1.2.3 Өнімнің майлылығын анықтау
Сүт өңдеу ерекшелігіне,құрамындағы май, құрғақ майсызданған сүт қалдығының мөлшеріне толықтырушылар қосу және ыдыстарға құюына байланысты топтарға бөлінеді. Пастерленген, стерилденген және қорытқан сүт өндіріледі. Пастерленген сүтті шикізатты белгілі бір температураға дейін қыздыру, суыту және ыдыстарға құю арқылы алады. Сату орындары үшін нағыз сүт майлы, белокты, витаминді, майсыз сүт өндіреді. Ол нормаланған, нағыз және қалпына келтірілген болуы мүмкін. Пастерленген сүт келесі түрлерге бөлінеді:
Майлылығы 2,5% пастерленген сүт;
Майлылығы 3,2% пастерленген сүт,
Майлылығы 6% пастерленген сүт;
Майлылығы 4% қойытылған сүт;
Майлылығы 1% белоктық сүт;
Майлылығы 2,5%белоктық сүт;
С витамині бар майлылығы 3,2% сүт;
С витамині бар майлылығы 2,5% сүт;
С витамині бар майсыздандырылғансүт;
Майсыз;
Майлылығы 1,5% пастерленгенсүт;
Майлылығы 3,5% пастерленгенсүт;
Нағыз сүт дегеніміз май алынбаған және құрамында қоспасы жоқ өнім.
Достарыңызбен бөлісу: |