Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы»



бет17/21
Дата06.01.2022
өлшемі380,5 Kb.
#13011
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Үлкен Алматылық көл. Үлкен Алматинка өзенінің қайнар көзінің 10 –12 км жерде орналасқан. Көлдің ұзындығы шамамен 1 км, кішігірім ені 500 м, тереңдігі 38 м дейін. Көлдегі су тұщы. Көл -Алматы қаласының тұрғындары жиі баратын демалыс орны болып табылады.

Алматы облысы аумағындағы демалыс орындарында бірнеше емді қайнар көзді жерлер орналасқан.

Қорамдық минералды қайнар көздер. Алматы қаласынан шығысқа қарай 125 км-дегі Шелек ауданында орналасқан. Асқазан – ішек қуыс ауруларын, жүйке жүйесін , бауыр ауруларын , понкретитті және т.б. ауруларды емдейтін ем орны.

“Тау-Түрген”-нің термалды қайнар көзі. Түрген қайнар көздері Алматы қаласынан 60 км және Түрген ауылынан 20 км қашықтықта орналасқан. Су температурасы +27˚. Көркем тау шатқалы 1400 м биіктікте орналасқан. Химиялық құрамы бойынша сульфатке-натриге-кальциға жақын келеді. Ол бұрыннан жақсы атаққа ие. Қайнар көздің суы сарп ауруын және т.б ауруларды емдейді.

Алма – Арасанның қайнар көзі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 25 км жерде, 1780 м биіктікте орналасқан. Қазіргі таңда Алма-Арасан демалу орны бар. Мұнда минералды сулардың температурасы 9˚ тен 38˚ дейін. Минералды сулардың 16 қайнар көздері бар. Алма-Арасанның минералды суы сарп ауруына, құяң ауруына, жыныс ауруларына шипалық ем береді.

Аяқ-қалқан. Іле өзенінің сол жақ жағалауындағы құмды шөл даласында шипалы су бар. Бұл судың қайнар көздері бір-бірінен 10-15 м қашықтықта орналасқан, үш жерден шығады. Судың температурасы +23 ˚, 27˚. Минераландыру - Қазақстан термаларымен салыстырғанда ең үлкені, мұнда 1 литрінде 0,1 миллигармм бром мен кремни қышқылы бар. Суды асқазан ауруларына, сондай-ақ бүйрек және тері ауруларын емдеуге қолданылады.

Арасан-Қайнардың қайнар көздері. Бұл қайнар көздер Алматы қаласынан батысқа қарай 135 км және Отар станциясынан 35 км қашықтықта орналасқан. Теңіз үсті деңгейінің биіктігі 1300-1400 м. Қайнар көздер тереңдігі 40 см болатын қатар жатқан төрт шұңқырлардан ағып өтеді. Су температурасы +18,5˚, +23˚, +25˚.

Горельник қайнар көзі. Горельниктің қайнар көзі Алматы қаласынан оңтүстікке қараған теңіз үсті деңгейінің биіктігі 1930 м, 22 км жерде орналасқан. Судың температурасы +22˚ жетеді. Минерализация сипаты бойынша ол Алма-Арасанға ұқсас келеді.

Боролдай көлінің балшықтары. Көл Іле өзенінің сол жақ жағалауындағы Шелек ауданының Моловодный ауылынан 40 км жерде орналасқан.

Мынбұлақ – “Тысяча ключей”. Әрбір жазира бұлақтардың арқасында пайда болады. Яғни бұл орыс тіліне аударғанда “Тысяча ключей” дегенді білдіреді. Бұндай бұлақтар саны әрине бізде жоқ, оның атауын көшпенділер мен дала адамдары қалдырған. Бірақ отыз шақты бұлақ бар екені анық. Мүмкін бұрынғы кезде отыз бұлақтан да көп болған шығар, бізге бұл мәлім емес.

Бұлақтар Матай тауынан пайда болған. Жер асты лай сулары кейбір жерлерде жер бетіне шығады. Бұлаққа жақын орналасқан құрғақ жерлерде қамыстар, сексеуілдер өседі. Төбелірдің арасынан сары түлкілерді немесе олардан кішірек қарсақтарды көруге болады. Кейде су ішуге жайрандар да келеді.

Әрбір жазира – шөл даладағы меруерт сияқты!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет