Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Ақын-жыраулар поэзиясындағы «ар» концептісі» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет7/8
Дата23.02.2022
өлшемі111,3 Kb.
#26238
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дипломды Ж мыс та ырыбы «А ын-жыраулар поэзиясында ы «ар» конц

-Арсың ба, Асан ата?

-Барсың ба, жарқыным?!

Жәнібек хан енді қазақ әдетімен алдымен құшағын айқастыра, кеудесіне кеудесін тигізіп, әуелі Асан Қайғымен, содан соң Қотан жыраумен, кейін Қазтуғанмен амандасты. Жәнібек ханның өзі асан Қайғының қолтығынан ұстады. Бәрі бірдей хан ордасына беттеді. Ақ Ордаға тәжім етіп кіргеннен кейін үш жырау хан тағының оң жағындағы шайы көрпенің үстіне барып отырды. Төрге Асан Қайғы жайғасты. Одан сәл төмендеу Қотан жырау, сосын барып Қазтуған жайғасты. »

Осы бір үзіндінің өзінен жырауды қара тұрмақ, ханның өзі ерекше ықыласпен, зор көңілмен ардақтайтынын оңай аңғаруға болады. Асан қайғы толғауларынан Қазақ хандығының құрылу дәуірінің тарихи белгілерін көреміз. Ғалым Б.Кенжебаев: «Асан Қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді», деп жазған еді. Асан Қайғы – халқының бір­лігін, мемлекеттің тұтастығын сақтаған жырау.

Оған төмендегі толғау мысал болады:

«…Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған,

Оймауыттай тоғай егіннің

Ойына келген асын жейтұғын,

Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің.

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң, тойынды.

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың,

Ойылдан елді көшірдің».

Бір емес үш ханның тұсында ғұмыр кешкен Асанның арнау-толғаулары әлі күнге дейін нақыл сөз, халық жадында мақалға айналған. Қазақ ұлт болып қалыптасу жолында үлкен де, кіші де Асан толғауынан нәр алып, Асан жырларынан тәлім алған. Оған дәлел ретінде мына бір жолдарды мысал етіп ала аламыз.

«Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа.

Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те қоя бер,

Бұрынғыны қуыспа»

Жоғарыдағы Асан сарыны өзінен кейінгі жыраулық форманың негіздерінде де қайталау формасында кездеседі. Асанның хан Жәнібекке де, Әбілхайырға да сөзі жүргені белгілі. Жыраудың Жәнібек ханға айтқан «Ай, хан мен айтпасам білмейсің» атты 33 тармақтан тұратын арнау-толғауы Әлкей Марғұлан еңбектерінен сараланып, «Ертедегі әдебиет нұсқалары» деп аталатын 1967 жылы жарияланған кітапқа енген. Кейін бірнеше рет қайта басылып, толықтырылып, жаңарып отырған. Сол «Жәнібекке айтқаны» толғауында ұлт болып қалыптасып келе жатқан қазақтың мүшкіл халі де, жағдай-жапсары да анық суреттеледі. Ханға деген өкпе-реніш, наз бен мұңды, халықтың қайғысына алаңдаушылықты да көруге болады. Ұлт көрінісі жыр жолдарындағы «шабылып жатқан халық бейнесі», «айнала аңдыған жау көрінісі», «қымыз ішіп мастанған хан бейнесі», «қарадан қатын алу мәселесі», «салт пен дәстүрді бұзу», «ел-жұрттың қамын ойламау» сынды көріністерді бөлім-бөліммен жекелей жіктеп көрсеткен. Халықтың қайғысы мен қамы, жағдайы мен жапсары жырауға мәлім. Жыраудың сөзі ханға өтімді. Саяси бірліктің хандық кезеңдегі сақталған көрінісі осындай. Айтқымыз келген Асанның «Жәнібек ханға айтқаны» жеке-дара тармақтарға бөлініп, әр тармақтың жекелей мәні мен мағынасына сай зерделенген. Ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріне сүйенер болсақ, олар арнау-толғаудың мазмұнын, мән ішіндегі сөз бірліктерін, концептілер мен қолданылу ерекшеліктерін аса ұқыптылықпен қарастырған.[1. 28]

Жасы тоқсанды алқымдаған жыраудың Жəнібектей ханға білдірген реніш, өкпе-наздарын қатар-қатар, сөзбе-сөз зерделер болсақ, мынадай жағдайларды аңғарып, ұлттың болашағына деген ықпалын аңғара аламыз..

Біріншіден, алғашқы тирадада көрсетілгендей, айнала аңдыған жауы, «Шабылып жатқан халқы...» көрер көзге көрініп тұрған шақта, қызық пен сауықтың әлегіне салынып, «қымыз ішіп қызаруы» секілді алаңсыз да аңдаусыз күй кешіп, биліктегі уақытын бос өткізуі, əрине, хан атаулының ең үлкен кемшілігі болып табылады:

Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің. 

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып, қызып терлейсің,

Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Елеуреп неге сөйлейсің?!

Екінші тирадада Жəнібек ханның қорған, қала салуға байланысты жыраудың жанама емес, тікелей жеткізгені келтіріледі:

Қорған салдың бейнет қып,

Қызметшің жатыр ішіп-жеп.

...Оны неге білмейсің?!

Жəнібек ханның өзі билеген тұста орыстың атақты шеберлерін aлдырып, кəуірге қaлa салдырғаны, ол қаланы қоршап, қазаққа жат дүниені жарнамалағаны көңілге қонбайды «Қорған салған бейнетің» бос əурешілік болды, — деп, ханды мұндай іске бармауға, халықтың жағдайына мән беруге шақырады.

Үшінші тармақтың ерекшелігі қазақ деген ұлттың текті сақтау, қанды бұзбау тәртібі сөз болады. Төре әулетінен тарап, тұқымын таза сақтаған хан-сұлтандардың қараша халықтың ортасына шыққан əйел затына үйленбеу тəртібін, әйел затының ұрпақтың алдындағы мәнін сөз етеді:

Қатын алдың қарадан,

Айрылдың хандық жорадан,

Ел ұстайтын ұл таппас,

Айрылар ата мұрадан!

Мұны неге білмейсің?!

Асан Қайғының толғауынша, Жəнібек ханның «Қарадан қатын алуы» ата-бабадан келе жатқан «Айрылып хандық жорадан» салтты бұзуы. Бұдан барып ғасырлар бойы сақталып келе жатқан генетикалық тек бұзылады, оның салдарынан мемлекеттік іске зияны келуі мүмкін. Себебі ондай əйел: «Ел ұстайтын ұл таппас», одан туған ұл қажырсыз, əлсіз жəне тағы басқа кемшіліктері болып, «Айрылар ата мұрадан!» — ең үлкен қауіп осы. Жыраудың ұлт қалыптасуына ат салысуы осы бір көріністер арқылы суреттеліп, философиялық толғау түрінде бүгінгі күнге жеткен. Төртінші тирада хандық дәуірдің, соның ішінде қазақ хандығының құрылған тұсындағы ұлттың санасына, ұлттық өлшеміне, салт-дəстүріне сай келмейтін Жәнібек ханның тағы бір ерекше ісінен хабар береді. Аң аулайтын құстардың ішіндегі нашары, жыраудың айтуынша, «Құладын құстың құлы еді». Оның белгісі «Тышқан жеп жүнін түледі». Осы құладынға хан анау-мынау емес «құстың төресі» аққуды алдырады. Ал бұл дегеніңіз, жаман ырым, себебі аққудың киесі бар, яғни «Құладын аққуды өлтірсе» оның киесі жібермейді. «Өз басыңа келеді!» — деп, болжайды:

Құладың құстың құлы еді,

Тышқан жеп жүнін түледі,

Аққу – құстың төресі

Ен жайлап көлді жүр еді.

Аңдып жүрген көп дұшпан

Елге жау боп келеді.

Құладын аққуды өлтірсе —

Өз басыңа келеді!

Құлың көп сені өлтірер,

Осыны Асан біледі,

Мұны неге білмейсің?!

Ұлт бейнесі қашаннан белгілі бір жүйенің ізімен, белгілі бір дәстүрдің негізінде қалыптасатыны белгілі. Сол көріністе символикалық ерекшеліктер әр ұлтқа тән болады. Қазақ ежелден көк бөріні, сұңқарды, қыранды, жылқыны, аққуды дәріптегені белгілі. Бұл жолдардан да ұлттық болмыстың жат қырлары суреттелген.

Бесінші бөлімінде Асан қайғы: «Желмая мініп, жар шалсам», сол «Тапқан жерге ел көшір», — деп, Жəнібек ханнан қатаң түрде талап етеді:

Тіл алсаң іздеп қоныс көр

Желмая мініп жер шалсам,

Тапқан жерге ел көшір,

Мұны неге білмейсің?!,- дей келе осы бір ханға айтылған толғаудан кейін ел үшін Жерұйық мекен іздеп кеткен.

Толғаудың алтыншы бөлігінде, халыққа жайлы жердің, нулы орманның, шүйгін шалғынның керек екенін тілге тиек ете отырып, одан әрі жалғастыра түседі. Асан қайғы атамыз дегеніне көнбеген ханға: «Бұл арадан көшпесең» — деп, батыл кейіпте сөйлеп, келе жатқан «Кəуір алар қалаңды, Шулатар қатын-балаңды» деп өзінің көрегендігін танытып, алдын ала болжамын айтады. Өзі айтқан болжамдарды абыз қария түсінде көрген деседі. Екі азулы империяның аралығында жатқан ұлы Даланың уақыт өте келе болашақта жаулап алынатынын ойшыл ақын-жыраулар тым ерте-ақ сезінді. Осыны іштей алдын-ала сезген жырау:

Ол күнде қарындастан қайыр кетер,

Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер.

Ұлы, қызың орысқа бодан болып, 

Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер? — деп, түбінде Ресей империясы тарапынан отарланатындығымызға XV ғасырда-ақ болжау айтқан еді. Ұлттың енді қалыптасып келе жатқан мезгілінде қарқынына қарай отырып, алдағы үш ғасырдың әрекетін божаған. Шекаралас көрші жатқан қос империя тарапынан болатын езгіні ескермей алаңсыз сайрандап жүрген хан Жəнібекке де осы бір болжамын дәл жеткізді.

Арасында қытай, орыстың

Қорған сап тыныш жатырсың.

Ертісті өрлеп орыс жүр, 

Тіл алсаң іздеп қоныс көр, деп қатерлі қауіптің қай тұстан соғарын да дəл болжап, алдын ала сезген көреген жырау танымына бас иіп, таң қалмасақ, мынауың теріс еді деп айта алмасақ керек-ті. Жырда жетінші тираданың орны ерекше бөлек. Ол алдыңғы бір-бірімен тікелей байланысып, бірінен-бірі туындап жатқан бөліктеріндей емес, оқшаулау. Бүкіл жырдың түйіні іспеттес жұмбақталып айтылатын тирада:

Ай, Жəнібек, ойласаң,

Қилы, қилы заман болмай ма,

Суда жүрген ақ шортан

Қарағай басын шалмай ма,

Мұны неге білмейсің?!- деген жолдардың өзінде жырау алдағы күннің, ел басына туатын зобалаңның көрінісін астарлап, хан тарапына меңзеп жеткізіп тұр. Көрсетілген жыр жолдарында абыз жырау күн-шығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді. Толғаудың соңында Асанның айтып-айтып келіп, шығарманың қорытындысы есебінде «Хош аман бол, Жəнібек. Енді мені көрмейсің!», — деп, ашуланып, қолды бір сілтеп, сірə, бесінші тирадасында айтқанын істеуге «Желмая мініп, жер шалуға» кетті деп жорамалдауға болады.

Абыз Асан Қайғының жырларын зерделей келе, ұлт болып қалыптасу кезеңінде хан мен биден, батыр мен уәзірден бұрын ақсақал абыз жыраулардың, олардың арнау-толғауларының алар орны зор екенін көреміз. Осы орайда, жыраулар поэзиясы ұлт болып қалыптасудың басты көрінісі екендігі айқын. [1.29]
1.2 Жыраулар поэзиясындағы жыр иірімдері
Халықтың азаматтық тарихы мен әдебиет тарихының арасында өзара ұқсастық та, бір-бірінен айырма да жоқ емес. Ұқсастығы – екеуі де халық жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі есепті. Айырмасы – сол екі түрлі шежіренің екі түрлі міндет атқарып, әртүрлі құралмен жасалуында. Азаматтық тарих халық өмірінің әрбір тұсын, бағыт-бағдарын, белгілі оқиғаларын, негізгі беталысын, тұтас алғанда жалпы болмысын, қозғалысын мұқияттылықпен, бүге-шүгесіне дейін қамтуға тырысса, әдебиет тарихының өзінше ережеге сай заңдылығы бар. Ол халық өмірін тарих секілді тәптіштеп түсіндірмесе де, оның қадау-қадау тұстарын, оқиғаларын, көркемдік дүниетанымға лайық тәсілдермен, жыраулық дәстүрге сай жыр жолдармен жинақтай, жеке образдар, идеялар, ойлар арқылы суреттейді, басқаша айтсақ, уақытты да , қоғамды да, адамды да, сол ортаға, сол тұсқа, олардың көркемдік талабы мен талғамына лайық көркемдік құралдарымен бейнелейді.

Жыраулар поэзиясының ұлт болып қалыптасудағы көрінісін тек Асан Қайғы жырларымен ғана шектеуге болмайды. Біз жоғарыда Асан Қайғы жырлары арқылы тек ұлттың қалыптасу негізіндегі жыраулар поэзиясының даму, туу, кезеңдеріне шолу жасадық. Асаннан кейін Қазтуған, Доспамбет жырларында да, Шалкиіз бен Ақтамберді толғаулары мен Бұқар жыраудың арнауларында да ұлттың қалыптасу көрінісін, сол ұлттың ішкі сыртқы болмысын, мінез ерекшеліктерін, тіпті аймақтық, гендік, физиологиялық ерекшеліктерін де аңғаруға болады. Бірақ кез келген жырды бір ғана жүйенің негізінде, бірізділіктің нышанында қарастыруға болмайды. Арнау поэзияның да, толғау поэзияның өзіне тән көтерген тақырыбы, ашылған болмысы, жыраулық дәстүрге сай тілі, жырау сарыны мен мақамы, идеялық-мазмұндық ерекшеліктері болады. Асан Қайғының, Қазтуғанның, Доспамбеттің, Шалкиіздің, Жием­­беттің, Марғасқаның, Ақтамбердінің, Тәтіқараның, Үмбетейдің, Бұқардың толғау­ларында қазақтың ата мекендері шығармалардың тақырыптық-идеялық, көркемдік-стильдік әр­түрлі ерекшеліктеріне орай жырланады. Жыраулар поэзиясындағы жер-су атауларының ішінде Алтын Орда дәуіріндегі қазақ халқының иеленген мекендері сағынышпен, қимастық сезіммен жырланады. Атап айтқанда, Еділ, Жайық, Сырдария, Қара Ертіс өзендері, Азау (Азов) теңізі, Түркістан, Ташкент қалалары, т.б. мекендер жыр арқауының негізін құрайды. Қазақ әдебиетінің ерте дәуірінде, яки қазақ хандығының қалыптасу және құрылу тұсында өмір сүрген жыраулар мұрасы мен кейінгі жыраулар дәстүрінде ұқсастықтар өте көп.

Бүгінгі таңда жыраулар поэзия­сының көркемдік ерекшелігі мен құндылығы – Тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақ елінің өс­кін ұрпақтарын еліне, жеріне, Тәуелсіз Қазақстанына деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштік сезімін оятып қалыптастырады. Қазақ елінің мемлекеттілігін, ежелгі ата жұртын мәңгілік мақтанышпен, асқақ сезіммен жырлау – жыраулар поэзиясында қалыптасқан ұлттық болмысымыздың нақты көрінісі. Қазақ хандығының мемле­кеттік құрылуы дәуірінде өмір сүрген көркем сөз шеберлері – қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының қалыптасуында Доспамбет пен Шалкиіз жырау­лардың алатын орны ерекше. Доспамбет жырау поэзиясында атамекенді сүю, ардақтау, отаншылдық-патриоттық рух өте басым.
«Бетегелі Сарыарқаның бойында,

Соғысып өлген өкінбес!» деп кең даланың сайын төсіне деген сезімін соғыс құрбаны болумен сарықса, одан соң:

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

… Кетбұғадай билерден

Кеңес сұрар күн қайда?!»

Еділдің бойын ен жайлап,

Шалғынға бие біз байлап,

Орындықтай қара сабадан

Бозбаламен күліп-ойнап,

Қымыз ішер күн қайда?!» - деген жолдардың өзінен Доспамбет жыраудың поэзия­сындағы басты идея – өткен күнді аңсау, болашаққа алаңдау екенін оңай аңғара аламыз. Жоғарыда көрсетілгендей Асан қайғы бастаған жыраулар тобының барлығына дерлік тән идея – еркіндікті аңсау, жер-су мәселелсі, орыстардың енді-енді белең ала бастаған саясаты. Дәл осы секілді идея мен мазмұндық ерекшелік Қазтуған жырларында да өзара үндескен формада кездеседі. Жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Салп-салпыншақ анау үш өзен» сынды толғауларының идеясына үңілер болсақ, туған жердің қадір-қасиетінен сыр шертетінін көреміз. Қазтуған да өзіне дейінгі, өзінен кейінгі жыраулар секілді өткенін қимай, бүгініне риза болмай, болашаққа секеммен қараған. Жыраудың ішкі жан-дүниесінен өкініш пен мұңды, сағыныш пен шерді аңғарамыз.

Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,

Балығы көлге жылқы жаптырмас,

Бақасы мен шаяны,

Кежідегі адамға

Түн ұйқысын таптырмас,

Қайран менің Еділім, - деген жолдардың өзінен-ақ жырау жан күйзелісі мен халыққа жеткізгісі келген ойын бірден ұғуға болады. Жыраулар – Қазақ хандығы мемлекетіндегі қазақ халқының әрбір азаматының асыл сапаны иеленуін, сол жақсылықты ұрпақтарға жалғастыруын мұрат тұтқан қайраткерлер. Жеке адам­­­дардың қасиеттері арқылы халықтың, оның ұрпақтарының өнегелі тұлға, үлгілі әулет құрай­тын­дығын жыр жолдарында айғақтайды. Шалкиіз жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ, әлем бір қалыпта тұрмайды, бәрі өткінші деген пікірді уағыздайды. Жырау әрбір адам ақырын жүріп анық басуы тиіс, көп асқанға бір тосқан болатынын да еске салады. Жыраулар қазақ халқының ертеңгі болашағы, балалардың да татулықпен, бірлікпен қа­лып­тасып өсуін жырлайды. Жастайынан ауызбіршілікпен, достықпен қалыптасып өскен жас ұрпақтың халқын баянды бақытқа жеткізгені – тарихта дәлелденген ақиқат. Сондай қалып пен дәстүрді бұзбай ұстанған жыраулардың бірі – Ақтамберді жырау. Ақтамбердінің қазақтың жаңа жас буынына арналған тәрбиелік өсиетінің осындай тағылымды жақтары бүгінгі Қазақ елінің өскін ұрпақтарына үлгі-өнеге болмақ. Жыраулар поэзиясын зерделеген тұста, көпшілігі жаугершілік заманның сарынындағы батырлық жырларына ұқсас деп жатады. Десе де, идеялық-мазмұндық жағынан жыраулар поэзиясы тәрбие мен білімді қатар ұстана алған ауыз әдебиетіміздің ең ірі бөлімі. Мысалы, Ақтамберді өлеңінен үзінді келтірер болсақ:

«Балаларға өсиет:

Қылмаңыздар кепиет,

Бірлігіңнен айрылма,

Бірлікте бар қасиет.

Татулық болар береке,



Қылмасын жұрт келеке», дейді. Шындығында тек бір сарынның соқпағымен шектелмей ұлттық рух пен ұлттық тәрбие, білім мен парасат, ақыл мен сана мәселесінде де жыраулар поэзиясының атқарар рөлі зор.

Ақтамбердінің жырлап кеткен өсиет сөздері бүгінгі таңда өзіндік құндылығымен ерекшелене түседі. Бүгінгі жаһандану дәуірінде тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақ елі үшін бірлігін сақтауға, мемлекеттілігінің тұтастығын қамтамасыз етуге жыраулар поэзиясының беретін тәлім-тәрбиелік жақтары ұшан теңіз. Жыраулар – Қазақ хандығы халқымыздың барлық жастағы адамдарының асыл, саналы қасиет­ті болуын мұрат еткен нағыз тәрбиешілер. Жыраулар поэзиясы – қазақ сөз өнеріндегі шынайы ұлттық сипаттың негізгі көркемдік іргетасы. [2.126] Сондықтан, халықтық тәрбие дәстүрін жырау­лар поэзиясы арқылы тереңдете ұғындыру – өмір талабынан туын­даған мәселе. Жырaулaрдың жыр-толғамдарында ұлттың мақсат-мұраттарының келешек жағдайы турасында тақырып бола білген мазмұнды ойлар - туған жер мен туған-туыстың, жалпылама қазақтың, ата-бабаның алдыңғы буынынан беріге дейінгі мәдени мұрасын, елдік пен ерлік жолындағы сәттерінің рухани бейнесін тарихи тұрғыда анықтап отыратын шындық болып табылады. «Қазақтың – деп жазады Х. Досмұхамедов, — жеке өмірінің барлық сәттері – туғаннан бастап өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар халық әдебиетінде жырланады» Дүниетаным шексіз, шекарасы жоқ рухани әлем. Адам бар жерде дүниені тану, қабылдау, сезіну бар. Ал, ұлт бар жерде дүниені тану мен қатар игеру, яғни дүниетанымдық құндылықтардың өмір сүрері анық. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, қазақ жыраулары ұлт болмысының тағдырына сын көзбен қарауда оның ұлттық рух пен үндескен тарихи-әлеуметтік кеңістігін өздерінің рухани кітапханаларында сақтап қалған. [2.145] Сонымен қатар жырауларымыздың философиясының мазмұнын зерделеген сайын, сол дәуірде ел, жеке адам, жер тағдыры үшін қоғам шындығы тұрғысында ойланған зиялы адам бейнесі де көз алдымызға келіп отырады. Әрине тарихымызда тұлға феноменінің тарихи шындығын, қалыптасу ерекшелігін анықтайтын дерек көп. Жырау феномені арқылы дүниетанымдық өрісін кеңейтіп, рухани тереңдігін сақтап келген қазақ философиясының болмыс бітімі де байыппен қараған адамға күрделі құбылыс ақиқатын танытары сөзсіз. Бұның ішінде көзге бірінші көрінетін нәрсе «ұлттық рух», «ұлттық идея», «ұлттық мүдде», «ұлттық зиялылық» ұғымдарының бірінің мәнін бірі толықтырып және адам болмысының рухани ерекшеліктерін зерттеуде үлкен тарихи тәжірибе мен білім көзіне айналып отыратындығы. Еліміздің өткен жолында бойына біткен бар рухани мүмкіндігін ұлттық мүддеге қызмет ету үшін шыңдаған даналардың «Қазақ идеясы» бағытында дүниеге келген идеяларының дербес рухы жөнінде алаш ғалымдары өз зерттеулерінде былай деп жазады: «Халық әдебиетін тудырушы және сақтаушы қазақ халқының өзі болғанымен, халық творчествосын жарқыратып көрсетушілер: өлеңшілер, халықтың суырып салма ақындар және халық билері. Шешендік пен өз ойын ырғақ әуенмен жеткізу қабілеті, күллі қазақ халқына тән қасиет, бұл тұрғыдан әсіресе өлеңші, ақын халық билері ерекше көзге түседі. Қалың бұқара арасынан шыққан олар – халық әдебиетінің мән-мазмұны мен тіл тазалығын сырттан келетін жат әсерлерден қорғаушылар, әрі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қазақ халық әдебиетін сақтаушылар» Жыраулықтың мәдени дәстүрі, рухани адамның ақындығы мен сауаттылығында, сезімталдығы мен зерделілігінде, терең пайымдаушылығы мен нақты кісілік шешім қабылдауға дайын келетін табандылығында және ел болмысының мән жайын терең ұғынып, рухани тәжірибесін ұлттық рухтың интеллектуалдық қуатына айналдырып отыуында. Яғни жырау әр бір ұлт мүшесі жеке адамның ұлттық табиғатын, ұлттық көзқарасын қалыптастырып, ұлттық ойлауының өрісін кеңейтетін ана тілдің, ұлттық ділдің, ата баба дінінің, ата баба дәстүрінің қамқоршысы.

Қоғамның рухани жағынан жетілуінің негізі ұлттық мүддеге қызмет етіп отыратын ұлттық идея деп пайымдасақ, қазақ жырауларының «қазақ идеясына» өз үлесін қосуда, адамзат мәдениетінің дамуында тарих пен қоғам кеңістігіндегі құндылықтар бағдарын жүйелеп, жаңа ұрпақ буынның игілігіне икемдеп отыратын тұлғалықтың тағы бір ерекше құбылысын атап өту қажет. Ол халықтың жан дүниесін, рухын даналығы арқылы жетілдіруді көздеген қазақ жырауларының ақиқатқа адал, шындыққа еркіндігі. Қазақ ұғымында турашыл білікті және кез-келген білімді адам естінің өсиетін ұғып, яғни елдіктің заңына бағынған адам түсінігінде адамның бәрі шынайылығымен бауыр.

Жыраудың ханға айтқан тура сөзі кім-кімге де зиялы кеңес. Бұл ұлт интеллектуалының қалыптасуының тарихи мысалы. Қай елдің философиясы болмасын, олардың ұлттық идеялық негізде қалыптасуына себеп болған ұлттық поэзия. Даналықтың өзі рухтан туған ой. Жекелеген адамдардың ұлттық өнерінің бойында бар идеялар, халықтың ішінен зиялылардың ел алдына шығуына, елге кәсіби білім бағытында қызмет етуіне жетекші болғандығы көпшілікке аян. Сол сияқты «жыр рухына» кездейсоқ қарау мүмкін емес, әсіресе қазақ елі үшін жыр ұлттық идеяның терең арнасы. [3.134] Ел мүдесіне, ұрпақ игілігіне ауадай қажет барлық құндылықтарды сақтап, реттеп, бірі өмір сүру үшін бірінің қажеттілігін сақтап, оны тұтастай ұлттық рухтың қуатына айналдырып отырған осы жыраулар дүниесі. Жыр бейнелі ой, білімді сөз, зерделі түсінік, саналы өмір, кісілік қасиеттердің өрісі, тұлғалық көзқарас, сезімталдық, ұлы мақсат, ұлттық мұрат. Осы құндылықтардың танымдық негіздері, құндылықтың бағдары жыраулар даналығының негізгі тақырыбы.

Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы, ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақ жырауларының зиялылығы осы ұлттық идеяның құбылысы мен қалыптасу заңдылықары арқылы тереңдей түспек.

Жыр қазақ хандығы құрылғанға дейінде қазақ топырағында өмір сүрген, ал қазақ хандығы құрылған уақыттан бермен қарай «қазақ идеясы» өзінің өкіліндерін ұлт мәдениетінің сахынасына шығарды. Асанқайғыдан бастап кешегі Қайрат Рысқұлбековтерге дейін жетіп отырған жыраулар идеясының рухы әлі де ұлттық идеямыздың жандануына бағыт бағдар берері сөзсіз. Ол үшін қазақ идеясының тарихи кеңістіктегі таралымын осы жыраулар даналығы арқылы зерделеу қажет.

Өзінің экзистенциалдық идеяларымен «Асан Қайғы» атанған ғұлама, бүгінгі ұрпаққа кісіліктің үлгісін қалдырып отыр. Оның бізге жетіп отырған дүниелері оның ұлттық мемлекетті дамыту жолында «Қазақ идеясын» қалыптастыруға аянбай қызмет еткен тұлға екендігін көрсетеді.

Елдің рухани тұрмысын сақтап қалу оңай іс емес. Асан қайғыдан бастау алған «Қазақ идеясының» дамуындағы жыраулар философиясының феномені ұлттық санамыздың ішінде, олардың елдің қоныстануы жөніндегі идеяларының маңыздылығы арқылы сақталып қала бермек. Олардың ұғымында елді сақтау үшін, жерді дұрыс пайдалана білу қажет. Жер ұрпаққа мұра боп қалу үшін онда елдің қоныстануы қажет және де халықтың шаруашылығы еркін дамуы қажет. Ұлттық қажеттіліктерді жүзеге асыру мәселесіне теориялық жағынан терең мән берген қазақ жырауларының идеялары, дәстүрлі қазақ қоғамының сонау көне түркілерден бері қалыптасқан болмысының бұзылмауына ықпал етті. Тарихтан белгілі жерді, елді қорғау халқыңа адал болу ұрпақтың азаматтылығына тәуелді. Бір елдің өркениеттілігін мойындау үшін де, алдымен сол ел жұртының өркениеттілкке қалай қол жеткізгендігін білу қажет. Демек елдің өркениеттілігі түсінігі, сол қоғамдағы азаматтық мүмкіндік туралы идеяның жүзеге асу деңгейін салмақтай түспек. [3.127]

Әр адамның қоғамда ұлт өкілі орнында өмір сүруіне бағыт-бағдар беретін өз табиғаты бар. Ол не нәрсе? Жырауларымыздың идеяларына сүйенсек, адам бойындағы тектіліктің болуы үшін интеллектуалдық орта қалыптасуы қажет. «Жалғыз ағаш орман емес, сол секілді жалғыз адамда тегістей елге қорған емес» — деген билер даналығындағы өсиет осы шындықтан қалса керек. Адам зиялылыққа қол жеткізуі үшін, оның алдымен өз рухына қамқор болатын бойындағы қасиеттердің көзін ашуы қажет. [4.91]

Тарихи — философиялық әдебиеттерде, интеллигенция не істеу қажет?-деген сауалға көбірек көңіл бөлініп жатады. Қазақ жырауларының ұғымында әр адам өзінің кісілік рухына адал болса, өз ісінің зиялысы. Тұлғалық адамнан талап етілетін қасиет. Тұлғалық жүре-бара қалыптасып, өз-өзімен, өз мінімен күресе алған адамға айтылатын нышан. Сол себептен зиялылық адам санасында не істеу керек деген сауалдан емес, бірлікке ұмтылыстан, елдікті ұғынудан, құрметтеуден туындайтын қасиет. [4.97]

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады. Кейінгі ұрпаққа айтып кеткен Асанқайғы даналығының мазмұны осындай. Бұл жоғарыда айтып отырғанымыздай «Қазақ идеясының» қазақ тұлғаларының тарапынан салмақты зерделеніп, ұлттық болмыстың тұлғалану жолында өз деңгейінде ұстаздық қызмет атқарып, бірнеше ғасырды артқа тастап, бүгінгі бізге терең философиялық дүние ретінде жетіп отыруының бірден-бір дерегі.

Жыр да, оның иесі жырау да бір ғасырда қалыптасып, рухы биік шоғыры мен бір уақытта жойылатын зат емес. Жыр ұлттық идеяның өскен үлкен бәйтерегі, ұлттық рухтың қалың орманы. Сол себептен жырдың рухына ұрпақ рухы жақын келсе ол қайтадан күшіне енбек. Бұны не себептен айтып отырмыз? Қазақ жырауларының философиясы олардың ұлттық идея тұрғысындағы даналығы, ұлттық мүдде тұрғысындағы қызметтерінің тарихи кеңістігі негізінде әлі толықтай зерттеліп болған жоқ. Жыраулардың философиясының феноменін ашу-бұл қазақ идеясының тарихи қалыптасу негіздерін жарыққа шығару мен тең. Себебі жырау даналығы — тарихи із.

Ұлт пен ұрпақ арасындағы үндестікті айтқанда, халықтың сонау ерте кезеңнен бері Қазақ ұлты өз жерінің қадір-қасиетін оның құнарымен, маңдай тер еңбектің күшімен бағалаған, жердің қасиетін, оның адамға берер құнар-қуатын философиялық деңгейде пайымдаған. Жыраулар философиясындағы жердің құнары туралы ой толғамдар ұлттық рухты көтерудің мәселесіне де айналған. Осы тұрғыдан келгенде қазақ жыраулары поэзия өнерінің ғана емес, ел тұрмысының, әл-ауқатының, болмысы мен бітімінің ғылыми негізде саралай білген, ұлт экономикасын жетілдірудің техникасы мен технологиясын жобалай алған бірден-бір ғұламалар болып саналады.

Жырау қазынасы - ұлттық құндылық. Оның жан дүниесіне жақын ұлттық рухтың үнін жеткізетін жырау идеясы елдің тұлғалануы үшін жаратылған күш. Ол қарапайым идеядан ұлттық идеяның өзгешелігін айырып отырмақ. Адам баласының рухани қалыптасуының, әлеуметтенілуінің қозғаушы күші – бұл қажеттілік. Сол қажеттіліктерді жүзеге асыру бағытында адам өзінің тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты жырау ел ішінен қоғам алдына кездейсоқ келетін адам емес, жырауды халыққа ұстаз қылатын оның рухы. Жырау - заманалық білімнің иесі. Олардың идеясы ғасырлар бойы халыққа білімнің рухын, ғылымның қызметін түсіндіріп келуде. Сапалы білімге, нағыз ғалымдыққа қол жеткізу үшін адам паймдауды үйренуі қажет. Әр бір жыраудың поэзиясы арқылы ұрпақтың ел тарихын, сол тарихи кеңістіктегі ұлттық интеллигенция өкілдерінің рухани қызметінің бағытын білуі алдымен оның өзін құндылықтарға бағыттайтын нәрсе. [4.98]

Қазақ идеясы қазақ ұлтының қалыптасуының тарихы, ұлттық болмыстың тұлғалануының мәдени құбылысы, аға ұрпақ буын өкілдерінің тарихи кеңістіктегі рухани қызметінің өнімі. Қысқасын айтсақ біз осы жыраулардың ұлттық идея туралы ұғым арқылы тұтас қазақ әлемінің ішіне енеміз. Өйткені, «өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен суреттей білу ірі жанды адамның ғана қолынан келмек.

Философияда дамудың ішкі заңдылықтардын, әрбір құбылыстың жоғарғы деңгейдегі көрінісін, әр нәрсенің сапасын белгілейтін «мән» ұғымы. Мәнсіз құбылыс жоқ, құбылыс алдымен адам танымында қалатын, өмір сүріп отыратын білім болғандықтан, оның өмір сүруі, яғни құндылығы мән. Мәннің өмір сүруі немесе мәнді ұғыну және мәнге қол жеткізу үшін алдымен нәрсенің өлшемін анықтай білу қажет. Жыраулардың идеясы негізінен әр бір құбылыстың ақиқатын тану үшін, құндылыққа қол жеткізу мақсатында беріліп отырған өлшем.

Кімнің жақсы жаманын

Бір жаратқан хақ білер.

Адамзаттың белгілі

Бұл дүниеден өтері,

Өлгеннен соң белгілі

Тірлік бір жауап бітері.

Бұл айтқан сөз, құрбылар,

Бір күні болар керегі.

Басты бір аяқ қылады

Бір алланың шебері.

Бақытты жігіт қол бастар,

Шешен жігіт дау бастар,

Әлемнен озған ала аяқ

Озып бір кетсе ойқастар – деп айтып кеткен Шал ақынның өсиеті заманнан қалған емес. Себебі айтылған ойдың тамыры жырау танымында жатқаны мен, шындығы әр ғасырдың рухани өмірінің болмысымен орайлас келіп отыр. Ой өсиетке, өсиет идеяға, идея шындыққа айналмаса ұлттық рухтағы философияның өмір сүруі мүмкін емес. Жырау идеясы әлеуметтік мәселелерге бағытталуында ғана емес, адамның, халықтың қажеттіктері тұрғысында көтерілген мәселелерге парасат бигінен қарап, әр бір құбылыстың мәнін зерделеп, оның тағдырын терең пайымдап, адамзатқа игілік әкелетін нәрселерді көрсетіп беруінде.

Қазақ жұрты идеясының экзистенциалдық мән-мазмұнын ашып, тарқататын ұғым бұл - көңіл феномені. [5.114] Көңіл деген өте нәзік, кіршең, обыр келетін, жақсылыққа қарай бағыттасаң адамға рух беретін, ал ойдың көмескі жағына бұрсаң, парасат пен түсінігіңді, пайым мен біліміңді тұмшалап тастайтын адам баласының жан әлемінің бір бөлігі. Қазақ идеясы көңілдің интеллектісіне, құбылысына, рухына, қасиетіне аса мән берген. Көңіл азығы, ақыл қазығы деген не нәрсе? — деген сауалға терең жауап іздеген философия осы жыраулар даналығы. Көңілдің, ақылдың негізі-деген Бұқар жырау,- адамның тілеу қорлығында. Адамға жаратылысынан берілген құндылықтар бар. Сол құндылықты өзінің рухани өміріне бағыттау, иеленуі, сол құндылықтар арқылы рухани өмірдің қырына шығуы адам баласының ішкі көңіл рухы арқылы мүмкін болатын нәрселер. Адамның рухани өмірі теріс пиғылдармен кемелденбейді, көңілдің рухымен рухани өмірдің мағынасы пайда болмақ. [5.118] Әрине тілектің де түрі көп, жыраулардың ұлттық идея тұрғысында талдап отырған тілегі екі адамның арасындағы этикалық қарым қатынастың белгісі емес, өмірдің мәнін көзбен көріп, ақылмен ұғынған қарияның келешекке деген ізгі көзқарасынан туындайтын кісіліктің бір бейнесі. Қариялық өткенге құрметпен қарайтын, болашаққа үмітпен көзтастап, соған өзінің рухани қасиеттерін тарту еткен адам баласының кемелденген шағы. Қария болу бұл адам баласы үшін үлкен бақыт, кейінгі буын үшін үлкен міндет. Таза ақыл рухтың тұтқасы десек оның ел бойында өмір сүруіне көмектесетін қарияның парасаты. Ғұлама ғалымдарымыз жазып кеткен тарихи деректерге сүйенсек, Бұқар бабамыз тоқсан үш жасында жыр толғаған адам. Халыққа, ханға зиялы кеңесін беру үшін өмір сүрген, әулиелігі бар көзқарасты адам болған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазғандай, «Абылай хан жорыққа аттанбақшы болса, Бұқарекеңді алдырып, «Жұлдызың оң ба» — деп айдың, күннің сәтін сұрайды екен сәде көріп беріңіз дейді екен. Осы орайда адам көңілі мен пейілі, пенденің тілек еткен ниеті бір ауыз сөздің құдіретіне сыйып кететіндігін көре аламыз. Ал сол жақсы мен жаманды ажырата отырып, бір ауыз сөзді тура да астыртын, нақты да тұспалмен жеткізетін, осы рөлді тым жоғары дәрежеде атқарған – жыраулар қауымы және олардың поэзиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет