КҮЛӘПСАН
Күләпсан кешкелі отыр,
Арқаға кеш жаралган!
Қарағайдан жаңқаға көш!
Таппасаң жайлауыңды,
Және айтайын жүгірген
Қойдан қойға марқаға көш!
Көш, кош, көш!
Көптеген халықтардың арбау өлеңдеріңде сөздерінің функциялары жағынан типологиялық ұқсастық бар. Орыстың әдет-ғұрыпындағы түп-тамырлары іздестіре келіп ғалымдар, мысалы, "...арбаулар дегеніміз белгілі әдет-ғұрыпқа қосақталған немесе өз алдына жеке тілек болып табылады, соның өзінде орындалуға тиіс тілек" қазақтың "бәдік", "күләпсан" деп аталатын арбауы әндері мен басқа да әдет-ғұрып өлең-жырларында, мысалы, "Айдаһар жыландардың арбауы" дейтін өлеңде де халықтың, жеке адамның арбауы арқылы (сөзбен және сиқырмен) жануардың, малдың денесінен ауруды қууға болатындығы, адамды сырқаттан емдеп жазуға болатындығы жөніндегі сенімі айқын көрініп тұр.
Бұдан бұрын айтқанымыздай, табиғат құбылыстарын арбау әндері де образды символиканың жалғасы болып табылады. Осындай ән-өлендерді айту арқылы халық еңбегіне сәттілік туғызуға, мысалы, құрғақшылық жылдары жаңбыр жауғызуға тырысқан.
А.Затаевичтің жазбаларынан "Бозала таң" деп аталатын өте қызық әнді кездестіруге болады. Александр Викторивич Затаевичтің өз жазбаларында атап өткендей, осы өлеңді айту арқылы қазақтар кең далада ататын арайлы танды, шығатын күнді қарсы алған.
Қазақстанның филолог ғалымдары халықтың поэтикалык ауыз әдебиетінің ерекшеліктерін зерттей келіп, өн-өлендердің арасында - аңшылық өлеңдердің бар екенін көрсетеді. Бұл әндерде көне дөуірдегі адамдардың тұрмыс-салты мен еңбегі бейнеленген. Аңшылық өлендерінде осыған ұқсас өлеңдердегі сияқты адамдардың өздерін қоршаған табиғат күштеріне көзқарасы, көне дөуірдегі аңшылык тұрмыс-салттан бастау алатын сенімдер мен әдеттердің, ғұрып-дағдылардың іздері байқалады . Бұл әндердің кейбіреулері жануар мен құстардың қимыл-әрекетгтріне және дауыстарына еліктеуден шыққан, сөйтіп олардың сырт көріністерін бейнелеуге арналған. Көне түріктің "Кодекс куманикус" деп аталатын, 1303 жылы жазылған жазбаша ескерткіштерінде малды бейнелеп былай суреттеген:
Қошқар мүйізі қойырмақ
Қойырмақтан қойырмақ.
Теке мүйізі түйірмек,
Түйірмектен түйірмек.
Қазақтардың тұрмысында құспен аң аулау болған. Аңшы құстарды баптаушылар - құсбегілер деп атаған. Бұл да халықтың әншілік-жыршылық өнерінен, өз орнын тапқан. Аңшылық сәттерді бейнелейтін поэтикалық текстер орта ғасырда өмір сүрген түрік филологі Махмуд Қашқаридің шығармаларында, сондай-ақ VIII ғасырдагы орхон-енисей эпитафиясының Тоньюкук жазуында кездеседі. Көріп отырғанымыздай мұндай мысалдар аңшылық ән дәстүрінің өте ертеден келе жатқандығын дәлелдейді. Аңшылық өлең-жырларының қазақ халқына, ғана емес, сонымен бірге көптеген түрік халықтарының фольклорына да тән екенін айта кеткен жөн. Келе-келе көне әндер жаңа жанрлық түрге ауысқан сияқты, ал интонациялық құрылымның элементтері кейін қабаттаса жалғасқан жырлардың әуеніне табиғи түрде жымдасып кеткенге ұқсайды. Бұған қазақтардың әдетте құстар мен жануарлардың бейнелерін тұрмыс-салт жырларында, лирикалық әндерде кеңінен асқақтай, әлпештей, мақтап-мадақтай көрсетулері әбден дәлел бола алады.
Қазақтардың мал бағу мен өсіруге байланысты тұрмыс-тіршілігі малды қастерлеуге, құрметтеуге байланысты көптеген әдет-ғұрыптар, салт-дағдылар, ырымдар туғызған. Жануарлар бейнесі қазақтың ертедегі әншілік-жыршылық өнерлерінен де көрініс тапқан. Жануарлардың, әсіресе малдың бай да алуан түрлі дүниесі "Төрт түлік туралы өлеңдерде" жақсы бейнеленіп, жақсы көрініс тапқан. Өйткені төрт түлік - түйе, жылқы, сиыр, қой - қазақ халқының жесе - еті, ішсе сүті мен қымызы, кисе - киімі. Түп тамыры көне шамандық жануарларға табынуда жатқан әндердің осы түрі қазақ әдебиетінде зерттелген. Кейбір жағдайларда эпикалық түрде кеңге құлаш сермейтін төрт түлік мал жөніндегі өлеңде үй жануарларын аса тартымды бояулармен суреттеп көрсетеді. Мысалы "...сиырдың мүйізі айдай жарқырайды, тұяқтары болаттай сыртылдайды. Желге желбіреген аттың жалы жібектей, жүні мамықтай қалың. Түйенің өркеші көк тірейді. Бәрі аман, бәрі тоқ, бәрінің бойында өмірдің күші ойнап тұр".
Халық мәдениетінің құбылысы ретінде малды бұлай асқақтату тегіннен тегін емес. Баяғы бағзы заманнан қазақ үшін малшаруашылықтың, отбасының аман-саулығының нышаны болған. Уақыт өте келе "Төрт түлік туралы өлеңдер" кейін шыққан ән-жырларға ауысты, сөйтіп мал өсіретін халықтың малшылық поэзиясына өзінің колоритті бояуы қанық құрылымымен, бейнелілігімен спецификалық (өзіне ғана тән) элемент қосты. Аңшылық өлеңдеріндегідей "Төрт түлік туралы өлеңдердің" мазмұнына да адамға тән іс-әрекеттерді, мінез-құлықты табиғат құбылысына (бүл арада – малта) телу тән. Жануарлардың бейнелерінде адам сезімдері берілген. Бұл тектес әндерге импровизациялық, әуезділік негізінде өңдету - речитативтік түрде айтылатын, оларға мүмкін болатын буындық әндетулер қосылып отырады. Малшы малмен еңгімелеседі, аңдар бір-бірімен сөйлеседі. Мұндай қызықты жайларды жануарлар айтысынан да көруге болады. Сөз жоқ, өте ерте шыққан бұл өлендерде көшпелі малшылардың жыртқыш аңдармен жүргізілген күресін ашып көрсетіп отыр. Бұл өлең-жырларды филолог-ғалымдар өз тараптарынан арнайы зерттеп, олардың халықтық поэтикалық ауыз әдебиетіндегі шұрайлы да шырайлы тұстарын барынша аша түскен. Қазақстанның музыка зерттеу ғылымы саласында жаңадан жазып алулар, жаңадан жарияланулар нетижесінде біз атап сөз етіп отырған "төрт түлік туралы өлендер" аз да болса музыкалық фольклордың үлгісі ретінде жұртшылыққа таныстырылып келеді. Осының арқасында қазақ әңдерінің жанрлық түрі туралы ой-өрісіміз кеңейе түсті. Жануарлар мен құстардың символдық, музыкалық бейнелері өлеңдерде ғана емес, қазақтың аспаптық музыкасында да бар екенін аңғардық. Оның өзі (жануарлар мен құстар туралы аспаптық музыкалар) халық музыкасының өз алдына жеке, қайталанбас қабаты болып табылады, сонымен бірге мұндай өлеңдер көне эпикалық дәстүрлермен тығыз да қоян-қолтық жымдаса, астаса келіп, қазақ эпосына "жекелеген эпизодтар" болып та кіреді.
Қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ішіндегі қалың да шұрайлы қабаттардың тағы бірі — той және өлік шығару, жоқтау, көңіл айту, естірту өлеңдері. Бұл өлеңдер белгілі бір жүйемен топтасқан. Олардағы әрбір "ұя" әдет-ғұрып, дәстүр, дағды ережелері мен зандарының тұтас комплексін байланыстырушы буын ретінде бой көрсетіп тұрады. Той бастар, жар-жар, сыңсу, қоштасу-көрісу, сияқты той өлендері барынша икемді де әсерлі көріністерге ие. Қоштасу мен көрісу, сыңсу әніне ұқсас, тек бұл өлеңді калындықтың жақын туыстары ғана айтқан. Қыз ұзату тойы әндерінің бірнеше мақсаты болған. Біріншіден ол қыздың өз туыстарымен қоштасу кезіндегі зарын білдірсе, екіншіден сарын тойдағы импровизациялық ән қайым бейнесінде жырланған. Қайым туралы Ш.Уөлиханов қыз ұзату тойы әндерінің бір жанры деп жазған. Жоқтау, жылау сияқты өлеңдер жақын, туыс адамға қайтыс болғанда айтылған. Жоқтау-жылау өлеңдері жүрек толқытарлық сезімдер мен көңіл күйдің тұтас та терең дүниесі деуге болады. Жылау өлеңдерінің қатарына естірту, көңіл айту өлеңдері жатады. Мысалы:
Аққу ұшып көлге кетті,
Сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Әркім барар жерге кетті.
Арғымақтың тұяғы,
Тасты басса кетілер,
Сазды басса жетілер.
Екі арыс аман болсын,
Жетпесті қума,
Келмеске жылама.
Достарыңызбен бөлісу: |