Дипломдық ЖҰмыс орындаған: Қолы: Ғылыми жетекші: Қолы



бет16/17
Дата07.04.2022
өлшемі116,41 Kb.
#30154
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН МЕН ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫСТЫҢ РӨЛІ

Қорытынды

Қоғамдық қатынастарды басқарудың жалпы функциялары: талдау, болжау, жоспарлау, ынталандыру және бақылау. Шағын және орта бизнестегі PR-қызметтің негізгі функциялары ұйым мен қоғам арасында өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынас орнату; ұйымның «оң имиджін» құру; ұйымның беделін сақтау; ұйым қызметкерлері арасында өндірістік істерге жауапкершілік пен қызығушылық сезімін қалыптастыру болып табылады. Қоғаммен байланыс саласындағы аз бюджеттік ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары бірыңғай коммуникациялық саясат негізінде ұйымға кіретін көптеген сыртқы және ішкі байланыстардың біріктіруші факторы болып табылады деп қорытынды жасауға болады. Осылайша, PR мамандары мақсатты аудиторияны ынтымақтастыққа тарту және оны әлеуметтік серіктестікке көшіру арқылы басқаруды тиімдірек етуге көмектеседі. Бұл тұрғыда олардың қызметі табысты бизнес пен кәсіпкерліктің өркендеуіне ықпал етеді. PR-қызметінің теориялық негіздерін білу және бизнестің қоғаммен байланысы бойынша PR шараларды өткізу мен ұйымдардың тәжірибесін игеру; маркетингтік зерттеулер жасау, инвестициялауға жағдай жасау, жеке кәсіпкердің, компанияның, өнімнің имиджін қалыптастыру шағын және орта бизнесінде маңызды орын алатынын айта кеткен жөн. Экономиканы жаһандандырудың қарқыны дамып келе жатқан жағдайда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы да үлкен маңызға ие. Қазіргі әлемдік нарықтарда болып жатқан бәсекелестіктің күшеюі шағын және орта бизнеске (ШОБ) өзінің маневрлігі мен салыстырмалы түрде аз капитал сыйымдылығына байланысты нарық жағдайының өзгергіштігіне тезірек және оңай бейімделуіне мүмкіндік береді. ШОБ кез келген елдің экономикасында маңызды рөл атқарады, өйткені ол халықтың жұмыспен қамтылу проблемаларын шешуге ықпал етеді, экспорттық әлеуеттің өсуін және ішкі нарықты тұтыну тауарлары мен қызметтерімен толықтыруды қамтамасыз ете отырып, бәсекелестікті туғызады. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі деңгейі бар көптеген елдердің үкіметтері шағын және орта кәсіпорындарға (ШОБ) үлкен мән береді, олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетеді, соның ішінде әртүрлі жеңілдіктер мен субсидиялар береді.

Қазіргі уақытта кәсіпорындарды «шағын және орта» санатына жатқызудың негізгі критерийі қызметкерлердің саны болып табылады, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын айқындау кезінде басқа да көрсеткіштер ескеріледі деген болжам жасай отырып, бірақ оның ел экономикасына әсерін жұмсартудың жолдары бар екенін ескерген жөн. Шағын бизнестің арқасында халықтың экономикалық белсенділігін арттыратын жаңа жұмыс орындары пайда болады, бұл ел экономикасын дамыту үшін қажет. Жаңа бос орындардың пайда болуы ірі кәсіпкерлікке жататын компаниялардың есебінен емес, жаңа ШОБ субъектілерінің құрылуы есебінен қамтамасыз етіледі.

Шағын және орта бизнес компанияларының иелері PR қызметіне мұқият қаражат есептеуі керек. Бұрын шағын және ірі бизнесте клиенттер ағынын арттыру үшін өзіңізді жариялау жеткілікті болса, бүгінгі таңда олай емес. Біздің уақытта іс жүзінде әрбір салада бәсекелестіктің жоғары деңгейі байқалады. Дұрыс жоспарланған және іске асырылған PR-іс-шаралар өте үлкен жарнамалық науқанмен салыстыруға болатындай пайда әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, әдетте, мұндай қызметті жүзеге асыру компаниядан аз қаражатты талап етеді. PR құралдарын қолдану белгіленген коммерциялық мақсаттарды орындауға ықпал етуі керек: тұтынушының хабардарлығын арттыру; фирма мен оның қызметтеріне деген сенімді нығайту; жарнама мен сатуды ынталандыру шығындарын азайту.

Отандық бизнесте қоғамдық байланыстың орын алуы бұдан былай таңғаларлық оқиға емес екенін айтып өткен жөн. Жаңа заманғы қоғамда PR-қызметінің дамуына байланысты осы саланың негізінде жаңа мамандықтар қалыптаса бастады. Үлкен және кіші компаниялардың жетекшілері, нарықта өзінің компаниясын жылжытудың тиімді стратегиясын жасау мен жүзеге асыру мақсатында әдетте жарнама құралдарын пайдаланады. Жарнама қандай бір тауардың немесе қызмет түрін сатуға және бәсекелестерінен озып нарықта серпіліс жасауға көмектеседі. Бұған қарамастан тұтынушының тауарды таңдаудағы ең басты себебі сол өндіруші-компанияға деген сенімде болып табылады. Мақсатқа жету үшін компанияның ағымдағы немесе перспективалық саясаты аясында кәсіпкерлік қызметтің нақты міндеттері анықталады және шешіледі. Компанияның саясаты компанияның қалыптасқан немесе өзгеретін экологиялық жағдайдағы тиімді мінез-құлқын қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметтің бағыты мен әдістерін, оның стилін анықтайды.

Көптеген жақсы идеялар мен жобалардың жүзеге асуы сыртқы факторлардың арқасында іске аспай қалып жатты. Қазіргі заманда менеджерлерге қойлатын талап жоғары, мәселен менеджер тек технократ, қаржыгер және маркетолог болуы ғана емес, сонымен қатар мәдениеттанушы, саясаткер, қоғам қайраткері болуы да керек, ол қоғаммен кең ауқымды диалогқа дайын болуы керек. Дәл осы кезең даму стратегиясының ақпараттық компоненті ретінде маркетинг әдістерінің бірі PR алға тартылды.

Кез-келген бастама табысқа жетуі үшін үздіксіз еңбектенуді қажет етеді, шағын және орта бизнесі бар кәсіпкерлердің жетістікке жетулері қоғамда орын алған жағдайға, қайтпас жігерлікке байланысты, дегенменде табысқа жетуде әркімнің өз жолы мен хиякаясы бар, Кейбір кәсіпкерлер көркем, психологиялық немесе классикалық әдебиетке артықшылық бере отырып, бизнес-басылымдарды оқымайды. Олар өз таңдауын кітаптардан бизнес иесіне қажетті дағдыларды ала алмайтындығымен түсіндіреді, сонымен қатар бизнес өте динамикалық сипатқа ие, сондықтан кітап авторлары ұсынған ұғымдар көбінесе жобадан оқырманға дейін ескіреді. Демек, белгілі бір сәтті жағдайды зерттеуге уақыт бөлу әлдеқайда пайдалы.

Қалай болғанда да, бизнестегі нақты жетістіктер шын мәнінде мотивацияны арттыруға, шабыт табуға және өз күшіне деген сенімді нығайтуға көмектеседі. Мүмкін, сондықтан бизнестің керемет жетістіктері туралы әңгімелерді тек жаңадан бастаушылар ғана емес, тәжірибелі бизнес иелері де зерттейді.

PR-қызметінің теориялық негіздерін білу және бизнестің қоғаммен байланысы бойынша PR шараларды өткізу мен ұйымдардың тәжірибесін игеру; маркетингтік зерттеулер жасау, инвестициялауға жағдай жасау, жеке кәсіпкердің, компанияның, өнімнің имиджін қалыптастыру.

Шағын және орта кәсіпкерлік нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі деп айтуға болады. Оған жылдамдық, икемділік және жоғарғы тиімділік сипаттары сәйкес келеді. Осы және басқада артықшылықтарды  ұлттық экономиканы дамытудың қозғаушысы ретінде саналады. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік сферасында миллионнан астам адамдар жұмыс істеуде, дегенмен шағын және орта кәсіпкерліктің құрылуы мен өсуі жөніндегі мәселелерді одан әрі оқып білуді талап етеді: даму перспективаларын болжау және басқару, талдау, бағалаудың икемді және тиімді әдістерін дайындау.



Қорытындылай келе, мәліметтер бойынша шағын бизнестегі кәсіпорындар саны артып келеді, сонда да, отандық кәсіпкерлікті  шектейтін негізгі себептерге: кәсіби білімнің жетіспеуі, несие беру инновациялық идеялармен қаржыландыру көзінің түйіспеуі, тіркелген, бірақ жұмыс істемейтін кәсіпорындар санының өсуі жатады. Сонымен, еліміздің тұрақты экономикалық дамуы үшін шағын және орта кәсіпкерлікті сапа жағынан жетілдіру өте маңызды. Негізгі мәселелерді анықтап, оның ұтымды шешімін таба алған жағдайда ғана экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет