Алматы облысы туризмінің дамуынан қысқаша тарихи мәлімет.
Алматы – салыстырмалы түрде алғанда жас қала болғандықтан туризм саласындағы үлкен тәжірибе жайында сөз қозғау қажет емес. Алайда, туризм мен экскурия тарихы Верный қаласынан, сосын Алма-Ата, кейіннен Алматы қаласында басталғаны белгілі.
Сонымен, отандық туризмнің пайда болуы Верный қаласында «Орыс географиялық қоғамы» құрылған 20 ғасырдың басында-ақ бастау алады. «Қоғам» бөлімі 1927 жылға дейін жұмыс жасап келді.
20 жылдардың соңында энтузиасттар саяхаттаудың барынша белсендірек түрлерін ұйымдастыра бастады. Олардың қатарында Іле Алатауына жаяу саяхат жасаған тау туризмінің танымал тұлғалары Г.И. Белоглазова, Ф.Л. Савина және В.М. Зиминдер бар еді. [4,5].
Сәл кейінірек 1931 жылы туризмді ұйымдастыру барынша биік деңгейге қойылды: сол кездегі Алма-Ата қаласындағы Жетісу Губерниялық музейінде туризм мен экскурсияның пролетарлық қоғамының бүкілодақтық мүшелері болып табылатын он адамнан құралған топ ұйымдастырылды. Осыған байланысты Алма-Атада Қазақтың Алматылық өлкетану кеңесі құрылды. Оның бірінші төрағасы болып Әліби Жангелдин тағайындалды. Ал, 1932 жылы Алматы қаласы және оның айналасындағы жерлер бойынша туристік маршруттар көрсетілген жол сілтегіш жасалып, басылып шықты. Қазақстандағы туризмнің дамуына турбаздардың, приюттердің және демалыс орындарының ашылуы көп ықпал етті. Мысалы, 1936 жылы Алма-Атаға жақын жердегі Горельник рощасында 50 адамға арналған туристік база ашылды. Алматы мен оның айналасында туристер слеті өткізіле бастады мұндай ( алғашқы слет 1939 жылы Көкжайлау асуында өткізілді, оған 200-ге жуық адам қатысты), сонымен қатар, 1935 жылы Комсомол шыңында бірінші рет альпиниада өткізілді [6].
Осыдан соң, сәл кейінірек 1943 жылы Горельник турбазасы уақытша Кеңес әскерлерінің солдаттар мен офицерлерден құралған тау–атқыштар инструкторларын дайындайтын Бүкілодақтық мектепке айналды. 2 жылдың ішінде мектеп 1500-ға жуық адам дайындап шығарды. Мектептің көптеген түлектері Ұлы Отан Соғысы жылдарында майданға араласты. Олар Кавказ, Карпат, Судет тауларында, Трансильвандық Альпі, Хингане, Норвегияда әскери істерге араласты. Соғыстан соңғы 10 жылдықта, яғни 1953 жылы Горельник турбазасы өз жұмысын қайта жаңғыртып, туристерді қабылдай бастады.
1955 жылы Есік турбазасы құрылды, бірақ Бұл турбаза Горельник турбазасымен бірге сел жүру қаупі салдарынан жабылып қалды.1952 жылы Қазақстанда туристік- экскурсиялық басқарма құрылды. Ал, 1959 жылы «Алма-Атинская» турбазасы құрылды. 1962 жылы туристік-экскурсиялық басқарма туризм бойынша кеңес ұйымдастырды. 1965 жылы Қазақтың туризм және экскурсия Кеңесі, сондай – ақ Алматы облыстық туризм кеңесі және Алматылық экскурсия бюросы құрылып, жұмыс жасай бастады. 1968 жылы «Алматау» деген атаумен жаңа турбаза ашылды. Ал, 1970 жылдан бастап Алма-Ата автобазасы мен бақылау-құтқару қызметі іске кірісті.
1980 жылға аяқ басқанда Алма-Ата қаласында туристік және экскурсиялық жұмыс барынша биік деңгейге көтеріліп, үнемі даму үстінде болды. Ел үкіметінің тарапынан туристік инфрақұрылымды дамытуға көп мөлшерде қаражат бөлінді. Атап айтқанда, сол қаржыға елімізге келетін туристер қатарының көбеюіне байланысты жаңа қонақ үйлер мен турбазалар салынды. Сонымен, 1982 жылы санақ бойынша 231 мың турист пен 1193 мың экскурсантқа қызмет көрсетілген. Оларды қабылдап алу, орналастыружәне қызмет көрсетуді Алматы туризм кеңесі мен оның қарамағындағы ұйымдар өз мойындарына алды. Сол кездің өзінде-ақ Қазақ Республикасына қонаққа келген туристерге тауға жаяу саяхаттау маршруты, қалалық маршрут, табиғи маршрут секілді туристік маршруттардің тұтастай кешені ұсынылды.Қала ішіндегі және қала сыртындағы экскурсиялар 88 тақырып бойынша өткізілді, олардың ішінде « Асқақ Тянь-Шаньға бетпе-бет», «Медеу спорт кешені», «Жамбыл Жабаев қазақтың ұлы ақыны», «Жер мен адамдар Іле жазығынан шыққандар», «Отан неден басталады» т.б. танымал тақырыптар кеңінен қолданылды. Экскурсияларды 309 экскурсовод тіркелген Туристік Экскурсиялық бюроның мамандандырылған қызметкерлері жұмысшылары жүргізді. 1983 жылы Мәскеу, Ленинград, Киев, Брест, Минск, Баку, Ереван, Тбилиси, Прибалтика, Кавказдың Қаратеңіз жағалауы, Архангельск- Соловки, Светлогорск бағыттары бойынша 3 күннен 20 күнге дейінгі ұзақтыққа 87 әуе маршруттары жасалып, ұсынылды. 1982 жылы Алматылықтарға 9 теплоход және 4 автобус маршруттары берілді. Алматы қаласындағы мекемелерде, кәсіпорындарда, құрылыс нысандарында, ғылыми-зерттеу институттарында және жоғарғы оқу орындарында туризмнің түрлері бойынша 4 клуб пен 310 дене шынықтыру ұжымдарының секциялары құрылды. 1962 жылдан бастап қалалық тіристік клуб өз жұмысын бастады. Атқарылған істердің арқасында бұл клубтар мен ұжымдар 49 мыңға жуық туризмді ұнатушыларды айналасына шоғырландырды. 1982 жылы Алма-Атада туристік клубтар мен секциялар 241,1 мың адам қатысқан 9060 саяхат ұйымдастырды, сонымен қатар спорттық туризмнің түрлерінен әр түрлі жарыстар мен слеттар өткізіліп отырды. Осының әсерінен бүкілодақтық спорттық квалификацияға ие болғандардың саны артты, 1982 жылы 3,5 мыңнан астам адам спорттық разрядттарға қол жеткізсе, 22 адам туризм бойынша СССР-дің спорт шебері атағын иеленді. Спорттық туризмнің нормативтері «СССР-ді қорғау мен оған еңбек етуге дайынмын» деп аталатын физкультуралық кешенге енгізілді [3].
Кеңес Одағы құлағанна кейін қаржылық қамтамасыз ету жағы жетіспегенннен және бұрынғы одақ республикаларымен арадағы байланысты үзіп алу салдарынан барлық туристік клубтар, секциялар, ұйымдар өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда Қазақстан Республикасы үкіметі туризм саласы бойынша агенттік құруға қаржы бөлді. Бұл агенттік кейіннен туризм және спорт агенттігімен бірлесіп қызмет атқарды.
Нарықтық экономика жағдайы орын алған кезде туристік сала тұтынушыларға сапалы қызмет көрсете алмайтын және нарықтық жағдайға әлі бейімделмеген, тәжірибесі жоқ жеке кәсіпорындар мен фирмалардың қолына өтті.
Қазіргі таңда Қазақстанда 600-ден астам туристік фирмалар бар, олардың 400-ге жуығы алматы қаласында орналасқан [4]. Бірте –бірте туристік қызмет көрсетудің қазақсандық нарығы клиенттердің назарын дәстүрлі туризмге аударумен ғана шектеліп қалмай, олардың қалтасының қалыңдығына, таңдауына, талғамына сай сан түрлі эксклюзивті турларды ұйымдастыруды жолға қойды. Алайда, Алматы облысы туризмінің дамуында жоғарғы деңгейде шешімін табуға тиісті көптеген мәселелер әлі де бар. Бұл мәселелер 2001 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңды» қабылдаған сәтте жеке-жеке қарсытырылып, талқыланған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |