн немесе ектеп кезіндегі кейбір педагогикалық қателіктердің құрбаны болғандығымен байланыстырады. Итальян педагогы М.Монтессори (1870-1952) ақыл-ойы артта қалған балаларға арнап ортафоникалық мектеп ашып, емдеуші педагогиканың негізі ретінде сенсамоторлық тәрбие жүйесін енгізді. Мектеп жасына дейінгі балаларды арнайы оқытудың және тәрбиелеудің негізгі міндеті ақыл-есі кем балаларды мектепке дайындау барысында олардың дене, ақыл-ой және адамгершілік даму мүмкіндігін барынша қамтамасыз ету. Біздің елімізде арнайы мекемелерінің жүйеленген системасы құрылған. Арнайы балабақша және балалар үйіне, қосымша-мектепинтернаттарға 4 тен 8 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Білім беру жүйесінде арнайы психоневрологиялық санаторийлер бар. Бөбектер жүйесіне 2 жастан қабылданады. Оларда бастарын дұрыс ұстау, жүру, отыру, тұру тағы сол сияқты басқа да қимылдар кем басталады. Мектеп жасына жеткенше оларда көрнекілік-бейнелік міндеттерді шешу қабілеті қалыптаспайды. Тіпті ойын процесінің өзі оларда заттық әрекет барысында белгілі бір деңгейде пайда болуы мүмкін. Арнайы оқытусыз ақыл-ойы кем балаларда негізгі әрекет ойын емес, зат қана болып табылады. Ал, еңбек іс-әрекеттерінің элементтері мұндай балаларда қоршаған орта ықпалымен қалыптасады. Тіл дамуы да ерекше артта қалады, алғашқы сөздер оларда 3 жастан кейін, фразалар – мектеп алдында ғана пайда болады. Ақыл-есі кем балаларда жеке бас дамуының шарттары да қалыптаспайды, әдеттен балалар 3 жастан бастап өзіндік Мен деген ойға ие болса, ақыл-есі кем балаларда тек 6-7 жас кезінде өзін-өзі сезінудің алғашқы белгілері пайда бола бастайды, олардың мінез-құлқы ырықсыз сипатта болады. Бұл балалардың ересектермен, жолдастарымен де қарым-қатынасы да басқаша қалыптасады.
Қосымша мектеп мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерінің жүйесінде жұмыс істейді, бірақ міндеттері бөлек айқындалады. Арнайы міндеті – дефектілерді түзетеді. Сондықтан әлеуметтік – еңбектік бейімделу дұрыс жүзеге асуы тиіс. Қосымша мектеп оқушылардың жалпы дене жағдайын дұрыстау, және бекітуге бағытталған, емдеу – сауықтыру жұмыстарымен де айналысады, сонымен қатар әлеуметтік – педагогикалық міндеттері де бар. Ерекше түзету міндеттерінің саны сол мектептің арнайы оқу жоспарында және бағдарламаларында белгіленген.
Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен отбасы мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л.С.Выготский баланың өсіп дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделетініне дәлелдеген. Ағылшын зерттеушісі Л.Ярроу бойынша депривация түрлері айқындалған. Соның ішінде үйден оқитын оқушыда даму жағдайының 3 түрі кездеседі. Әлеуметтік депривация – баланың басқа адамдармен қарым-қатынасының азаюы. Эмоциялық депривация – балада әсерлердің әр түрлігі және қабылдау айқындығының төмендеуі. Олардың ішінде интеллект дамуында физиологиялық қалыс болмаса да өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалған балалар болады.
XX ғасырдың басына қарай жинақталған тәжірибе, осы проблемаға деген түрткі көзқарастар, түрлі терминология баланың психофизикалық артта қалуының жетекші белгілерінің негізінде ғылымда бір ізге түсіруді талап етеді. Елімізде мұндай даумында кемістігі бар балаларға қамқорлық жасау барысында, мемлекет есебінен арнайы (түзету) мектептерінде білім беру, тәрбиелеу жүзеге асырылып, тегін оқытылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1980 жылы қабылдаған тұжырымдаманың британдық нұсқасы бойынша дене кемістігіне қарай жалпы мүгедек адамдарды төмендегідей топтарға топтастыруға болды:
Туа біткен, созылмалы ауруға ұшыраған адамдар-физиологиялық, анатомиялық және психикалық қызметі бұзылған еңбекке жарамсыз болып қалғандар;
Мүмкіндігі шектеулі адамдар – өз бетінше іс әрекетке бара алмайтындар мен кемтарлық нәтижесінде іс-қимылы шектеулі адамдар ( мысалы бәр қолы жоқ, аяғы ақсақ, құлағы нашар еститіндер т.б);
Мүгедектер – өз алдына күн көре алмайтын, басқа біреудің көмегіне күнделікті мұқтаж жандар;
Бұлардан басқа ақыл-есі, түсіну, сезінулері дамымай қалған немесе іштен осындай кемтарлықпен туғандар психикалық ауытқулары бар адамдар қатарына жатады;
Ақыл-ой еңбегіне жарамсыз болғандықтан олигофрендер (грекше олигиос-кішкене, френ-ақыл) не ақылы кем адамдар деп топтастырады. Оларға жүйке-жүйесіне әр түрлі себептерден зақымданған, не сондай ауытқулармен дүниеге келгендер, жұқпалы аурулардың себебінен ақыл-есі нашарлағандар, түйсіну, сезіну, қабыл алу, көңіл қою, психикалық үрдістердің нашарлауы, ерік-эмоциялық орталығы зиянға ұшыраған, мысалы ақылы ауысқан, аутистер, суицидтер, жындану ауруына ұшырағандар жатады.
Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі бала құқығы:
Мүгедек баланың, оның абыройын қамтамасыз ететін, қоғам өміріне белсенді қатысуын болдыратын жағдайларда, толық мәнді өмірге дені сау балалармен тең құқығы бар;
Мүгедек баланың, оның физикалық, ақыл-ой қабілетіне және ниетіне сәйкес білім алуға, қызметі мен кәсіп таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға қатысы бар;
Мүгедек балалар, ақыл-ой және физикалық кемшілігі бар балаларды қосқанда, арнайы балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Осы құқықтар мемлекет қамқорлығына қабылданған мүгедек балалар мектеп жасына дейінгі 4 жастан 8 жасқа дейінгі, дайындық топтағылар 8 жастан 12 жасқа дейінгі, 12 жастан 18 жасқа дейінгі еңбекті оқыту тобы (оның ішінде 14-тен 18 жасқа дейінгі жеткіншектер), 4-тен 18 жасқа дейінгі диагностикалық топқа 10 баладан топтастыруға негіз болады. Дегенмен де мүмкіндігі шектеулі осы адамдарға көрсетілген медико-әлеуметтік көмектің мұндай қалыптасқан дәстүрлі түрі факторлары мүгедек жандардың интернат-үйлерге баруға асықпайтынын көрсетеді. Осындай орын алған жағдайлар әлеуметтік мекемесі жүйесіндегі әлеуметтік педагог қызметінің пайда болуын туындатты. Осы жағдайлармен байланысты әлеуметтік педагогтың мамандандырылған сипаттамасы қалыптасты. Сонымен бірге нақты әлеуметтік көмекті интернат-үйдегі мүедектер қажет етеді. Соңғы уақытқа дейін мұндағы медико-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру медицина жұмысшыларына жүктелді, олар медициналық көмек көрсету ұйымына зиян келтіретін, интернат-үйлерінде мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық бейімделу бойынша төмендегі қызметті атқарады:
Әлеуметтік-тұрмыстық жәрдем беруде адамдардың тұрмыстық жағдайын жөндеу және ахуалы нашар отбасына көмек беру;
Әлеуметтік-медициналық көмек – жазылмайтын, сырқатқа ұшырап қалған, созылмалы аурулары бар, туылғаннан денсаулығы нашар балаларға дәрігерлік көмек;
Әлеуметтік-психологиялық жәрдем беру – ортасындағы, алыс-жақын әлеуметтік ортадағы теріс ықпал тигізетін көріністерді жоюға, өзара қарым-қатынастарды жақсартуға, жағымды психологиялық ортаға бейімдеу;
Әлеуметтік-педагогикалық көмек – балалардың ата-анасы, басқа адам мүшелермен қарым-қатынасын жақсарту, үйден безген, тілазар, қиқар теріс жолға түскен балаларды түзету, тәрбиелеуге көмектесу.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге баса назар аударуын талап етуде. Жыл санап мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарас өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға ғана емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөспірімдерге көрсетіледі. Осы орайда әлеуметтік қызметкердің міндеті кеміс балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынастарын дамытып, дені сау балалармен араласуына жағдай туғызу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-ананың қоршаған ортамен байланысы үзіледі, қатынас аясы тек туысқандары, дәрігер және мұғалімдермен шектеледі. Баланың мінез-құлқы, тәртібіндегі өзгерістер ата-анасы күткендей, ойындағындай болмай, ата-анаға мазасыздық жағдайын тудырады. Сол себепті отбасындағы өзара қарым-қатыныстар бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Тіпті кей жағдайда отбасының бұзылуына (ажырасуға дейін) әкеледі. Сондықтан мұндай балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға тек педагогтың ғана емес, арнайы мамандардың да көмегі қажет. Тәрбиелеу барысында жас ерекшелігін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу керек. Мұндай балалардың тәжірибесі өзара түсіністікті қажет етеді және оларды болашаққа сенімді көзқараспен қарауға тәрбиелеудің мәні зор. Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір-біріне қарама-қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі шектетілгендер, яғни ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата-аналарының сүйспеншілігіне, махаббатына лайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл күйі түсіп, өз-өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Осыдан кейін балалардың тіл дамуында, танымдық қызметтің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі. Екінші бір жағдай баланы шамадан тыс қамқорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы кінәсін сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Мүгедек жандар құқықтары туралы инклюзивті білім беру ережесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен, мақұлданып, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру жүйесі құрыла бастады. Қазақстан Республикасының Елбасы жолдауында әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлкеттік бағдарламасының басты мақсаты – білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр. Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Білім беру салаасындағы халықаралық құжаттар негізінде құрылған баланың білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияда, Қазақстан Республикасында бала құқықтары, Білім, Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау, Арнайы әлеуметтік қызметтер, Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |