Б қосымшасы..............................................................................74
Кіріспе
Бүгінгі таңда туризм әлемдік экономиканың белсенді түрде дамып келе
жатқан саласы ретінде кеңінен танылып отыр. Соңғы бірнеше жылда кейбір елдер, мысалы Малайзия, Тайланд және Қытай елдері шетелдік туристерді тартуға байланысты қарқынды түрде өткізіліп отыратын реформалардың арқасында өз экономикаларын әлдеқайда жоғарғы деңгейге көтеріп алды десе де болады. Егер сандық мәліметтерге жүгінер болсақ табысы қомақты басқа салалармен салыстырғанда туризм саласының салмағы басым екендігін байқаймыз. Мамандардың зерттеуінше туризм саласы 2005 жылдан бастап жеңіл автокөлік пен мұнай экспорттауды артта қалдырып, кіріс кіру жағынан бірінші орынға шыққан. Көп жағдайда туризм халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешіп береді.
Мәселенің мәнісіне тікелей көшетін болсақ, біз сөз еткелі отырған Алматы облысы бүгінгі күннің өзінде қазіргі туристердің әр түрлі деңгейдегі сұраныстарын қанағаттандыра алуға қабілетті әрі кең көлемдегі туристік потенциалы бар аймақ ретінде танылғандығын көрсетіп отыр. Статистикалық зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек әлемдегі саяхаттауды ұнататындардың белгілі бір жаққа саяхаттауды жоспарлау алдында сол елдің шоу-бизнестен өткізілетін мәдени іс-шараларын немесе тарихи-мәдени ерекшеліктерін зерттеуді емес, сол елдің табиғи көрнекті жерлерін тамашалауды бірінші кезекке қоятындығы анықталды. Жақын арада, дәлірек айтсақ 1989 жылы Алматы облысы рекреациялық аймақ бола тұрса да және жақсы деңгейдегі қызмет көрсету инфрақұрылымы болмаса да жыл сайын 1,5 миллион туристі қабылдап отырғандығы кездейсоқ нәрсе емес. Әрине, мұндай жағдайда Алматы облысына туризмнен жүздеген миллион доллар қаржы көлемінде кіріс кіруі анық нәрсе.
Саяхатшылардың саяхаттау мен демалыс өткізу аудандарын таңдауында табиғи ресурстар үлкен рөл атқарады. Бұл жағынан алғанда туристер өздері таңдау жасаған туристік аудандардың ландштафты мен климатына, өсімдіктер және жануарлар әлемінің бай болуына, спортпен айналысуға, аң аулауға, балық аулауға жайлы болуына көп көңіл аударады. Туристік аймақтың ресурстары қандай болса, рекреациялық әрекеттер мен түрлерді ұйымдастыру соған байланысты болады.
Қазақстанның сарқылмас әрі қайталанбас табиғи сұлулығы Жетісу деп аталатын өзіндік ерекшелігі мол географиялық аймақта көрініс береді. «Жетісу-жер жаннаты» деген сөз бекер айтылмаса керек. Жетісу өңірі көп уақыттан бері өзінің өсімдіктер және жануарлар әлемінің саналуандығымен, ыңғайлы табиғи контрастарымен және табиғи ландштафтарымен туризм саласындағылардың қызығушылығын тудырып отыр. Саяхат жасаудың азапты жолын артқа тастап әрі өміріне қауіп-қатер тудыра отырса да көптеген ғалымдар мен саяхатшылардың бұл өңірге асқан қызығушылықпен сапар шеккілері келетіні тегін емес.
Жетісуды зерттеп жүрген танымал зерттеуші Р.И. Аболин сібір қазақтарының Жетісу жеріне қоныстанғанын қарай отырып, мына жағдайды байқаған. Көшіп келген казактарға Жоңғар Алатауының етегіндегі жерді суландыратын су көздерінің көптігі таң қалдырған. Осы есепте Жоңғар Алатауы Сібір мен Орта Азия тауларын байланыстыратын ерекше көпір болып табылады.[1]
Ауа-райының тұрақтылығы, асулар мен жазықтардың көп болуы, рельфтің әр алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматының туризмнің археологиялық, спорттық, танымдық т.б. түрлеріне ыңғайлы демалыс орнына айналуына ықпал етті.
Құм шөлейттер мен қарлы шыңдар, құмды бархандар мен мұздықтар, сексеуіл мен эдельвейстер қатарынан бірге орналасатын аймақтар болады. Дәл осындай көршілестік Алматы облысында бар. Бұл жерде алты түрлі климаттық белдеулермен танысуға болады. Сіз бұл аймаққа саяхаттау мақсатында сапар шеккен болсаңыз жолда шөл даланың аптап ыстығына тап боласыз, дархан даланың ғажап көркіне тоймай көз тіге аласыз, тау етегіндегі алып ағаштардың саясында тыныға аласыз. Одан жоғарыға көтерілер болсаңыз алдыңыздан қылқан жапырақты орман құшақ жаяды. Ал одан сәл жоғарыда яғни тау-тастың арасында тундраны еске түсіріп, танау жаратын хош иісті арша өседі. Қарлы шыңдардың ұшар басына аяғыңыз тиген сәтте сіз бейнебір Арктикада тұрғандай әсер аласыз.
Қазіргі кезде жергілікті тұрғындар секілді шетелдік туристерге де Аламаты қаласының туристік фирмалары жасаған табиғи – танымдық турлардың бағдарламаларын таңдау ұсынылады. Мұндай табиғи-танымдық турларды құру кезінде Алматы облысының барплық табиғи ескерткіштері мен көрнекті жерлері қамтылады.
Бірақ, өкінішке орай көптеген турлар қазақстандық туристік қызмет көрсету нарығында өте қымбат жіне қолайсыз болып отыр.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі төрт тараудан және қортындыдан тұрады.
Бірінші тарауда біз Алматы облысы туризмін дамыту мен оны пайдаланудың табиғи алғышарттарын қарнастырамыз.
Екінші тарауда табиғи-танымдық турларды құру барысындағы айырықша қорғауға алынған аймақтар жөнінде сөз қозғаймыз.
Үшінші тарауда Алматы қаласында жұмыс жасайтын табиғи-танымдық турларға сипаттама беріледі және «Алматы облысына саяхат» туры құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |