Дипломдық ЖҰмыс мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары Алматы 2010 мазмұны кіріспе


Тұлға қабілеті дамуының негізгі факторлары



бет6/17
Дата26.02.2022
өлшемі232,5 Kb.
#26473
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
-dip -mektep-zhasyna-deyingi-balalardyn-qabyletin-damytu-zholdary

1. 2 Тұлға қабілеті дамуының негізгі факторлары
Кеңес психологиясында, ең алдымен, С.Л. Рубинштейн және Б.М. Тепловтың еңбектерінде іс-әрекеттің нәтижелігі бойынша «қабілеттілік», «дарындылық» және «талант» ұғымдарын жіктеуге тырысқан. Қабілет іс-әрекеттің нәтижелі болу үшін мүмкіншілігіне байланысты бір адамды екінші адамнан өзгешелейтін жеке-даралық психологиялық ерекшелік ретінде қарастырылады. Ал «дарындылық» - іс-әрекеттегі нәтижелі болу мүмкіншілігіне байланысты қабілеттердің сапалы өзіндік үйлесімділігі (жеке-даралық психологиялық ерекшеліктер) ретінде қарастырылады .

Қабілет пен дарын ұғымдарының анықтамасындағы біршама қиыншылықтар бұл терминдердің жалпы ұғымдық, тұрмыстық түсініктермен байланысты туындайды. Егер түсіндірмелі сөздіктерге үңілетін болсақ, онда «қабілет», «дарын», «талант» терминдері көп жағдайда синоним ретінде қолданылады және қабілеттің көріну деңгейін бейнелейді. Бірақ «талант» терминінде адамның табиғи жақтары айтылады.

«Талант» ұғымына анықтама беруде оның туа біткен сипаты ескеріледі. Талант қандайда бір нәрсеге дарындылық, ал дарындылық туа берілген қабілеттілік деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда талант- іс-әрекетке жоғары жетістікті қамтамасыз ететін туа біткен қабілеттілік.

Шетелдік сөздіктерде «талант» (talanton) туа біткен қасиетті көрсететін, ерекше табиғи қабілет деп көрсетіледі. Дарындылық таланттың бір күйі, таланттың көріну деңгейі ретінде қарастырылады. Дарындылық түсінігі тәуелсіз, өзіндік ұғым ретінде В.Дальдің, С.И.Ожеговтың, Кеңес энциклопедиялық сөздіктерінде және шетел сөздерінің түсіндірме сөздіктерінде қабілеттің көріну деңгейімен сипатталады.

Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, В.А. Крутецкий, Б.М. Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М.М. Мұқанов, Ж.М. Әбділдин, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, Т.С. Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз. Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы, 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы - социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б.М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В.И. Киреенко), әдеби қабілеттер (В.П. Ягункова), математикалық қабілеттер (В.А. Крутецкий), педагогикалық қабілеттер (Н.В. Кузьмина) сияқты зерттеулер. Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтер Ш.А. Амонашвили, И.В. Волков, О.С. Газман еңбектерінде қарастырылады. Қарым-қатынас адамдар арасында байланыстарды жасаудағы және дамытудағы өзара іс-әрекет қажеттігінен туындаған және ақпараттармен алмасуды, басқа адамдарды қабылдауды және түсінуді қамтитын күрделі, көпдеңгейлі процесс. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімдер мен тұлғалардың бірлескен іс-әрекетінің өзегі мен оқу процесіндегі ынтымақтастықтың негізгі формасы болып табылады.

Қазіргі кезде қабілеттің бірнеше концепциясы көрсетілген:



  • қабілеттің тұқымқуалаушылық болжау концепциясы;

  • қабілеттің ортадағы болжау концепциясы;

  • іс-әрекеттік және әлеуметтік болжау қабілеттер концепциясы.

Біріншісі, қабілеттер – тұтастай тұқымқуалаушы факторларда әсер етеді және дамиды, тұлға қасиетінің биологиялық детерминантты қасиеті болып табылады.

Екінші концепцияда қабілеттер – тұтастай орта және тәрбие арқылы анықталады. Тіпті XVIII ғасырда К. Гельвеций тәрбие арқылы данышпандылықты қлыптастыру болады деген. Оның жолын одан әрі жалғастырған У. Эшби қабілеттер және сонымен қоса данышпандылықты тауып алынған қасиеттерімен анықталады – деп атап көрсетті.

Соңында, үшінші концепцияға сәйкес, қабілеттер - іс-әрекеттегі өмірдің жағымды әлеуметтік жағдайында қалыптасады.

Тәжірибеде «қабілет» сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда «қабілет» термині психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге болады. - бірінші жағдайда, қабілет пен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл «қабілет» терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі;

- екіншіден, қабілет пен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVIII-XIX ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі;

- үшіншіден, бұл біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген.

Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен іс- әрекет арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілетті адам шығармашылықпен айналыспаса, тіпті талантты деген тұлғаның өзі қабілетінен айырылады. Адам қандай іс-әрекетпен айналыспасын, күнбе-күнгі істі тыңғылықты тындыру арқылы, өз қабілетін дамытып, қалыптастырып отырады.

Бірде-бір адам, ол қаншалықты нышанды болғанымен егер ол математика, музыка, сурет іс-әрекеттерімен көп әрі тапжылмастай айналыспаса, ешқандай талантты математик, музыкант немесе суретші бола алмайды, бұған қоса нышан көп мәнді болып табылады. Бір ғана нышанның негізінде бірнеше қабілет дамуы мүмкін. Бір адамның айналысатын іс-әрекет сипаты мен талаптарына, сондай-ақ өмір жағдайымен, әсіресе тәрбие жағдайына аса тәуелді.

Нышандар өздігінен дами береді, жаңа сапалар меңгереді. Сондықтан адам қабілетінің анатомиялық-физиологиялық негізі, тек нышан емес, нышанның дамуы болып табылады, яғни оның организмінің (шартсыз рефлекстерінің) тек табиғи ерекшеліктері ғана емес, сондай-ақ өмір барысында меңгерген шартты рефлекстер жүйесі болып табылады.

Ешқандай да жеке қабілет іс-әрекетті нәтижелі орындау үшін жеткілікті бола алмайды. Адамда жағымды үйлесімділікте болатын көптеген қабілеттер болуы керек.

Қандай да бір іс-әрекетті нәтижелі орындауға міндетті түрде қажетті қабілеттердің сапалы өзіндік ерекшелікте үйлесіп келуі дарындылық деп аталады.

Бұқаралық коммуникация деп біз адамдардың бұқаралық қарым-қатынасының алуан түрлілігін, дәлірек айтсақ, үлкен әлеуметтік топтардың ұйымдастырушылық сипатқа ие және үлкен де арнайы аудиторияларға техникалық құралдар (баспа, радио, теледидарлама, кино) көмегімен ақпарат тарату жолымен жүзеге асырылатын қарым-қатынасын түсінеміз. Бұқаралық коммуникация, ең алдымен, өзінің айқын көрініс табатын әлеуметтік бағдарланушылығымен ерекшеленеді. Оны соңында қандай да бір үлкен әлеуметтік топтың негізгі мүдделерін және ең алдымен, қоғамның билеуші топтарының әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыратын әлеуметтік институттар ұйымдастырады және басқарады.

Қабілеттер сапасы, көлемі бойынша, олардың үйлесімділігінің өзіндік ерекшелігі, даму дәрежесі бойынша бөлінеді. Қабілеттер мәселесі арнайы психологиялық зерттеудің пәні ретінде – XIX ғ. Ф. Гальтон ұсынған адамдағы өзгешеліктерді эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Әрбір тұлға негізінде жеке даралық сипат болады: конституциялы ерекшеліктері, мидың нейродинамикалық қасиеті, ми жартышарлардың функционалды ассиметриялық өзгешеліктері және т.б.

«Қабілет» деген сөз психологияда күнделікті өмірге қарағанда біршама тар мағынада қолданылады. Ал ғылымда қабілет – адамның нышандарынан, білім, ептілік және дағдылары бойынша өлшенеді. Білім, ептілік және дағды өзбетінше тұлға қабілеті ретінде қарастырылуы мүмкін емес, дәл сол сияқты табиғаттан адамға не берілсе, сол қабілет болып есептелінбейді. Бұл тек қабілеттің дамуына алғы шарт болып табылады.

Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М. Теплов болды. Оның көрсеткен концепциясы бойынша нышан деп аталатын қабілет дамуының қандай да бір алғы шартын құрайтын адамның анатомиялық-физиологиялық және функционалдық ерекшеліктері.

Қабілеттің сапасы іс-әрекет пен оның нәтижелі орындалу жағдайымен анықталады. Сапасы бойынша қабілеттер, математикалық, техникалық, көркемдік, әдеби, музыкалық, ұйымдастырушылық, спорттық және т.б. қабілеттер болып бөлінеді. Қабілеттер көлемі бойынша: жалпы және арнайы қабілеттер болып бөлінеді. Арнайы қабілеттер іс-әрекеттің қандай да бір нақты түрінде нәтижелі орындау үшін қажеттілік жағдайы болып саналады.

Көптеген зерттеулерде арнайы қабілет, кәсіби іс-әрекет саласында тәжірибе жинақтау кезеңдерінде көрініп, мамандыққа байланысты машықтана түсетіндігі көрсетіледі. Адамның жалпы, сондай-ақ арнайы қабілеті де анализдік-синтездік қабілет болып табылады.

Анализдік-синтездік қабілеттің көмегімен адам заттар мен құбылыстардың күрделі кешенінде оларды жеке бөліктерге бөледі, ең негізгісін, сипаттылығын, типтілігін бөліп алады, құбылыстың ең негізгі мәнін ашады. Жаңа кешенде ерекшелінген кезеңдерді біріктіреді, жаңа, айрықша нәрсе құрады.

1) реподуктивті қабілеттер – білімді меңгеру және іс-әрекетке икемділікті жоғары деңгейде епті болуын қамтамасыз етеді.


  1. творчестволық қабілет – айрықша және нәрсені құруды қамтамасыз етеді.

Шығармашылық қабілет – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістерден байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық - психологияның негізгі мақсаты - бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сапа, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соңын шешімдерін іздестіру болып табылады. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз: Жүсіп Баласұғын, әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамыту мәселелерін үнемі көтеріп отырған.

XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы. Алтынсарин «Табиғи ақыл - өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын, тек қана өркениетке жетелейтін озық білім.»

Қазақстандық аса көрнекті профессор С.М. Жақыпов субьект - субьект -обьект қатынасында қабілеттің онтогенезін анығырақ түсіндіреді. Жаңа туған нәресте адамның қарым-қатынас жүйесіне енгенде ғана қабілетке белсендіріліп өзгере алатын, анатомиялық-физиологиялық тұрғыда нышандар жүйесі мен адамдық потенциалды мүмкіндіктер болып табылады. Іс жүзінде адам баласы өзінің алғашқы күндерінен-ақ міндетті түрде үлкендермен бірлескен іс-әрекетке енеді. Бұл жағдайда жалған бірлескен іс-әрекет туралы айтылады. Мұнда қажеттілікте мотивациялық компоненттер болады, ал оны іске асыру ересек адамда шоғырланған. Тек кейін ғана белсенділік үлкен адамның позициясынан баланың позициясына ауысады. Бірлескен іс-әрекеттің индивидуалды іс-әрекетке интериоризациясы өтеді. Осы қабілеттің құрылымы болып табылады. Осыдан мынандай тұжырымға келеміз. Нышанның қабілетке өзгеруінің негізгі шарты олардың бірлескен іс-әрекетке енуі болып табылады.

Нышандар – организмнің тума анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі. Оған ең алдымен, организмге туылғаннан берілген жүйке жүйесінің қасиеті, сезім және қимыл-қозғалыс мүшелерінің, бас миының құрылымының ерекшеліктері жатады. Нышандар тек қабілеттің дамуының мүмкіншіліктері және алғы шарттары ғана бола алады, бірақ қандайда бір қабілеттің көрінуі мен дамуын анықтамайды. Нышанның негізінде пайда бола отырып, адамнан нақты бір қабілетті талап ететін іс-әрекет барысында және оның әсерінен қабілет дамиды, іс-әрекеттен тыс ешқандай қабілет дамуы мүмкін емес.

Нышандар қабілеттің қалыптасуының әр түрлі жолдары мен дамудың жылдамдығына, жетістік деңгейіне әсер етеді. Әрбір қабілет өз құрылымына ие болады, онда жетекші және қосалқы қасиеттер өзгешеленеді.

Қоғамдық өңделген операцияларға сәйкес жүйені өзіне органикалық тұрғыда таңдамайынша, ешбір қабілет өзекті, ақиқат қабілет болып табылмайды, бірақ қабілет ядросы – бұл меңгерілген, автоматтанған операция емес, бұл операциялар арқылы жұмыс жасайтын, реттелінетін психологиялық процестер.

XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қоғам қайраткері: Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтың педагогикалық мұраларында білім беру процесінде балалардың қызығушылығы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған. Қабілеттіліктерді Б.М. Теплов пен Н.С. Лейтес тұлғаның іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрін сәтті орындау үшін қажетті жағдай болып табылатын жеке тұлғалық қасиеттері ретінде анықтайды.

Б.М. Теплов қабілеттіліктердің үш міндетті белгілерін қосуға ерекше назар аударды: қабілеттіліктердің астарында бір адамды екіншісінен ерекшелейтін жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктер жатыр; қабілеттіліктер деп кез келген жалпы жеке тұлғалық ерекшеліктерді емес, тек қандай да бір іс-әрекеттің немесе көптеген іс-әрекет түрлерінің сәтті орындалуына қатысы бар жеке тұлғалық ерекшеліктерді ғана атайды; «қабілеттілік» ұғымы осы адам бойында әлдеқашан өңделген білімдерге, дағдыларға немесе икемділіктерге қатысты емес.

Көрнекті психолог В. Н. Дружинин атап айтқандай, жалпы қабілеттіліктер туралы түсініктерді психосемантикалық зертттеу 1991-1993 жылдары жүргізілді. Зерттеуде шешілген негізгі мәселе жеке тұлғалық және топтық санадағы жалпы танымдық қабілеттіліктерді қайта ашу құрылымы қандай екендігі болды. Адамның тұлға туралы түсініктерінің жалпы ауқымындағы қабілеттіліктер туралы түсініктердің орны, сонымен қатар оның танымдық іс-әрекетінің құрамы қабілеттіліктер туралы түсінікке қаншалықты ықпал ететіндігі туралы мәселе айтарлықтай маңызды.

Қабілеттің дамуының психологиялық жағдайларына талдау жасау негізіне жататын талаптарды қарастыру – кеңес психологиясының классигі көрнекті ғалым Б.М. Тепловтың айтқан ілімдеріне тоқталуды қажет етеді. Оның айтуы бойынша дарындылықтың жалпы теориясы «... нақты фактілер мен жеке заңдылықтарды зерттеу бойынша үлкен жұмыстардың нәтижесінде жасалуы қажет».

Б.М. Тепловтың пікірі бойынша қабілет – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға қатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен-ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық – физиологиялық ерекшелік.

Қандай да болмасын бір немесе бірнеше қызметтердің үздік орындалуының шарты болатын психикалық қасиеттерді қабілеттілік деп атайды.

Қабілеттіліктер мен талаптылыққа А.А. Голубева және оның зертхана қызметкерлері жүргізген эксперименттік зерттеулерде талаптылық деп шартсыз рефлекстерге жататын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі. Осының барысында шартсыз туа біткен реакциялар туралы айтылғанда, «виталды» рефлекстер ғана емес, сонымен қатар шартсыз реакциялардың үлкен тобы негізге алынатындығы ескерілді. Арнайы нейрон-детекторлардың ашылуының арқасында олардың тітіркендіргіштердің түрлі сипаттарына талғап жауап беретіндігі, сол арқылы ақпараттық процестердің ерекше сезімталдық туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін шартсыз рефлекторлы негізін табатындығы анықталды.

Осы айтылғандарға орай біз қабілеттіліктерді тұлғаның іс-әрекет нысанына, құралдарына, жағдайларына және сол іс-әрекеттен оң нәтижелер алудың анағұрлым өнімді тәсілдерін табуға ерекше сезімталдықтан тұратын жеке тұлғалық, тұрақты қасиеттері ретінде анықтаймыз.

Қабілеттіліктерді зерттеудегі тұлғалық бағыт «тұлға және қабілеттіліктер» мәселесін шешудің анағұрлым болашағы бар бағыты ретінде қалыптасты. В.Н. Мясищев осы мәселені қарастырудың психологияда қалыптасқан дәстүрлі бағыттарына баға бере отырып, былай деп жазды:

«... қабілеттіліктерді формальды-функционалды жақсыз түсіну адамның функционалды сипаттамасын ғана емес, сонымен қатар оның іс-әрекетке талғампаздық қатынасын да ескеретін мазмұндық-тұлғалық тұрғыдан түсінумен алмасуы керек. Бұл қатынас динамикасын анықтауда өз кезегінде адамдарға деген қатынас және осы іс-әрекетке деген қатынас маңызды рөл атқарады».

Қабілеттілік пен бағыттылықты тұлғаның белгілі бір деңгейдегі теңгерілген сипаттамалары ретінде қарастыра отырып, К.К. Платонов сонымен қатар «тұтастай тұлғаның жалпы құрылымын түсіну арқылы ғана қабілеттіліктің онымен арақатынасын түсінуге болады» деп атап көрсетеді .

Бұл ереженің әрі қарай өрбуі мен нақтылануын біз көптеген кеңес психологтарының еңбектерінен табамыз. Мысалы, Н.С. Лейтестің ақыл-ой дарындылығына арналған еңбегінде (1960) бұл мәселе тікелей қойылмаса да, келтірілген фактілер мен оларды талдау кейбір тұлғалық сапалардың ақыл-ой қабілеттіліктерінің пайда болуына міндетті түрде ықпал ететіндігін көрсетеді. Іс жүзінде барлық кеңес авторлары қабілеттіліктердің қалыптасуы мәселесін қарастыра отырып, түрлі тұлғалық сапалар рөлін атап көрсетеді. Түрлі теориялық бағыттардың айырмашылығы адамның бүкіл қасиеттері жүйесі (тұлға құрылымы) қалай көрінетіндігінен және қай қасиеттерге бірінші кезекте ден қойылатындығынан табылады.

Кейде қабілетті «табиғаттан берілген» тума қасиет деп есептейді. Дегенмен ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда болуы мүмкін, ал қабілет – нышанның даму нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді.

В.В. Клименконың пікірінше адам нышандарының потенциалдарын адам мен қоршаған орта және адамның ішкі жан дүниесі арасында қаншалықты каналдар бар болса, соншалықты жұмыс істейтін қабілеттер құратынын және шындығында қабілет саны, адам іс-әрекетімен, оны үйренуімен, қалыптасуымен байланысты болатындығын көрсетеді.

Қабілеттілігінің артуына қарай тұлға дарындылығы мен данышпандығы айқындалады. Қазірше бұл дәреженің обьективті өлшемі болмағандықтан дарындылық пен данышпандықтың ара жігін ашқанда тұлғаның қабілеті бар екендігіне ғана қарамастан, оның іс-әрекет нәтижесіне де қарайды.

Осыған орай, дарын дегеніміз - өзіндік және бұрын болмаған, аса жетілдірілген және қоғамдық маңызы бар өнім бере алатын қабілеттіліктің жиынтығы. Данышпандық дегеніміз - дарындылықтың жоғары сатысы, творчествосының кейбір саласында елеулі қадамдар жасап, өзгеше дәуірге жол ашатын күш.

Отандық белгілі ғалым Ж. Аймауытов адамдағы қабілеттің әрбір, не түгелімен, не бөлімі іліктестік ойының жұмысы деуге болады. Ынта да, ілтипат та, жад та – бәрі тұп-тура іліктестіктен шығатын қабілеттер.

Көптеген зерттеушілер қабілеттінің дарындылық (балалық кезде ерекше байқалатын, туыстан берілетін нышандар жүйесі), талант данышпандық деп аталатын кез-келген адамда бола бермейтін жоғары түрлері де болады.

Қабілеттіліктер – тұлғаның біршама іс-әрекеттер жиынтығын игеру мөлшерін білдіретін сипаттамалары.

Тұлға қабілеттіліктерінің даму деңгейі мен дәрежесі дарын және кемеңгерлік ұғымдарын білдіреді. Сәйкес деңгейді анықтау үшін объективті критерийлер қазіргі таңда әзірленбегендіктен, дарындылық пен кемеңгерлікті ажырату қабілеттіліктердің өздерінің сипаттамасы бойынша емес, іс-әрекет өнімдерінің сипатттамасы бойынша жүргізіледі.

Осыған орай дарын деп өзгешелігімен және жаңашалығымен, жоғары деңгейде жетілгендігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін іс-әрекет өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттіліктер жиынтығын атайды.

Кемеңгерлік – дарынның дамуындағы шығармашылықтың белгілі бір саласындағы арнайы алға басуларды жүзеге асыруға, «дәуір құруға» мүмкіндік беретін жоғары саты.

Кейде қабілетті «табиғаттан берілген» тума қасиет деп есептейді. Дегенмен ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда болуы мүмкін, ал қабілет – нышанның даму нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді.

Көрнекті психолог Қ.Б. Жарықбаев қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділікпен дағды болуы керек. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруға икемділік көрсетсе, екінші деңгейде, жаңа сынды туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Қабілеттердің дамуына нышандар белгілі орын алады. Нышан – қабілеттілік бастапқы табиғи негізі ретінде мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің жоғарғы түрін дарындылық деп атайды. Қабілетілік өте сирек кездесетін ең жоғарғы түрі данышпандық деген ұғыммен белгіленеді. Қабілеттің қандай да түрі болмасын өлшеусіз ерен еңбектен туындайды. Маңдайдан тер төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие болмайды. Қабілет адамның жан қуаттарының түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілеттікке жақын тұрған ұғым – бейімділік. Ол адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрып, оған көңілін аууы, оянып келе жатқан қабілеттіктің алғашқы белгісі.

Қабілеттіліктер психологиясы – қазіргі психологиядағы өзекті тақырыптардың бірі, мұнда қазіргі сәтте тұтастай бірқатар жаңа ағымдар байқалады. «Интеллект» ұғымы мазмұнының кеңеюі есебінен «қабілеттілік» ұғымының мазмұндық тұғырының өзгерісі; «құзіреттілік», «менталдылық» және т.б. жаңа терминдердің пайда болғандығы; «қабілеттілік» ұғымының психикалық белсенділіктің өзге де салаларын (моральдық қабілеттіліктер, рухани қабілеттіліктер, эмпатияға қабілеттілік, өмірге қабілеттілік және т.с.с.) сипаттау үшін қолданылуы; тест әдістерімен қатар сапалық әдістердің (сұхбат, жеке жағдайларды талдау және т.с.с.) қолданылуы байқалады.

С.Л. Рубинштейннің ойынша адам мен оның қабілеттіліктерінің дамуы, сөзсіз, жануарлар дамуынан айрықша ерекшеленеді; бұл айрықша ерекшелік адам қызметі нәтижелерінің адамның тарихи дамуынан сабақтастығын нығайтатын балалардың жеке дамуын дәнекерлейтін объективті өнімдер түрінде кейінгі қалдырылатындығымен байланысты.

Қабілет мәселесінің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым – Б.М. Теплов «қабілеттің» төмендегідей негізгі үш түрін бөліп көрсетті.

Біріншіден, қабілетпен бір адамның келесісінен өзгешленетін дербес психологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын қатынаста қасиеттілік туралы сөз болған жерде қабілеттілік туралы ешкім сөз етпейді.

Екіншіден, қабілет деп қандай да бір немесе көптеген әрекеттердің орындалуының табыстылығына қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді атайды.

Үшіншіден, «қабілет» түсінігі аталмыш адамда қалыптастырылған дағдылармен немесе іскерлікпен, сол білімділікпен сәйкес келмейді.

Жалпы адамның болашағы оның қабілетінің негізі, қабілет белгілі бір іс-әрекеттен, икемділіктен, мүддеден көрінеді. Бірақ, ең жақсы қабілеттер де оған қажетті жағдай жасалынбаса таратылмайды, қабілеттілікке жетпей де қалады. Мысалы, адамда белгілі бір өз болашағын іске асыратын жағдай, ерік әрі ынта жоқ болады.

Жалпы қабілеттіліктер өсіп келе жатқан адам мүмкіндіктерінің кеңдігінен, алуантүрлілігінен және ол байқататын белгілі бір қасиеттер бірлігінен табылады. Жалпы қабілеттіліктерге, ең алдымен, ақылдың қасиеттері жатады және сондықтан оларды (олардың сонымен қатар ерік қабілеттіліктері мен эмоционалдық қабілеттіліктерге елеулі дәрежеде тәуелді екендігіне қарамастан) жалпы ақыл-ой қабілеттіліктері деп атайды. Жалпы қабілеттіліктер жиынтығын көбінесе интеллект деп атайды.

Тұлға – қоғамдық тіршілік иесі ретіндегі адам, әлемді тану және белсенді түрде өзгерту субъектісі. Еңбек іс-әрекетіне қабілетті және сөйлеу қабілетіне ие, ақылды тіршілік иесі ретіндегі адам ғана тұлға болып табылады.

Ұжымдық қабілеттіліктер – бұл белгілі бір ұжымға тән және сәйкесінше белгілі бір бірлескен іс-әрекет сапасын анықтайтын, белгілі бір іс-әрекетке деген қабілеттіліктер.

Ұжым қабілеттіліктері – бұл оның жалпы мақсаттарға бірлескен іс-әрекет арқылы, сонымен қатар бір ғана жалпы тәсілмен емес, іс-әрекет мүшелерінің қабілеттіліктерінің алуантүрлілігімен анықталатын түрлі тәсілдермен қол жеткізу мүмкіндіктері; бұл – түрлі ұжымдық қабілеттіліктердің және оның мүшелерінің барлық қабілеттерінің жиынтығы.

Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы – дарындылық.

Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды.

Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

Қабілетті анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы – іс-әрекет барысындағы оның нәтижелік динамикасын көрсету. Кез-келген іс-әрекеттің орындалу нәтижесі өз алдына қандай да бір жеке қабілетті анықтаумен емес, әрбір адамдағы өзіне тән қабілеттердің үйлесімділігінен анықталады. Іс-әрекетті меңгеру нәтижесіне әртүрлі жолдармен жетуге болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің жоғары жетістікте дамуының жетіспеушілігі, сол іс-әрекетті нәтижелі орындауға байланысты басқа қабілеттің дамуымен компенсациялануы мүмкін.

М. Мұқанов адамның іске қабілеттілігі, тек мүмкіншілік дегенде, мұны қалай түсіну керек? Әрбір адамның түрлі іске қабілетінің молдығы, оның ішкі табиғатына көп байланысты екені рас. Бірақ біз егер қабілеттілікті әрбір адамның өзінен іздестіріп, өмір сүретін қоғам ортасынан, қоғамдағы түрлі өнер мен білімнің таралуынан қарастырмасақ, материалистік тұрғыдан дұрыс болмас еді. Шынын айтқанда, «Білімді өлсе қағазда аты қалар, ұста өлсе, істеген заты қалар» деген мақал, қабілеттілікті терең түсінуге мүмкіндік береді. Себебі әрбір дәуірдегі адам баласының жасап шығарған өнерлері, өнерлерінің қалай іске асатыны жөніндегі жиналған түрлі мәліметтер атадан-атаға, ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы беріліп, осының нәтижесінде келешекте бұларға ие болуға мүмкіндік жасайды деп атап өтті.

Бір адамның бойында бірнеше әртүрлі қабілет болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзгешеленеді.

Қабілеттіліктерді дамытудың тұжырымдамалық сұлбасын профессор С.М. Жақыпов былайша көрсетеді. Белсенділіктің көп бөлігі ересек адамға тиесілі болатын жалған-бірлескен іс-әрекетке қосыла отырып, қабілеттіліктер алғашқы қабілеттіліктерге айналады. Алғашқы қабілеттіліктердің қалыптасуы бала дамуындағы сапалы түрдегі серпінді, жеке қызметтің қарапайым актілерін жетілдіру мүмкіндіктерінің пайда болуын көрсетеді. Келесі кезеңде алғашқы қабілеттіліктер атқарушылық белсенділік бала мен ересек адам арасында жіктеле алатын бірлескен іс-әрекетке қосылады. Мұнда алғашқы қабілеттіліктерді жинақтау негізінде және бұрын бұл процеске қосылмаған қабілеттіліктерге айналу негізінде екіншілік қабілеттіліктердің қалыптасуы іске асады. Екіншілік қабілеттіліктердің пайда болуы баланың жеке іс-әрекеттің анағұрлым күрделі актілерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін білдіреді. Әрі қарай бұл циклдер қайталанады және адамның әлеуметтік дәрежесінің ауысуына сәйкес келуі мүмкін.

Отанымыздың белгілі психологы С.Қ. Бердібаева қабілеттер жайлы субьективті түсініктердің құрылымы, индивид қатысатын нақты іс-әрекеттің өзара әсерлері және ақыл-ой қабілеті жайлы жеке даралық түсініктерсіз қабілеттің дамуын, ерекшелігін табу өте қиын деп атап көрсетті. Сонымен қатар тұлғаның әлеуметтік микроқоршауында, жеке даралық санасында белгілі бір «қабілет моделі» болады, қабілеттерді сол модельдердің шеңберінде қарастырады. Бұл мәселенің соңғы кезде маңызды сипатқа ие болуы интеллектінің үйреншікті, қарапайым концепциясын зерттеуге, қабілеттердің даралық санадағы репрезентациясы жайлы мәселелерге деген қызығушылықтың өсуімен байланысты. Эксперименттік психосемантика облысының кейінгі жаңа жетістіктерге интеллектуалды қабілеттер жайлы жеке даралық түсініктерді қайта жасауға, қабілеттердің «субьективті-мағыналық» репрезентациясы мен «обьективті» критерийлерінің арасындағы өзара байланыстың ерекшелігін табуға мүмкіндік береді.

Қабілеттер адамның маңызды құндылығы болып табылады және оның түсініктер әлемінде негізгі орынды алады.

Б.М. Тепловтың ғылыми творчествосын қарастырған В.Д. Небылицын қабілеттерде және дарындылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға көңіл бөлу керек деді.

Егер қабілетті жеке адамның және индивидтің құрылымдарының бірі ретінде қарастырса, мұндай жағдайда ең болмағанда зерттеудің үш деңгейі қажет болады: психофизиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық деңгейлер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет