1.2.3. Су ресурстары
Іле өзені - Қазақстанның ірі өзендерінің бірі (1439 шақырым). Біздің еліміздің территориясында бұл өзен Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Қаскелең өзендерінің арнасын өзіне құяды. Оның ағысы өте тез, судың орташа жылдық ағыны секундына 460 куб метрді құрайды. Іле өзені қайық жүзуге ыңғайлы болғанымен жүк тасымалдаушы кемелердің қозғалысына қиындау болады. Өзендердің арнасы мен бастауларын еріген мұздықтар толықтыратындықтан тауда еріген қар суының Ілеге келіп құйылуы сәуір айынан бастап тамыз айына дейін созылады.
Іле өзені жайлы ертеден бір аңыз қалған. Бағзы заманда бұл өлкені Балхаш есімді қатігез сиқыршы мекендеген екен. Оның Іле есімді сұлу қызы болыпты. Сол сұлу Қаратал атты бір кедей жігітке ғашық болады. Бірақ оның қатал әкесі қызына сүйгенімен кездесуге тыйым салады. Сол кезде Іле сұлу өз жүрегінің қалауы Қараталмен қашып кетеді. Мұны біліп қойған әкесі Балхаш қашқандардың жолын кесу үшін көлге айналып қос ғашық Қаратал мен Ілені екі арнасы екі бөлек екі өзенге айналдырып жібереді. Қатал әке айырып жіберген екі ғашықты тағдыр қосылуға жазбаса да екеуі Балхашқа келіп құйғанда бәрібір табысады екен деседі. [11].
Іле өзені құмды жағалаулардың арасымен емін-еркін аққанымен өзеннен 200 м биіктікке көтеріліп жатқан Қапшағай қыраты мен Қапшағай ГЭС-і қысып тастайды. Сонымен бірге мұнда Алматы қаласының демалыс зонасы болып табылатын биіктігі 40 метрлік қолдан жасалған Қапшағай көлі бар.
Жабайы табиғаттың таң қалдырарлық сұлулығы жан тебірентеді. Қарлы шыңдардан бастап құмды бархандарға дейінгі ғажап крініс көзді арбайды. Өркениетті Европада мұндайды көру үшін мәңгілік мұз құрсанған Шпицбергеннан Африканың шөліне дейінгі 4000 шақырымға жуық жерді саяхаттауды бастауға тура келер еді.
Іле өзенінің атауы айнадай жалтыраған деген мағына беретін моңғол сөзінен шыққан. Іле өзені бассейінін бір-бірімен өзара байланысты бірнеше туристік зоналарға бөлуге болады[12]:
1. ҚХР-дың шекарасынан Қапшағай су қоймасына дейінгі Іле өзенінің бастауы
2. Қапшағай су қоймасы
3. Қапшағай ГЭС су бөгетінен бастап Ақкөл поселакасына дейінгі ортаңғы бөлігі.
4. Ақкөл поселкасынан басталатын төменгі бөлігі.
5. Балхаш көлі.
Іле өзенінің басы Алтын Емел Ұлттық табиғи саябағының, Әнші құмның, Бесшатыр қорғанының сұлулығымен көз тартады. Бұл ауданның жарты бөлігі шегаралық зонада орналасқандықтан атақты жа ажарлы Алтын Емелдің сұлулығын тамашалау үшін арнайы рұхсат қағазы болу керек. Басында саябақтың басшылары тек шетелдік туристерге ғана қызмет көрсететін. Алайда, бүкіл әлемде қоршаған ортаны қорғау ең маңызды іс болып отыр [12].
Қапшағай су қоймасы орналасқан аймақ барынша игерілген, бірақ бұл жерді ыстықкөл секілді жасау үшін біраз жұмыстар атқару қажет.
Өзеннің Қапшағай ГЭС су бөгетінен төменде орналасқан ортаңғы бөлігі алматылық турфирмалардың талпыныстарының арқасында 1998-2000 жылдары қайтадан жандана бастады. Өзенді жағалай 1-2 күндік маршруттар өткізіліп, жартасқа жазылған таңбалы жазулар Тамғалы – Тас жазуларын көруге автобуспен саяхаттар ұйымдастырылып отырады. Осының бәрі қалалықтардың арсында өзеннің танымал болуына ықпал етті. Оның үстіне жеке жеңіл автокөліктердің көбеюі өзен айналасына серуендеп, саяхаттап келушілердің санын көбейтті. Соған байланысты өзеннің маңайын тез арада ретке келтіру жұмыстарын қолға алу керек және жергілікті туристер мен вандалдар яғни мәдени ескерткіштерді жоюшылар жойып жоқ қылуға айналған тастағы Тамғалы тас жазуларын қорғауға алу керек.
Өзінің бастапқы жаралғандағы сұлулуығын сақтап қала алған өзеннің төменгі ағысы болып табылады. Мұны сом балықтарды аулауға келетін шетелдік туристерге қызмет көрсетуші турфирмалар жақсы біледі. Өзеннің сағасы жабайы табиғаттағы құстарды, жан-жануарларды бақылауға және экзотиканы жақсы көретіндерге арналған нағыз жұмақтың өзі. Табиғаттың аясында демалғанды жаны сүйетін шетелдік туристердің арасында ең танымал әрі сүйікті істері «бердинг» (ағылшын сөзінен алғанда «берд» - құс деген мағынаныф білдіреді) болып саналады. Құстарды бақылау барысында оларды суретке түсіруден алдына жан салмау басты нәрсе болғандықтан туризмнің бұл түрі өз алдына спорт ретінде танылады. Туризмнің бұл түрі бүкіл әлемсде белгілі болғандықтан шетелдік туристерді бізге де тартудың мүмкіншілігі туады деген сөз.
Туристік көзқарас тұрғысынан қарастырғанда азырақ игерілген Балхаш көлі болып табылады. Бұл көл Іле өзеніне жасалған саяхаттың шешуші тұсы ретінде өзінің көлемімен және қайталанбас сұлулығымен ерекшеленеді. Онда жайланып демалуға болатын орманды аралдар өте көп [14].
Сонымен қатар тау суларын игеру су туризмін дамытуға мүмкіндік береді. Су туризмі – туризм түрлерінің ішіндегі барынша экологиялық түрі болып табылады. Тәжірибелі су-спортсмендері үшін шетелдік туристерге әлі таныла қоймаған Шарын, Шелек, Коксу, Лепсі, Қаратал өзендері аса ыңғайлы. Бұл өзекндердің жоғарғы сағасы табиғи ландштафтарға аса бай әріадам аяғы баспаған зоналарда орналасқан[8].
Достарыңызбен бөлісу: |