Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста жыраулар поэзиясы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері қарастырылып, мазмұны ашылған. Жыраулар поэзиясындағы ар концептісі жіті сараланып, кезеңдік ерекшеліктердегі қаламгерлердің шығармаларындағы көріністерге тоқталдық. Ол жердегі идея мен мазмұнды біріктіре отырып, ұлт тәрбиесіне байланысты негізгі функцияларды, ұлттық құндылықтарды, адамгершілік категорияларды ажыраттық.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.Дипломдық жұмыс біздің ғасыр үшін өзекті тақырыпты қарастырады. Себебі, «ар» ұғымы – өте күрделі мәселе. Оның ерте кезеңнен бүгінге дейінгі аралықта қаншалықты шығармаларда көрініс тапқанын саралау – дипломдық жұмыстың өзектілігі