Жұбатты менің жанымды. («Қамауда») Танаулары шелектей,
Ырсылдап демі көріктей, Көздері оттай, өріктей. («Далада») Ақ боз атым – қояндай,
Еркелеп басар аяндай. («Тау ішінде») Ақынның эпитетті қолданудағы басты мақсаттарының бірі – табиғат көріністерін, тұрмыстық жайларды, жеке құбылыстар мен заттарды оқырман сезіміне әсер етерліктей жеткізу. Эпитет дегеніміз адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой – қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздер [34.106]. Эпитетке алғаш анықтама берген А.Байтұрсынұлы: «Көркейту я жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп айтқанда, я нәрседе болмайтын сипатты болатындай етіп айту. Асылында айқындау нәрсені я көркейту үшін айтылады, я лақаптау үшін айтылады», - деп жазады [35.55]. Эпитет қандайда бір сөздің сапасын, белгісін білдіретін көркемдеуіш құрал болғандықтан оны айқындау деп те атайды. «Адамның, заттың не табиғат құбылыстардың өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой қиялына әсер ету үшін қолданылған сөздердің бір түрін эпитет» – деп түсіндіреді ғалым Қ.Жұмалиев. З.Қабдолов эпитетке мынандай анықтама берген: «Эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, анықтайтын суретті сөз» [22.218]. М.Жүсіпова: «Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз», – деген [29.108].
«Эпитетті қолданғанда, жазушылар жай қолдана салмайды. Белгілі мақсатпен қолданады. Жазушының қолданған эпитеттері суреттеген нәрсесіне өзінің қатынасын көрсетеді» [36.85]. Мысалы:
Ақ боз ат – менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұнқарым. А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің Білгейсің келгенімді жалғыз өзің. («Тау ішінде») Аузымнан өлеңімді қағып алып,
Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп. Асау жел саулап жаттап кетті сарнап,
Өрім талдай, Жазық маңдай. Қыздары біздің жақтың қара көзді,
Сырнайдай дауыстары, тәтті сөзді. Қызыл гүл албыраған еріндері, Шырайлы,ашық көңіл, бал мінезді. («Біздің жақта») Сәкен Сейфуллин өлеңдерінде айшықтауды да ұтымды қолданған. Айшықтау – әдеби тілдің әсемдігі үшін ғана емес, әсерлілігі үшін де аса қажет тәсіл. Айшықтау дегеніміз – сөз тіркестерін, сөйлемді дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. З.Қабдолов: «Айшықтаудың бір түрі – қайталама – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәртебеге қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу» - деп анықтама береді [22.229].
Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіру. Қайталаудың екі түрі бар:
1) Сөз қайталау; 2) Дыбыс қайталау;
Сөз қайталау:
Бастапқы қайталау (Анафора) - (грекше anaphora – биікке шығару).
Мұнда өлеңнің әрбір жолы не әрбір ойдың ағымы бір сөзден басталып отырады.
Мысалы:
Қосылды бәрі шуласып, Қосылды бәрі шаттанып.