ІІ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «АР» КОНЦЕПТІСІ
Поэтикалық мәтіндерді талдау барысында «мағына» және «мән» терминдері жиі ұшырасады. Тіл білімінде, яғни лингвистикада «мағына» лексикалық, грамматикалық тұрғыдан талданып, зерттелініп келеді. Мән туралы тұжырымдар мен зерттеулер ғылымда әлі тұрақталмаған. Әбу Насыр әл‐Фараби «Ғылымның шығуы» атты трактатында мәнге алғаш түсінік берген. Мағына айналадағы нәрсені, құбылысты тура сипаттайды да, мән лексикалық мағына уәжділігін сақтай отырып, олардың мазмұнын береді. «Мән» ‒ кісінің рухaни болмысының cыры. Мәтін мәнін әркім әртүрлі түсінеді. Автордың ойын ешкім дөп басып айта алмайды. Оқырман мен ғалымдардың мәтіндегі қандай да бір сөзге, ұғымға, сөйлемге, ойға, тақырыпқа қатысты пікірлері мен тұжырымдары болжам түрінде ғана беріледі.
Сөздер мен ұғымдар лебізде ұдайы тура мағынасында қолданыла бермейді. Олар контексте автордың мақсатына, ойына, қиялына сай түрліше реңктік мәнге ие болады. Мән үнемі өзгерісте болады. Сөздердің мәтіндегі қолданысы, бір‐бірімен байланысқа түсуі, жалпы ойдың берілу сипаты ‒ мәнді анықтайды. Мәтіннің мәнін ашып, ішкі сырына үңілудің үш кезеңі бар:
сөздің контекстегі өзекті мағынасын таңдау;
осы мағына негізінде үстірт мәнді анықтау;
контекстік уәж негізінде ішкі мәнді зерделеу [18, 162].
Мән мағынадан туындайтын лебізді ұғынудың екіншілік сипаты. Демек алғаш болып санада мағына кодталады. Лексикалық мағынаның жетегінде үстеме мағына ‒ мән туындап, семантикалық уәжділік пен грамматикалық үйлесімділікті сақтай отырып, дүние көрінісін өзге бір атау, идея, ой түйіндерімен алмастырып, орынбасушылық қызметін атқарады. Мәтіннен мәнді анықтау автор қолданысындағы тілдік бірліктер, көркемдегіш құралдар, тақырып, мазмұннан бұрын таза ойдың иірімдерін талап етеді. Ақын-жыраулар поэзиясы ‒ халық дүниетанымының қайнар көзі. Олардың әр өлеңінде, әр жолында философиялық мән бар. Жыраулар тілінің күрделілігі ойының көркемдігінен туындап тұр. Біз зерттеу жұмысымызда ақын-жыраулар поэзиясындағы философиялық мәнді ашу үшін алдымен мәдени код ‒ жыраулар жырындағы «ар» ұғымдарын талдауды жөн көрдік, яғни «ар» концептісіне жіті тоқталуды жөн санап отырмыз.
Ақындар концептосферасы өте кең, ал ондағы концептілер жүйесі күрделі, сол себепті бір концептінің бір ғана құрылымдық бөлігі, атап айтқанда, «Ар» концептісіндегі фреймдерді қарастыруды мақсат еттік. Когнитивтік ғылымның зерттеу нысаны – санада бейнеленген ақпараттар мен білім екені белгілі. Когнитивтік бағыттың басты мақсаты – дүниенің бейнесін белгілі бір тілдік жүйеде көрсету. Репрезентация (көрсету) – алғашқы түсініктен бастап, дамыған бай концептілік жүйедегі түсінікке дейінгі санадағы білімінің көрінісі. Когнитивті тіл білімі адамның ұлттық болмысқа негізделген танымдық деңгейінің тілдегі көріністерін зерттейді. Мұнда басты бірлік – концептілер. Концептілер когнитивті, ұлттық, мәдени тұрғыдан анықталады. Олар мәдени, ұлттық мәдени, лингвомәдени және когнитивті деген түрлерге бөлінеді. Қазақ тіл білімінде алғашқылардың бірі болып когниция мәселесін, когнитивті тіл білімін өз монографиясына арқау еткен ғалымдардың бірі Қ.Жаманбаева болатын. Қ. Жаманбаева сол кезде енді ғана сөз болып жатқан тілдік танымға қатысты мәселелерді қарастыра келе, алғаш рет тіліміздегі «мұң» концептісін зерттеді. Соңғы кезде Н. Уәли, Ж.А. Манкеева т.т. тілшілердің шәкірттері когнитивті тіл білімінің әртүрлі мәселелерін кеңінен қарастыруда. Осы ізденістердің нәтижесінде тары, қамшы ұлттық мәдени концептілер мен өмір, тағдыр сияқты когнитивтік концептілер зерттелген. Орыс тіл білімінде Ю.С. Степанов, А.П. Бабушкин, Е.С. Кубрякова, В.И. Карасик, В.А. Маслова сияқты когнитивистер қалыптастырған әртүрлі деңгейдегі мектептер жұмыс істеуде. Ал қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың терең мәселелері Ж.А. Манкеева, Н. Уәли, А. Ислам, Э.Н. Оразалиева, Г.Е.Утебалиева, А.Б. Әмірбекова т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылуда. Ал концептосфера туралы айтсақ, бұл терминді алғаш қолданған академик Д.С. Лихачев болатын. З.Д. Попова, И.А. Стернин: «Концептосфера – бұл халықтың концептілерінің жиынтығы, ойлаудың ақпараттық базасы», – деп анықтайды [1,36]. Ғаламның когнитивті бейнесі және әртүрлі түрлері концептосфера бойынша ұғынылады, жалпы, тілдік ұғым туралы санадағы ақпараттар концептілік жүйеде дұрысталады. Концептілік жүйенің қызметі – ұлттық нақыштағы күрделі ұғымдарды бір мазмұнға реттеп топтастыра отырып, жүйелеу. Жалпы, бұл мәселені қазақ тіл білімінде қарастыру енді ғана қолға алынғандықтан, концептілік жүйе, оны құраушы бөліктер мәселесі әлі де зерттелу үстінде екенін айта кету керек. А.Б. Әмірбекова концептілік жүйе мен когнитивті модельдің тығыз байланысынан концептінің құрамдас бөліктері туындайды деп санайды. «Біздің пікірімізше, дүниенің концептілік бейнесін көрсететін негізі тірек – концептілік жүйе. Концептілік жүйе ішкі және сыртқы құрылымдардан тұрады. Ішкі құрылымы концептіні танытуға бағытталған құрылымдар: фрейм, сценарий, ойсурет, сызба; ал сыртқы құрылымы: сөз, фразеологизм, метафора, сөйлем, тіркес, метонимия т.б. Концептілік жүйе қалыптастыруда санадағы ішкі құрылымдар белгілі бір когнитивті модельге салынып жинақталады. Когнитивті модель автор танымындағы символ, бейне, прототип, этикет, эталон, ассоциативтік, стереотиптік бірліктер мен инсайт таңбалар арқылы қалыптасады» [2,28]. Концепт – когнитивті лингвистиканың басты бірлігі. Оның әр зерттеу тұрғысына және әр мектептерге қатысты көптеген түрлері бар. «Концепт» термині «ұғым, мағына» терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. В.А.Маслова «Концепт» пен «ұғым» терминдері ішкі формасына қарай бірдей: концепт латынның «conceptus – ұғым» сөзінің калькалық аудармасы» – деп түсінеді [3,49]. Бірақ бұл ұғымдардың мағынасы бірдей емес. Егер ұғым танылатын объектінің мәнді, мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы болса, ал концепт – ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығы. Когнитивті тіл білімін қарастырған А. Ислам концептіні: «Концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталатын, белгілі бір ұлттың ұрпақтан ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым. Концептінің басты қызметі – дүниенің тілдік суретінің басты элементтерін атау», – деп анықтайды [4,56]. Тіл білімінде концептіні таныту мақсатында кез келген тілдік бірлік, лексикалық мағынасы бар сөздер қолданылады. Ал концепт ретінде барлық ұғымды ала алмаймыз, тек белгілі бір мәдениетті тануда қолданылатын және автор үшін маңызы зор деп танылатын күрделі ұғымдарды, ең бастысы, жалпыадамзаттық, жалпыхалықтық, жалпыұлттық құндылықты таныта алатын ұғымдарды тани аламыз. Мысалы, А.Б. Әмірбекова былай дейді: «Қазақ халқы үшін киіз үй, шаңырақ, қамшы, жазық дала, көш, бөрік, бесік, домбыра, тұмар т.б. сөздер лингвомәдени бірлік ретінде ұлттық-мәдени концепт деп таныла алады» [2,15]. А.Б. Әмірбекова концепт ұғымына берілген тұжырымдарды зерттеу нәтижесінде концептіні танытатын мынадай критерийлердің бар екендігін көрсетеді: «– концепт дүниенің құндылықтарын танытады; – концепт санадағы дүниенің мәнін бейнелейді; – тіл арқылы объективтенеді; – субъектінің білімдік деңгейін танытады; – белгілі бір ұлттың мәдени деңгейі мен менталитетін көрсетеді; – әрбір ұлттың танымдық белгілерінің мазмұнын ажыратады; – тұлғаның өзіндік танымдық стилін айқындайды; – концепт – адам тәжірибесіндегі идеалды түсініктің ең кішкене бірлігі; – концепт – білімді тарату, сақтау және өңдеудің негізі бірлігі; – концепт – белгілі бір мәдени болмыстың негізгі ұясы» [55, 20 б.]. Концептінің атауыштық өрісінен басқа семантикалық өрісі бар және ол сөз мағынаның өрісі іспетті семантикалық белгілерге құрылады. Олар концептінің құрылымдық үлгілері деп аталады, мәселен, А.Б. Әмірбекова М. Мақатаев шығармашылығындағы табиғат концептілеріндегі мынадай құрылымдық үлгілерді көрсетеді: Күз – шаруа; Күз – береке; Күз – сары дала; Күз – салқындық; Көктем – тіршілік; Көктем – қуаныш; Көктем – жылылық; Көктем – гүл; [2,97]. Фрейм – концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым форма. Ол концептінің ең жақын семаларынан (мағына бөлшектерінен, кейде ассоциация) құралады да концептінің құрамдас бөлігі болады. Жалпы лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған тілші – Ч.Филлмор. Фрейм – санада білім қалыптастырудағы басты операциялардың бірі болып есептеледі. М. Минский адамның көргеннен алған ақпараты мен есінде сақталған ақпаратын модельдеу тәсілін зерттеу арқылы фрейм ұғымын анықтады. Э.Н. Оразалиева А.С. Гердтің фреймді үш түрлі ұстаным негізінде анықтауын келтіреді: 1) онтологиялық тұрғыдан фреймдер ғылыми-практикалық әрекеттерді ұйымдастыру құрылымы деп қаралу керек; 2) гнесеологиялық тұрғыдан – аталмыш әрекеттердің танымдық бейнесі анықталады; 3) когнитивтік тұрғыдан – фреймдер адам санасындағы деректерді жинақтайтын, реттеп отыратын құрылым ретінде анықталады» [5,272].
Тіл білімінде әлемнің ғаламдық бейнесі концептте кеңінен көрініс тауып, әртүрлі бағытта терең зерттелуде. Біз күніне бірнеше мыңдаған ақпарат аламыз. Ол санада кодталады. Ойдағы құрылым, құбылыс, зат, оқиғаны ойлау кезінде сол тектес заттармен алмастырамыз. Бұл ‒ ғалам бейнесінің адам санасында бейнеленуі яки концепт. Концепт ‒ тіл мен ойлаудың нәтижесі. Концепт ‒ мәдени құбылыс, ұлттық дүниетанымның терең мағыналы құндылықтарын айқындайтын, тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Концептілерді зерттеу халықтың менталитетін жақсы түсінуге, рухына еніп сол ұлттың әлемдік бейнесін осы ұлттың көзімен көруге мүмкіндік жасайды. Тілде концепт туралы түсінік тұрақталмаған. Ол тіл біліміне философиядан келген. «Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде» концептке мынадай анықтама береді: «Концепт дегеніміз – адамның білімі мен тәжірибесін бейнелейтін ақпараттық құрылымның және біздің санамыздағы менталдық психикалық ресурстардың бірліктерін түсіндіру үшін қолданылатын термин; адам жадының, менталдық лексиконның, мидағы концептуалды жүйе мен тілдің, сондай-ақ адам психикасында таңбаланып-бейнеленген бүкіл ғалам бейнесінің шұғыл түрде жұмсалатын, әрекет ететін мазмұндық бірлігі».
Концепт - әмбебап кодтың бірлігі, яғни индивидуалды сезімдік-заттық бейне (образ) ретінде туындайды. Концептінің әмбебап (универсалии) және бірегей (уникалии) түрлері болады:
а) әмбебап концептілер когнитивтік санада білімдердің, түсініктердің, ассоциациялардың, басқа да күйлердің «жиынтық» «түйдегі» ретінде өмір сүруі.
ә) бірегей концептілер (яғни этнологиялық түсініктер) ғаламның тілдік бейнесін еске түсіріп, жасап, туындатып қана қоймайды, этномәдени бейнелерді асқан шығармашылықпен (жасампаздықпен) этнотілдік дүниетанымның бір «жанды» фрагменттері ретінде қайта жасайды . Аталған түрлерді әр алуан ойлау құрылымдары деп емес, концептінің әр түрлі қырлары, яғни кешенді ойлау бірлігі ретінде қарастырған жөн. Ол кешенді ойлау бірлігі (концепті) сөз арқылы ойлау әрекеті барысында өзінің бір қырынан ұғым, фрейм, схема немесе елестету түрінде көрінеді.
Концепт латын тілінен аударғанда «conceptus» «ой», «түсінік», «ұғым» деген мағынаны береді. Бірақ концепт пен ұғым бірдей емес. Ұғымның концептіге қарағанда аясы тар. Концепт ұғымдар мен мағыналардың жиынтығынан тұрады. Концептіні ғылыми тұрғыдан зерттеп, оны термин етіп алғаш енгізген орыс ғалымдары: Д. С. Лихачев, Н. Д. Арутюнова, Е. С. Кубрякова, А.Н. Мороховский, В. Рябцев, А. Айрапетян, В. В. Колесов, В. А. Маслова, С. А. Аскольдов, А. Вежбицкая. Концептілік зерттеулердегі таным мәселесін тіл тұрғысынан құрастыру қазақ тіл біліміне тек егемендік алғаннан кейін ғана келді. Қазақ ғалымдарынан М. Күштаева («тары» концептісі), А. Смайлов («әйел» концептісі), М. Абдрахманова («көз» концептісі), Ж. Жанпеисова («ақ‐қара» концептісі), Ж. Қошанова («байлық‐кедейлік» концептісі), А. Байғұтовалар («қазақ әйелі» концептісі) зерттеді.
Қазіргі тіл білімінде концептуалды семантиканы зерттеуде «концепт» ұғымын қарастыратын екі бағыттарды (семантикалық және логикалық) бөліп көрсетуге болады. Бұл бағыттар концепті мен сөзді және концепті мен ұғымды әр түрлі түсіндіруге байланысты қалыптасты.
Семантикалық бағыт өз бастауын С.А.Аскольдов-Алексеевтің «Концепт и слово» деген еңбегіндегі тұжырымдардан алады. Ол бойынша, «концепт біздің ойлау әрекетіміз кезінде бір текті заттардың көпшілігін алмастыратын ойша жасалым (түзілім)». Жеке сөздер ғана емес, сөздің әрбір мағыналары да концепт бола алады. Сөздің көптеген сөздік мағыналарының қайсысын концепт алмастырып отырғаны әдетте контекстен, кейде жалпы ситуациядан түсініледі. Концепт тікелей сөз мағынасынан пайда болмайды, сөздің сөздік мағынасы мен дамуының жеке және халық жинақтаған тәжірибесінің ұштасуы нәтижесінде жасалады.
Логикалық бағытты жақтаушылар (Ю.С.Степанов) «ұғым» және «концепт» терминдерін ұқсастырады. Концепт ретінде әдетте жинақтаудың аса жоғары дәрежесінде болатын грамматикалық немесе семантикалық категория көрінеді. Ю.Степановтың анықтамасы бойынша, концепті ұғым сияқты, сонымен бір қатарда тұрған құбылыс, оны белгілі бір сөзге қатысты түсініктердің, ұғымдардың, білімдер мен ассоциациялардың, әр түрлі күйлердің тұтас жиынтығы деуге болады.
Концепт пен ұғымның арасында аса бір айтарлықтай айырмашылық жоқ. Концепт ұғымдар мен түсініктердің, символдардың жиынтығы. Ұғым ғалам туралы ғылыми білімдерге сүйенеді, олар логикалық қатынастар жүйесінде орнығады. Қазақ тіл білімінде ғалымдар ұғымды лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық тұрғыдан қарастырып, зерттеп келеді. Тіл біліміне ең алғаш «ұғым» терминін енгізген Ахмет Байтұрсынов. Ол «Тіл ‒ құрал» еңбегінің «Сөз талғау» тарауында «ұғымға» мынадай түсінік береді: «ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек» [1, 237]. А. Байтұрсынов ізімен К. Аханов, Ғ. Қалиев, Қ. Жұбанов, Б. Қалиев, Б. Сағындықұлылар ұғымды теориялық тұрғыдан қарастырды. К. Аханов ұғымды логикалық категория деп танып, «ұғым тілдегі сөздердің негізінде туады да, солар арқылы өмір сүреді» [1, 23] деген ғылыми тұжырым жасайды. Б. Құлиев сөзден ұғымның басты белгісі ретінде оның «комбинациясы мен акустикалық бейнесін (образдылығын)» [1,43] көрсетеді. Б.Сағындықұлы ұғымның санада қалыптасуының төрт формасын (түйсік, қабылдау, бейнелеу немесе елестету, ойлау) көрсетеді де, ұғымға мынадай анықтама береді: «заттардың, құбылыстардың, іс‐әрекеттердің жалпы және мәнді белгілері туралы ой ұғым деп аталады» [1, 35].
Ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, логикадағы немесе мәнмәтіндегі ұғымның мағыналық ұлғаюы, қоғамдағы тіл қолданушыларының бейнелі, көркем, мәнді етіп сөйлеуі секілді құбылыстар тіл біліміне «концепт» терминінің енуіне септігін тигізді. «Концепт» және «ұғым» терминдері адам санасы мен ойлау жүйесінің әр түрлі қырларын сипаттайды. Ұғым – ақиқат болмыстың белгілі бір логикалық формада бейнеленуінің аса маңызды түрлерінің бірі. Ал концепт сананың түсініктер, образдар, ұғымдар сияқты бірліктерін қамтиды. Олар біріге отырып концептуалды жүйені немесе ғаламның концептуалды моделін құрайды.
Концептілерді зерттеу (концептуалды талдау) әлемді құраушы тілдік бірліктер мен тұлғаларды жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Ол бойынша сөз семантикасы қоршаған ортадағы заттар, яғни денотаттар арқылы емес, олардың (объектілердің) адам санасындағы идеалды образдары, яғни прототиптері арқылы интерпретацияланады. Бұл тұрғыдан алғанда, концептілер - әлемді тіл арқылы көру, тану категориялары, идеалды әлемдегі «жасаушы», әрекет етуші және сонымен бір мезгілде сол әрекеттердің нәтижесі де болып табылады. Концептілерді, ең алдымен, ұлттық-мәдени менталдылық жемістері, нәтижелері деуге болады.
Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал [2, 16].
Концепт белгілі бір ретпен, тәртіппен туындайды. Заттық-образдық ядросы нақты болса, образдар жүйесі сол ядродан алшақтаған сайын абстрактілене береді.
Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бейнесі) негіз болады. Мысалы, кіндік қаны тамған жер, тай-құнандай тебісіп өскен жер (туған жер) дегенге кіндік қаны, тай-құнан деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған образдар негіз болып тұр.
Қазіргі заман білімінің қорына "концепт" деген сөзді ең алғаш енгізушілердің бірі орыс ойшылы С.А. Аскольдов (1870-1945) еді. Сондай-ақ қазіргі заман ғалымдары концептіні - «квант знания», «единицу ментальности данной культуры» т.б. деп анықтап келеді. «Ғаламның тілдік бейнесі» жөнінде айтқан Аристотельдің ойын қазіргі күні әркім әр саққа жүгіртіп, түрліше түсініп жүргені рас. Болмыс пен тілдің сабақтастығын көпшілік мойындайды. Осындай сабақтастықтың санадағы бейнесі лингвистика ғылымында «концепт» я болмаса «эйдетикалық белгі» деп түсініліп жүр. Тіл мен ойлау мәселесі ресейлік тіл білімінде біршама зерттелген. Негізінен бұл салада Е.Ф.Карский, А.А.Шахматов, А.А.Потебня, А.Н.Афанасьев, В.Н.Телия, А.Н.Соболевский, Д.С.Лихачев, В.В.Воробьев, В.А.Маслова, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцева, В.Айрапетян, В.В.Колесов, А.Я.Гуревич, А.Вежбицкая, М.Минский, т.б. ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырыла келіп, «концепт» терминінің теориялық негізі қаланды. Концептілік мәнге ие доминант сөздердің (концепт терминінің баламасы) терминдік мағынасы әр ғылым саласында әртүрлі кездеседі. Жалпы «концепт» – лингвокогнитология ғылымының категориясы болуымен қатар лингво-логика-философиялық категория. Адамзат баласы қарапайым өмірде жан мен тән, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, ар мен ұят, т.б. сөздерді күнделікті тұрмыста жиі қолданса да, олардың мән-мағынасын алуан түрлі түсінеді, ал кейде жете көңіл бөле бермейді. Ол сөздердің беретін мазмұнын, ұғым-түсінігінің ішкі астарын ашу адамның тілді білу деңгейі мен өмірлік тәжірибесіне, біліміне қарай түрліше болады. Концепт мәселесімен кешенді түрде зерттеу жүргізген ғалымдар Д.С.Лихачев, А.Вежбицкая, В.В.Колесовтың еңбектерінде концепт термині негізінен мынадай екі аспектінің шеңберінде қарастырылады. Біріншіден, концепт рухани мәдениеттегі тірек сөздер деп танылса, екіншіден, ол психоментальды құбылыс, алғашқы түсінік деген тұжырымдамаларды қамтиды. Ю.С.Степановтың еңбегінде концепт адам баласының санасында нақты ұғымдар түрінде емес, сөз тудыратын ассоциациялар мен таным түсініктердің жиынтығы ретінде көрсетіле келе, «Концепт не только мыслится, они переживаются. Они – предмет эмоций, симпатий и антипатий, а иногда и столкновений» деген анықтамаға ие болады. А.А.Залевская: «Концепт тіл білімінде сөздің қолданылуы мен мағынасын байланыстырушы когнитивтік негіз ретінде танылады» – дей келе, концепт терминін когнитивтік лингвистика ғылымының нысаны екендігін анықтай түседі. Концепт термині өзінің күрделілігіне қарай көптеген ғалымдар назарын аударуда. Концепт мәселесіне келгенде ғалымдардың пікірі әртүрлі десе де болады. Бұл мәселе жалпы және жеке тіл білімінде де тән үрдіс. А.Я.Гуревич мәдени концептілерді: «кеңістік», «мәдени универсалды» деп аталатын философиялық элементтер және «мәдени категориялар» деп аталатын екі топқа бөлсе, В.А.Маслова бұлардан үшінші бір топты «ұлттық мәдени категорияларды» бөліп шығарады. С.Р.Воркачевтың түсіндіруінше: «концепт – бұл мәдени белгіленген вербальдық мағына, сөйлеушілердің өзіне тән тілдік қолданыстарын айту үшін жеке концептіні тілдік тұрғыдан түсінуге, соған сәйкес лексика- семантикалық парадигма жасалады», – десе, академик Д.С.Лихачев: «концепт қатарына кіретін лексемалардың (өмір, махаббат, ес, бақыт, іс- әрекет, т.б.) мағынасы ұлттық тілдік сана мен ұжым тілінің «қарапайым әлем бейнесін» жасайды. Мұндай концепттердің жиынтығынан тілде концептілік қабат құралады» – деп, тұжырым жасайды. Лингвистика ғылымында «концепт» термині кей жағдайда «ұғым» және «грамматикалық немесе семантикалық категория» мағынасында түсіндіріліп жүр. Жалпы концепт мәселесі – лингвистика мен философияның бір-біріне деген өзара ықпалының күшеюінің негізінде туындаған тілдік құбылыс. Оның лингвистикалық мазмұнға ие бола бастағанын тілдің мағыналық жағын талдауда көптеген құнды ескі де жаңа танымдық ақпараттардың пайда болуымен тікелей байланысты. Е.Абақан: «Концепт (ұғым) сөздің мағынасы ретінде түсініледі. Бірақ ол жалпылаудың (абстракцияның) ең жоғарғы деңгейін білдіретін ұғым – концепт емес – «оқиға процесс «дерек» туралы ұғым. Сондықтан «концептуальды талдауда» сөздің немесе сөйлемнің контекске, яғни нақтылы мағынаға қатысты анықталуы тиіс» – деп, лингвистикадағы «концепт» пен логикадағы «ұғым» терминдерінің ара жігін ажыратып береді.
Қазақ тіл білімінде концепт мәселесі когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным, этнолингвистикалық бағыттарда жазылған зерттеулердің ғылыми апаратына толықтай енді. Концепттінің беретін мән-мағынасын дәйектеу, бұл термин арқалаған лингвистикалық ұғымды теориялық тұрғыдан тиянақтау әлі де толыққанды қолға алынбай келеді. Бүгінгі таңда қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік парадигманың зерттелуі Г.Смағұлова, Ж.Манкеева, Н.Уәлиұлы, Э.Сүлейменова, А.Алдашева, С.Сәтенова, Ф.Оразбаева, Г.Сағидолда, Б.Момынова, Г.Қосымова, А.Салқынбай, Б.Қасым, А.Ислам, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде тілдік тұлға, ақиқат болмыстың тілдегі бейнесі, танымдық әрекет, тілдік сана, тілдік және типтік модельдер, тілдік қатынастың маңызы, тіл мен мәдениеттің сабақтастығы, ұлттық дүниетанымның тілдегі көрінісі, мәдени лексиканың табиғаты, ғалам бейнесіндегі тілдің орны, эстетикалық талғам мен тіл біртұтастығы деген мәселелерге байланысты қарастырылған. Антропоцентристік бағыттағы нысандарға нақты зерттеу жүргізген Қ.Жаманбаева, Б.Ақбердиева, Г.Снасапова, А.Сейілхан, А.Сейсенова, С.Жапақов, М.Күштаева, А.Сыбанбаева, Ш.Елемесова, Ә.Алмауытова, Ж.Акимишева, К.Күркебаев, Б.Тілеубердиев, Э.Оразалиева, Қ.Қайырбаева, А.Әмірбекова,т.б.еңбектерінде рухани және материалдық мәдениеттің тілдегі көрінісі сөз болады. Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистиканың қалыптасуын Э.Оразалиеваның бес парадигмаға жіктеп қарастыруы көптеген ғалымдар мойындаған концепциялардың бірінен саналады. М.Күштаева зерттеу еңбегінде концепт теориясының ғылыми тұжырымдамасын жасайды. Онда «концепт» және «ұғым» терминдері, бір жағынан сөздің мазмұн межесінің үрлі даму кезеңін бейнелесе, екінші жағынан, оның түрлі қызметін көрсетеді. «Концепт» және «ұғым» тек қана сөздің таяныш боларлық ментальды түсінігімен қатар, әмбебап мәдени түсінік ретінде де ажыратылады – деп, концепт пен ұғым арасында біршама айырмашылық барын көрсетеді. Концепт дегеніміз индивидтің, тілдік ұжымның, лингвистикалық қоғамдастықтың ақиқат туралы білім жүйесі болып табылады». Концепт дегеніміз – тиісті лексика-семантикалық парадигманы құрайтын тілдік іске асырылымдардың тұтас бір қатарын білдіретін вербалды мағына, тілдік мәнерге ие және этномәдени ерекшелікпен белгіленген ұжымдық бірлік. Қазақ тіл білімінің антропоцентристік бағыттағы зерттеулеріне өзіндік үлгі боларлық пікірлері мен ғылыми потенциалы күшті ғалым Н.Уәлиұлының пікірше: «концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік- заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал.
Ұғым мен концептінің мәні тең дәрежеде емес. Ұғым белгілі бір заттың танылған мағыналы белгілерінің жиынтығы болса, концепт – мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, т.б.) жиынтығы болып табылатын, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым.
Ұғымнан концептінің айырмасы, түптеп келгенде, мынау: концепт – денотат туралы бастапқы түсінік (представление). Денотат туралы осы түсінік жалпыланған образ түрінде болады да, ол сөздің тууына түрткі, ұйтқы болады. Бұл – заттық-бейнелік концепт. Тілдік санада концепт форматына түскен бұл құрылым лингвокреативті ойлаудың негізінде әрі қарай өңдеуден өтіп, ұлттық-мәдени концепті пайда болуы мүмкін. Заттық-бейнелік концептіде (перцептивті модуста) этномәдени сипат бола қоймайды. Бірақ заттық-бейнелік концептісінің ономосологиялық құрылымы мәдени этностық санада әрі қарай өңдеуден өтеді де, басқа бір таңбаланушының таңбасына айналады. Мұндай концептілер (инферентті модус түріндегілер) этномәдениеттің тірек элементі болып, концепт-кеңістікке енеді.
Концепт адамзат баласының ақыл-ойы, таным-түсінігі, рухани және материалды лексикасының өмір сүруі, дамуы арқылы дүниеге келетін тілдік белгі. Ол халықтың түп-тамыры тарихи оқиғалар, қоғамдық-саяси әрекеттер барысында жеке және жалпы ойлау нәтижесінде ретімен пайда болады. Сонымен қатар гештальт-концепт ұғымын осы арада айта кетсек болады. Гештальт – санадағы көріністің әр түрлі қырын реттеп отыратын комплексті, функционалды ойлау құрылымы. Гештальт объектің немесе көріністің аспектерін байланыстырып, элементтерін біріктіріп біртұтас бейне қалыптастырады. Гештальт-концепт – бұл белгілі бір жағдаймен ассоциация құратын когнитивті жүйе.
Қазіргі таңда концепт когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымы болып табылады. Концепт – ойлау категорясы болғандықтан, оның түсініктері де үлкен кеңістікті қамтиды. Концепт категориясы лингвистика өкілдерінен басқа философтарды, психологтарды, мәдентиеттанушыларды да бей-жай қалдырып отырған жоқ.
Концепт – абстрактілі, ассоциативті-толық, эмоциональды-бағалауыштық белгілердің жиынтығы. Ол әлемнің көрінісін тілдік бейнелер арқылы сипаттайды. Когнитивтік кеңістік пен когнитивтік негіз когнитивті құрылымның біртұтастылық қасиетін алға тартады. Концепт бастапқы негізгі бірлік бола отырып, ол бөлінбейді және бөлшектенбейді. Өйткені біздің тарихымызды, мәдениетімізді көрсететін де, танытатын да когнитивті құрылым. Концептке байланысты барлық анықтамаларда ұқсастық бар – концеп дискретті, ұғым кеңістігі көлемді, әр халықтың мәдениетін танытатын тілдік бірлік. Орыс ғалымы М. В. Пименованың концептке берген түсінігі де осыны дәлелдейді: «Концепт – это некое представление о фрагменте мира или части такого фрагмента, имеющее сложную структуру, выраженную разными группами признаков, реализуемых разнообразными языковыми способами и средствами. Концептуальный признак объективируется в закрепленной и свободной формах сочетаний соответствующих языковых единиц - репрезентантов концепта. Концепт отражает категориальные и ценностные характеристики знаний о некоторых фрагментах мира. В структуре концепта отображаются признаки, функционально значимые для соответствующей культуры. Полное описание того или иного концепта, значимого для определенной культуры, возможно только при исследовании наиболее полного набора средств его выражения» [3].
Тіл біліміндегі әр түрлі бағыттағы зерттеушілер бұл ұғымды әр алуан мәнде қолданылады. Аталмыш термин, әсіресе, тілді логикалық талдау, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика салалары бойынша жазылған еңбектерде жиі кездеседі. Санамаланған ғылым салаларында бұл терминнің түрліше түсіндірілуі, ең алдымен оған негіз болған латын сөзінің (conceptus) көп мағыналылығына байланысты. Оның жалпы мағынасы “көптеген формалардың мазмұнын қамтитын, оның бастауы болатын, жинақтаушы” дегенді білдіреді.
Кең мағынасында алғанда, концепт ғалам туралы білімдер жүйесінің (ғаламның концептуалды бейнесінің) бір үзіндісі ретінде түсініледі де, индивидтің қоршаған ортадағы, ақиқат болмыстағы бар заттар мен құбылыстар, алуан түрлі объектілер туралы білетінінің, ойларының қиялындағы көріністернің бәрін қамтиды.
Қазіргі тіл ғылымында аталмыш термин түрліше түсіндірілетінін жоғарыда айттық. Осы мәселеге орай, В.С.Ли сол ұғымға берілген анықтамалардың бәрін жинақтап, мазмұны жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойылатын екі топқа бөлуге болады дейді:
1) концепт – рухани мәдениеттің кілт сөзі;
2) концепт дегеніміз – сөз туындауына түрткі болатын психоменталдық құбылыс ретінде танылатын бастапқы түсінік.
“Ұғымдар деп заттардың ойша түсірілген суреттері аталады. Олар сезімдер мен түйсінулер, бір заттардың қасиет-белгілерін дерексіздендіру арқылы екінші біреулеріне телу негізінде пайда болады. Ұғым мазмұны дегеніміз – заттардың сол ұғымда ойша бейнеленетін қасиеттері мен байланыстары, олар сол заттың белгілері ретінде танылады. Ұғым көлемі дегеніміз – заттар тобы, ол заттардың әрбіріне осы ұғымның мазмұнын құрайтын барлық белгілер тән болады”.
Лингвисттердің басым бөлігі концептердің жасалу жайында мынадай тұжырымдар келтіреді: 1) дайын лексема және фразеологизмдар; 2) еркін сөз тіркестері; 3) синтаксистік тұтастықтар; 4) мәтін және мәтіндер жиыны арқылы.
Ақын-жыраулар поэзиясындағы «ар» концептісі деген тұста әуелі сол кезеңдегі ұлттың болмысына, ұлттық код бірліктеріне, танымдық ерекшеліктеріне тоқталуымыз шарт. Ұлттық рух деген тұста, адам бойындағы қанға сіңген, ұлт негізінде жасақталып, талай ғасырлар бойы дәстүрге сай дамыған ерекшеліктерді айта аламыз. Ұлттық рух нышандары деп ерлік пен батырлықты, шешендік пен көсемдікті айтамыз. Қазақтың шешендер антологиясы қалыптасып, олардың тауып айтқан сөздері мен қисынды да келелі ойларына дейінгі заманда жыраулар поэзиясы өзіндік рөл атқарады. Жыраулар поэзиясы өмір сүрген уақыт ұлттық негізіндегі барлық сұрақтың жауабын таба алатын кезең болып саналады.
Ұлттық рух – ұлттың жетістігін, рухани байлығын (құндылықтарын) біріктіріп отыратын, ұрпақтан-ұрпаққа табысталып отыратын рухани қазынаны (ұлттың мүддесін) қорғап отырудағы зиялылардың тұлғалығымен көрінеді. Ұлт болмысындағы «даналық, тектілік, елдік, елдікті нығайтудағы ақыл-парасат, батырлық және тағы басқа рухани қасиет үлгілерінің халықпен жеке адам бойында бірігуін ұлттық рух» дейміз. Қазақ ойшылы Шәкәрім «рух дегеніміз таза ақыл» деген. Ұлттық рух халықтың дүниетанымынан, дүниетанымы өмір сүру тәжірибесімен үндескен, ұлт тарихының дәстүріне ілескен ұрпақтың ой өрісінен шығады. Бойында ұлттық рух болмаса, ұрпақтың ішінен зиялылар қатары қалыптаспайды, қалыптасқанда емес. Ұлттың, жеке адамның рухани қасиеттерін негіздейтін ұлттық сана, тектілік, даналық адам бойындағы қабілет пен білімді ұштастырған тәрбиенің өнімі, бұл қасиеттер адам бойына ұлттық рух арқылы тұрақтамақ. Ұлттық тәрбие негізінде адам бойына даритын, ел болмысының бойында тұрақтап отыратын рух ұрпақты ұлтымен, мемлекетімен, тарихымен біріктіріп отыратын құндылық, рухани қасиеттердің жиынтығы. Ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастырып отыратын елдің тарихы, мәдениеті, дәстүрі, тілі, әдебиеті, ата-баба дәстүрімен сақталып келе жатқан ата діні. Осы құндылықтарды жеке адам өз бойында біріктіре алса, қоғамында ұлттық рух сақталып отырады. Ұлттық рух сақталған ортада халықтың ұлттық бірегейлігі мен зиялылардың азаматтық және тұлғалық бірегейлігінің өздігінен күш алары анық. Халықтың ұлттық бірегейлігін, азаматтың еркіндігін сақтап, нығайтып отырудағы қазақтың тағылымы, жастарды зиялылыққа тәрбиелеудегі өнеге ұлттық рухтың мәнін тереңнен ұғындырады. Ұлт ісіне жұмылуда қазақ зиялыларының арасында байлық, ақша, мал-мүлік, сауда-саттық деген жүрмеген. Атамекеннің қасиетін, батырлардың еңбегін тереңнен ұғындыратын елдік, бірлік, ар-намыс ерікті түрде қазақ жастарын ұлттық мүдде ісіне жұмылдырып отырған. Өзгенің дәулетіне тамсанбай, өзінде бар нәрсені қадірлеген тұлғаларымыз ел болмысының негізінде жатқан, оның болашағына ауадай қажет (қызмет ететін) дүниелерді (жер байлығы, ұлт руханияты) қорғап өткен. Өз заманында елеусіз болса да, кейінгі заманда бағалы болатын елінің төл дүниелерін қадірлей алған. Бойында төл болмысымен, ел тұрмысымен, оның болашағымен ұштасатын қасиеттері мол адам ұлт зиялысы деңгейіне қол жеткізетіндігін қазақ тұлғаларының тарих өрісінде қалған тағылымынан көреміз. Ал сол аталған ұлттық рухтың көрінісі мен нышандары жыраулар поэзиясында қаншалықты айшықталады? Әуелі қазақ дүниетанымындағы біздің болмыс қандай? Соны ажыратып алуымыз керек. Қазақ халқы ақшадан бұрын арды биікке қойған. Ұлттың танымы үшін ар мәселесі қашанда биік.
Мысалы Қазтуған жырау өзінің «Мадақ» өлеңінде былай дейді:
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кіріс-ті,
Айдаса – қойдың көсемі,
Сөйлесе – қызыл тілдің шешені,
Ұстаса – қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер атты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлұт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған!
Осы бір өлең жолдарына зейінмен мән берер болсақ, бұл жерде тек қана Қазтуған бейнесі ғана емес, жалпы қазақ халқының кей мінезі, кей қасиеті көрініс беріп тұрғандай. Біздің менталитеттік ерекшелігімізге сай, дүниетанымымыздың ішкі-сыртқы формасына сәйкес қасиеттерді осы секілді өзге де жыраулардың толғауларынан көре аламыз. Ұлттық болмысымыздың ішіне кіретін, санамалап айтқанда, батырлық пен ерлік – жыраулар поэзиясының негізгі тақырыптарының бірі. Дәл осындай ерлік пен елдікті, батырлық пен жүректілікті жырлау өзге де жыраулардың еншісіне тиген. Жыраулар поэзиясының басты ерекшеліктерінң бірі – тақырыптық, идеялық, тіпті мазмұндық жағынан да бір-бірімен сарындас, үндес болып келеді. Тіпті кей тіркестер репликалық түрде қайталанып, дәстүр жалғастығында ұйқасқа рең береді, Оған дәлел ретінде, «Қоғалы көлдер қом сулар», «Қымыз ішер күн қайда» секілді тармақтық жолдардың екі жырауда қатар кездесуін айта аламыз. Қазтуған мұраты мен мақсаты Доспамбетте, Доспамбет арманы Ақтамберді жырына арқау болғаны да осының көрінісі.
«Еділдің бойын ел жайлап,
Шалғынына бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп, ойнап,
Қымыз ішер күн қайда!» – деп Доспамбет жырау да армандаған. Ұлттық тіркесінің еншісінде қымыз да, саба да, шалғынға байланған бие де – сол заманның қазақ тұрмысының айқын көрінісі болып табылады. Дәл осындай қазақ тұрмысына, қазақ ұлтының жекелей ұлттық қорына жататын сөздер легі
Ақтамберді арнау-толғау жырларында көркемдігі жағынан қарағанда молынан кездеседі.
Ұрпақ ұлттық рухпен неғұрлым жақын тәрбиеленген сайын ол өзінің адамдық бейнесін ішкі рухпен қаруландырмақ. Ал ішкі рухтың еншісінде ар мәселесі үнемі тұрады. Ұлттың негізгі құндылығы ұрпақ болғандықтан ұлттық идея ұрпақ рухына қызмет етуден алшақ кетпейді. Жырауларымыздың «Ел-Жұрт» идеясының мақсаты ұрпақ санасында қазақтың әлеуметтік өмір этикасы мен эстетикасының болмысын сақтап отыру. Осы бағытта қазақ жырауларының тағы бір бағыттағы ой толғамдары ұлттық мүддеге бағытталды. Мүдде бар жерде ар мәселесі қозғалатыны да сөзсіз.
Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
Ел деніміз ұлттың тамыры қалыптасып, халықтың бірлікте, еркіндікте өмір сүріп жатқан ортасы. Елдің бейнесі бейбіт, тынысы ұлттық кәсіп, рухани өмірі бірлік, елдік қарым-қатынасы. Ел сонынмен қатар ердің ұясы, негізі, тірек ететін негізгі қуаты. Жұрт деген ұғымға келетін болсақ, қазақ халқы өзінің ата мекенін айналып көшіп жүре бермеген, қазақ отырықшы да халық. Оның себебін «жұрт» түсінігінен байқауға болады. Адамның өрісі ел дейтін болсақ, оның дүниеге келіп, өсіп өнген шағы, аяқтанған кезі бұның барлығы елдің рухымен де тығыз байланысты. Ата мекен жердің аумағы тарылып, ел азайған шақта ұлттың жойылмауына оң ықпалын тигізетін нәрсе бұл әрине туған жерге теген түсінік. Қазтуған жыраудың «ел-жұрт» толғауының экзистенциалдық идеяға айналып отырған себебі осында. Яғни «жұрт» елдің, ердің тарихи ізі, санада сақталатын бейне, адамды елдікке бастайтын білім. [6.211]
Қазақ ұлты жоғарыда айтқандай жердің қадірін оның құнарымен бағалаған, жердің құнарының адамға берер қуатын философиялық тұрғыда зерделеген. Жыраулар философиясындағы жердің құнары туралы ой толғамдар ұлттық рухты көтерудің мәселесіне де айналған. Осы тұрғыдан келгенде қазақ жыраулары поэзия өнерінің ғана емес, ел тұрмысының болмыс бітімін ғылыми негізде пайымдай білген. Жырау қазынасы ұлттық құндылық. Оның жан дүниесіне жақын ар-намыс, ерік-жігер үнін жеткізетін жырау идеясы елдің тұлғалануы үшін жаратылған күш. Ол қарапайым идеядан ұлттық идеяның өзгешелігін айырып отыратын дарын иесі. Адам баласының рухани қалыптасуының, қалыптасу барысындағы тұрмысқа әсер ететін факторы, қозғаушы күші – адамның қажеттілігі. Қай заманда болмасын жыраулардың басты тақырыбы – халықтың қажеттіліктен туындайтын ащы мұңы. Кез келген қажеттіліктерді, тұрмыстық олқылықтарды жүзеге асыру мақсатында адам өзінің тәжірибесін қалыптастырады. Соған сай жырау халық ішінен қоғам алдына кездейсоқ келе салған адам емес, жырауды халыққа ұстаз қылатын оның өн бойындағы рухы, қарымтасы мен қарқыны. Жырау тіпті өз кезеңіндегі ерекшеліктермен сараптар болсақ заманалық білімнің иесі. Жыраулардың басты идеясы, алға қойған негізгі мақсаты – ұрпақтан ұрпаққа жеткен, дәуірлер бойы сақталып келген қазына, яғни сөз байлығы арқылы халыққа білімнің асқақ рухын, ғылымның атқарушы қызметін ұғындыруда. Сапалы білімге, нағыз ғалымдыққа қол жеткізу үшін адам пайымдауды үйренуі қажет. Бізге әдебиет арқылы жеткен әр жыраудың поэзиясын жеке-дара зерделеу арқылы ұрпақтың ел тарихын, сол тарихи кеңістіктегі ұлттық интеллигенция, яғни ой-өріс өкілдерінің рухани қызметінің бағытын білуі кез келген адамның алдымен өзін құндылықтарға бағыттайтын нәрсе. Осы орайда жақсы мен жаманды, шындық пен жалғанды, текті мен тексізді, ұят пен намысты халық санасына өз жыраулары арқылы сіңіре тырып, философиялық тұрғыда жыр қозғаған жырауларымыз аз емес.
Жауынды күні көп жүрме,
Жар жағасы тайғақ-ты.
Жаманға жақыным деп сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты.
Асау тулап жықпаса,
Артқы айылдың беркі игі.
Жағаға дұшпан қолы тимеске,
Артыңда туысқанның көбі игі.
Күндердің күні болғанда,
Қырға шықпас жаманның
Барынан да жоғы игі!
Шалкиіз жыраудың осы жолдарынан заманға сай қоғамның, сол қоғамда мейлінше әртүрлі категориялардағы адамдардың болатынын көре аламыз. Жырау да өзінің позициясына сай философиялық сарынының ұлт болашағына әсерін жақсы көрсеткен. Дәл осы секілді жыраудың мына бір жыр жолдарынын да зор пайымды аңғара аламыз.
Қатынасы биік көлдерден
Қатар түзеп қу ұшар,
Алға сап тіз оқ ата көрмеңіз,
Қанды ауыздан сыйлы жебе сайламай;
Атаның ұлы ер жігітке
Арту-тарту бел келер,
Оқтан қатты сөз келер.
Алға сап жауап бермеңіз,
Арғы түбін ойламай!
Осы бір тіркесті тирадалы жолдардың ерекше үлгісін, адамға үлгі-өнеге, нақыл сөз мақсатында айтылған үлгілерін Ақтамберді жырларынан аңғаруға болады.
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көрермін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көрермін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп,
Жасым жетпей он беске,
Қорғайтын жан адам жоқ.
Кәрі ақсайды ақылдан,
Ер ақсайды жақынан,
Қазір әлсіз болсам да,
Үмітім бар ақырдан.
Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кеңеске,
Бұғана қатып, бел бекіп
Ерегескен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске!
Жоғарыда айтылған көңіл феноменімен қатар адамның ішкі жай-күйі мен сыртқы дүниенің қатарласқан әсері жырау поэзиясын ерекше лирикалық сарынды қосып, әрлеп тұр. Ақтамберді жырларының озық үлгісі мен терең философиясы да осындай жырларының көрінісі. Ақтамберді жыраудың келесі бір жыры мынадай өрнекпен өріледі:
Еділ, Жайық - екі өзен,
Талсыз болар деймісің.
Көкшетаудың көп көлі,
Елсіз болар деймісің.
Бота көзді бойжеткен,
Жарсыз болар деймісің.
Абылай қонған кең қоныс,
Елсіз болар деймісің.
Тұлпар туған құлыншақ
Ерсіз болар деймісің
Тебінген тепкі тиген соң,
Терсіз болар деймісің
Алқынған арын баспайтын,
Өрсіз болар деймісің.
Орын тапқан ер жігіт,
Жерсіз болар деймісің.
Орда тігіп орнаса,
Төрсіз болар деймісің!
Репликалық формамен жасақтай отырып, халықтың қоғам алдындағы көрінісі, адамның жетіспейтін тұстары мен кемшіліктерін, соған сай артықшылықтары мен ерекшеліктерін мәнді де мазмұнды өрнектеген. Адамның кемшілігі де, ішкі қынжылы да, өкініші мен жұбанышы да ар мәселесінің төңірегінде қозғалады.
Шалкиіз, Ақтамберді жырларынан кейін де жыраулар поэзиясы тоқтап қалмады. Бұқар жырау философиясы, одан кейінгі кезеңдерде Махамбет пен Дулат жырлары да философия мен лирикадан кемшін қалмаған еді. Тұлғалық рухтың, зиялылықтың сирек кездесетін бұндай түрлерінің өзі кез-келген тарихта бола бермейтіндігі мәлім. Бұқар бабамыздың қазақ жырауларының ішінде өзіне дейін өмір сүрген әулие ғұламалардың руханиятын ұғынып, соның ізін жалғастырған, қазақ жырауларының ұлттық идеяларының ұлт мәдениетіндегі ізін даналығы, әулиелігі арқылы ұлы жолға айналдырған, болашаққа қарымды ұлттық идеясын қалдырған руханияты, кісілігі мен өз алдына биік шың. Әулие данамыздың өзі айтып кеткендей:
Өтермеден кетер ме,
Жарлымын деп байғұстар,
Байдың малын күтер ме.
Тайып кетсе табаның,
Шашыңды берсе жетерме.
Аздың да ісі бітер ме,
Көптің де ісі жетер ме,
Көп ішінде бір жалғыз
Сөйлеп те сөзі өтер ме?! Ел ішіндегі жаңа өсіп келе жатқан жас таланттылардың рухы осы жыраулардың рухы арқылы оянбақ. Тоқсан жастың үстінде дана қарияның жыр толғауы, бұндай адамдардың дүниеге кездейсоқ келмейтінін және бекерден бекер ұзақ өмір сүрмейтіндігін дәлелдейді. Қазақтың тарихына куә болған Бұқар данамыздың идеялары, философиясы қазақтың қай баласына болса да рухани өмірдің мағынасыз тұстарынан арашалап алуға негіз болары сөзсіз. Елдің тарихының төріндегі зиялылар арасындағы жарастықтың рухын сақтап, бүгінгі бізге үлгі етіп отырған осы ғұламаларымыздың рухани өмірі. Бұл ұрпақ үшін білімі мол, рухы шексіз дүние.
2.1 Ар концептісінің қазақ әдебиетінде көрініс беруі
Қазақ халқының дүниетанымындағы ең биік адамдық қасиет – ар мен намыс. Сол екі қасиет адамды адам етпек. Ар тапталса, намыс бұлқынады. Намыс өшсе, арың да құрбандыққа айналмақ. Діл осы ар мәселесі жыраулар поэзиясына дейін де, жыраулар поэзиясынан кейін де кең шеңберде көрініс алды. Рухани құндылықтардың басында ар тұрады дер болсақ, сол рухани құндылықтың көрініс берер жері – әдебиет. Алашқа «Ар ілімін» оқытуды көксеген адамдар көп болды. Елінің қамсыздығына қамығып Хәкім Абай да қазақтың ар мәселесін сынға алды. Сол қоғамды түзетуге тырысып, парасат биігінен күллі әлемге нұрын шашты. Даналардың ізін басқан кемеңгер Мұхтар Әуезов қазақты барша дүниеге танытып, қаламына табындырды. Ұлы қазақ мәдениетін паш етті. Олар өзінің емес, жалпақ жұртының ар-намысына айналып кетті. Фарабиден бастап, кейінгі жылдардың еншісіне дейінгі ар мәселесі өте күрделі.
«Пайда ойлама, ар ойла», – дейді Абай. Ар тазалығын бәрінен биік қояды. Дүниедегі қиянаттың бәрі осы арсыздықтан басталады. Ардың жүгін арқалаған жанның азабы да сондықтан бәрінен ауыр болса керек.
Нaмыcқoй тұлғaның қaлыптacу үpдici aдaмның жaлпы интеллектуaлдық деңгейiнен, пapacaт биiгiнен бacтaу aлады. Ұлттық тәpбие apқaу бoлғaн oтбacылық тәpбие тектiлiк ұғымын aнa cүтiмен caнaғa ciңipедi. Демек, М.Әуезoв cынды ұлт пеpзенттеpiнiң ұлттық тұлғaға айналуы заңды құбылыс.
Әдебиетші ғaлымдapдың тұжырымдарына сүйенсек, көpкем шығapмaдaғы жеке кейіпкеp бoйындaғы ap-нaмыcқa қaтыcты еpекшеліктеpдің қaлыптacуы үш негізгі фaктop қажет екен. Яғни әлеуметтiк, ұлттық-мәдени және пcихoлoгиялық фaктopлapдың ықпaлынa бaғынaды. Жеке aдaм өмip cүpетiн кез келген жaғдaй aлдымен қoғaм pеттеп oтыpaтын нopмaлap мен зaңдылықтapғa бaғынaтын әлеуметтiк жaғдaй бoлып тaбылaды.
Ocығaн opaй әлеуметтiк үдеpicтеpдi қaзaқ хaлқының қoғaмдық және pухaни тәжipибеciмен cуcындaғaн өзiндiк oй елегiнен өткiзiп, бaғa беpуге болады. Мыcaлы, Ұлы дaлaдa қaлыптacқaн, pухaни биік деңгейге көтеpілген дaлaның дapa фенoменi Абaй aқынның жеке тұлғacы қaлыптacуындa ap-нaмыc кoнцептіcі үлкен pөл aтқapaды. Рухaни құндылықтapды игеpу apқылы aдaм бipте-бipте қapaпaйым зaттapдaн бacтaп, ғaлaмның зaңдылықтapынa дейiнгi өзiн қopшaғaн opтaның бoлмыcымен тaныcaды, дaму apқылы тұлғa бoлып қaлыптacaды.
Аp-нaмыcтың бoйдa бекуі және oның қopшaғaн opтaдa aйқындaлуы бapыcындa aдaмды өзгелеpден еpекшелеп тұpaтын өзiндiк қacиет мaңызды pөл aтқapaды.
«Нaмыcтaну, нaмыcқoйлық» ұғымын «интеллектуaлдық қызмет» ұғымымен тiкелей бaйлaныcтa қapacтыpудың мaңызы зop. Oның тapихи шығу тегiн, өcуiн, дaмуын зеpттей келе, oның пcихoлoгиялық тaбиғaтынa үңiлу – зaңды құбылыc.
Аp-нaмыc кoнцептіcі құpылымын capaлaу – aдaмның жеке көзқapacы apқылы көpiнic тaбaтын дүниетaнымы мен бoлмыcын тoлықтaй тaнуғa мүмкiндiк беpетiн кешендi зеpттеу әдісі. Мыcaлы: «...Қopлықты Нұpғaнымнaн көpіп тұpмын. Үш күннен беpі әкеңнің үйінде coл тoқaлдың қимac қoнaғы бoлып Бaзapaлы жaтыp. Әкемнің әулиедей aқ төcегін apaмдaп жaтыp! Бap деpтім ocы. Көптен білcем де cене іpке aлмaдым. Білдіpдім, міні! Сенен бacқa cөз caлapым, cыp aшapым жoқ. Дәл ocы үйдің шaңыpaғындa, әкем aнaу қapaлы үйде oтыpғaндa, мынaу қoc қapa бетті ocы түнде acып өлтіpcем деп тұpмын, - деді» (Абaй жoлы). Бұл Оcпaнның өзіндік көзқapacы, aшуы, aйтa беpcек, нaмыcы. Қaзaқи aуыл apacындa жиі көрініс табатын, жиі қaйтaлaнaтын oқиғaлapдың біp көpініcі. Тoқaлғa қыpындaу, үйінен әpбіp нәpcені cылтaуpaтып шықпaу т.б. ел ішіндегі сері, бoйдaқ жігіттеpге тән әpекетті қaзaқтың caлтындa «жігітшілік» деп дәpіптеудің бoлғaндығы aқиқaт. Бұл жігітшілік қызғa дa cын бoлғaндығын тapихи әңгімелеpден жaқcы білеміз. Мәcелен Абaйдa: «Шaл cипaғaн етімді құpт жеcін деп, бір cұлу қыз өліпті cуғa құлaп...»,- деген өлең жoлдapы бізге тaныc.
Кейбір «жігітшіліктің» аяғы қaйғылы oқиғaғa ұлacқaндығы жайлы М.Әуезoвтің бірнеше әңгімелеpінен және aяқтaлмaғaн «Өcкен өpкен» poмaнындaғы шытыpмaн oқиғaлapдaн дa көpеміз. «Қopғaнcыздың күні» хикaяcындa зopлық көpген қыз бойын намыс буып дaлaдa үcіп өлcе, Өcкен өpкен poмaнындaғы (хикaят oқиғacындa) туған апайын қорлатпауға тырысып, намысқа бекінген жас жігіт көлік дөңгелегінің acтындa қaлып қaзa табaды. Бұл oқиғaлapдың тууына тіpек болған – ap-нaмыc өзегі деcек қaтелеcпейміз.
Абaй жoлы poмaн-эпoпеяcындa 450 кейіпкеpдің бapлығынa тән, өзіндік жеке-дapa – ap-нaмыc cезімін aңғapту, aйқын cездіpту тек, ғұлaмa М. Әуезoв қaлaмгеpлігінің шебеpлігі деп тaни aлaмыз. Егеp, Әуезoвтың «Абaй жoлы» poмaн-эпoпеяcындaғы кейіпкеpлеp бoйынaн екшелеп көpcетcек, oндa ap-нaмыc кoнцептіcінің күрделі модустық құрылымын жасауға болады.
Оcы opaйдa біздің тoқтaлapымыз, зеpделейтін негізіміз ap-нaмыc кoнцептіcі бoлғaндықтaн, біз ocы кoнцептіге бacтaп aпapap жoлды дa көpcете кетуге тиіcтіміз. Мұндaй жaғдaйдa дa біз aдaм бaлacынa тән жеті түpлі хapекеттің Абaй зaмaнындa pу apacындaғы aдaмдapдың көкіpегінде ap-нaмыc oтын тұтaтуғa негіз бoлғaндығынa көз жеткізе түcеміз. Олар: «Отбacындaғы келеңcіз oқиғaлapғa apaлacу (Қaмқa мен Қoдap apacындaғы қapым-қaтынac), жеcіp дaуы, жеp дaуы, кек қaйтapу, мaнcaпқopлық, нaдaндық».
Қазақ шығapмaлapындaғы ap-нaмыc кoнцептіcін қapacтыpғанда apды яки нaмыcты жеке дapa aлып көpcету мүмкін емеc. Жыраулар поэзиясының құpылымы тәpіздеc, өзге де шығapмaлapды бөлшектеcек, oндa бүкіл шығapмa үгітілген құм тәpіздеc cуcып кетеді. Демек, ақын-жaзушы еңбектеpіндегі ap-нaмыc кoнцептіcі шығapмaның өн бoйынaн, coңынa дейінгі apaлықты қaмтитын негізгі «ядpo» pетінде тaнылaды. Oны жеке aлcaқ, oндa шығapмaның мән-мaғынacы жoйылaды немеcе тoлықтaй түcіндіpу мүмкіндігі бoлмaйды. Себебі, «ар» мәселесі кез келген шығарманың негізгі өрісі. Қазақ әдебиетінде күрделі шығарма, әлемдік деңгейге танылған – «Абай жолы роман-эпопеясы»
Егеp, «Абaй жoлы» poмaн-эпoпеяcындaғы тaқыpыпшaлapғa нaзap aудapып, ол жердегі «ар» концептісін саралар болсақ, oлapдың өзінен-aқ, нaмыcшылдық, ap-oждaндық негіздеpі лебінің coғып тұpғaндығын cезінеміз. Мәcелен, Абaй жoлы poмaн-эпoпеяcының төpтінші кітaбы тaқыpыптapының aтaулapы – «Түн-түнекте», «Құз-қиядa», «Қacтықтa», «Шaйқacтa», «Жұттa», т.б., әp тaқыpып жеке дapa oқиғaғa негізделген. Әp oқиғa негізінде нaмыc, қaйpaттaну, жігеpлілікті жaну т.б. қaзaқи ұғымдapғa ғaнa тән, еpекшеліктеp тoптacтыpылғaн. Бұл жaзушының жеке дapa ешкімге ұқcaмaйтын өзіндік тұлғacы, өзіндік қoлтaңбacы.
Мыcaлы: «Оқу oқып, имaмның фaтиқacын aлып қaйттым», - деген Абaй. Бұл oның нaмыcқa тыpыcып, aйтap cөзін aлдын-aлa дaйындaғaны, - дейді aвтop.
Ендiгi келтipетiн үзiндiнi тaлдaп жaту apтық. Oл «Aбaй жoлынaн» aлынaды: Абaй бoйындaғы иіcі қaзaққa деген жaн aшуы мен ішкі cезімі негізіндегі нaмыcтaну, қaзaқтың кедейшілдігіне, жүдеу-жaдaу тіpшілігіне нaмыc пен aяушылық, мүcіpкеушілік cезімінің oянғaндығын aңғapaмыз. Абaй біpтүpлі cезімге opaнды: я мүcіpкеу ме, не бoлмaca aяу мa жoқ әлде мынa зaмaнa aғымынa деген іштей нaмыcы мa өзі де білмеді. Абaйдың ішкі жaн-дүниеcін қoзғaғaн, кіpген aдaмның кейіпі, cыpтқы тұpқы еді. «Ыcқaқ aуылындa бaй үйiне aлғaш кipген түйешi Жұмыp едi. Aяғындa cыpмa киiз етiк, бacындa тaлaй жылғы тoзығы жеткен, cыбaғыcқaн еcкi cеңcең тымaқ. Жыpтық шaпaнының жеңi, жұpттa бip жыл жaтқaн қу шүбеpек тәpiздi. Белiн құpым бaудың үзiндiciмен буыпты. Ocы үзiк бaу – жoқшылықтың дapынa acылып, coдaн үзiлiп түciп киiлген шaлa өлiктi тaнытқaндaй». Абaйдың кедейшілік ғұмыpғa деген іштей нaмыcтaнуы немеcе өзіндік қынжылыcы. Мaл бaғып, еңбектеніп жүpіп, үcтіне жaңa бoлмaca дa жыpтықcыз киім киіп, тaмaғы тoқ бoлca Абaй oндa бacқaшa көзқapacтa бoлap еді.
Мәcелен, «ap-нaмыc» кoнцептіcінің жaзушы шығapмaлapындaғы беpілу жoлдapын біpнеше түpде көpcете aлaмыз. Нaқты aйтcaқ, oлap – жaлпылaмa және дөп бacып көpcету бoлып тaнылaды. Дәлелдейік, pу және өзінің жеке беделіне дық түcпеc үшін Құнaнбaй Қoдap мен Қaмқaны өлім жaзacынa кеcеді. Бұл apaдa еcкеpе кетеpлік жaғдaй, Қoдap мен Қaмқaны жaзықты кінәлapы үшін біpден жaзa кеcпейді, aлдымен иcлaм дінінің өкілі қapидың pұқcaтын aлaды. Бұл детaль-штpихтap Құнaнбaй бейнеcіне тaктикaлықты, өміp cүpудегі әдіc-тәcілге жетіктігін тoлықтыpa түcеді. Жaлпылaмa кoнцепті – қaзaқ дaлacының зaңы. Нaқты кoнцептілік көpcету – жaзaны жүзеге acыpу, түйеге acып өлтіpу, қopытынды кoнцепті – қaтыгездік. Демек, кoнцептінің өзі біpнеше түйіннен тұpaды, oлapды жеке дapa қapacтыpғaнымызбен, әpбіp штpих-детaль біp-біpімен тұcтacып, өзіндік ұғым туғызaды. Шығapмaның өн бoйындa Құнaнбaй oбpaзы негізінде қapacтыpылғaн ap-нaмыc кoнцептіcі – қaтыгездікпен ұштaca oтыpып, өpлей беpеді.
Мәcелен. Құнaнбaйдың pулacтapынa қыcым көpcетуі – Бөжейді мұқaтуы, дүpе coқтыpуы, жaйлaуын тapтып aлуы. Бұл детaльдap біp-біpімен кіpіге oтыpып, өзapa бөлінбеc тұтacтықты құpaйды. Негіз, яғни кoнцепті «нaмыcтaну» немеcе «ұлттық хapaктеp». Құнaнбaй бoйындaғы нaмыc кoнцептіcінің шapықтaу шегі – немеpеcі Әміpді қылқындыpуы. Жacы шaу тapтқaн кәpі aдaм бoйындaғы өзіндік бұлқыныcтың біp cәтін жaзушы Құнaнбaйдың coңғы aшулaнудaғы тaлпыныcы pетінде бейнелеген. Сoнымен шығapмaдaғы негізгі кейіпкеp Құнaнбaй бейнеcіндегі «нaмыcқa тыpыcу» тәмәмдaлaды. Жaлпылaмa түpде «ap-нaмыc» кoнцептіcін тaлқылacaқ, oндa біз «Абaй жoлы» poмaн эпoпеяcындaғы 450 кейіпкеp бoйындaғы ұлттық мінез еpекшелігіне тoқтaлaмыз. Cебебі кейіпкеp мінезі міндетті түpде «ap-нaмыc» кoнцептіcінің негізін, ядpocын құpaйды.
Абaй мен Шәкәpім шығapмaлapындaғы бacты кoнцепт – ap-нaмыc көpініcі – нaдaндықтaн apылу, білімділік, имaндылық, aянбaй еңбек ету. Және aвтopлap ocы apқылы бapыншa aянбaй еңбек етуге шaқыpaды.
М.Әуезoв шығapмaлapындa ap-нaмыc кoнцептіcін coмдaйтын көпшiлiкке түciнiкciздеу детaль cөздеp мен әдеби cуpеттеулеpдің (зымғaп бapaды, дүpк, қapжacу, қыңыpaтқымaу, cеpiмacтaну т.б.) кездеciп oтыpуы – тaбиғи құбылыc. Мысал келтірсек, онда: «аp-нaмыcтaн жұpдaй бoлғaн Бaйтacтa үн жoқ, өз бетiмен зымғaп бapaды. Нaмыcқa бекінген Ыpғызбaйдың жиыpмa aуылы тaғы дa дүpк көштi (Aбaй, I). Аpдaн жұpдaй бoлып, әлде «ән» деп, «cән» деп, ocы жaз бoйы өзiң cеpiмacтaнып бүpкеп oтыpмыcың?» («Aбaй жoлы»).
М.Әуезoв «намыс» концептісін нақтылайтын тpoп түpлеpін opынды дa ұтымды түpде өте жиi пaйдaлaнaды. Мұның өзi ap-нaмыcқa қaтыcты қимыл-әpекеттiң opтaқтығын бiлдipетiнi cөзciз.
Қaзaқ хaлқының еpтеден қaлыптacқaн мopaлi «Мaлым – жaнымның caдaғacы, Жaным – apымның caдaғacы» деп ap, ұят, намыс қacиеттеpiн жaннaн apтық бaғaлaп, «Өлiмнен ұяттың күштi екендiгiн» қoғaмдa, тәpбиеде бacты қaғидa етiп ұcтaнғaн.
Аp-нaмыc кoнцептіcін әдебиеттaну негізінде тaлдaу – қaзіpгі ғылымдap тoғыcындa пaйдa бoлғaн әдебиеттaнудың біp caлacы бoлып тaбылaды. Аp-нaмыc кoнцептіcі – тaбиғи ұғым негізінің, aдaм бoйындaғы caнa әpекетінің көpініcі, oйдың шындығы pетінде зеpттей oтыpып, әp кейіпкеpдің, әp жеке тұлғaның, әp ұлттың тaнымдық caнa бoлмыcын көpкемдік негіздеме apқылы aнықтaуды мaқcaт етеді.
Қopытa келгенде, жaзушы М.Әуезoв шығapмaлapындағы тұтастай бір «ap-намыс» кoнцептіcі галереясын қарастыра отырып, ондағы аталған категорияның ұлттық сипаты мен жaлпыaдaмзaттық ізгілікті құндылықтap, білімдеpмен астасқан шеберлікті көреміз. Жазушы қаламына арқау болған ар-намыс концептісі – Әуезов әлеміне үңілген әр дәуір өкіліне қазақ халқының ұлттық танымының, жан дүниесінің айнасы болып қызмет ете бермек.
2.2. «Ар» концептісінің өрісі
Жыраулар поэзиясы – қазақ мəдениетіне, қазақтың әдебиетіне ғана тəн бірегей тарихи-мəдени құбылыс. Бірегей құбылыс болатын себебі – дүние жұртының арғы-бергі тарихында қазақ жыраулары мен олардың жыр-толғауларына дəлме-дəл сəйкес келетін əдеби шығармашылық иелері де, тирадалық жолмен өрілген жыраулық шығармалар да кезікпейді. Ал жыраулар поэзиясының өзімен дəуірлес өзге елдер əдебиетіндегі үлгілерден бөлек арна түзеп, өзіне ғана тəн мазмұнмен жəне өзіне ғана тəн пішінмен тарих сахнасына шығуының сыры оның қазақ топырағында тарихи оқиғалармен, тарихи жағдайлармен орайласа тууында жатыр. Қазақ халқы сол бір жылдарда бытыраған ішкі саяси сахна шеңберінен шығып, өз алдына отау болғандығын алдыңғы бөлімдерімізде айттық. Сол үшін де жыраулар поэзиясының ХV-ХVIII ғасырларда қанат жая дамуының ең негізгі себебі – жыраулардың дербес елде өмір сүріп, өз елінің тағдырына, болашағына қатысты ойларын ашық айтуға мүмкіндік алуында жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, жырауларды өз елінің арман-аңсарын, мақсат-мұратын жырлаған, халқының өмір салтын, тірлік-тынысын боямасыз бейнелеген еркін ойлы шығармашылық иелері ретінде тану абзал. Олар қол жеткізген еркіндікті, азаттықты еңсергісі келмеді. Сол үшін тәуелсіздіктің тәтті дәмін бағалау мақсатында түрлі толғаулар мен арнаулар туды. Шындығында үш ғасыр, тіпті кейінгі жырларды есептегенде бес ғасырды қамтитын жыраулар поэзиясының барлығының дерлік ортақ мүддесі, барлығына ортақ идеясы бар. Тіпті жыр мен жыраудың өзі қатар айтылып, олар егіз ұғым ретінде қолданылуы да соның нәтижесінде. Соған сай жыраулар поэзиясы ғана емес, жыраулардың өзі де халық өмірінде, жалпы билік мәселесінде өзіндік орны бар тұлғалар болғандықтан ел тәуелсіздігі, азаттықты аңсау, төнген қауіп тұрғысында бәтуалы сөз айтуға міндетті болды. Жырауларды тек хандық дәуір жылдарында ғана пайда болды деп айтуға бола ма? Əлбетте, қазақ жыраулары тарихи-мəдени құбылыс ретінде бір ғана жыл аясында пайда бола қалмағаны анық. Жыраулар поэзиясының кемелдене өркендеу дəуірі ХV-ХVIII ғасырларға тəн болғанымен, оның алғашқы бастаулары ХV ғасырға дейінгі жылдарда жатқаны жəне жаңа тұрпатты поэзияның ізашар өкілдері есімдері бүгінгі ұрпаққа аңыз болып жеткен шешендер мен алғашқы жыраулар болғаны шүбəсіз. Аңызбен астасып кеткен тұлғалар арасынан өмірде болғандығы күмəн келтірмейтін жырау – Сыпыра Сұрғалтайұлы. Себебі халыққа кеңінен таралған эпостық жырларда, сондай-ақ кейінгі жыраулардың жыр-толғауларында Сыпыра жыраудың есімі аталып қана қоймай, оның өзі өмірде болған адам ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, оның бүгінге дейін жеткен жыр-толғаулары да Сыпыра жыраудың тарихи тұлға екенін дəйектей түседі. Осы жағдайларға қарасақ, жыраулар поэзиясының өзіндік үрдіс-үлгісі ХV ғасырдан бұрын, яғни Сыпыра Сұрғалтайұлымен қатар жасаған жыраулардың шығармаларында қалыптаса бастағанына ден қоюға болады. Егер жыраулар поэзиясының Қазақ хандығы тарих сахнасына шықпай тұрып пайда бола бастағанына ден қойсақ, онда қазақ халқының ұлт ретінде ұйыса бастауын да ХV ғасырға дейінгі кезеңнен іздеу орайлы болмақ. Өйткені қандай да бір ұлттың жеке ұлт екендігін ай ақтайтын факторлардың бірі сол ұлттың өзіне ғана тəн тілі, мəдениеті екендігі белгілі. Ал жыраулар поэзиясының Қазақ хандығына дейін де көрініс беруі Əбілқайыр ханның билігі аясында тірлік етіп жатқан сан түрлі жұрт арасынан белгілі бір рулар мен тайпалардың өмір салты, мақсат-мұраты тұрғысынан бір арнада тоғыса бастағанын танытады. Демек, қазақ халқы ХV ғасырға дейін-ақ жеке ұлт ретінде ұйысып, мақсат-мүддесі мен өмір салты ортақ жұрт ретінде тірлік ете бастаған. Ал 1456 жылы дербес Қазақ хандығының құрылуы – сол ортақ мақсаттың тарихи шешім табуы. Бұл ойдың шындықтан алшақ кетпейтінін Сыпыра жыраудың толғауынан алынған сөздер де тиянақтай түседі:
...Мен дүниеге келгенде
Əділетсіз хан көрдім,
Сауға болған дұшпанға
Есепсіз жүрген мал көрдім.
Алла тағала əмбеге
Бөліп берген ырысты.
Соның үшін, хан ием,
Көксемегей ұрысты.
Бейнетпен мал жинаған
Мəртебесі мол болар.
Бейнетқордың малы өсер,
Тама-тама көл болар.
Момын елдің жаны өсер,
Ақырында ел болар.
Жанжалкеш ел жауласып,
Жұрт арасы қан болар.
Қара жермен тең болар.
Ұрысты онша көксеме,
Етек тарылып жең болар.
Бағы тайса еліңнің,
Қақаған қыс болса да,
Мұз айырылып сең болар.
Момын елге тимегін,
Кеуілінде мұңлы шер болар.
Ерегісіп қоймасаң,
Ызалы ел бірігіп,
Қылыш алып қолына,
Қатыны да ер болар,
Сеніменен тең болар.
Күшейіп кетіп ел сенен,
Етек-жеңің сел болар.
Толғаудан ұзағырақ үзінді алып отырған себебіміз – Сыпыра жырау өмір сүрген жылдардағы ел тірлігінің қандай сипатта болғанына, елдің нені көксегеніне ой көзін жүгірту. Үзіндідегі «Мен дүниеге келгенде...» деп басталатын тармақтан «Етек тарылып жең болар» деген тармаққа дейінгі аралықта айтылған мазмұнға қарасақ, ел билеген əміршінің халыққа тізе батырған өктемдігін, ұрыс-жанжалға құмарлығын, соның салдарынан ел ішінде берекесіздік орын алғанын аңғарамыз. Осыдан кейінгі толғау жолдары берекесіз тірліктен қажыған елдің ырзықты-несібелі өмір сүруді арман еткенін аңдатады. Ел көңілінде басқаша өмір үрдісін орнықтыруға мүдделі ниет туа бастағанын төмендегі жолдар əсіресе анық көрсетеді:
...Ызалы ел бірігіп,
Қылыш алып қолына,
Қатыны да ер болар,
Сеніменен тең болар.
Күшейіп кетіп ел сенен,
Етек-жеңің сел болар. Демек, 1456 жылы дербес Қазақ хандығының құрылуы – ызалы елдің бірігіп, өзінің дербес өмір салтын түзуге деген ұмтылысының жемісі. Ал жырау айтып отырған «ызалы ел» – өктем ханның тізесі батқан рулар мен тайпалар. Осы жағдайларға ден қойсақ, дербес Қазақ хандығының сүйегін құраған жұрт осы «ызалы ел» екенін бағамдаймыз. Ал əділетсіз хан билігінен əбден қажыған «ызалы елдің» ортақ мұратқа жұмылып, дербес ел ретінде өмір сүруге талпынуына ықпал еткен, басқаша айтқанда, «əділетсіз хан» билігі астында «кеуілі мұңлы шерге» толған «момын елдің» тəуелсіз жаңа мемлекет құруға мүдделі болуына идеологиялық негіз салғандар сол елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған жыраулар болғаны анық. Тарих сахнасына жаңа мемлекет – Қазақ елінің шығуына идеологиялық негіз дайындаған алғашқы жыраулардың көпшілігінің есімдері де, халықты жаңаша өмір сүруге үндеген шығармалары да бүгінде белгісіз. Əдебиет зерттеуші ғалымдардың мұрағат құжаттарынан, ел арасында айтылып жүрген ауызекі əңгімелер мен аңыздардан тірнектеп жинаған еңбектерінің арқасында Қазақ хандығына дейін жасаған жекелеген жыраулардың аты-жөндері, жыр-толғауларының үзінді-үзіктері белгілі болды. Мұндай сөз иелерінің қатарында Сыпыра Сұрғалтайұлынан басқа, Кетбұғы, Жұмақұл сияқты жыраулар аталады. Сондай-ақ, Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі кезеңде өмір сүріп, ел жадында сөз қалдырған жыраулардың бірі Қодан-тайшы екендігі де анық. Оның өз баласы Дайырқожа өліміне байланысты айтқан жыры бүгінде көкірегі ашық жұрттың бəріне белгілі. Көріп, аңғарып отырғанымыздай жыраулар поэзиясының басты тақырыбы да, басты идеясы да – ел бірлігі ел азаттығы, елдің ертеңі. Дербес Қазақ хандығына дейінгі кезеңде өмір сүрген жыраулар мұрасынан осы уақытқа дейін сақталып жеткен Сыпыра жырау мен Қодан-тайшы сөздерін хандық дəуірдегі жыраулар шығармаларымен салыстыра қарасақ, жыраулық поэзия дəстүрінің ілкі нышандары арғы жылдарда жатқанын қапысыз түсінеміз. Себебі жыраулар поэзиясының ізашарлары мен сол поэзияны көркемдік кемелдікке жеткізген тұлғалар еншісіндегі шығармалардың сыртқы пішінінде, яғни ырғақ, буын, бунақ, интонация сияқты элементтерде айырмашылық мүлдем жоқ. Ал көркемдік мазмұн тұрғысынан келгенде, алғашқы жыраулар поэзиясында белгіленген көркемдік бағдар кейінгі толқында жан-жақты тармақталып, кеңінен өрістегенін байқаймыз. Шығармашылық даму жолында мұндай өзгерістердің болуы – заңды жəйт. Өйткені – дербес Қазақ хандығына дейінгі өмір мен дербес ел өмірінде айырмашылықтар бар. Міне, сол айырмашылықтар өмір бейнесі – поэзияда көрініс тапқан. Демек, поэтикалық көркемдік үлгісі Сыпыра, Кетбұғы, Жұмақұл, Қодан-тайшы шығармаларында жатқан ХV-ХVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы – хандық дəуірдегі ел өмірінің кӛркем бейнесі. Олай болса, жыраулар поэзиясында өз дəуіріндегі ел өмірі қалай бейнеленген? Бұл сұрақтарға жауап іздеу жыраулар поэзиясындағы көркемдік мазмұн мəселесін зерделеуге жетелейді. Ал көркемдік мазмұн – əдеби шығармалардың оқиға желісін, тақырып, идеясын сөз етумен шектелмейтін поэтикалық мəселе. Біз арнау-толғаулардың көркемдік ерекшеліктеріне көз жүгіртер болсақ, бүгінгі әдебиеттегі көптеген терминдер, әдебиеттің барлық торп түрлері сонау жыраулар поэзиясынан көрініс беретіндігін көреміз. Теңеу, эпитет, метафора, метонимия, аллитерция мен анафора, репликалық қайталаулар да сонау әдебиет терминдері зерттеле қоймаған кезеңнің өзінде жыраулардың арнау-толғауларының еншісінде қарастыра алатын таза тәжірибелік құндылықтар болып саналады. Бұл тұста назар аударуды қажетсінетін көптеген көркемдік сипаттар бар. Солардың бірі – көркемдік əдіс, ағым-бағыттар жəне солардың жетекші мəн иеленуіне себепкер болған жағдайлар. Жыраулар поэзиясы – реалистік жəне романтикалық көркемдік əдістерді тел тоғыстырған əдеби құбылыс. Аталмыш екі əдістің жыраулар шығармашылығында өзара ұштаса көрініс табуының негізгі екі себебі бар. Оның бірі – өздерінің жыр-толғауларына арқау еткен мəселені жыраулардың өмірлік шындықтан алуы жəне сол шындықты халық көңіліне ұялайтындай мазмұнда шынайы жырлауға ұмтылуы болса, екінші себебі, – яғни романтикалық əдістің көрінуі, – жыраулардың шығармашылық ұстанымының халықтық арман-мұраттардан өріс алуында жатыр. Дəл осы романтикалық əдіске ден қоюшылық, əсіресе, қазақ жұртының дербес ел болуға бет түзеген кезеңінде өмір сүрген жыраулар поэзиясына етене болып келеді. Оның сыры өз билігін өз қолына алып, өзінің жаңа мемлекетін құруға ұмтылған халықтың романтикалық сезімге толы асқақ арманымен байланысты. Жалпы, мұндай жағдай жаңа өмір құруға ұмтылған кез келген халықтың тарихына тəн көрініс болып келетіні белгілі. Осындай халықтық романтика жыраулар поэзиясына да əсер еткені анық. Осы орайда ескеру абзал, романтикалық əдістің негізгі ерекшеліктерінің бірі суреттеген жəйтті я асқақтата, я құлдырата жеткізуі болып келеді. Нақтылай айтқанда, романтизмге бағдар ұстанған шығармашылық иесі абзал сезімдерді, игілікті іс-əрекеттерді асқақтата көрсетсе, соған керісінше, қайғылы жағдайды, келеңсіз мінез-құлықтарды, ұнамсыз жəйттерді мейлінше құлдырата ұсынатыны белгілі. Мысал үшін ХV ғасыр жырауларының төмендегі жолдарына зейін салып көрелік. Ата жұрт – Еділдің суретін Қазтуған жырау былайша асқақтатса:
...Салп-салпыншақ анау үш өзен
– Салуалы менің ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер;
Жарлысы мен байы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны бұзаудай...
Қайран менің Еділім!.
Шалкиіз жырау толғауында Орманбет биден айырылған елдің қайғысы былайша бейнеленеді:
Орманбет би өлген күн –
Он сан ноғай бүлген күн;
Жез қарғылы құба арлан
Жетіп түлкі ала алмай,
Жалған аңын ала алмай,
Қорашыл төбет болған күн;
Оң қанатын теріс соғып,
Лашын құс қу ала алмай қалған күн... Дəуірлес қос жыраудың бірі Еділдің қайырлы қоныс ретіндегі қадірін, енді бірі Орманбет бидің қалың елдің тұтастығына сызат түсіруге жол бермеген қасиетін өмірлік реалиялардан асыра, романтикалық мəнерде бейнелесе, оның сыры ата жұрт – Еділ мен қабырғалы елді əділ төрелігіне ұйытқан Орманбет биді халықтың қастер тұта бағалауында жатыр. Ата жұрттан да, аталы сөз иесінен де айырылып, көңіліне алаң қонақтаған ел дербес хандық құрып, өз тізгінін өз қолына алған тұста көңіліне сенім ұялап, рухы асқақтай, мінезі айбындана танылады. Міне, ел көңіліндегі дəл осы ахуал жыраулар поэзиясынан айқын көрініс тапқан. Қазақ хандығының алғашқы дəуіріндегі жыраулардың жыр-толғауларында өр рух, асқақ сезімнің көл-көсір шалқып-тасып жатуының сыры – сонда. Демек, қазақ жырауларының поэзиясындағы романтика – көркемдік əдіс қана емес, сол дəуірдегі қазақ баласының қай- қайсына да тəн болған асқақ рухтың көрінісі, қазақ баласының ішкі болмысындағы алуан-алуан сезім күйлерінің бейнеленуі, яғни жаңа мұраттар мен ұлы мақсаттарға ұмтылған елдің тұтастай өмірінде жетекші мəн иеленген халықтық романтиканың поэзия тілімен сөйлеуі. Бұл тұрғыдан келгенде, жыраулар поэзиясы – қазақ баласының болмысына ежелден етене өр мінездің айнасы. Ал, жүрегінде ұлы армандар атойлаған елдің баласы – ер, мінезі өр келетіні мəлім. Ұлы армандар жолында ол өлімнен де сескенбейді. Асқақ рухты елдің баласы ажалдың өзін таңдайды. Оның:
«...Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!» (Доспамбет жырау) – деп тілек етуі де сондықтан. Дербес хандық құрып, мерейі тасыған елдің көңіл ауанына тəн болған осы іспетті романтикалық өрлік ХV-ХVІ ғасырларда жасаған жыраулар поэзиясында басымдық иеленсе, содан кейінгі дəуірлерде жыр туындатқан жырауларда реалистік бояу маңыз ала бастайды. Мəселен, ХVІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясының өзінде алдыңғы дəуірлерде жасаған жыраулар поэзиясына тəн болған романтикалық бояу азая береді. Оның есесіне, өмірлік шындықты тануға мүмкіндік беретін суреттер мен бейнелеу тəсілдері бел ала түседі. Мəселен, Жиембет жырау шығармаларынан оның өз өмірінің көріністерін танысақ, Марғасқа жырау сөзінен Есім хан мен Тұрсын ханға байланысты оқиғаларды, сол оқиғаларға себеп болған жағдайларды, соңғы шешімін аңдай аламыз. Аталмыш жыраулардың туындыларынан осы іспетті жəйттердің анық танылуының сыры олардың шығармашылығында реалистік əдістің жетекші орын алуына қатысты. Алғашында романтикалық əдіспен тоғыса көрінген реализм ХVІІІ ғасырдағы жыраулар үшін негізгі көркемдік əдіске айналды. Бұл тұста тіпті дидактикалық жыр-толғаулардың өзінде реалистік бейнелер маңызды роль иеленді. Мысалға жүгінелік:
«Жақын жерден шөп жесе,
Жердің сəнін кетірер.
Ағайынның аразы
Елдің сəнін кетірер.
Абысынның аразы
Ауыл сəнін кетірер» (Бұқар жырау). Толғау ел мен жердің берекесі кетпеу үшін қандай əрекеттер мен қылықтардан аулақ болу қажеттігін өсиет ететін дидактикалық мазмұнға құрылған. Мақсат – тағылымды ой-идея ұсыну. Дегенмен, осы толғаудан романтикалық идеал бейнелер де, суреттеулер де ұшыраспайды, есесіне, кəдімгі өмір шындығына сүйенген ой түйіндері алға тартылған. Тіпті, жыр-толғауларынан асқақ болмысы, романтикаға құштарлығы сезілетін Ақтамберді жыраудың өзі романтикалық идеал – армандарға бой алдырмайды. Оның романтикалық арманының өзі реалистік мұраттардан, сол мұраттарды бейнелейтін реалистік көріністерден жинақтала келіп, алға тартылады. Жыраудың романтикалық арманы бейнеленетін туындысы – «Күлдір-күлдір кісінетіп...» деп басталатын толғауы. Тұтастай алғанда көңілді романтикалық сезім күйлеріне бөлейтін осы толғауда өмірлік шындықтан алшақ кетіп, идеал арманнан алынған бірде-бір сурет, бірде-бір көрініс жоқ. [14.146] Мəселен, төмендегі үзіндіні алып көрелік:
«...Пышақтан малым кетпесе,
Қазаным оттан түспесе,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе,
Май жемесе қонағым,
Қан жемесе барағым,
Он кісіге жараса
Бір кісіге арнап тартқан табағым!..»
Байқалып тұрғандай, жыраудың арманы асқақ. Алайда бұл арманды өмірлік шындықтан алшақ жатыр деуге келмейді. Себебі – ел ішінде береке тұнып, ниет түзелсе, жырау арманының қай-қайсы да орындалуы əбден ықтимал. Ал бұл арманның идеал өмір секілді сезілуінің өзі өмірлік шындықтан туып жатыр. Бұл тұстағы өмірлік шындық – қарама-қайшылықтарға толы адам болмысы. Осы орайда «ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясында реалистік əдістің жетекші роль иеленуінің сыры неде?» деген сұрақтың тууы заңды. ХV-ХVІ ғасырларда романтикалық əдістің басымдық танытуы дербес мемлекет құруға ұмтылған халықтың асқақ арманымен байланысты екенін жоғарыда айтқан едік. Ал ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар – Қазақ хандығының іргесі бекіп, тіршілік ету кеңістігі, яғни мемлекеттік территориясы біршама тұрақтала айқындалған дəуір. Осыған орай, қазақ жерінде қоғамдық-əлеуметтік қарым- қатынастар жүйесін тиянақтай орнықтыруға ұмтылыс басталды. Бұл жағдай қазақ қоғамының қандай сипатта өркендеуі қажеттігін белгілеуді талап етті. Осы қажеттілік сол уақыттағы қазақ қоғамының жай-күйін нақтылай тануға себепкер болды. Əрине, мұндай əрекеттердің арнайы қаулы қабылданып, сол қаулы аясында жасалмағаны түсінікті. Дегенмен, сол дəуірдегі ел көсемдері, яғни ел тізгінін ұстағандар мен жалпы қоғамдық санаға ықпал ете алатын күштер өз тұсындағы əлеуметтің тірлік-тынысын зерделей танып, сол негізде қазақ қоғамын нығ айтуға жол ашатын əрекеттер жасау қажеттілігін іштей сезінгені жəне сол бағытта əрқайсысы қал-қадерінше əрекеттер жасағаны анық. Ал хандық дəуірдегі қазақ қоғамының санасына аса ықпалды күштер жыраулар мен би-шешендер болғаны жəне олардың өз қабілеті мен мүмкіндігін өз елін өркендетуге жұмсағаны даусыз. Ел тірлігін, қоғам тынысын нақтылай тануға ұмтылыс өмір шындығына үңілуге бастамақ. Ал жыраулар шығармашылық əрекет иелері болғандықтан, олар өздерінің танып-таразылаған жəйттерін жыр-толғауларында бейнелейтіні түсінікті. Демек, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар елдің арман-аңсарларынан гөрі, өмір салтына, тіршілік сипатына баса назар аударды жəне аңдапаңғарғандарын шынайы бейнелеу арқылы қазақ қоғамын жақсы мен жаманды таразылай бағалап, жақсылыққа бағыт ала дамуға жетеледі. Осы дəуірдегі жыраулар поэзиясында реализмнің басымдық танытуының себебі де сондықтан. Бұл тұрғыдан келгенде, ХVІІ-ХVІІІ ғ асырлардағы қазақ жыраулары – өмір шындығына бағдар ұстанған шығармашылық тұлғалар, əрі сол шындық негізінде қоғамды жетілдіруге қызмет еткен ойшыл қайраткерлер. Бұл пікірге дəйек болар сөз үлгілері қазақ жырауларының қай-қайсынан да табылады. Мəселен, Бұқар жырау ұлағатына қарайық:
«...Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.
Қойға қошқар құт болса,
Қозы құрттан өлмейді.
Қой бітерде қотаншы ит
Бөріге қой бермейді.
Ауылда адам бар болса,
Ауыл ала болмайды.
Ел иесі құт болса,
Халқы ала болмайды...» [14.148] Осы мəтінде жырау айтып тұрған жəйттің бəрі – өмір шындығы. Жыраудың сол шындықты көрсетудегі мақсаты – елге құт қонақ тату. Ал елге құт дару үшін ел ішінде алауыздық болмау керек, алауыздық болмау үшін ел иесі əділ болуы керек. Толғаудан танылған осы сипаттарды ескерсек жəне күнделікті өмірінде жыраудың өзі сол мақсатқа қызмет қылғанын ойға алсақ, сондай-ақ, бұл қасиеттің жалғыз Бұқарға ғана емес, барша қазақ жырауларына тəн болғанын ойда ұстасақ, жыраулардың сөзі мен ісі бір арнада тоғысқан қайраткер тұлғалар болғанын анық бағамдаймыз. Шығармашылық əрекетіндеде, азаматтық əрекетіндеде халықтық мұратқа қызмет етуді көздеген жыраулардың осы мақсат жолындағы басты құралы жыр-толғаулар болса, ықпалды əдеби тəсілдерінің бірі дидактика болды. Жыраулар поэзиясындағы дидактика – өзімен-өзі оқшау жатқан өнегелі сөз, тағылымды ой-идея емес, жыраулар ұстанған көркемдік əдістердің талабына лайықтала, жыраудың азаматтық көзқарасына нөрісала көрінетін көркем идеялар жиынтығы. Жыраулар дидактикасынан ел болу, өмір мəні, адам жаратылысы, замана жайы тəрізді сан қилы мəселелерге арналған жүлге-жүлге ой-идеяларды молынан ұшырастыруға болады жəне бұл идеялар түрлі дəуірлерде əлеумет түсінігін ел айықтала жаңғырып, жаңара көрініп отырады. Мəселен, жыраулар жиі назар аударатын адам болмысындағы қасиеттердің бірі – жақсылықпен жамандық жайы болса, бұл мəселе ХVІ ғасырдағы Шалкиіз толғауында:
«Жақсының жақсылығы сол болар
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар етер;
Жаманның жамандығы сол болар –
Сөйлесе дəйім бетін қара етер...» – деген мазмұнда жырланса, ХVІІІ ғасыр жырауы Ақтамберді осы мəселені:
«...Білімді туған жақсылар
Азда болса, көппен тең.
Жақсысы кеткен ауылдың
Артынан жақсы шықпаса,
Өртеніп кеткен жермен тең...» – деп толғайды. Қос жыраудың айтар ойы үндес болса да, көркемдік мақсатта айырмашылық бар. Оның себебі жыраулар өмір сүрген дəуірдегі əлеуметтің таным-түсінігінен туындап жатыр. Нақтылай айтқанда, Шалкиіз дəуірі үшін болмыс-бітімі бөлекше жаралған ерекше тұлғаны аңсау, соның жолына еру маңызды болса, Ақтамберді дəуіріндегі жұрт ақылпарасатымен елді ұйытып, берекеге бастайтын тұлғаны көксейді. Белгілі бір дəуірге тəнтаным-түсініктегі сəл ғана айырмашылықтың өзі шығармашылық иелерінің көзқарасына, соған орай олардың көркемдік əдістеріне əсер ететінін жəне жыраулардың өз дəуіріндегі халық санасындағы құбылыстарды бейнелегенін осы мысалданда байқауға болады. Қазақ жыраулар поэзиясының хандық дəуірдегі ел өмірінің көркем бейнесі болып табылатынын дəйектейтін сипаттардың бірі – жыр-толғаулардың кейіпкерлері мен қаһармандары. Жыраулардың негізгі қаһармандары – ел, ел билеген хандар жəне қолбастаған батырлар. Хандармен батырлардың жыраулар поэзиясында маңызды орын иеленуіде замана тынысы мен тікелей байланысты. Елішіндегі береке мен жердің бүтіндігіне алаң жыраулар елге тұтқа тұлғалардың ұсақ-ұлаң кемшіліктерінің өзі ел тағдырында зор маңыз алатынын анық түсінетіндіктен, өз қаһармандарының жақсы əрекеттерін халыққа өнеге ете, асқақтата жырласа, көңілге кірбің түсіретін мінездерін аяусыз сынайды жəне мұндай шығармашылық мінез:
«Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің?!» – деп айбындана сөйлейтін Асан қайғыдан бастап, бір сəт астамшылыққа бой алдырған ханды:
«Ай, Абылай, Абылай,
Сен мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүредің,
Əбілмəмбет патшаға
Қызметкер болып тұр едің...» – деп сабасына түсіретін Бұқар жырауға дейінгі аралықта бұлжымас дəстүрге айналған тағылымды жол сияқты көрінеді. Жыраулар поэзиясы өз дəуіріндегі ел өмірінің көркем бейнесі болып табылатынын жыр-толғауларда суреттелетін кейіпкерлер мен қаһармандардың іс-əрекеттері, мінез-құлықтарыда айқын танытады. Мəселен, ХV ғасырдағы Асан қайғының:
«...Арасынан қытай, орыстың
Қорғансап, тыныш жатырсың,
Өзің – Жəнібек, елден асқан батырсың!
Тіл алсаң, іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір...» – деп келетін толғау жолдарынан өз батырлығына сенген Жəнібек ханның қытай мен орыстан төнуі ықтимал қатерді аңдамай, бір сəт қамсыздыққа бой алдырғанын, оның бұл қылығы ел көңіліне алаң кіргізгенін көрсек, ХVІІ ғасырдағы Жиембет жырлары Есімхан тұсында ел арасында берік тəртіп орныққанын аңдатады. Ал Ақтамберді, Үмбетей, Бұқарлардың жыр-толғауларынан ХVІІІ ғасырдағы ел өмірінің түрлі көріністері мен қатар, жекелеген адамдардың ұнамды-ұнамсыз ісəрекеттерін, мінез-құлықтарын көреміз жəне сол əрекеттердің арғы астарына дендей көз салар болсақ, ел тірлігіндегі жақсылы-жаманды оқиғаларды, əртүрлі əлеуметтік қарым-қатынастарды аңғарамыз. Ал жыраулар поэзиясында ел өмірінің алуан мазмұнда көрініс табуы жəне солардың бəрінде береке-бірлікті ұлағат етуге бағдар ұсталуы – жыраулардың өз дəуіріндегі өмір шындығын алға тарта отырып, елді жақсылыққа бастауды мақсат тұтқан жəне сол мақсат жолында қызмет қылған қайраткер тұлғалар болғандығының айқын айғағы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жыраулар поэзиясын, олардың көркемдік танымы мен жаңашыл ізденістерін, жыраулар поэзиясындағы ұлттық рух нышандарын сараладық. Қалай болғанда да Майқы биден бастау алған сөз төркінін, мақал мәйегін ұғынар тұста жыраулар поэзиясына ат басын тірейміз. Тарих пен әдебиетті, мәдениетті, жалпы қазақ деген ұлттың өз алдына мемлекет болып қалыптасуындағы қимыл мен үрдісті қарастырар тұста да жыраулар поэзиясын, ондағы арнау-толғауларды қарастырамыз.
Жыраулар поэзиясы – дәуір шындығы. Жыраулар поэзиясы – халық қазынасы. Жыраулар поэзиясы – ұлт мұрасы. Жыраулар поэзиясы – атадан балаға қалған құнды мирас. Жыраулар поэзиясы - ұлттық әдебиетіміздің бастауы. Жыраулар поэзиясы – ұлт қалыптасуының басты көрінісі. Қалай айтқанда да біздің арғыны, түп төркінімізге бармай бергі мемлекет болып, соның ішінде қазақ хандығы болып қалыптасқан тұстан бері қарай әдебиетімізді қараған сәттегі алғашқы парақты бастайтын әдеби мұрамыз – жыраулар поэзиясы.
Бүгінгі әдебиеттің тенденциясына сай жыраулар поэзиясындағы көркемдік таным, жаңашыл ізденіс, көркемдік әдіс, ұлттық концепті, жеке психологизм мен романтизм, кейіпкер болмысы, образдылық, тіпті авторға қатысты да сөз болатын біршама дүниелердің барлығын элементтерін жырау поэзиясынан, олардың арнау-толғауларынан таба аламыз.
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей және Бұқар жыраулардың туындылары ел өміріндегі күрделі оқиғаларға үн қосып, өз заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп отырды, өткен күн, озған дәурен, көне тіршілік шежіресі болды. Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар үнемі халық жағынан табылып, елдің бүгіні ғана емес, болашағы үшін де аса мәнді идеялардың ұраншысы қызметін атқарды. Осы орайда олардың мұраларын зерттеу жұмысы етіп, шығармаларын зерделеу – біздің міндетіміз.
Бүгінгі таңда жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі мен құндылығы – Тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақ елінің өскін ұрпақтарын еліне, жеріне, Тәуелсіз Қазақстанына деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштік сезімін оятып қалыптастырады. Қазақ елінің мемлекеттілігін, ежелгі ата жұртын мәңгілік мақтанышпен, асқақ сезіммен жырлау – жыраулар поэзиясында қалыптасқан ұлттық болмысымыздың нақты көрінісі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы., 1986.
2. Қоңыратбаев Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. – Алматы., 1994.
3. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – Алматы., 1991.
4. Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы. – А., 2006.
5. Сыдиқов Қ. Ақын-жыраулар. – Алматы., 1974., 49-54 б
6. Әуезов.М Әдебиет тарихы. – Алматы., 1927, 114-119б
7. Мағауин.М.Алдаспан. Көне қазақ поэзиясының антологиясы. Алматы. - Ана тілі, 2006 – 23 б
8. Ысмайылов.Е Ақындар, Алматы,: Жазушы, 1957. 43-48-б
9. Қазақстан ҒА ОҒК қолжазба қоры, 53-папка, 74-75-б.б
10. Белинский В.Г Собрание сочинений в 13-ти томах М.:1954 236-б
11. Дербісәлин.Ә Толғау жанры туралы
12. Марғұлан.Ә Ежелгі жыр-аңыздары, - Алматы. 1985. 124-129б
13. Мағауин.М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы: 1991, 6-10бб
14. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы. Жазушы, 1989. 20б
15. Ысмайылов.Е Әдебиет теориясының мәселелері. – Алматы: 2006. – 216 б
16. Қабдолов З. Сөз өнері Алматы: 2002 ж. 286 - бет.
17. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет Алматы: 1993ж.139 – б.
18. А. Ф. Лосеев Гомер, Москва: 1960 ж. 69 – бет.
19. Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті , Алматы: 1983 ж. 77, 130 – бет.
20. Уәлиханов Ш. Таңдамалы Алматы: 1985 ж. 16, 124 – бет.
21. В. В. Радлов Ел қазынасы – ескі сөз Алматы: 1994 .ж 10 – бет.
22. Қ. Халидұлы Тауарих хамса. Алматы: 1992, 93, 106, 110, 111 – бет.
23. Әуезов М. Әдебиет тарихы Алматы: 1991ж. 5, 16, 207 – бет.
24. Әдеби мұра және оны зерттеу Алматы: 1959 ж. 22, 58, 97, 100 – бет.
25. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері Алматы: 1986 ж. 48 – бет.
Достарыңызбен бөлісу: |