Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттары



бет13/16
Дата29.05.2022
өлшемі364,24 Kb.
#35871
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
ДОМБАЕВА Г ПРАВ

Абыл Тарақұлы Маңқыстау өңірінің Оймауыт, Желтау деген жерінде дүниеге келген. Бір дерек бойышпа 1800-1872 жылдарда, екінші деректе 1820-1892 жылдар аралығында өмір сүрген күйші. Қалай болғанда да, 72 жыл өмір сүріп, өз жерінде қайтыс болған. Әкесі Тарақ ауқаттылар әулетінен, содан да Абыл әке дәулетінің арқасында дүниеден еш таршылық көрмей, ертерек айыл тартып ат мініп, еркін түлеп, ел аралап, өнерлі адамдарды көріп-біліп, әңгіме, өлең-жыр, күйлерін тыңдап өсті. Ол өзінің өнерге ден қойып, әнші-күйші, саятшыл сал-серілерімен етене жақын, қоян-қолтық араласып кетуі нәтижесінде көп жайларға қанығып, өзі де солардай болуға ынтыға құштарланды. Сондай өнер өлкесімен қауышқан сапарларында ол тек Маңқыстау, Атырау аймақтары ғана емес, Хиуа, Қарақалпақ, Түрікмен жерлерін де еркін аралаған кісі. Соның арқасында Абыл қазақ, өзбек, қарақалпақ, түрікмен халықтарының өнерімен, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігімен жете таныс болған, өзінің күйшілік-орындаушылық, сазгерлігімен қоса олардың да музыкалық өнерлерін бойына сіңіре білген. Мәселен, ол түрікмен дутарында да қазақтың домбырасымен бірдей кез келген күйді орындай беретін болған.
Өзін шынайы күйшімін деп есептеген адамдардың бәрі меңгеруге тиісті «алпыс екі тармакты Ақжелеңді» Абыл түгелдей жетік меңгеріп, оларға өз «Ақжелеңін» қосып тартқан. Абылдың «Ақжелеңінен» басқа «Ақсақ құлан», «Әренжанның шалқымасы», «Кеңес», «Нарату», «Абыл» деген тағы басқа күйлері болған. Сол күйлерінің ішіндегі ең көңіл аударып, зер салатын қызықтысы автордың өз атымен аталатын «Абыл» күйі. Бұл күй туралы А. Жұбанов былайша ой толғайды: «1858-1859 жылдар тарихта «жыл ауа» атанған окиғалар болады. Билеушілер салған ауыр салықтан халық қиналды. Ел ішінде ірілі-ұсақты көтерілістер болады. Халыққа ауырлық түседі. Осы оқиғаларды көріп-біліп отырған Абыл билеуші топтың бұл ісіне ашулы ыза мен ауыр салықтан қиналған жарлыларға жан ашу ретінде күй шығарды. Автор ол күйіне ат бермеген. Ел ішіне «Абыл» атымен (осы оқиғаға арнаған Абылдың күйі дегенді білдірсе керекжайылған бұл күй Абыл шығармашылығының шыңы және ақырғысы болып есептеледі. Оның бұдан соңғы күйлері бізге мәлімсіз».
Енді бұл күй туралы А.Затаевич пайымдауларына келсек, ол былайша баяндалады: «Басталуы, аяқ алысы ауыр, зілді, салмақты болып келгенімен аздан соң ол құлашын кең тастап, аспандап, өзінің қарқынды күшін көрсетеді. Мұндай сипат бұл тектес шығармаларда сирек кезігетін жайт. Енді өткінші бөлімнен кейін күйдің нәзік, майда әуенді екінші бөлімі басталады. Мұнан соңғы өрістеу негізгі элементтерден құралып, шалқыған кең толқумен жүрісі жайлап барып бітеді. Бүл пьесаның құрылысы оның негізінде бір поэтикалық бағдарламасы болғанын анықтайды. Бірақ не екенін мен біле алмадым. Дегенен бұл музыкалық поэманың кейіпкері тарихта шын болған. Орал жене Адай казақтарының көпшілігі болып есептелетін Байұлы табынан (руынан) шыққан Абыл екені даусыз».
Байқап қарасақ, екі ғұлама ғалымның айтқан ойларында ауытқитындай алшақтық жоқ. Мысалы, А.Затаевич: «Басталуы зілді» дейді, А.Жұбанов «Ел ішінде ірілі-ұсақты көтеріліс болады» деп халықтың буырқанған ашу-ызасының қуат-күшін білдіретінімен дәлелдей түседі. А.Затаевич: «Өткінші бөлімнен кейін күйдің нәзік, майда әуенді екінші бөлімі басталады» деген болса, А.Жұбанов: «Абыл ауыр салықтан қиналған жарлыларға жан ашу ретінде күй шығарды» деп ол ойды да құптай түседі. А.Жұбанов: «Автор өзі ол күйіне ат бермеген. Ел ішіне «Абыл» атымен жайылған күй» деген сөзін А.Затаевич те: «Бұл музыкалық поэманың кейіпкері Абыл екені даусыз» деп қуаттай қостайды. Демек, «Абыл» күйі - адам өмірі мен тұрмыс-тіршілігін, сонымен байланысты туған ой-сезім толғаныс-тебіреністері мен іс-әрекеттерін бейнелейтін философиялық күй. Күй құрылысының бір ерекшелігі негізгі тақырыптан кейін сол тақырыпты орта буында әуелі «ми», одан соң «фа» пернелерінде екі рет қайта дамытады. Ал үлкен сағадан кейін дәстүр бойынша орта буын қайтып оралмастан кең толқулы үнмен баяулап барып аяқталады.
Қобыз – ежелден келе жатқан аспап. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, VIII-IX ғасырларда қобызды Қорқыт жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан деседі.
Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде мынадай аңыз бар: «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай., не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жаққан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған, қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Желмаяның терісін
Шанақ қылған, қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған, қобызым.
Бесті айғырдың құйрығын
Ішек қылған, қобызым.
Құлағыңды бұрайын
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын,- деп қобызды қолына алған
кезде, аспап боздап қоя беріпті. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң – бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты».(М.Жарқынбаев. Қорқыт. Өнер, 1987 ж.)
Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйі тыңдалады. «Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын «Ұшар» деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет-ғұрпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласына қалған жалғыз көз – тазыны іздесе, ол ұшты-күйлі жоқ болып шығады. «Ескі жұртта қалған болар» - деп, ана бұрынғы қоныстарына келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай-сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып жатыр екен. Мұны көрген ана:
Жалғызымнан айырылдым,
Қанатымнан қайырылдым,
Ұшар,ұшар, кә-кә... – деп аңырайды. Кең далада
жалғызының артында қалған ана мен иесінен айырылған тазы – қос мұңлық қосылып күңіренеді». (Н.Шәменұлының айтуы бойынша жазылған. М.Жарқынбеков. Қорқыт. Елім-ай. Өнер. 1987 ж. 22 бет.)
Қорқыт өзінің «Ұшардың ұлуы» атты күйін осы оқиғаға байланысты шығарыпты деседі.
Түркі тілдес халық тайпаларының сенім-нанымында шамандық елеулі орын алған. Шаман дегеніміз емші, тамыр ұстаушы, балгер, жын құрсанған бақсы. Оларды абыз деп те атаған. Бұл қобыз деген сөздің өзгерген түрі. Бақсылар қолына қобыз алғанда:

Үйеңкінің түбінен


Үйіріп алған қобызым!
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым,
Қызыл қаршын тобылғы
Жәшік қылған қобызым,
Желмаяның терісінен
Қапшық қылған қобызым
Жүйрік аттың құйрығын
Ішек қылған қобызым!
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым!
Тасқа шыққан ырғайдан,
Құлақ қылған қобызым!
Сексендегі кемпірдей,
Бүкір белі қобызым!
Буаз қатын секілді
Арты шөмек қобызым!
Әбден де болжа, қобызым! –
деп сарнайды. Қобыз – түркі тілдес халықтардың ертеден келе жатқан көне өнер аспабы.
Қорқыттан кейін өмір сүрген, аты әйгілі, киелі бақсылардың бірі Қойлыбай туралы да қазақтар арасында аңыз көп. «Қойлыбай бар бақсының түп атасы, оқ тартар садағы іспетті» деп суреттейді оны Шоқан. Бірде ол қобызын аламан бәйгеге салғаг деген аңыз бар. «Жүздеген сәйгүлік қосылған бәйге аттарының келе жатқанын көргенде қолына қанжарын алып әулие, пірлерін жәрдемге шақырып Қойлыбай сарнап қоя береді. Сол-ақ екен бәйге жақтан бір қара дауыл тұрып, отша лапылдаған аптап ыстық жел соғады. Біркезде сол дауылдың артынан қалың қара көрініп, ат тұяғынның дүбірі естіледі. Демде бәйге аттарының алдынан қарборандатып, атты құлаш тамырымен ала жібін сүйреткен алып ағаш көрінеді. Сөйтсе ағаш дегені Қойлыбайдың қобызы, дауыл мен желді суырып келе жатқан көкаман жынының екпіні екен», - деп айтылады аңыз әңгімеде.
Қарақожаұлы Қорқыт ата
(VII – VIII ғ.ғ.)
Өткен ғасырлар қойнауынан түркі тілдес халықтардың барлығына ортақ өнер, мәдениет қайраткері – ақын, ақылшы, көріпкел, бақсы, қобызшы, сазгер,жыршы, сәуегей, тәуіп, қол бастаған батыр әрі фиьософ Қарақожаұлы Қорқыт қазақ жерінде дүниеге келіп, дүниенің төрт бұрышын шарлап, өзі өскен Сыр бойына оралып дүниеден қайтады.
«Қорқыт» атауы Шоқан Уәлиханов пен Г.Н.Потаниннің болжауы бойынша «қорқ» - қорқу, қорқамын, қорқыту, өлімнен қорқып қашу, бақсылық үшін қолданылатын іс- әрекет десе, профессор Ә.Қоңыратбаев «хор» - тайпа атына жақындығын айта келіп «құт» сөзінің ескі жұрнақ екенін, Қорқыт – оғыздардың құты, ойшыл, сәуегейі «құт әкелетін адам» тұлғасы бейнеленген,- деп қорытындылайды.
Қорқыт туралы әңгімелер, мифологиясы, болжамдар VII- IХ ғасырларда Сыр бойы оғыз- қыпшақ тайпаларының ауыз әдебиетінде айтылып, ОртаАзия, Кавказ, Түркия, Балқан түбегі аймағында таралып, Қорқыт ата айтқан нақыл сөздер қазақ мақал- мәтелдерінде, жыр жолдарында, жыраулардың толғауларында өзгермей сақталып, халқымыздың жыраулық, бақсылық, қобыз- күй атасы, көріпкел, ақылгөй, адамгершіліктің жоғарғы шыңына баулитын тарихи- өнерлі тұлға ретінде танылады. Сыр бойындағы Шөмекей (Сарыбай) елінде Құлназар ақын Қорқыт ата туралы:
Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан,
Қазылған көрді көріп қатты сасқан.
Тағдырдың тақымына тәнті болмай,
Ажалмен арпалысып жанталасқан, -
деп бағалайды. Атағы төрт әлемге тараған оғыз- қыпшақ тайпаларының қобыз ойнау шебері, күйші, бақсы- тәуіп, көріпкел әрі жыршы – жырау, дастан, арнау, толғау айтушы, ақылгөй- ойшыл өз шығармаларының бірінші орындаушысы, уағыздаушы, қобызбен сүйемелдеушісі ретінде халқының санасында сақталған. Осылай көп салалы дамыған қайраткер тұлғаларды «сегіз қырлы, бір сырлы» деп халқымыз бағалайды, мақтан тұтады.
Ерте ғасыр ғалымы Дәуріш Әли әлемге тараған «музыкалық трактатында» атап көрсеткендей Мауреннахр аймағында қатар жатқан Жейхун (Амурдария), Сейхун (Сырдария) саласында қобыз аспабының бақсы- шайырлардың қолында орта ғасырда болғанын айтады.
Ал Әбунасыр әл- Фараби бабамыздың «Китаб аль- музыкаль - кабир» (Музыканың үлкен кітабы) атты трактаты Қорқыт өнері шығармашылығымен
сыбайлас келіп, жарты тон дыбыстар аралықтарын жағымды, жағымсыз деп, 12 дыбыстан тұратын адамның тыңдау, қабылдау қабілетіне сай екендігін дәлелдеп берген жаңалықты, Қорқыт ата орындайтын халық күйлері мен өзінің «Қорқыт» атты күйінде, «Аққу», «Әуіпбай», «Башпай», «Желмая», «Елім- ай, халқым-ай», «Сарын», «Тарғыл ана», «Ұшардың ұлуы» т.б. күйлерінің құрылымынан байқауға болады. Демек, екі дарынның өскен ортасы тыңдалған ән, күй, жыр, айтыс, дастандарды бір кезеңде, бір сарында орындалғандығында көп ашылмаған сыр жатыр емес пе?
Қазақ өлкесінде бақсылық өнердің пірі атанған Қорқыт сырқаттанған, ауырған, ауруға ұшыраған адамдарды Қорқыт атымен, қобыздың сиқырлы үні арқылы зікір салып, бойын сергектетіп, адам бойына жайлаған өлімге қарсы тұрып, өмірге араша болған «халық емшілері» шеберліктің арқасында адамның жағымды әрі ащы дауысымен қобыз сазы арқылы аурудың жан дүниесіне пайдалы әсерін тигізіп, дәрі-дәрмек ретінде күш-қуат, сенім арқылы аурудан айықтырған.
Күйді тыңдау, күйді орындау таңғажайып музыкалы- эстетикалық, педагогика- психологиялық құбылыс, оны тыңдау табиғи қажеттіліктен тұрады. Соның арқасында құдіретті, әсем күйдің, әннің, жырдың т.б. өнер түрлері мен салаларының шығуы, орындалуы,болашақ ұрпаққа көшіп қабылдануы, саналы ұрпақтың рухани байлығына айналды. Әбунасыр әл- Фарабидың сөзімен айтсақ, музыканың адамға емдік қасиетін, жағымды әсерін жан- жақты дәлелдеп, оның адам жан дүниесіне пайдалы әсер етіп, тәрбиелік мәні зор екенін ескертеді.
Өткен ғасырдың майталман ақын, жырау, бақсылары: Жанақ, Сабырбай, Найман бала, Құлыншақ, Балқы базар, Нышан Шәмен ұлы, Борықбай т.б. домбыра, қобыз ойнау, тәуіптік іс- әрекетімен халық аузына ілінсе, Жаңаарқа, Сарысу аймағында өмір сүрген қобызшы, сазгерлер аталы- балалы: атасыАлтынбек, оның баласы Дүкен, оның баласы Ықылас, оның баласы Түсіпбек, оның шәкірті Дәулет Мықтыбай Әупік ұлы, Сүгір Әли ұлы, Ашай, Әйкен, Жаппас Қаламбаев болып жалғасады.
1870 жылы Жетісу өлкесіндегі Ақсу ауданында Қобызшы Молықбай Байсақұлы дүниеге келіп, 1930 жылы «бақсы» деген айып тағылып, Алматы қаласында түрмеде қайтыс болады.Атақты ақын Ілияс Жансүгіров 1930 жылы Молықбай қобызшы туралы «Күй» атты поэма жазды. Жазушы серік Жанабіл қобызшы туралы «Қобызшы Молықбай» атты кітапты «Жалын» баспасынан 1994 жылы кітап етіп шығарды. 1993 жылы Серік Жанабілдің «Молықбай қобызшы» фильм- спектаклі республикалық телеэкраннан көрсетіліп, ол «Алтын қорға» енгізілді. Молықбай қобызшы Қорқытты пір тұтқан. Молықбайдың «Қорқыт», «Шурат», «Бозжорға», «Жезкиік», «Кеңес», «Бозінген», «Жетісу», «Алатау», «Ақсу» атты күйлері болған екен.
Қобызшы Молықбай шал Матайдағы,
Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы.
Қазақта қобызшыдан қалғаны сол,
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, -
Деп дауылпаз ақын Ілияс Жансүгіров Молықбайды жырлайды.
Қобызшы Молықбайдың туған- туыстары Алматы облысының Ақсу ауданында тұрады.
1928 жылы Оңтүстік өлкесінде Бөген ауданы Төртгүл Беспай шаруаның Заманбек атты ұлы дүниеге келеді. Мызайым әкесінің қобызымен бүгінде зікір салып, жүйке ауруына шалдыққандарды емдеуде.Бақсы Заманбек Шымкенттің жаны Тельман атты ауылда тәуіптік қызметімен айналысқан.
Қыл қобыз жоғарғы оқу орны саласы Алматы консерваториясында 1968-69 оқу жылында Еркеғали Рахмадиевтың ұсынысымен ашылып, 8 студент қабылданып, Жаппас Қаламбаев 1968-69 жылдары, Дәулет Мықтыбаев 1970-77 жылдары, Болат Сарыбаевпен бірлесе отырып дәріс беріп, 4 студентті Қосбасаров Базарбай (консерваторияда сабақ береді) , Ажмұратов Қуаныш (Құрманғазы ат. оркестрде), Құдайберген Нұрманов (Таразда), Жұмабеков Әбдіманапты бітіртеді.
1977 жылы Дәулет Мықтыбаевтың ұсынысымен Жұмабеков Әбдіманап Республикалық арнаулы музыкалы 11 жылдық қазақ мектеп- интернатына қыл қобыз мамандығы бойынша қызметке қабылданды. Осы оқу жылында аталған музыкалы мектеп- интернатта қыл қобыз мамандығы республикада тұңғыш рет ашылған болатын. Төменде аталған оқушылар: Нұрмашова Нұргүл (Көкшетау филормониясында) , Тұрманова Нағима (Шымкент музыкалық колледжінде), Шабанбаева Гүлназ (Тараз музыкалық колледжінде), Байназаров Батырбек (Қостанай филормрниясында) қыл қобыз класына қабылданып, музыкалы - эстетикалық көркем талғамын қанағаттандыратын, сусындыратын қыл қобыз аспабын болашақ ұрпаққа табыстаған кезеңі еді. Бүгінде Қорқыт ата, Ықыластың қобызы кең етек жайған мезгіл дейміз. Көптеген оқу орындарында арнаулы бағдарламамен қобыз (үш, төрт шекті) , қыл қобыз екі шекті оқытылуда.
Қызылорда мемлекеттік педагогикалық университеті Қорқыт атымен аталады.1998 жылы Қорқытқа арналған халықаралық ғылыми- практикалық конференция өткізілді. Мемлекет тарапынан Қорқыт атаның ескерткіші жаңартылып тұрғызылды. 1980 жыл.
Авторлары: арх. Б.А.Ибраев, физик С.И.Исатаев.
Ықылас Ерденұлы
(1843-1916)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет