ЖЫЛ ӨЛЕҢІ
Туғандар, қысына тышқан жылдың қамсыз болма,
Азабын ол кемулі болсын ірге.
Туғандар тышқан жылғы қу келеді,
Талайды бойға сенген сүріндірген-ай.
Қазақтың әдет-ғұрып мәдениетінде жарапазан, жарамазан тәрізді өзгеше құттықтау әндерінің өздеріне назар аудартады, тындаушының ынта-ықыласын тудырары хақ. Бұл әндер көне заманнан бері Орта Азия халықтары арасында орындалып келген, сонан кейін жарапазан мұсылман мерекесі — Рамазан уақытында орындалатын болған. Бір топ жас жарапазан айтып үй-үйді аралаған, үй иелерін құттықтаған, олардан сыйлық алған. Әнді орындаушылар жарапазаншылар, жарамазаншылар деп аталған. "Жарапазан" әндерінде үй иелеріне аман-саулық, оты мол, жайылымы, мал-жанның көп болуы және т.б. тіленген.
АЙТАМЫН ЖАРАПАЗАН ЕЛІҢІЗГЕ
Айтамын жарапазан еліңізге
Байлаңдар бір орамал белімізге.
Байласаң бір орамал белімізге,
Барамыз мақтап, мақтап елімізге.
Қайырмасы:
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан,
Әсіре мазан, сайра мазан,
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.
Сонымен бірге Рамазан айында (мұсылмандар ораза тұтатын кезде) айтылатын жарапазан деп аталатын әдет-ғұрып әңдерінде бәрінен бұрын діни нанымдар бой көрсетіп қалады. Оларда ислам дінінің тақырыбы болғанымен халықтың көне дөуірдегі (VІІ-VІІІ ғ.ғ.) әдеттерінің, ғұрыптарының іздері айқын керінеді. Жарапазан әндерінде отбасына аман-саулық, мал-жанның көбеюі туралы көптеген жалпылама тілектермен қатар тұрақты рефрендер түріндегі пайғамбардың қырық серіктерінің біріне сиынуды, Құраннан келтірілетін "лә Илахи ил Алла" - "Алладан басқа төңір жоқ" деген сөздерді де үнемі кездестіруге болады.
Бұл тұрғыдан алғанда қазақ музыкасын зерттеген ірі ғұлама этнограф АВ.Затаевичтің жазғандары аса құнды, мысалы, бір жинақта келтірілген "Мұхамедия" әнін этнограф еркектің аты ғана деп түсіндіреді. Шын мәнінде бұл исланың негізін қалаушы Мұхамедтің аты. "Мұхамедия" әні қазақтың көшпелі тұрмысына бейімделіп, жаңа түрге, мазмұнға ие болған. Құран сөзіне жазылған түбірі арабтан шыққан ән әуені.
Малшылардың бәдік тәрізді, әдет-ғұрып әндерінде де алуан түрлі тақырыптар бар. Солардың бірі – бәдік деп аталатын әндер. Қазіргі кезде қазақ халқының тұрмыс-салтынан мұндай әндерді кездестіру қиын. Арбау-байлау әндерінің ішінде "Бәдік", "Күләпсан" сияқты әндер кездеседі. "Бәдік" малдан ауру-сырқатты қашыру үшін айтылатын болған. "Күләпсан" дейтін ән арбау-байлау әндерінің, емдеу әндерінің қатарына жатады. Бұл әндерді айту арқылы яғни арбау, үшкіру жолымен, қазіргіше айтсақ, магиялық-сиқырлық жолмен мал мен адам денесінен ауруды, сырқатты, кінәратты қууға болады, жазуға болады деп сенген халық. Қазақ халқы өлеңмен, әнмен, арбау, бәдік айту, жырлау жолымен табиғаттың дүлей күшін бағындыруға, сиқырлауға болады, құрғақшылық кезінде күн жаудыруға, апаттан құтылуға болады деп сенген.
Төменде мысал үшін келтіріліп отырған "Бәдік" атты өлеңде бейнелі түрде малдая пышаққа көшуі, жұрттан аулақ кетуі керектігі айтылған.
БӘДІК
Пышаққа көш, ағатай, пышаққа көш,
Қойдан қойға жүгірсін тұсаққа көш-ай.
Жайыңды одан көшер мен айтайын,
Отырған әріптесті құшақтай кеш-ай.
Бұрма, бәдік тағы да, бұрма, бәдік,
Босағада бұрылып тұрма, бәдік.
Бұрылып босағада тұрсаң, бәдік,
Көңіліне иесінің келер кәдік-ай.
Арбау-байлау әндеріне жоғарыда айтып кеткеніміздей, "Күләпсан" дейтін ән мысал бола алады. "Күләпсан" - желшешек сияқты балаларда кездесетін сырқаттың аты. Мұндай әндер әдетте өздерінің атқаратын қызметтері жағынан емшілік, арбау-байлау әлеңдері сияқты дәрігерлік-төуіптік әндер қатарына жатады. Қазақтардың тұрмыс-салттарында жылан шағуға қарсы арбау, бақсы-шамандардың арбау-үшкіру-бақсы сарыны дейтін болған. Тұрмыста сүйекпен бал ашу (әдетте жауырынмен бал ашу) қолданылған. Сүйекпен бал ашушыларды қазақ халқы арасында "жауырыншылар" деп атаған. Зерттеушілердің атап көрсеткеніндей, арбау ән-өлеңдсрі халық медениетінің өте көне түрі болып табылады, ескі әдет-ғұрыптар қатарына жатады, бұл өзі алғашқы мағынасында да, тура мағынасында да фольклор болып табылады. Арбаулар әдеттс утилитарлы яғни пайда келуін көздейді, олар тұрмыс-салтпен байланысты, көп жағдайда белгілі бір практикалық мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Арбау - әнінің ықпалды, әсер ететін күші оның сөздік формуласында яғни дүғалық сөзінде, қазақ халқының тұрмыс-салт мәдениетінде, соның ішінде бәдікте, сол сияқты "Күлөпсан" өлеңінде әдет-ғүрыптың сиқырлы-магиялық мән-мазмұны тұрақты түрде қайталанатын "кеш", "көш" сөзіне жинақталған. Халық, өлеңді айтушы осы сөзді қайталау арқылы ауруды басқа жерге көшіруге болатынына сенген сияқты, мұны "Күләпсан" ән-өлеңінен айқын көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |