Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттары



бет11/16
Дата29.05.2022
өлшемі364,24 Kb.
#35871
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Жылау өлеңдерінің қатарына мағына-мазмұндары жағынан жақын, туыстас әдет-ғұрып өлеңдерінің зар, зар-мұң, қайғы-қасірет, куйініш әндері сияқты бір топ түрлерін де жатқызуға болады.
Қазақтың ән мәдениетінен жанрлар шегі мен сүлбесін (контурын) үнемі айқын ажырата беру мүмкін емес. Оның басқа музыкалық-поэтикалық дәстүрлерден (мысалы, орыстың музыкалық-поэтикалық дәстүрінен) айырмашылығы да осында. Бұл тұрғыдан алғанда зар, зар-мұң, куйініш, қайғы-қасірет әндері таза әдет-ғұрып әндерінің шегінен шығып, әлдеқайда кеңейіп кетеді. Сөз болып отырған бұл әндер өлген адамды жерлеу, қою ғұрыптары кезінде ғана емес, сонымен бірге ұзақ уақыт бойына, өлген адамның жылын, асын бергенге дейін орындалған. Қайғы-қасірет, мұң-зар әндерінің тақырыптары да алуан түрлі екенін айта кеткен жөн. Бүл арада олар көп жағдайда тұрмыс-салт әндеріне барынша жақындай түседі, тіпті олармен астасып жатады. Оларда туған жерінен, сүйген адамынан алыстап кетудің, малдың жұтап, өлімге ұшырауының, сүйікті ел, ғашық жаннан ажыраған қайғы-қасіреті, күйініші, мұң-зары ерекше айқын сезіледі, ерекше көрініс береді.
Қазақ халқының әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндерінде сан-салалы өсиет, насихат әндері мол орын алған. Оларда халықтың өмірі туралы орнықты пікірлері, мал бағумен, өсірумсн айналысатын көшпелі халықтың тұтас бір моральдық, адамгершілік кодексі бейнеленген. Мысалы, сондай әндер қатарына "Он үш жаман" дейтін өлеңді жатқызуға болар еді.
Тұрмыс-салт өлең-әндерінің ішінде қазақ халқының бесік жырлары, балалар ермегі дейтін ән-жырлар ерекше тартымды дер едік. Бұл әндер ерекше өмір қуанышына толып, қайталанбас образдарға толы, жарқын да ойнақы.
Қазақ халқының тұрмыс-салт әндерінің ішіндегі тақырыбы жағынан сан-салаларының тағы бірі - шытырман оқиғалы сюжеті бар, бояуы қанық бейнелі ән-ертегілер, сондай-ақ ойнақы, көңіл сергітетін, ойды ербітетін "Жұмбақ өлең", "Жіптер өлең" сияқты ойын-сауық ән-жырлары.
Қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт ән-жырлары көптеген әдет-ғұрыптармен, салт-дәстүрлермен шектеліп-тұжырымдалған, реттелген, сөйтіп ұлттық-образды әрі музыкалық ойлауда көрініс тапқан иерархиялық өзара қарым-қатынастардың тұтас бір дүниесін бейнелеп көрсетеді.
Күрделі де сан-салалы образды-поэтикалық мазмұнға бай, түрмыс-салтпен, еңбек процесімен, әдет-ғұрыппен байланысты қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрып әндері көне дөуірлердегі дүниеге келген, сөйтіп, сапасы жағынан жаңа бір фольклорлық құбылысқа ауысқан, сол себептен бұл ән-жырлар қазақтың ұлттық медениетінің бірегей көркем көріністерінің бірі болып табылады.
"Қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндері" атты оқу құралы мынадай жанрлық-тақырыптық бөлімдерден тұрады:
- Әдет-ғұрып әндері. Бүл бөлімде жыл мезгіл туралы калеңдарлық -әдет-ғұрып әндері - "Наурыз-жарапазан" жаңа жылдық құттықтау әндері, ораза кезінде айтылатын жарапазан-жарамазан әндері;
- Отбасылық әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндері, олар: жоқтау, жылау, естірту әндері.
Әдет-ғұрыптан тыс орындалатын, көптеген жағдайларда тақырыптары жағынан қайғы-қасірет, күйініш, зар, мұң әндері де берілген. Әдет-ғұрып әндерінің қатарына жататын қыз ұзату, үйлену тойындағы әндер де кеңінен әрі сан-салалы келтірілген. Олар той бастар, жар-жар, аужар түрінде топтастырылған. Сондай-ақ сипаты жағынан жар-жарға, түрі жағынан үйлену тойындағы айтыс өлең-жырларына ұқсас қайым әндеріне де кең орын берілгенқыз сыңсуы, той үстіндегі айтыс өндері, сарын, көрісу, қоштасу яғни қалыңдықтың ұзатыларда ата-анасымен, туған туыстарымен қоштасу әндері де бар, бұл әндерді қалыңдықтың өзі ғана емес, туған, туыстары да орындайтын болған.
Қыз ұзату, үйлену тойларында айтылатын жар-жарға біраз тоқтала кетелік. Қыз-қалыңдық үйінен ұзатылып шығарда былай деп жырлайтын болған:

Есік алды қара су майдан болсын, жар-жар,


Ақ жүзімді көргендей айнам болсын, жар-жар.
Қайын атасы бар дейді көп жігіттер, жар-жар,
Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар.

"Жар-жарды" жеке-жеке айтқаннан кейін жастар оны көңілді де ойнақы әуезбен кезек-кезек - біресе жігіт, біресе қыз айтқан, ал "жар-жардың" қайырмасын бәрі бірігіп шырқаған. Ән айтысқа ұласқан. Жігіт әзіліне қыз да тапқырлықпен жауап қайырған. Жиналған қонақтарды одан әрі көңілдендіріп, күлдіре түсу мақсатымен ділмар жігіттердін, бірі әйелше киініп алған, немесе басына орамал байлап алатын болған. Ол әнші жігіт пен қызға күйеу жігіттің туған-туыстары туралы көңілге онша ауыр тимейтін өлең текстерін сыбырлап айтып тұрған. Кейде бұл айтыс күйеу жігіт пен қалындық арасындағы әзіл-оспақ диалогқа да айналып кететін болған. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында "Жар-жардың" рефрені ретінде "жар-жар" ғана емес, сонымсн бірге "үкі-ау", "сылқым-ау" (әйелдер айтқанда) деген сөздср айтылған. Қалыңдықтың ата-анасымен, туған-туысқандарымен, ел жұртымен қоштасу әндері де көңіл аударарлық. Дәстүрлі қыз ұзату тойының ырым-жырымдарына сәйкес қыз-қалындық күйеуінің ауылына ұзатылып шығар алдында ән салып ата-анасымен қоштасқан, құрбы қыздарын ертіп ауылындағы ел-жұртын, бала кезінен өзі ойнап өскен жерлерді аралап қоштасатын болған. Бұл дәстүр басқа да шығыс халықтарына тән. Мысалы, көне түрік халықтарында үйлену тойын, соның ішіңде қыз ұзатуға байланысты алуан түрлі ырымдар болған. Мысалы, С.Ш.Гаджиева былай деп жазады: Тойды көбінесе күзде немесе көктемде өткізген. Үйлену тойын өткізетін күнді белгілемей тұрып ноғайлар әдетте, өздерінің астрологгарының пікірін тыңдап алған. Олар Сапар Жұлдыз атты планетаның орналасуына байланысты некелесуге болатын күнді айқындап берген. Қалыңдық үйінен ұзатылған кезде Сапар Жұлдыз туған жаққа қарап емес, оған қарама-қарсы жаққа қарай аттануга тиіс деп есептелінген. Қалыңдық күйеу жігіттің ауылына аттанғанда жұлдыз қалыңдық арбасының алдыңғы жағында болса, отбасары - бақытсыз болады деп жорыған. Мұндай жағдайда қыз ұзату тойы жұлдыз соңынан туғанға дейін кейінге қалдырылған.


Қазақтың "Қыз Жібек", "Ер Тарғын" деп айтылатын эпостарында "Айың тусын оңыңнан, жұлдызың тусын соңыңнан" дейтін поэтикалық жолдар бар. Міне, бұл тілек-жолдар жоғарыда аталған ырымдардан туындаған болуы керек.
Дәстүрлі аспаптық музыка және күйшілік өнер қазақтың халықтық музыка мәдениетінің қос қанаты іспеттес. Қаншама ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан күйшілік өнер, әсіресе бүгінгі күнге дейін шашау шықпай бізге жеткен домбыра мен қобызда орындалатын күйлер - дүние жүзінде теңдесі жоқ асыл қазына, ерекше құбылыс. Әр дәуірде ғұмыр кешкен күйшілік өнердің тарлан жүйріктері мен жансыз дүниеге жан бітіріп, тілін бұлбұлша сайратқан дүлдүлдері қаншама, орындаушылық өнердің сан тарау мектептері қаншама!
Домбыра мен қобызға арнап шығармалар жазған халық композиторларын, ұлттык дәстүрді әрі қарай дамытып, аспаптық музыка саласында айтулы еңбектерімен танылған Қазақстан композиторлары. Осыдан соң дәстүрлі күйшілік өнер мектептерін саралай келе Құрманғазы, Дәу-леткерей, Тәттімбет, Абыл, Ықылас, Қазанғап, Дина күйлері.
Мысалға, еуелі Құрманғазы күйшілігі мен күйлеріне шолу жасай келіп, «Сарыарқа» күйіне тоқталсақ. Неше рет жер аударылып, Сібір түрмелеріне қамалып, аяғына кісен салынып, «Кісен ашқан», «Түрмеден кашқан» күйлерін шығарған Құрманғазы «бірде түрмеден қашып келе жатып, Арқа, Алатауды басып өтіп, өз еліне жеткен екен, «Сарыарқа», «Алатау» күйлерін сол жерлерде жол-жөне-кей қона-түней жүрген кездерінде шығарыпты» деген әңгімелер бар. Сол әңгіме желісі бойынша Құрманғазы бір түрмеден қашқан жолында Арқадағы атақты күйші Тәттімбетке соғып, күй тартысып, сауық-сайран құрып, ұзақ күндер қадірлі қонағы болыпты. Сонда Тәттімбеттің сый-сияпатына риза болған Құрманғазы Тәттімбетке «Сізге арнаған сыйым болсын» деп осы «Сарыарқа» күйін шығарып, тарту етіпті дейді. «Сарыарқа» күйіне айызы қанып, рақат-танған Тәттімбет, «ендеше мен де саған бір күй арнайын» деп «Көкейкесті» күйін Құрманғазыға арнаған екен. Осыдан соң Тәттімбет Құрманғазының астына жарау ат мінгізіп, жанына жүз қаралы жігіт ертіп, жүз шақырымдай жерге шығартып салдырған екен деседі.
Ал енді «Сарыарқа» күйінің өзіне келетін болсақ, бұл күй тек Құрманғазының ғана емес, жалпы қазақтын ұлттық топырағында туған аспаптық музыкамыздың асқаралы шыңы деуге болады. Сондықтан да Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі барлық концерттерін осы күймен аяқтап отырады. Оркестрде осындай жайдың қалыптасуына ықпал еткен қалың көпшілік көрермен қауымның өзі. Себебі, әйгілі Құрманғазы атындағы оркестр концерттерінің бірде-бірінде көпшілік оркестрді «Сарыарқа» күйін орындатпай сахнадан жібермейді, «Сарыарқа» деп залдың әр тұсынан дауыстай қол шапалақтап отырып алатын болған.
1950 - 1956 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы оркестр гастрольдік сапармен Қытай халық республикасына бірнеше рет барып, концерттері жоғары бағаланып, үлкен шығармашылық жеңіске жетті. Қытай жерінде өткен сондай алғашқы концерттерінің бірінде «Сарыарқа» күйі орын-далғанда зал толы жұрт түгелдей орындарынан түрегеліп тұрып тыңдапты. Осы жайға куә болғандардың айтуынша тыңдарман көпшілік кауымның күй басталғаннан-ақ орындарынан ұшып тұруы оны біздің ұлттык әнұранымыз екен деп түсінгендіктерінен болса керек. Міне, күй құдіреті осындай.
Расында да әрі шаттық-қуанышты, әрі жігерлі, фанфармен бір тосын алапат күшті сездіретіндей «Сарыарқа» күйінің кіріспесінің өзі кім-кімді де елең еткізетіндей әсерлі естіледі. Күй үздіксіз алға ұмтылған қуаттылығымен қазақтың дүбірлі кең даласының бүкіл тіршілік-тынысын, елдігі мен еркіндігін, қайтпас қайсарлығы мен ерлігін, құдіретті жойқын күшін танытқандай. Күй толассыз ілгері ұмтылуы арқылы дала төсінде кеудесін желге қарсы тосып, ат құлағында ойнап, құйғыта құйындатып шапқан, ертеңіне сеніммен бет түзеген, өмірсүйгіш қазақтың батырлық мінезінің образын бергендей болады. Былайынша жайбарақат жатқан жомарт тірлікті қазақтың сары даласында тынымсыз өмір өтіп жатқанын және ол халқымыздың елдігі, ар, намыс, абыройы үшін, өмір үшін күреспен өтіп жатқанын білдіретіндей.
Күйдің осынау арындаған алаулы екпіні сарынынан тек ат шабыс, жігер, күрестерді ғана емес, түйдектелген дыбыстар қатарынан сезімге сәуле түсірер лирикалық әуен нышандарын да байқауға болады (нотамен мысалдар келтіре отырып, осы тұста музыкалық талдау жасау қажет).
Бұл күйдің қорытынды бөлігі де (кодасы) ерекше. Мұндағы тақырыпты қорытындылау, түйіндеу тұсында автор бұрын кездеспеген әдіс-амалдарды қолданады. Құрманғазы - «Сарыарқа» күйі арқылы күй құрылысына үлкен жаңалықтар ендіріп, оны орындаушылық ерекшеліктерге де езгерістер әкеліп, жалпы ұлт аспаптық музыкамыздың одан әрі дамуына зор үлес қосқан адам.
Ал Дәулеткерей 1821 жылдар шамасында бұрынғы Бөкей ордасындағы Қарамола деген жерде дүниеге келген. Ол Құрманғазыдай кедей табынан емес, белгілі төрелер тұқымынан. Әкесі Шығай сұлтан ауқатты адам болған. Шығай Дөулеткерейді Бөкей хандығының қол астындагы ел-жұртты билеп-төстеуші ұлық-әкім болады деп үміттенгенімен Дәулеткереіі әр кездері билік жұмысымен айдалысқаны болмаса, оның таңдаған жолы мүлде басқаша, күйшілік өнер жолы еді.
Дәулеткерейдің күйшілік бағыт-бағдары да, қолтаңбасы да Құрманғазыдан өзгеше. Бірақ екі ұлы күйшінің бірін-бірі жақсы білгені, күйшілік өнерде бір-біріне әсер еткені анық. Мысалы, Құрманғазы мен Дәулеткерей бір кездескенінде екеуі күй тартысып отырып, Дәулеткерей өзінің «Бұлбұл» күйін тартады. Сонда Құрманғазы: «Ал енді сен менің «Бұлбұлымды» тыңдап көр», - деп өз күйін тартады. Құрманғазы күйін тартып болғаннан кейін Дәулеткерей сүйсініп: «Оу, мынауыңыз «Бұлбұл» емес, «Бұлбұлдың құрғыры» ғой депті. Сөйтіп, Құрманғазы сондағы тартқан күй күні бүгін де «Бұлбұлдың құрғыры» аталады.
Жалпы Дәулеткерей - өнер ұлағатымен Бапас атанып, «төре күйлері», «төре тартыс» деген атауларға өзіндік із салып, өзгеше дәстүрді қалыптастырған ұлы күйші-композиторлардың бірі. Сондықтан да оның күйлерінің құрылұсы, тақырып мазмүны мен образдық өрнектері өзгеше болып келеді.
Мысалы, Дәулеткерейдің «Жігер» аталатын күйі - күйшінің; халық тағдырын ойлап, сол кездегі қогамдық-әлеуметтік жағдайға, отаршылдық саясатқа қарсы қыр көрсете наразылық білдіруі, тіпті өзі өскен сұлтандық ортаға да қырын қабақ танытқандай философиялық ойын білдіретін Дәулеткерей шығармашылығындағы ең шоқтығы биік туынды.
Дәулеткерей мұнда айтар ойын Құрманғазыдай тура маңдайға ұрып, көзге шұқып дегендей етіп емес, сабырлы салмақпен астарлай жеткізеді. Ол жөнінде А. Жұбанов: «Бұл күйде босана алмай, булығып жатқан алапат күш, жалыны мол жігер бар. Сірә, күйші іште тұнған наразылық сезімін, нар тәуекел деп бірден ашып тастамай, қабақпен, ыммен шымырлата жеткізген тәрізді», - деп жазады.
«Бұл күйдің атын «Жігер» деп неге қойды екен?» деп А. Затаевич әуелі сұрақ койып ойланады да, әрі қарай өзінің топшылауын былайша білдіреді: «Егер біз жігер дегенді күш-қуат деп түсінсек, күйдің өн бойында тасып-төгіліп, кемерінен асып бара жатқан ештеңе жоқ. Оның орнына сырт көзге жай қалыптағы жігер суреті бар, яғни мұнда тақсірет көрген ержүрек жанньң сабырлы да салмақты, салиқалы тебіреніс-толғанысы шаң береді».
Бұл қазақ күйлерінің ішіндегі ең ұзақ күйге жатады. Күй құрылысында тақырыпты бірнеше рет қайталауы, оны ортаңғы буында, кіші сағада дүіркін-дүркін әр түрлі желіде дамытуы, үлкен сағадағы екінші октаваның «ре» пернесіне баруы, төре тартыс күйлерінің құрылымдык даму жолдарына қосқан Дәулеткерейдің жетістігі деп түсінген жен. Күй тақырыбы пунктирлі ырғақпен синкопа, алты сегіздік, екі сегіздік, ширектік сияқты ноталық ұзақтықтарды қолдану арқылы дамиды. Буындар мен сағаларга бірнеше рет орала қайталап келу арқылы автор ез ойларын әр қырынан дамыта отырып, кейде өкініш, кейде сағыныш, кейде қажырлылық пен жігерлілік иіндерін жан-жақты көрсетіп, адам өмірінде күрсіністі сәттер де, қайғылы халдер де кездеседі, жарқын күндерге жеткізер даңғыл жол жоқ, бі рақ оған барар жолда халқымыздың бойындағы қажыр-қайраты мен жігері сақталуы керек дегенге меңзейді.
Музыка табиғат сұлулығын, адамның жан тебіреснісін сыртқы сұлулық пен ішкі жарасымдылықты асқақ сезіммен суреттеп бере алатын күдіреті бар күрделі өнер. Музыка өнерінде осы айтқанымызға күйлер жатады. Күйлер өзінің дәстүрлік орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты орындалу мәнеріне, құрылыс тәсілдеріне, қағыс түріне, саз әуені мен екпін ырғағына қарай негізінен екі үлкен мектепке жатады. Олар төкпе күйлер, шертпе күйлер деп аталады. Оның біріншісі төкпе күйлерге музыкалық образы жағынан симфониялық сипатты бейнелейтін, көбіне тез қарқында орындалатын Қазақстанның батыс өңіріндегі күйлер жатады. Шертпе күйлерге құрылымы жағынан адамның ішкі жан сезімін тербететін әуендері күйдің атына сай ауызекі әңгімелеп отырғандай тыңдаушысына ұғымды, екі ішекті алма кезек сұқ саусақпен шертіп орындау түрлерімен асықпай орта екпінде баяндалатын күйлер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет