Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ««Астана өнім»


Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша өнімнің сапасын бағалау



бет11/26
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#13414
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
О.Мейірбек Астана-өнім АҚ сүт өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау дипломдық жұмыс

Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша өнімнің сапасын бағалау

«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді. 
      Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды: 
      1) сүт шикізаты және кілегей шикізаты; 
      2) ішетін сүт және ішетін кілегей;  
      3) сүт қышқылды өнімдер;  
      4) сүзбе және сүзбе енімдері;  
      5) қаймақ;  
      6) сиыр сүтінен жасалған май;
      7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      8) майлы паста; 
      9) сары май-өсімдік спреді және ерітілген сары май-өсімдік қоспасы
      10) ірімшік және ірімшік өнімдері;  
      11) сүтті қайта өңдеудің қайталама өнімдері. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түсетін сүт және сүт өнімдерінің түрлері Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес осы техникалық регламентке қосымшада келтірілген.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Осы техникалық регламенттің талаптары, сүт және сүт өнімдерін әзірлеумен (жасаумен), өндірумен (дайындаумен) қайта өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4. Осы техникалық регламент балалар тағамдарына арналған, емдік, алдын алу және диеталық мақсаттағы үй жағдайында дайындалған сүтке және сүт өнімдеріне, сүтті және сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге, жеке тұтынуға арналған сүт және сүт өнімдеріне, сүтті және сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) қолданылатын тағамдық қоспаларға, бояғыштар мен хош иістендіргіштерге қолданылмайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қауіпті факторлар (қатерлер)

       Ескерту. 1-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      4-1. Сүт және сүт өнімдерінің өмірлік циклы процесінде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азайтылатын қауіпті факторларға (қатерлерге): улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, жануарлардың өсуін тездеткіштердің, гормонды препараттар мен дәрілік заттардың құрамы, сүт және басқа шикізаттың, технологиялық құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын өнімдердің механикалық, микробиологиялық ластануы жатады.


      4-2. Ықтимал қатерлер өнімнің өмірлік циклының мынадай сатылары (процестері) кезінде туындайды: 
      1) сүт өнімдерін әзірлеу (жасау); 
      2) өндіріске дайындауда, қоймаларда, өндірісітік үй-жайларда болғанда, машиналармен, жабдықтармен, материалдармен жұмыста; 
      3) сүт шикізаты мен сүтке жатпайтын шикізаты, оның ішінде сүт және сүт өнімдерінің өндірісіне арналған азықтық қоспалар мен ингредиенттерді қабылдау және дайындау;  
      4) сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау);  
      5) сақтау, тасымалдау, сату; 
      6) кәдеге жарату, жою.    




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет