Дипломдық ЖҰмыс сәкен сейфуллин поэзиясындағы туған жер табиғатының тілдік бейнесі иса Дана Сансызбайқызы



бет2/15
Дата28.11.2023
өлшемі159,4 Kb.
#130584
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
stud.kz-103094

Зерттеудің ғылыми жаңалығы –
Зерттеу дереккөздері. Сәкен Сейфуллиннің шығармалары алынды.
Зерттеудің әдіснамалық материалдары. Жұмыстың ғылыми негіздері ретінде С.Мұқановтың, С.Қирабаевтың, М.Қаратаевтың, З.Қабдоловтың т.б. зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

1. Сәкен Сейфуллин өлеңдеріндегі табиғат көрінісінің жырлануы және көркемдегіш ерекшеліктері


1.1 Сәкен Сейфуллин өмірі, шығармашылығы және зерттеушілер пікірі

Қазақтың ақын-жазушылары туған тіліміздің ғажаптығын, сөз құдіретінің қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп кетті. Жиырмасыншы ғасырда қазақ әдебиеті әлемдік деңгеймен салыстырғанда кенже қалмай, керісінше жаңа қырларымен дамыды. Дүние есігін халықтың еркесі, қамқоршысы болып ашатын, халықтың жүгін көтеретін дара, дана жандар аз-ақ. Соның бірі, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, әдебиетіміздің алып тұлғасы, майталманы, суреткер, сыршыл да сезімтал қаламгер-ақын – С.Сейфуллин.


Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы он бесінші қазанда (жиырма үшінші мамырда) Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында (бұрыңғы Ақмола уезі, Нілді болысы, бірінші ауылда) дүниеге келген. Ақын өзі туған май (мамыр) айы туралы былай дейді: 
«Май айында керемет,
Бұлттанды аспан күркіреп.
Рахман жаңбыр құйып тұр,
Басыла қалды сіркіреп.
Жерге түсіп қызыл күн,
Жайнады дүние рух кіріп.
Май айында тамаша
Тау, тас, орман жаңғырды.
Қаһарлы қыста рух кеткен
Жер жүзіне жан кірді.
Жапырақ гүлге оранып,
Ағашқа көрік – сән кірді.
Сансыз құс жырлап ерте-кеш,
Орманға шаттық ән кірді.
Жапырақ, балау қызғалдақ
Құлпырды жұтып жаңбырды» [1.78] – деп, өзінің өлеңге, өмірге деген сүйіспеншілігі мен махаббатын осындай тамаша өлең жолдарымен жеткізеді. Ақын жан мен рухты осылай суреттеп, мәңгілік адамның рухы мен жанының бірігуін аңсаған.
Қазыналы өлке Сарыарқаның мөлдір суы, сағымды даласы, толқыған Есіл-Нұра өзендерінің бойы, Ор, Аба тауларының баурайы – Сәкен ақынның бақытты балалық шағы өткен, таңғажайып сұлу жаздың жайлау рахатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жыры мен ертегілерін естіп, адам жанын тебірентіп, еліктірер ән мен күй тыңдаған, айтыс пен көкпарды қызықтап, айт пен тойдың қызығын көрген алтын бесігі мен ыстық ұясы.
Әкесі Сейфолла мен анасы Жамал табиғатынан дана, дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты, қажырлы ұлдарын азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен деп атап кеткен. Сәкен шығармаларының зерттеушісі, академик С.Қирабаев: «Сәкеннің әкесі Сейфолла домбырашы, әңгімеші, саятшы, ақжарқын, мейірімді адам болған. Анасы Жамал да ел әдебиетін жақсы біліп, Сәкеннің халық өнеріне деген сезімінің оянуына көмектескен» [2.170], – деген. Ақын әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі.
Сәкен Сейфуллиннің балдырған-балалық шағы киелі ауылында өтеді. Ж.Аймауытұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаевтар сияқты Сәкен де ауылдағы Ағаш аяқ дейтін молдадан діни білім алып, сауатын ашқан [3.6].
Ақын өзінің осы балалық шағын есіне түсіргенде: «Нілді зауытында үш жыл оқып, білім алдым. Алғаш өлең жазуды да осы жерден бастадым. Сол үш жылда, бір сабақ – орысша әліпби кітапшасын оқып, алған білімім болса, екінші сабақ – ұсталардың аласұрып жұлқынған машина әрекетінен жер астында жұмыс істеп шығатын кең жұмыскерлерінің тіршілік-тұрмыс күйінен алған сабақ көңілге орнаған тоқу болды...» [4.21], – деп жазады. Еңбек адамдарының ортасында жүріп, ұлтты қанаумен, отаршылдық езгімен ерте танысқан болашақ ақынның өлең жазбауы мүмкін емес еді. «Тергеген болсаң айтайын» атты өлең жолдарында ақын былай деген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет