Дипломдық ЖҰмыс сәкен сейфуллин поэзиясындағы туған жер табиғатының тілдік бейнесі иса Дана Сансызбайқызы



бет8/15
Дата28.11.2023
өлшемі159,4 Kb.
#130584
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
stud.kz-103094

metaphora - ауыстыру) – зат пен құбылыстың ұқсас белгілеріне қарай (түрі, түсі, қызметі т.б. қасиеттеріндегі) сөздің ауыс мағынада қолданылуы» [23.213], - деген анықтаманы кездестіруге болады.
Осы орайда «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» мынадай анықтаманы оқи аламыз: «Метафора ауыстыру (грек сөзі – ауыстырып қою), екі нәрсені, құбылысты және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін сөз немесе сөз тіркесі» [25.227].
З.Қабдолов метафораға мынандай анықтама берген: «Метафора (грекше metaphora – көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарлата түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту» [22.219].
Ал, Ә.Хасенов: «Метафора (гректің metaphora – ауысу, ауыстыру мағыналы сөзі) – белгілі бір ұқсастықтарына қарай екі я одан да көп зат немесе құбылыстың бір атаумен аталуы» – деген [26.143].
Метафора – әр түрлі заттың түріне, түсіне және басқа да белгілерінің ұқсастықтарына қарап бір сөзбен аталуы [27.77].
Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысуы белгіленетін заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді [28.141]. Метафора тәсілі бойынша бір заттың тұлға түр-түс белгілерінің ұқсастығының негізінде ауысады [29.75].
Мысалы:

  1. Ақ боз ат – менің тұлпарым,

Шалқыған көңіл сұнқарым.
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын.

  1. Ақ боз атым – қояндай,

Еркелеп басар аяндай.
Тербеді даусым ауаны
Даңылдап қалқып баяулай.
(Тау ішінде)
Көркемдегіш құралдардың тағы да бір өнімді қолданатын түрі – алмастыру (метонимия). Метонимия (грекше metenymia – қайтадан атау) дегеніміз өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану [22.225].
Метонимия (гректің metenymia атын өзгертіп атау мағыналы сөзі) – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реалды байланыстылығына қарай алмастыру амалы [26.146].
Метонимия – әр түрлі заттың бір-біріне қатыстығы негізінде бірінің мағынасын екіншісінің атауымен берілуі [27.78].
Метонимия – бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың (заттардың не құбылыстардың) өз ара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып, ауысуы және, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы [28.143].
Метонимия – (грек тілінің metenymia) атын өзгерту, қайта ат қою деген сөзінен, жасалған термин [29.76].
«Метонимия (грек.metonymia өзгертіп айту, алмастыру) – зат, құбылыс ұғымдарының өзара іргелестігі шектестігі негізінде атауларының ауысып қолданылуы. Ауыс мағынаның бір түрі»[23.214].
Мысалы:
Күндізгі сылдыр су да жоқ,
Қатты сөз, дауыс, шу да жоқ,
Төңірек тып-тың... ауа саф,
Ләззаттың дәмін татысар,
Рахатқа бар жан батысар,
Ауыл жым-жырт қаперсіз
Маужырап ұйықтап жатқанда.
Көркемдегіш құралдардың тағы да бір түрі – мегзеу (синекдоха). Синекдоха дегеніміз бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы [22.226].
Синекдоха (гректің synecdoche – бірге жобалап, нобайлап, шамалап түсіну мағыналы сөзі) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні немесе, керісінше, жалқының орнына жалпыны, бөлшектің орнына бүтінді қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы [26.149].
Синекдоха – белгілі бір затты оның бөлшегіне қойылған атаумен атау арқылы пайда болатын ауыспалы мағына [27.78].
Синекдоха – сөздерді ауыстырып қолдану арқылы көп мағыналы сөздер тудырудың бір тәсілі [29.78].
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет