Дипломдық ЖҰмыс сәкен сейфуллин поэзиясындағы туған жер табиғатының тілдік бейнесі иса Дана Сансызбайқызы



бет11/15
Дата28.11.2023
өлшемі159,4 Kb.
#130584
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
stud.kz-103094

Сендерге, қарындастар,
Сендерге, інілер,
Сендерге арналды бұл әндер!
(«Далада»)

  1. Соңғы қайталау (Эпифора) - (грекше epіphora – соңынан алып жүру).

Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөз бірнеше мәрте қайталанып отырады.
Мысалы:

  1. Дүбірлеп күңіренді дала,

Қиырсыз дала...

  1. Өр не қылмақ асауға?

Жел не қылмақ асауға?
(«Далада»)

  1. Қайрымды қалың елі бар,

Сарыарқа сары белі бар,
Өрісті шалқар көлі бар.
(«Сағындым»)

  1. Жалтырап шық басқан соң,

Аспаннан нұрын шашқан соң.

  1. Күндізгі сылдыр су да жоқ,

Қатты сөз, дауыс, шу да жоқ,

  1. «Рахманымды көрсін» деп,

«Көңілін хаққа берсін» деп.

  1. «Өкпелеп әлде қалды ма?

Көңіліне ренжу алды ма?»

  1. «Таң атып, енді қалар»... деп,

«Біреудің көзі шалар»... деп.
(«Жазғы түнде»)
Дыбыстық қайталамаларды В.А.Звегинцев поэтикалық тілде өте ертеден қолданылатын белгілі дыбыстық элементтерді қарастыру арқылы екшелеп көрсетуде шығармаға беретін эмоциялық мағынасын атап көрсету керектігін айтқан.
Дыбыстық қайталау өз ішінде екіге бөлінеді:
А) Ассонанс – шумақтың алғашқы дыбыстары бірдей дауысты дыбыстан келіп, ерекше үндес табуы. Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады.
Мысалы:

  1. Асау жел саулап жаттап кетті сарнап,

Арал ап Сарыарқаны кезіп – шарлап.
(«Қырда»)

  1. Өрге қарай орғыса,

Өр не қылмақ асауға?
(«Далада»)

  1. Арқалап терген тезекті,

Апармақ байға жағуға.
(«Күздігүні далада»)

  1. Аспаннан нұрын шашқан соң,

Алтын ай мен жұлдыздар,
Ақ нұрға батып шомылып,
Ақ торғын перде жамылып.
(«Жазғы түнде»)
Ә) Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.
Мысалы:

  1. Жүген-құрық тимеген,

Жасынан ноқта кимеген.

  1. Желге қарай орғыса,

Жел не қылмақ асауға?

  1. Көкіректі кернеп,

Кең даланы күңірентіп.

  1. Қосылды бәрі шуласып,

Қосылды бәрі шаттанып.

  1. Сендерге, қарындастар,

Сендерге, інілер,
Сендерге арналды бұл әндер!
(«Далада»)

  1. Домбыра күйі пернеде,

Дәл бүгін неге тым зарлы?

  1. Түнеріп қабақ күнімен,

Түйіліп нені ойлайды!

  1. Күн сайын ағаш селдіреп,

Көк бұйра шашы сұйылды.

  1. Сарғайып жапырақ желбіреп,

Судырап жерге құйылды.

  1. Жаз келсе де жарлыға,

Жадырарлық кеңдік жоқ.
(«Күздігүні далада»)

  1. Терезенің алдына

Торғайлар кеп ән салды.
(«Қамауда»)

  1. Қиялдай қанатыңа ерік бердің,

Қалықтап ала бұлттың соңына ердің.
(«Ақша қар»)

  1. Сұлудың көз жасындай,

Сап күміс меруерт тасындай.

  1. Созылып шашырар қалтырап,

Сылдырлап суы ескектеп.

  1. Жымылжып өзен акқанда,

Жалтырап шық басқан соң.

  1. «Кешіктің» деп өкпе айтып,

«Келмеспін енді мен қайтып».

  1. Мұңайып айтқан сөзіңе,

Мөлдірер жас көзіне...

  1. Жан қиысар жарыңмен,

Жанын қосар жаныңмен.

  1. Тілекке жетіп болып мәз,

Тасиды көңіл сестеніп.

  1. Бозарып және сарғайып,

Біртіндеп көкке нұр жайып.
(«Жазғы түнде»)

  1. Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,

Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.
(«Біздің жақта»)

  1. Толқынды мың құбылған әнімді естіп

Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.
(«Тау ішінде»)
Ойды әсерлі жеткізу үшін шендестіру де қолданылады. Шендестіру (грекше antithesis – қарама-қарсылық) – бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-келбетін анықтау, аңғару, елестету [22.231].
Мысалы:

  1. Қазақтың күзгі даласы,

Өң жоқ түс жоқ сұлайды,
Сорлының қойшы баласы,
Жырлайды, шырқап жылайды.

  1. Қазақтың күзгі даласы,

Өң жоқ, түс жоқ сұлайды,
Ауылға тағы қарашы!
Тоңып кәзір жылайды?
(«Күздігүні далада»)

  1. Уағдалы жерде отырып,

Бір отырып, бір тұрып,
Кешіккен соң ғашығың
«Не болды бұған, япырым-ау?

  1. Жарың келмей зарығып,

Телміріп, қарап сарылып,
Отырғанда көрініп
Қысқа уақыт ұзақтай,
Жарыңның ісі мазақтай,
Ғашығың шығар боз үйден.
Фигураның бір түрі – сөз тастап кету, яғни эллипсис (грекше ellipsis – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай кету.
Эллипсис кейде адамның психологиялық сезімін, ауыр көңіл күйін, ұғымдарын, психологиялық өзгерістерін аңғарту үшін де жұмсалады. Адам көңіліндегі құбылмалы қиялын, сөз алуан толқыныстағы ойын, күйініш-сүйінішінің эллипсис арқылы ұқтыруға болады.
Мысалы:

  1. Арқаның еркін даласы,

Қазақтың ерке баласы,
Тау бақылар тыныштықта,
«Рахманымды көрсін», деп,
«Көңілін хаққа берсін»,—деп
Әлемге бірдей табиғат
Шырағын көктен жаққанда...

  1. Бүркеніп шапан басына,

Тез басып келіп қасыңа,
Дамылдай қарар бетіңе,
Көзімен жүрек күйдірер,
Еріксіз өзін сүйдірер,
Көкірегі толқыр қалтырап,
Қайырып бетін ашқанда...

  1. «Шыға алмай үйден кешіктім:

Таба алмай кілтін есіктің...»

  1. Деп қолтыққа тығылар,

Мұңайып айтқан сөзіңе,
Мөлдірер жас көзіне...

  1. «Таң атып, енді қалар»... деп,

«Біреудің көзі шалар»... деп,
Тағы да қайтып келуге,
Уағда айтып әрең айрылысып,
Қаршығадай қайрылысып,
Бір-біріңе қарайсың.

  1. Бозарып және сарғайып,

Біртіндеп көкке нұр жайып,
Талауранып қызарып,
Адырлы таудан бері асып,
Шапақтап шеттен нұр шашып,
Қайтушы ек талай ауылға
Атқанда таң, атқанда!..

  1. Мал бағып, шауып ойнаған,

Үйреткен асау байлаған...

  1. Ордада пысынап бай отыр,

Астыңда кілем, көрпесі...

  1. Тулады, орғыды асау -

Дүбірлеп күңіренді дала,
Қиырсыз дала...
Фигураның тағы бір түрі – егіздеу, яғни параллелизм (грекше parallelos – қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
Мысалы:
Жан қиысар жарыңмен,
Жанын қосар жаныңмен
Жазғы түннің оңаша
Рахатына батқанда.
Тіліміздің керемет сөз байлығын мейлінше еркін пайдаланған ақынның ақындық мәдениеті, суреткерлік шеберлігі әлі талайды тамсандырары сөзсіз.
Дүниедегі таңғажайып сұлулықты Сәкен ақынның өлең жолдарымен сипаттауға болатындай!

2. Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі және көркемдік ерекшеліктері


2.1 Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі
Сұлу табиғатты, оның тарихын, тұрмыс-тіршілігін кестелі сөзбен өрнектеген көркем туындылар да жетерлік. Соның ішінде Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы мен «Аққудың айырылуы» поэм


«Арқа аралы, жер жәннаты» атанған көркем Көкшетаудың табиғатын, тарихын, тұрмыс-тіршілігін кестелі сөзбен өрнектеген көркем туындылар да жетерлік. Соның ішінде Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» атты поэмасының орны ерекше.

Қазақ даласының солтүстігінде, Сарырқа мен Батыс Сібірдің қиылысқан тұсында еліміздің ең көрікті өңірлерінің бірі Көкшетау орналасқан.


Еділ, Жайық – екі өзен,
Талсыз болар деймісің.
Көкшетаудың көп көлі
Елсіз болар деймісің, - деп сонау жоңғар шапқыншылығы дәуірінде Ақтамберлі жыраудың жырына тиек болған Көкшетаудың жері қандай сұлу болса, ондағы көп көлді мекендеген қалың елдің тарихы да қат-қабат тұнған шежіре. 
Көкшетаудай көрікті өңірге көз алартушылар қай заманда да аз болмаған. Бұл өңірде тым арғысын айтпағанда батысқа қарай жөңкіле жылжыған қалмақтардың, солардың ізімен шұбыра келіп, қазақ даласына бірнеше ғасыр тыным бермеген жоңғарлардың, солтүстіктен емінген естектердің (башқұрт), бодандық дәуірде күні кешеге дейін қарақұрттай қаптаған қарашекпенділер мен тың игерушілердің көмескі де айқын іздері жатыр.
Көкше десе, ең алдымен кез келген қазақтың ойына осы өңірді мекендеп, аспандағы аққуға әнін қосқан әйгілі салдар мен серілер оралады. Иә, Көкшетау қазақтың ең көрнекті сал-серілері Ақан мен Біржан, Үкілі Ыбырай мен Балуан Шолақтың төл бесігі. Бұлардың арғы бергі жағында Шал, Орынбай, Тезекбай, Қалия, Әміре, Молдахмет ақындардың салқар көші жатыр.
О, ғажап! Өзіңбісің Көкше деген?!
Тастарын жиған жүктей текшелеген.
Бурабай Оқжетпесті екшелеген,
О, ғажап!
Өзіңбісің Көкше деген?!
Мұқағали ақын Көкше сұлулығына осылай таң-тамаша таңырқаған. 
Мағжан сөзімен айтсақ:
Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Басқа жер ойды ондай тербетпейді.
Бурабайдың көлі мен Көкшетауды
Көрмесең, көкіректен шер кетпейді.
Қиясымен бұлт құшқан Оқжетпестей
Басқа тау ойды аспанға өрлетпейді.
Арқада Бурабайға жер жетпесе,
Алашта Кенекеме ер жетпейді.
Көкшетау – тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет. Бірінен бірі асқан көгілдір таулар өз аясына мөлдіреген сексен көлді ұялатып, текше-текше тастарды қиялатып, ұлы Табиғат өз өнерін айдай әлемге сиқырлы бояумен паш еткендей. Көкшенің әсем де, көз тартар ғажайып жері – жер шоқтығы Бурабай.
Бурабай өзінің мінсіз табиғатымен, таза ауасы, мөлдір көлдерімен, жұмбақ тау шыңдары және мәңгі жасыл қылқан жапырақты ормандарымен кез-келген адамды баурап алады.
«Арқа аралы, жер жәннаты» атанған көркем Көкшетаудың табиғатын, тарихын, тұрмыс-тіршілігін кестелі сөзбен өрнектеген көркем туындылар да жетерлік. Соның ішінде Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» атты поэмасының орны ерекше.
«Көкшетау» ‑ Сәкен поэмаларының ең көлемдісі. Композициясы күрделі, бірнеше сюжетті желіден тұратын, көркемдік стилі түрлі деңгейдегі шығарма.
Сұлулық атаулыға ғашық жүрекпен құлаған, ұшқыр қиял, мөлдір сезім, өткір ойдың ақыны Сәкен Сейфуллин Көкшетау табиғатынан өзінің әсемдік мұраттарын, сұлулық идеяларын тапқан еді. Сәкен Көкшетау табиғатынан, тарихынан болашағына шабыт, өнеріне өріс тапты.
Ақынның «Көкшетау» поэмасы 1929 жарық көрді. Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді. Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір-қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.
Ақынның әйгілі "Көкшетау" поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын...
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында,
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі―
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті аппақ қайың.
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мыс қылады иіс майы.
Дамылсыз жауынмен «бетін жуған», жай сұлу емес, «кербез» сұлу Көкшетау ақынның сөз мағынасын кеңейтуінің нәтежесінде тазалықтың, пәктіктің мекеніндей әсер береді. Ақын сексен көлді басқа ыдыс емес, ұлттық ұғымға жақын «кесе аясында» алып, оның әдемілігін әсерлеу үшін «алтын» сөзін көрнектеуіш құрал ретінде пайдаланады. Бұдан әрі ақын Көкшетаудың “көкке бойлаған қарағайы” мен “көк желекті аппақ қайыңын”, “жалғыз-ақ көк қаршыға ұялайтын”, “басынан мұнар кетпес шыңын”, “тау мен күн сүйіскендей” әсер қалдыратын Көкшетаудың таңы мен кешін тамылжыта, көрмеген жан көргендей етіп жандандыра жырлап, көз алдыңа нақты бейнесін елестетеді.
Поэмадағы лирикалық кейіпкер – Көкшетау. Барлық оқиға «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Жеке батыр» айқын суреттеліп, Көкшетау образын ашып, күшейте түсуге жәрдем береді.
Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді.
М.Қаратаев «Көкшетау» поэмасын Сәкеннің «жарқын, колоритті, ең бір шабытты шығармасы» деп атады. Ол «Мұнда ақын туған жердің сәнді көркін, Көкшенің тауы мен оның айнадай мөлдір көлдерінің керемет сұлулығын зор шеберлікпен аса көркем суреттейді» деп жазады.
Шынында да «Көкшетау» поэмасындағы Сәкеннің қолы жеткен ең басты табысы – табиғаттың сұлу көркін ерекше ақындық шабытпен әсерлі суреттеуінде.
Ежелгі заманнан бері бұл көркем жер туралы көптеген аңыздар айтылып келеді. Сондай-ақ, Бурабай өлкесінің қалай пайда болғаны туралы аңыздар да бар. Жергілікті тұрғындар арасында ең танымал және сүйікті аңыздардың біріне сәйкес, Жаратушы әлемді жаратқанда, ол барлық ұлттарға түрлі табиғи байлықтарды бөліп берген делінеді. Біреуге биік және әдемі таулар, біреуіне – кең орман, тағы біреуіне – өзендер мен көлдер, ал қазақтарға тек шексіз дала бұйырған.
Поэманы Көкше табиғатының сұлу көркін суреттеуден бастаған ақын ол туралы ел ішінде толып жатқан аңыздардың барлығына назар аударады. Сәкен Көкше аңыздарының ішінде «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы әңгімелерді бөліп алады. Бұл аңыз әңгімелер Көкшетаудағы бірнеше жерлердің жоғарыдағы аттарға ие болуы жайын шертеді. «Жеке батыр» тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып кетуімен байланысты туса, «Бурабай» сол көлді мекен еткен ақ бас бура тарихымен байланыстырылады.
Кең таралған аңыздардың біріне сәйкес, Абылай хан билігі кезінде оның жеңімпаз әскері қалмақтарды ойсырата жеңді делінеді. Сонда жау жұртына ойран салған хан әскері қайтар жолда өздерімен бірге қалмақтың сұлу қызын тұтқынға алып келеді. Қалмақ қызының сұлу болғаны сонша, әр жауынгер оны әйел етіп алуды армандайды. Сонда Абылай хан тәртіпсіздікке жол бермеу үшін таңдауды қыздың еркіне берді. Ал жаудың жемтігі болғысы келмеген қалмақ қызы биік құзға көтеріліп, қолындағы орамалды жебесін тигізген адамға тұрмысқа шығатынын айтады. Бірақ, қыздың орамалына бірде-бір батырдың жебесі тимейді. Сонда үмітін үзген жауынгерлер ашуланып, қыздың қолындағы орамалға жебенің жетпейтінін айтады. Осылайша, ол тау «Оқжетпес» аталып кетеді. Бірақ, тұтқында ешқандай жақсылық көрмейтінін түсінген қалмақ қызы ақыры биік құздан көлге секіріп кетеді. Сол кезде ол құлаған жерден, «белгісіз, жұмбақ тас», яғни қазір Бурабайдың көрікті жерлерінің бірі «Жұмбақтас» пайда болды.
Ұйқыдағы жауынгерге ұқсайтын Жеке батыр тауы туралы да көптеген аңыздар бар. Бұрын осы жерлерде ірі денелі, өте мықты батыр өмір сүрген. Ол өзінің туған өлкесін ауыл-ауылдарды талқандап, халқын тонап кететін жаулардан қорғаған. Айбынды батырды қарсыластардың ешқайсысы жеңе алмаған екен. Бірде батырға қастандық ойластырған қаскөйлер жауынгер тынығып жатқанда, оған жасырынып кіріп, пышақтап кетеді. Сөйтіп, халқын жаудан қорғаған батыр ұйықтап жатып, мәңгі ұйқыға кетті. Жеке батырдың рухы әлі де сол жерді қорғап жүр дейтін аңыздар осыдан тараған.
Әрине, бұл жердің Бурабай аталуына негіз болған тау туралы аңыздар көп. Ежелгі замандарда бұл тауларда – Бура деп аталатын тәкаппар, ешкімге бағынбаған, жалғыз өзі ғана жүретін ақ түйе мекендеген. Бұл екі өркешті түйе биік, күшті және әдемі болды. Ал жүні қалың, аппақ болған деседі. Бірақ, бұл үлкен түйе – ешкімге жақындамай, ешкімге бағынбай, әрдайым еркін жүрді. Оның жылы үйі Көкшетау ормандарының қалың бұталары болды. Сондай-ақ, ол суының тазалығы мен мөлдірлігі үшін халық арасында Күміскөл деп аталып кеткен көлден ғана су ішкен. Бір қызығы, ақ түйе күміс көлден су ішуге түс уақытында ғана келетін. Және ол онда әрдайым бір жолмен ғана жүріп келген екен. Бірақ, Бура қарапайым түйе емес, қасиетті болды. Ол басқыншылардың келе жатқанын алдын ала сезіп, қатты дауысымен адамдарға жат біреулердің шабуылы туралы ескертетін. Бура ханға ауру жақындап келе жатқанын да сезетін, және сол күндері ол тым мазасыз болатын. Ақ түйе беймаза күндердің алдында қатты бақырып, тынымсыздана бастайды. Ал түйенің даусын естіген халық алда болатын ауыртпалыққа алдын-ала дайындалатын болған. Бірде сарқырамаға тоқтаған Бураны ашулы да, қатыгез Қасым хан кездестіріп қалады. Сол кезде әскерінің алдында мақтанған Қасым хан түйеге бірнеше улы жебе атады. Сонда жараланған түйе жарақатын емдеу үшін көлге қарай сүйретіліп барады, бірақ қатігез Қасым жануарға қанжар сұғып, ақырында түйені өлтіреді. Бұл ісі үшін Қасым қарғысқа ұшырап, оның тұқым-тұяғы жер бетінен жоғалып кетеді. Ал Бура түйе тасқа айналып, кейін тау болады.
Поэманы оқып отырғанда Сәкеннің негізгі ойы – Көкшенің көркем табиғатын жырлау болғандығын байқау қиын емес. Ол қандай оқиғаны әңгімелесе де Көкшетаудың табиғат байлығымен, көлінің, тауының әсем көріністерімен байланыстырып, соған меңзей отырады. Сонымен қатар, тауға, шыңға, көлге портрет, мінездеме береді.
Портерт – кейіпкер болмысын, мінез-құлқын айқындайтын тәсіл. Ә.Нарымбетов: «Жазушы ойының түпкі қазағы, кейіпкерге деген оның негізгі көзқарасы, суреткерлік позициясы осы портрет арқылы да жобаланып жатады»[18], - деген.
Мысалы: Жеке батырды ол ұйықтап жатқан батыр күйінде:
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,
Денесі биік жота, таудай басы,
Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,
Киюлі баста жатыр дулығасы, - деп бейнелесе, Оқжетпес шыңының биіктігін:
Тілдесіп тау мен аспан сүйіседі,
Сәлем қып бұлттар басын иіседі.
Қиырдан келген қаңғып түрлі бұлттар
Бас қосып, тау төсінде түйіседі, - деп суреттейді.
Жұмбақтастың суретін былай бейнелейді:
Жартастың бір жағы шын, бір жағы су,
Тау іші қалың орман, жап-жасыл ну.
Орман да, тау да, көл де ертелі-кеш
Сыбырлап сыңқылдаған бәрі ду-ду.
Алтын күн күміс суға нұрын бүркіп,
Сағыммен көкке ұшады торғындай бу.
Сызылтып әдемі әнін сыңқылдатып,
Ертеді балапанын көлде екі аққу.
Табиғат тыныштығын ақын былай суреттейді:
Тек қана орман ептеп сыбырлайды,
Жасырып тапқызбастай сыр ұрлайды.
Ұры жел көзге ілінбей зыр жүгіріп,
Көл беті, гүл жапырақ жыбырлайды.
Қалмақ қызының көркін:
Сол қыздың он жетіге келген жасы,
Оралған аш беліне қолаң шашы.
Қап-қара қарлығаштың қанатындай,
Иілген ақ маңдайда екі қасы.
Аш белі көк шыбықтай солқылдайды,
Қолаң шаш бейне жібек толқындайды.
Батырлар сол сұлуға салыстырған –
Жалғыз-ақ аспандағы Күн мен Айды, - деп көрген адам есінен танғандай етіп ақын келістіре сипаттап, сөз кестесін шебер тоқиды.
Тұтқын қыз алдында ханы да, қарақшысы да осылай шарасыздық танытып, масқара болған тұста оқиғаға бұған дейін беймәлім болып келген Адақ мерген араласады. Адақ – Абылай қосындағы сарбаздардың бірі, ер жігіт. Негізгі оқиғаға – қыз тағдырын саудаға салған таласқа ол кейінірек және басқаша оймен қатысады. Ақын оның сырт тұлғасын:
Қара сұр, ұзын бойлы, емес талпақ,
Денесі көк құрыштай, өрдеш-шалқақ,
Қыр мұрын, қарагер көз, қара мұртты
Қақпақтай қобы жауырын, топшы жалпақ,- деп батырға лайық түрде сипаттай келе оны жасынан кедейлік көрген, жылқышылықты кәсіп еткен, тапқыр, ойлы, өнерпаз жігіт деп мінездейді.
Сәкен түйеден түскендей түйдей-түйдек ойларын жыр үлгісінде жалаң түрде бере салған жоқ, керісінше, құбылту арқылы троп пен фигураның түрлеріне салып, тігісін жатқызып, икемдеп әкелді. Сәкен – суреткер ақын. Ол сөзбен сурет салуда өте шебер.
Ақын метафораны (ауыстыру) шебер қолдана білген. Екі нәрсенің бір-біріне ұқсастығына қарай бір-бірімен ауыстырып айту арқылы мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейтеді.
Мысалы:

  1. Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

  1. Қасында көк желекті әппақ қайың,

Жібектей желмен шарпып төңіректі.
Поэмада жансызға жан бітіріп, тірінің әрекетімен ауыстыра суреттеуді, яғни кейіптеу кейіптеуді жиі қолданылады.
Мысалы:

  1. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан,

Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
Бір шың бар етегінде тіп-тік найза,
Адамзат жасағандай құйған таста.
Сүп-сүйір бейне найза шың, құз, биік,
Төбесі кейде тұрад бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсед тұрған киіп,-

  1. «Ұйықтаған батыр» дейді таудың атын,

Адамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау.
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,
Денесі биік жота, таудай басы,
Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,
Киюлі баста жатыр дулығасы.
Сәкен Сейфуллин шығармаларында ағаштан түйін түйердей шеберлігін танытып, өзара шектес заттар мен құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану арқылы метонимияны (алмастыру) шебер жасай білген.

  • ***************************************

Көpкeмдeгiш құpaлдың тaғы бip түpi – aллeгopия. Cимвoл ceкiлдi acтapлay түpiндe aйтылaды. Бipaқ oндaғыдaй eкiұшты пiкip бoлмaйды. Aвтopдың aйтпaғы бeлгiлi бoлып тұpaды.
Мысалы:
Сырласып сыбырласқан жапырақтар,
Күндіз-түні күңіренген көл айтады.
Толғанып төмен қарап шал айтады,
Тамсанып-таңырқанып бала айтады.
Тау-тасты тұнжыраған куә қылып,
Отбасы қатын-қалаш – бәрі айтады.
Сәкеннің біраз жырларында синекдоха (мегзеу) кездеседі. Осы орайда мына жыр шумақтарын мысал етейік:
Сексен көл Көкшетаудын саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек канша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған.
Еш адам оны барып қия алмаған, -
Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған.
Ақын поэмаларындағы теңеулер оның ақындық қуаты, қаруы іспетті көп қолданысқа ие көркемдегіш құралдардың бірі. Теңеулерді Сәкен өте жиі қолданғанын ескеру керек.
Мысалы:

  1. Ырғалған көкке бойлап қарағайы,

Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.

  1. Сары алтын Көкшетаудың ерте-кеші,

Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп,
Суретті шежіресі өткен күннің,
Сілекей ағызады ертегісі.

  1. Мөп-мөлдір Бурабайдың суы күміс,

Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайың менен қалың жыныс.

  1. Ақ бура көп жыл тауды қылған мекен,

«Бір үлкен іс боларда сезеді екен».
Ол істі елге айтқандай маңайдағы,
Бақсыдай тауды азынап кезеді екен...

  1. Бақсыдай бура азынап жүреді екен,

Мал шулап, иттер ұлып үреді екен.
Қалың ел маңайдағы құрбан шалып,
Құлақты алдағы іске түреді екен.

  1. Білген соң бураның бұл қасиетін,

Үлкеннің кіші тыңдап өсиетін.
Түнеріп долы бұлттай күрілдеген,
Бураға болмапты енді жұрт тиетін.

  1. Бақсыдай сарнап бура тауды кезген,

Күңіреніп мекенінен енді безген.
Ел естіп хан ұлының бұл жұмысын
Зор іске ұшырарын бөрі сезген.

  1. Тіп-тік шын көкке қарай кеткен бойлап,

Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.
Жалғыз-ақ шын басында ноқаттай боп,
Құйқылжып қалықтайды бүркіт ойнап.

  1. Біреулер батыр мен би, ханды мақтап,

Бұрынғы надан, шірік заңды мақтап
Сарнайды, жыр қылады сөзін сырлап,
Бақсыдай жын шақырған сандырақтап.

  1. Шұбырып ханның қолы жүріп кетті;

Жылыдай қан ұрттауға бұрып бетті.
Жол жүріп бірнеше күн шеру тартып,
Қалмаққа бейбіт жатқан келіп жетті.

  1. Қасқырдай ырылдайды күшін біліп,

Жарады жүкті әйелді ішін тіліп.
Баласын қанжарменен тілерсектен
Бір соғып керегеге кетеді іліп.

  1. Жас бала, кемпір-шалды бордай басып;

Аттарын ентелете борбайласып.
Айдалған мал-мүлік пен жас әйелдер,
«Бауырым»-дап... шуласады ойбайласып.

  1. Сол қыздың он жетіге келген жасы,

Оралған аш беліне қолаң шашы.
Қап-қара қарлығаштың қанатындай
Иілген ақ маңдайда екі қасы.

  1. Аш белі көк шыбықтай солқылдайды,

Қолаң шаш бейне жібек толқындайды.
Батырлар сол сұлуға салыстырған
Жалғыз-ақ аспандағы Күн мен Айды.

  1. Сұңқардың баласындай торға түскен,

Құланның құлынындай орға түскен;
Тұтқын қыз жауларына жаутаңдайды,
Киіктің лағындай қолға түскен.

  1. Түбектей айнала тау — берік қорған,

Қаптаған тау мен тасты қап-қара орман.
Бурабай жағасында оқ жетпес шың,
Жағалай сол жерге кеп әскер қонған.

  1. Аш белі көк шыбықша майысқандай.

Ашан жүз ақ шапақтап атқан таңдай,
Үзілген қызғалдақтай өңі солғын,
Қабырғаң көрсең аяп қайысқандай.

  1. Бәрінің жүректері аттай тулап,

Жүздері құбылады өңі қурап.
Қалың қол тым-тырыс боп тұрды қарап,
Күледі көл мен ғана орман шулап.

  1. Қыз шешті орамалын беліндегі,

Бір адам серт қып берген еліндегі...
Сағымдай көз алдынан ағып өтті,
Жас өмір туып өскен жеріндегі.

  1. Абылай түрегелді даусын кернеп,

Сөйледі құлжадай боп қолын сермеп.
«Батырлар, бір қызықсың келді міне,
Мініңдер аттарына жылдам ерлеп!

  1. Дүмпілдеп садақ оғы ысқырады,

Ойқастап аттары ойнап пысқырады.
Ышқынып жолбарыстай күшін өлшеп,
Батырлар садаққа оғын қыстырады.

  1. Күй шіркін әуел құлаш салған еді,

Шалықтап өрттей жүйткіп жанған еді.
Кейде жай кібіртіктеп, ақсай жылжып,
Кейде ырғып, ақ түлкіше бұлаңдайды.

  1. Қалың қол тұрды қоршап анталасып,

Лепірген қарқындарын біраз басып.
Қамалға шауып қайтып кеп тұрғандай,
Жауменен жағаласып, жанталасып.

  1. Жүгіріп кейбіреулер майысады,

Солқылдақ көк темірдей қайысады.
Тайқаңдап кейбіреулер бос тайлақша,
Құшағын қызға қарап жайысады.

  1. Берген соң хан рұқсат «айта бер!.. — деп,

Еліктей қыз майысып түсті жерге.
«Барайық көлдің, тақсыр, жағасына,
Шөлдедік, ыстықтадық, күйіп, терлеп...»

  1. Жартасқа шықты сұлу лақтай ырғып,

Батырлар тас жанына келді сырғып.
Жартасқа көлге төнген шығып тұрып,
Қыз айтпақ әңгімесін енді жыр ғып.

  1. Алтын күн, күміс суға нұрын бүркіп,

Сағыммен көкке ұшады торғындай бу.
Сызылтып әдемі әнін сыңқылдатып,
Ертеді балапанын көлде екі аққу.

  1. Аққудай ақ қанатын алған қомдап,

Тал бойын күміс сымдай безеп, оңдап,
Жартастың суға төнген қақ басында
Қалтырап бір күрсініп алды толғап.

  1. Тағы да қыз толғанды даусын кернеп,

Бастады әңгімесін қозғап, тербеп,
Жүйріктей бүктетіліп, баурын жазып,
Көлбеңдеп, ширатылып, құлаш сермеп.

  1. Сарнады сұлу тұрып, даусын қырнап,

Толғады әңгімені әнмен ырғап.
Сыңқылдап аққу құстай әдемі үнмен,
Нәп-нәзік қалтыратып шертті жырлап.

  1. Еңіреп, төрт балапан шуылдайды,

Қарақұс қоқиланып, қимылдайды.
Сол кезде аждаһадай көкте ысқырған,
Бірдеме жоғарыдан суылдайды.

  1. Ысқырып, көкті жарып, садақтай боп,

Лақтырған жасыл темір қалақтай боп,
Көктен кеп, көз ашқанша жарқ-жұрқ етті.
Қарақұс тоңқаласты далақтай кеп.

  1. Зор қылмыс жәбірлесек кешілмейтін,

Өмірі қорлық таңба өшілмейтін.
Лағынет қамытындай болар еді,
Мойыннан өле-өлгенше шешілмейтін.

  1. Қыз тұрды айтып болып кептер жырын,

Күрсінді аршығандай көңіл кірін.
Түнерген тұңғиыққа құзда тұрып,
Ағытты күйікті қыз біраз сырын.

  1. Домалап көзден тамған жасын сүртті.

Ашқандай мөлдір жаспен көздің нұрын.
Қалың қол қалша қарап, қалды қатып,
Жоғалтып әңгі адырлық, сес пен қырын.

  1. Қара сұр, ұзын бойлы, емес талпақ,

Денесі көк құрыштай, өрдеш-шалқақ,
Қыр мұрын, қарагер көз, қара мұртты,
Қақпақтай қобы жаурын, топшы жалпақ.

  1. Солқылдақ көк құрыштай біткен тіп-тік,

Жараған аш бөрідей белі жіптік.
Ыңғайлы, сұлу сида, сұңғақ дене,
Жараған бәйге кердей ықшам, сыптық

  1. Сыпайы, тиянақты өзін баққан,

Артықсып әңгіленіп емес лаққан.
Күші де, ерлігі де жолбарыстай,
Әділдік, кішілікпен көпке жаққан.

  1. Аққудың ақ бөбегін көлден іліп,

Тау бүркіт қуанғандай көкте күліп.
Зарлатып, ата-анасын сұңқылдатып,
Жөнелді шарыққа өрлеп көкпар қылып.

  1. Үш қырлы оқ дал-дал қылған мана құсты,

Шіреніп сілтеген соң қайрап тісті.
Отшыған қурайдай көк шалғыменен,
Қада мен орамалды жұлып түсті.
Эпитеттер де солай, жиі қолданысқа ие. Бұны ақын табиғат құбылыстарының өзгеше бейнесін оқушыларың көз алдына елестету, ой қиялына әсер ету мақсатында қолданған деп білеміз.
Мысалы:

  1. Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

  1. Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?

  1. Ырғалған көкке бойлап қарағайы,

Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.

  1. Қарағай биік шыңды қиялаған,

Еш адам оны барып қия алмаған.
Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған.

  1. Сары алтын Көкшетаудың ерте-кеші,

Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп.
Суретті шежіресі өткен күннің,
Сілекей ағызады ертегісі.

  1. Болыпты баяғыда Жеке батыр...

Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.

  1. Сол батыр осы күні бір үлкен тау,

Көз жұмған көкке қарап сыры үлкен тау.
«Ұйықтаған батыр» дейді таудың атын,
Аадамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау.

  1. Батырдың қырыққа таяу келген жасы,

Денесі биік жота, таудай басы,
Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,
Киюлі баста жатыр дулығасы.

  1. Тағы бір ақбас бура, - емес аттан,

Жүріпті Көкшетауды қылып Отан.
Мұны да «көзі көрген» қарт айтады,
Тыңдаған әлеуметке алқа-қотан.

  1. Ақ көбік көпіреді күміс судан,

Сан сұлу сол көбікпен бетін жуған.
Көл басы бірде күңкіл бірде у-шу,
Әңгіме сансыз сырлы ертек туған.

  1. Ақ бура көп жыл тауды қылған мекен,

«Бір үлкен іс боларда сезеді екен».
Ол істі елге айтқандай маңайдағы,
Бақсыдай тауды азынап кезеді екен...

  1. Бақсыдай бура азынап жүреді екен.

Мал шулап, иттер ұлып үреді екен.
Қалың ел маңайдағы құрбан шалып,
Құлақты алдағы іске тұрады екен.

  1. Қара бұлт тауды төніп басады екен,

Күркіреп жерге зәрін шашады екен.
Аспаннан қып- қызыл от жерге шашып,
Таудағы аң пана таппай сасады екен.

  1. Тастарды, ағаштарды қылып қарақ,

Ысқыртып келе жатқан өткір садақ.
Бураны Қасым төре сөз қылыпты,
Кез келсе атпақ болып төстен қадап.

  1. Сол кезде шыға кепті ақбас бура,

Жап-жалбыр төсін басқан әппақ шуда.
Қасым хан тұра қалып ақ бураны,
Шіреніп атып сапты нақтап тура.

  1. Өкіріп ақбас бура көбік шашып,

Шиқылдап тісін қайрап, аузын ашып.
Қасымды бір айналып бура-қотан,
Қан ағып кеткен тулап таудан асып.

  1. Құбылаға басын беріп шөгіп жатқан,

Көк мұнар қалың ойға шомып батқан.
Ақ бура қабақтарын қарс жауып,
Қозғалмай мәңгі жатып тас боп қатқан.

  1. Ақ бура таудың тағы түйесі деп,

Ондағы қасиетті бір иесі деп.
Тұқымы сотқар ханның оңбағаны,
Жұрт айтады «сол түйенің киесі» деп.

  1. «Бұл іске Бурабайдың көлі куә,

Қасымның қалған жұрты, көні куә,
Бураша шөгіп жатқан мұнар таумен,
Ызыңдап таудың соққан желі куә...».

  1. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан

Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
Бір шың бар етегінде тіп-тік найза
Адамзат жасағандай құйған тастан.

  1. Осы шың Бурабайдың жағасында,

Күнбатыс тауға кірген сағасында,
Орта жүз хан Абылай заманында,
Айтарлық бір іс бопты тағы осында...

  1. Жөнелді ханның қолы жынша шұбай,

Егей төс, мінгендері ығай-сығай.
Тыныш елге батырсынып шеру тартты,
Лек-лек боп қосындасып ыңғай сыбай.

  1. Атының құйрығы мен жалын түйіп.

Бәрі де көйлектерін сырттан киіп.
Қалмақтың ордасына үрпек шашты,
Көк найза, дабыл қағып, қалды тиіп.

  1. Ат қойды қалың әскер аңдағайлап,

Дүрсілі жер қозғалтып «Абылайлап».
Тыныш жатқан қалмақ елі қас қаққанша
У-шу боп шаң астында қалды ойбайлап.

  1. Біреулер ысқыртады садақты атып,

Біреулер қанды қанжар жалақтатып,
Біреулер найзаменен жас баланы,
Іліп ап көтереді салақтатып....

  1. Жас бала, кемпір-шалды бордай басып,;

Аттарын ентелете борбайласып.
Айдалған мал-мүлік пен жас әйелдер,
«Бауырым»-дап... шуласады ойбайласып.

  1. Абылай бір жерге кеп аттан қонды,

Сол тұсқа жиып алды қалың қолды.
Желпініп аттан түсіп қалың әскер,
Гуілдеп мошады бір үлкен жонды.

  1. Сол қыздың он жетіге келген жасы,

Оралған аш беліне қолаң шашы.
Қап-қара қарлығаштың қанатындай,
Иілген ақ маңдайда екі қасы.

  1. Аш белі көк шыбықтай солқылдайды,

Қолаң шаш бейне жібек толқындайды.
Батырлар сол сұлуға салыстырған
Жалғыз-ақ аспандағы Күн мен Айды.

  1. Қиысқан бұрын талай сый-сияқты

Сұлуды бір-біріне қиыспапты.
Жолдасып бір үшін қалың әскер,
Дуласып, кең далаға сыйыспапты.

  1. Сұңқардың баласындай торға түскен,

Құланның құлынындай орға түскен;
Тұтқың қыз жауларына жаутаңдайды,
Киіктің лағындай қолға түскен.

  1. Сөзбенен бірін-бірі жеңісе алмай,

Жолдасып ынтымаққа келісе алмай;
Аттанды қалың әскер гүжілдесіп,
Сұлуды бір-біріне берісе алмай.

  1. Жеткенше соныменен Көкшетауға,

Ала алмай бір-бірінен сұрап сауға.
Қалың қол Бурабайдың сағасына,
Кеп қойды, бітім қылмақ талас дауға.

  1. Түбектей айнала тау – берік қорған,

Қаптаған тау мен тасты қап-қара орман.
Бурабай жағасында оқ жетпес шың,
Жағалай сол жерге кеп әскер қонған.

  1. Қалың қол шомылысып күміс суға,

Өздерің, аттарын да шомып жуған.
Тігісіп шатырларын тыныққан соң,
Таласты айналдырды үлкен шұға.

  1. Желбіреп алқа-қотан шатырлары;

Айтысып сұлу үшін жатыр бәрі.
Абылай көк шалғынға кілем төсеп,
Әмірмен жинап алды батырларын.

  1. Батырлар түрегелді «алдиярлап»,

Тізіліп тұтқын қызға болды бармақ.
Тұтқың қыз кімді таңдау қалау қылса,
Сұлуды қатын қылып сол болды алмақ.

  1. Аш белі көк шыбықша майысқандай.

Ашан жүз ақ шапақтап атқан таңдай.
Үзілген қызғалдақтай өңі солғын,
Қабырғаң көрсең аяп қайысқандай.

  1. Абылай берді қыздың тілегіне,

Серт болды батырлардың білегіне.
Етектен шың басыңа көз жіберіп,
Зор күдік кірді әркімнің жүрегіне.

  1. Он жігіт белге байлап арқан жіпті,

Мысықша өрмелесіп шыңға шықты.
Байланған серт орамал найза ағашты
Ырғалтып шың басына әрең тікті.

  1. Қалың қол гуілдейді анталасқан,

Бәсеке бір қыз үшін тайталасқан.
Бір тасқа топ жанында қыз да шықты,
Тартыстың себепкері жанталаскан.

  1. Қарасып қалың әскер тұрды анталап,

Әркімнің шыңға ысқыртқан оғын санап.
Қызыққан жас сұлуға дәмеліден
Қалмады оқ атпаған бір нән талап.

  1. Атқан оқ тасқа тиіп жарқылдайды,

Шыңда ойнап бала бүркіт шаңқылдайды.
Оқтарын орамалға жеткізе алмай,
Батырлар біраздан соң «қарқындайды».

  1. Батырлар апырақтап, зорланысып,

Қамалды қалың әскер қорланысып.
Өрлігін кербез шыңның енді байқап,
Үндемей хан да тұрды зор намыс қып.

  1. Қалың қол тұрды қоршап анталасып,

Лепірген қарқындарын біраз басып.
Қамалға шауып қайтып кеп тұрғандай,
Жауменен жағаласып, жанталасып.

  1. Күлімдеп алтын күн мен биік аспан,

Қарасып айнакөлге жымыңдасқан.
Күледі айнала тау, қалың орман,
Тек қана үн шықпайды тұйық тастан.

  1. Қалықтап қара бүркіт көкті шарлап,

Шарықтап айналады тауды барлап.
Шаңқылдап құздан құлап көк қаршыға,
Түйілер атқан оқтай төмен зарлап.

  1. Қыз айтты Абылайдың сөзін тыңдап.

«Я, тақсыр, біздікі тек мойынсұнбақ:
Екінші бәйге оп-оңай, күш сынасу,
Онан соң үшіншісі: жеңіл жұмбақ.

  1. Көркем қыз даурықтырды қалың қолды,

Бәйгеден келер екен қандай жолды?
Жамырап, реттеніп самбырласып,
Жарыспақ дәмелілер дайын болды.

  1. Сонда қыз толғанады даусын кернеп,

Бір сөзді айтпақ болып қозғап, тербеп:
«Бар еді, әңгімем тақсыр төре,
Соны айт деп еңірейді жүрек шерлеп.

  1. Бәйгені көріп тұрсыз көзіңізбен,

Күтемін әділ төре сөзіңізден.
Сізге сол әңгімемді баяндаймын,
Сұрауға төрелігін өзіңізден...»

  1. «Қыз тасы» жүз-ақ таяқ көлге шейін,

Оны да сізге тағы мәлімдейін.
Бәйге тас «Қыз тасы» деп атаныпты,
Ертекте атқа ие боп содан кейін...

  1. Ішкен соң күміс шарап көлдің суын,

Қыз шықты шараппенен бетін жуып,
Қалың қол қызға тағы телмірісті,
Тым-тырс қоя қойып даурық шуын.

  1. Шың күз, тау, — бұлты қапқан биік ерен,

Тіп-тік шың, аңғар жартас мылқау-керең.
Сүңкиіп, мінбелесіп, қатып қалған,
Төнісіп, көл түбіне түпсіз терең.

  1. Жартастың бір жағы шың, бір жағы су

Тау іші қалың орман, жап-жасыл ну.
Орман да, тау да, көл де, ертелі кеш,
Сыбырлап, сыңқылдаған күңкіл ду-ду.
Сәкеннің ой еңбегінің қажырлылығы, ізденісі шығармаларында жемісін берді. Ақын өлеңді сырттай тартымды ету мақсатында сөз көркемдеудегі ерек бір құбылыс қайталауды қолданады. Ақын поэмаларындағы:
а) сөз қайталауы (басқы қайталау немесе анафора)

  1. Біреулер ысқыртады садақты атып,

Біреулер қанды қанжар жалақтатып.

  1. Сұлуды бір-бірінен қаласыпты

Сұлуды өз көзімен көрмеген соң.

  1. Кей батыр ойқастайды оғын сайлап,

Кей батыр безейді оғын өткір қайрап.

  1. Кейде жай кібіртіктеп, ақсай жылжып,

Кейде ырғып, ақ түлкіше бұлаңдайды.
ә) соңғы қайталау (эпифора)
1) Талай сыр ертегіні ел айтады,
Ызыңдап таудан соққан жел айтады.
2) Толғанып төмен қарап шал айтады,
Тамсанып-таңырқанып бала айтады.
3) Ертегі болмаса да хатта қалған,
Аузында шежіренің қартта қалған.

  1. Сол батыр осы күні бір үлкен тау,

Көз жұмған көкке қарап сыры үлкен тау.

  1. Дүниеде өрбір бөлек жердің аты,

Себеппен қойған бәрі елдің аты.

  1. Шабысып бірін-бірі ел қуар болса,

Не өлмек, не бір батыр туар болса.

  1. Бақсыдай бура азынап жүреді екен,

Мал шулап, иттер ұлып үреді екен.

  1. Қара бұлт тауды төніп басады екен,

Күркіреп жерге зәрін шашады екен.

  1. Баласы Абылайдың Қасым төре,

Жасынан сотқарлығы басым төре.

  1. Қасым хан туғаннан-ақ қанға құмар,

Дірілдеп өлім күткен жанға құмар.

  1. Ақ бура таудың тағы түйесі деп,

О дағы қасиетті бір иесі деп.

  1. «Бұл іске Бурабайдың көлі куә,

Қасымның қалған жұрты, көні куә.

  1. Абылай батырларын алды жиып,

Үлеске олжаларын салды жиып.

  1. Сөзбенен бірін-бірі жеңісе алмай,

Жолдасып ынтымаққа келісе алмай.

  1. Ыңғайлы бір он жігіт сайлансын тез!

Орамал шың басына байлансын тез!

  1. Әйткенмен шіркін жүйрік талған еді,

Қарқыннан біраздан соң танған еді.

  1. Тұрды да тас басында қалмақ қызы,

Таласып қалың әскер алмақ қызы.

  1. Бірінші сыннан адам өтпей тұр ғой,

Ешкімнің оғы шыңға жетпей тұр ғой.
б) дыбыс қайталау
1) ассонанс:
1. Асынып жарақтарын күн тиысып,
Аттарын тұқыртады шіреп шегей.
2) аллитерация:
1) Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

  1. Суретті шежіресі өткен күннің,

Сілекей ағызады ертегісі.

  1. Толғанып төмен қарап шал айтады,

Тамсанып-таңырқанып бала айтады.

  1. Қалың ел маңайдағы құрбан шалып,

Құлақты алдағы іске түреді екен.

  1. Бір күні таудай болып шөгіп жатқан,

Бураны жұрт көреді өткен, кеткен.

  1. Тіп-тік шын көкке қарай кеткен бойлап,

Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.

  1. «Би» деген сөз қуғандар арамтамақ,

Бәсеке бір-бірінен алған сабақ.

  1. Сайланып шыққан ірік өңкей кегей;

Сайласып мінгендері ылғи егей.

  1. Біреулер ысқыртады садақты атып,

Біреулер қанды қанжар жалақтатып.

  1. Баласын қанжарменен тілерсектен

Бір соғып керегеге кетеді іліп.

  1. Бәріңді көріп өзі таңдау қылсын,

Бұйырдым «тұтқын қыздың қалауына».

  1. Күйік пен қасіретін жасыра алмай,

Кеп тұрды хан алдына басын иіп.

  1. Қалмақтың алақандап қанын ішкен,

Қалайша қатын болсын жауын сүйіп?

  1. Тулайды жүректері дәйек қылмай,

Таңдар деп сұлу шіркін, кімді ұнатып!

  1. Батырлар даярланып баптанысты,

Белсеніп оңтайланып аттанысты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет