Дипломдық ЖҰмыс сәкен сейфуллин поэзиясындағы туған жер табиғатының тілдік бейнесі иса Дана Сансызбайқызы


Кей батыр ойқастайды оғын сайлап, К



бет12/15
Дата28.11.2023
өлшемі159,4 Kb.
#130584
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
stud.kz-103094

Кей батыр ойқастайды оғын сайлап,

Кей батыр безейді оғын өткір қайрап.

  1. Қызыққан жас сұлуға дәмеліден

Қалмады оқ атпаған бір нән талап.

  1. Күй шіркін кейде серпіп қылаңдайды,

Кейде пәс, кейде сейдің, сылаңдайды.
Кейде жай кібіртіктеп, ақсай жылжып,
Кейде ырғып, ақ түлкіше бұлаңдайды.

  1. Шарықтап айналады тауды барлап,

Шаңқылдап құздан құлап көк қаршыға.

  1. Көтеріп төрт кісіні жүгіріп кеп,

Кім бұрын алып шықса мына тасқа.

  1. Жамырап, реттеніп самбырласып,

Жарыспақ дәмелілер дайын болды.

  1. Сізге сол әңгімемді баяндаймын,

Сұрауға төрелігін өзіңізден...

  1. Сағыммен көкке ұшады торғындай бу,

Сызылтып әдемі әнін сыңқылдатып.
Шындық болмыс пен адамның арасындағы қатынасты көрсететін көркемдеп суреттеу құралының бірі – әсірелеу. Әсірелеу – әр түрлі құбылысты өте асырып айту. Құбылысты жай қалпынан өте асырып көрсету арқасында суреттелген құбылыс, адамның ой сезіміне тез әсер еткіш келеді.
Мысалы:

  1. Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,

Басына атсаң-дағы оғың жетпес.

  1. Тартынбай қан төккенді батыр деген,

«Бір өзі жүз кісіге татыр» деген.

  1. Зиянсыз момындарды шаруа баққан,

«Қолынан түк келмейтін қатын» деген.
Міне, осылай поэмада өңірінің тауы, көлі, шыңы, қайталанбас көріністерімен жеке-жеке суреттеледі де, бәрі қосыла келіп Көкше табиғатының бөлінбес, тұтас әсем де жанды картинасын құрайды.
“Көкшетау” – Отан, Қазақстан, оның сұлу табиғаты, қазақ халқы, оның ғажап өнері, биік адамгершілігі, мәрттігі туралы поэма.
“Көкшетау” поэмасы – қазақ поэзиясының інжу-маржаны.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет