Дипломдық ЖҰмыс сәкен сейфуллин поэзиясындағы туған жер табиғатының тілдік бейнесі иса Дана Сансызбайқызы



бет9/15
Дата28.11.2023
өлшемі159,4 Kb.
#130584
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Жеріне біздің, жақтың лайық ері,
Ер палуан, аңшы-мерген, әншіл, сері.
Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,
Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.
(«Біздің жақта»)
Енді бір түрі – кейіптеу. Кейіптеу дегеніміз – көркем шығармада жансызға жан бітіріп, тірінің әрекетімен ауыстырыла суреттелуі.
Мысалы:

  1. Сұлудай айна ап қараған,

Жібектей шашын тараған,
Өзенге біткен қалың тал
Суға төніп телмірер;
Жапырақтары желбірер,
Көлеңкесі суда ойнап
Өзеннің шетін жапқанда.
Ортасы судың ап-ашық,
Сәулесі түсіп мап-машық
Жұлдыздар мен нұрлы айдың.

  1. Күндізгі сылдыр су да жоқ,

Қатты сөз, дауыс, шу да жоқ,
Төңірек тып-тың... ауа саф,
Ләззаттың дәмін татысар,
Рахатқа бар жан батысар,
Ауыл жым-жырт қаперсіз
Маужырап ұйықтап жатқанда.

  1. Жердің жүзі құлпырар,

Құлпырар әм аспан да.
Сансыз жұлдыз сайрасып,
Гауһардай болып жайнасып,
Шұбарлап көк аспанды,
Қосылысып алтын айымен,
Сайрасып көкте жайымен,
Мәз мейрам боп жымыңдар
Дүниеге нұрын шашқанда.

  1. Жалтырап шық басқан соң,

Аспаннан нұрын шашқан соң,
Алтын ай мен жұлдыздар,
Ақ нұрға батып шомылып,
Ақ торғын перде жамылып,
Жердің жүзі, көз тұрмай,
Көрінер жалтыр ақтан да.
(«Жазғы түнде»)
Көріктеу құралдарының бірі – теңеулер. Теңеу – өте күрделі, көп аспектілі құбылыс. Ол – тілдің бейнелеу құралы ретінде стилистика мен әдебиеттануда, теңеулік құрылым грамматикада және тұрақты теңеулер фразеологияда қарастырылады.
А.Квятковскийдің ойынша: «Теңеу дегеніміз – ортақ белгілері бар екі затты, ұғымды және күйді бір-бірімен салыстыратын және сол артық белгінің негізінде алғашқы заттың көркемдік мәнін күшейте түсетін бейнелі сөз тіркесі» болып табылады, ал ғалым Л.Тимофеев өз пікірін әдебиет теориясы негізінде: «Екі құбылысты бір-біріне жанастыра отырып, біреуінің қосалқы белгілері арқылы екіншісін сипаттайтын троптың ең қарапайым, ең алғашқы түрі – теңеу» деген ой қорытады. А.Т.Рубайло: «Түр-түсі, қасиеті, мән-мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас құбылыстарды біріне-бірін тікелей салыстыруды теңеу дейді» [30.27]. Ал Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова: «Олардың ортақ белгілері негізінде бір затты басқа затқа ұқсатудан тұратын троп» [31.459] – деген пікір білдіреді.
Қазақ филологиясында теңеу терминін алғаш қолданып, ғылыми айналымға енгізген қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы А.Байтұрсынұлы болып табылады. Сондай-ақ теңеуге қатысты құнды пікір қалдырғандардың бірі – З.Ахметов. Ол: «Теңеу – екі нәрсені, құбылысты салыстырудың ең көп тараған тәсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. Бірде теңеу екі нәрсені тұтас алып салыстыру арқылы жасалса, енді бірде айтылып отырған нәрсенің бір сипат-белгісін, түсін, дыбыс-үнін, тағы басқадай жеке ерекшелігін өзге нәрсемен салыстырып бейнелеу негізінде туады. Сонымен қатар бір нәрсені басқа нәрсемен қимыл-қозғалысындағы ұқсастықты тірек етіп салыстыру жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі» [32.17], - деген ой қалдырады.
Т.Қоңыровтың пікірінше: «Теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін , сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы» [33.7].
Жазушы-ақын бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін ол нәрсенің өзгешілік белгілерін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып та суреттей алады. Бұл салыстыруды теңеу деп атайды [34.110].
Теңеудің өзіне тән ерекшелігі – белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру арқылы көзге елестету. Қай теңеуді алмайық, суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты тура біздің көз алдымызға әкеліп, олар туралы дәл, нақты ұғым қалыптастырады. Бұл ретте теңеу белгісіз затты белгілі затқа айналдырып, шығармадағы авторлық идеяға қолма-қол көркемдік шешім тауып тұрғандай [22].
Мысалы:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет