Дипломдық ЖҰмыс сәкен сейфуллин поэзиясындағы туған жер табиғатының тілдік бейнесі иса Дана Сансызбайқызы



бет7/15
Дата28.11.2023
өлшемі159,4 Kb.
#130584
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
stud.kz-103094

Қайырымды қалың елі бар,
Сарыарқа сары белі бар,
Өрісті шалқар көлі бар –
Сағындым мен қырымды.
Келесі шумақта қазақ халқының көшпелі өмір салтын, аңғал да кіршіксіз көңілін суреттеп, туған ауылының бейнесін көрсетеді.
Өзенді, көлді жайлаған,
Кермеге тұлпар байлаған,
Хабарсыз арам ойлардан
Сағындым мен аулымды.
Бұл жерде «кермеге тұлпар байлаған» деген тіркестен қазақ халқының тұрмыс салтының жылқы түлігімен тікелей байланысты екенін аңғартады. Туған дала төсінде жүрген шақтарын сағынып, табиғат аясындағы сезімінің сұлулығы мен тұрақтылығын, оны ардақтау, қадірлеу идеясын жеткізеді.
Өлең жолдарында анаға, сүйген жарға деген сағыныш та ерекше сезіммен суреттелген:
Жібектей шашы оралған,
Қыпша белі қыналған,
Еркесі қырдың бұралған –
Сағындым мен сәулемді.
Айналып-толғап өсірген,
Ақ сүтін беріп кешірген,
Тастамайтын есінен –
Сағындым ғаріп анамды.
Лирикалық кейіпкердің қыр тіршілігіндегі өзгерістерге сүйінген қуанышты көңіл күйін ақын «Қырда», «Далада» атты өлеңдерінде еркелей, шаттана ескен дала желі арқылы бейнелейді. Дала – қазақтың киелі құт мекені. Дала халық ұғымында кеңдіктің, ырыс-несібенің, еркіндіктің символы. Дала желі – бостандық үнін елге жеткізер тың образ.
Көкіректі кернеп,
Кең даланы күңірентіп
Қатты айқайлап ән салдым.
Жаңғыртып кең даланы.
Салдым күшті дауыспен ән!
Әніме қосылды: кең дала,
Аққулы-қазды шалқар көл,
Қамысты-құрақты көк өзен
Қосылды бәрі шуласып,
Косылды бәрі шаттанып.
Сендерге, қарындастар,
Сендерге, інілер,
Сендерге арналды бұл әндер[21]!
Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңінде «алты жасар асауды ұстап мініп» ой қиялымен даланы дүбірлетеді. Көсілген дала еркіндіктің бейнесі болса, асау тұлпар еркін де қайсар рухтың бейнесін сипаттайды. Ақын өлеңіндегі ой үш ұғымға тоғысады. Олар: дала, асау тұлпар және ақынның лирикалық қаһарманы. Ақын өлеңде дала «жаңғырады», «дүбірлеп күңіренеді», асауды «орғыды», «осқырды», «зымырап құлашын керді», «көздері оттай» деген сөздермен бейнелейді. Ақының лирикалық қаһарманы еркіндікке құлшына құлаш сермеген жалынды жас. Ол кең даланы күңірентіп ән салады. Өлең астарлы оймен жазылған. Ақынның даласы – еркіндіктің бейнесі, асауы – еркін рухтың, жалынды күрестің бейнесі, ал ақын әні – жаңа заман үні. Жаңа заман үні «әділдік, теңдік іздеген», «еркіндік, кеңдік іздеген» «көкірегі жанып, бақыт іздеген» жастарға, іні-қарындастарға арналады. Ақын бақыт жолының бұралаңын, күрделі де қиын жол екенін білдіре тұра, сол қиындықты қайратты ер жастардың ғана жеңіп шығатынына қалтқысыз сенеді де, бірлікке шақырады.
«Жазғы түнде», «Тау ішінде» өлеңдерін ақын қазақ ауылының табиғатына, тіршілігіне байланысты шығарған.
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп [21], - деп, тамылжыған түнде қалғып, тауды оятып, баяулатып ән салған, армандай аруын сол сиқырлы әнмен сұрау салып іздеген жігіт көңілі сұңқардай қанаттанып, сонау биіктікті шарлайды.
«Ақша қар» атты өлеңінде ақын табиғаттың күнә мен кірден пәк тазалығын тамашалайды. Тазалық пен адалдық – ақын идеалы. Кір басып былыққан ескі дүниеге ол ақша қарды қарсы қояды.
Ұшқындап сәні кеткен ағаштарға
Ақ күміс шашақ болып көрік бердің.
Құлпырып жұлдыздай боп күлімдейсің,
Не көркін көрдің айтшы қара жердің?


Михнаты былғанышты түсіп жерге,
Кіршіксіз аппақ таза болдың перде.
Ақша қар, уайымсыз жалғыз - ақ сен,
Мәңгілік шаттығыңды жанға берме[21]! – деп, жаңа жауған ақша қар кірді тазартып, сәні кеткен ағаштарға шашақ тағып, көрік береді, жер бетін жұлдыздай жалтыратып, сәнге бөлейді.
«Күздігүні далада» атты өлеңінде солғын тартқан қазақ даласының қоңыр күздегі қайнаған тіршілігін жырлайды. Даланың күңіренуін, жапырақтың қуарғанын, көркінен айырылған табиғаттың жай-күйін домбыраның зар үнімен тұла бойынан өткізіп, мұң басқан көкірегінен құстай ұшырады. Бұлттың түңеруі, қара халықтың күзгі ызғардан дірдектеуі, байлардың рақаттанып жатқаны ақынды бей-жай қалдырмай осындай ойға әкеліп, қалам тербеуге түрткі болды.
Ақын елдің елдігін, дарқан даланың кеңдігін жырласын, ақша қардың ақтығын, махаббаттың пәктігін жырласын, ең бірінші өз дүние түсінігі, ішкі жан күйі тұрады, сонысымен әлемді, бүкіл дүниені толғандырып, бірге тебірентеді.
Сәкен поэзиясының көркі мен сұлулығы, сыршылдығы мен жыршылдығы, суреткерлігі мен ойшылдығы талай оқырманын тамсандырып, талай дуалы ауыздардың ілтипатын иелендіріп, өзіне тәнті еткен.
Ол қиялы – жүйрік, ойы – ұшқыр, қаламы – жүрдек ғажайып қасиет иесі, ол – өз халқының ана тілінің мол байлығын қапысыз меңгерген ғажайып суреткер!
Қаламгердің ақындық, жазушылық қабілетін танытатын басты белгі – шығарма тілінің көрікті, көркем, әсерлі болып келуі. Атамекеннің мамыражай өмір салтын, табиғатын суреттеуде Сәкен Сейфуллин айшықты сөз қолданыстары мен көркемдегіш құралдарды шебер қолданған.
Троптарды қолдану жазушының көркем ойының астарлы ойлау жүйесімен байланысты болады. Сөйлемнің түрлі реңдегі сөздер арқылы ойды толық та мәнді, мәнерлі де толық жеткізілуі үшін қызмет атқарады. Сол себепті ең алдымен ғалымдардың троп жайлы пікірлерін қарастырайық.
Академик З.Қабдолов: «Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек, әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл – құбылту, яки троп (грекше tropos – иін, иірім) – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Бұл ретте әдеби тілді ажарлау оны құбылтудың – ең қарапайым түрі деуге болар еді» [22.214].
«Троп – сөздердің үйреншікті емес, ауыс мағынада қолданылуы. Троп бір-бірімен байланысты белгілері бар екі құбылысты салыстырудан туады. Сөздердің тура мағынасы мен сөйлеу үстінде туған ауыс мағыналардың байланысу сипатына қарай троптың бірнеше түрі болады: метафора, метонимия, кейіптеу, синекдоха, символ, аллегория» [23.330].
Әдеби тілдегі басты құбылтулардың бірі – ауыстыру (метафора). Сөз метафоралар арқылы түрленіп, ажарлана түседі, өңделіп, бейнелі құралға айналады. Метафора дегеніміз екі нәрсенің бір-біріне ұқсастығына қарай бір-бірімен ауыстырып айту арқылы мазмұнынын тереңдетіп, әсерін күшейту.
1988 жылы жарық көрген «Тіл білімі сөздігінде»: «Метафора – (грек metaphora – ауыстыру) троптың бір түрі, ұқсастық, сәйкестік және т.б. негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы» [24.220], - деген анықтама бар.
Ал «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде»: «Метафора (грек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет