Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері"



бет10/28
Дата24.01.2023
өлшемі132,53 Kb.
#62627
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕ

1.Интербелсенді оқудың шарртары:
Интербелсенді оқу дәстүрлі оқытудың негізгі идеялары мен ұстанымдары болып келген авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологты демократиялық коммунткациямен алмастырады.

  • Іскерлік пен ынтымақтастыққа, үйренушілердің мүдделері мен қызығущылығын ескеріп, өзара сыйласымдылық пен тәуелділікке, бірлескен іс – әрекеттерге негізделген мұндай қарым – қатынас үйренушілерге саналы және ерікті түрде білім ауқымын айқындап, оқудың нысандары мен әдістерін өздігімен таңдау мүмкіншілігін нығайтады. Сол себепті бұл технологияда келесі шарттарды міндетті түрде қадағалау керек.

  • Жағымды психологиялық орта орнату керек.

  • Үйренушілерде білім игеруге деген қызығушылықты тудыру.

  • Сәттілікке бағыттау.

  • Білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді қолдану .

1.1.Жағымды психологиялық орта орнату
Сынып ішінде тұлғаның жан-жақты дамуы, бірлескен өнімді ірі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар жасалады. Жағымды психологиялық климат топ құрамына кіретін үйренушілердің еркіндігін меңзейді. Бұл еркіндік өзара сыйласымдылық, жолдастық, бір-біріне бейімделу және бөтен пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдау мен оларды түсінуге деген ұмтылыстан, оларға төзе білуден тұрады. Мұндай орта педагогтардың негізгі ұмтылысына айналады: «Білім берудің басты мақсаты - ешкімге ұқсамайтын дербестігі, рухани әлемі, шығармашылық потенциалы бар адамның қалыптасу мен дамуы үшін орта құру» (С.Мирсеитова, 2008.5)
Үйренушілер тек осындай жағдайда ғана үйрену процесі тиімді сипат алатындығын түсінуі керек.Жағымды психологиялық климат құру- әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты
1.2. Мотивация тудыру немесе қызығушылықты ояту.
Үйренуге деген ықылас - ынтасы, ниеті мен зауқы болмаса, оқу нәтижесінің мардымды болуы екі талай. Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «Тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз де осы сияқты білімге, білуге деген «тәбет».
Мотивация – әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, оның білім процесінде алдына қойған мақсат мүдделері. Қызығушылықты ояту арқылы үйренушілерді келесідей әрекеттерге баулуға болады:
1. Үйренушілер өздерінің бұрынғы жеке білімін айқындайды;
2. Талқыланатын тақырыпты кең ауқымды контексте қарастырад;
3. Үйренушілер белсенді болады;
4. Үйренушілер ізденіс, зерттеу және талдауға негізделген шығармашылық жұмыстарға жұмылдырылады.
Интербелсенді сабақтың құрылымы:

  1. Неліктен сабақ үш кезеңнен тұрады?

Жаңашыл жобалардың басым көпшілігі ұстанған сабақтың үш кезеңін былайша суреттеуге болады:
Бірінші кезеңде үйренушілер өздерінің бұрынғы білетіндерін естеріне түсіру арқылы білім үйренуге белсенділендіріледі. Мұнда олар «танымдық тепе-теңсіздік» жағдайында болып, жаңа білімге деген қызығушылықтары пайда болады.
Екінші кезеңде үйренушілер дербес тұрғыдан танымдық әрекеттер атқарады. Ж.Пиаже «Балалар әрекет жасамай сөйлегенде бірін - бірі түсіне ме?» деген сұраққа «Баланың ойын түсіндіру үшін, оның әрекеттерінен бастау керек» деп жауап береді.
Үшінші кезеңде үйренушілер үйренгені жайлы ой толғайды, оларды талқылайды, осы әрекеттер арқылы ол жаңа түсініктер құрады: «Ой тәжірбиесінің сан қилы жақтарын ой елегінен өткізе отырып, бала жол-жөнекей бір анықтаманы екінші анықтамамен алмастыратын фактілерді ашып, сол арқылы өзінің алғашқы ойларына өзгертулер енгізеді».
Интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.
Осы қағиданы ұстанған мұғалім оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтып, сабақтарында оқушы бойындағы идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруды талап етеді.
Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:
•Орта қалыптастыру
• Әрекет арқылы үйрету
Өмірмен байланыстыру
• Өзінділікпен дербестікке баулу
Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Интербелсенді оқудың әдістері:
•Интербелсенді лекциялар мен семинарлар;
•Броундық қозғалыс
•Пікірталастар ;
• Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.);
Тренингтер;
• Оқытудың компьютерлік технологиялары.
• Жұптасып жұмыс істеу.
• Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО - ға үйрету);
• Шағын топтармен жұмыс;
• Аяқталмаған сөйлем;
• Есептеу ағашы;
• Өз атынан сот;
• Ролдік /іскерлік/ ойын;
• Өз позицияңды ұстан;
Дискуссия;
• Дебаттар.
Интербелсенді оқыту технологиясының әдістерін пайдалану кезінде:
• тиянақты білім;
• қиялдау мен шығармашылық;
• тез тіл табысу;
• белсенді өмірлік көзқарас;
• командалық рух;
• жеке, дербестік құндылық;
• өз пікірін білдіру, еркіндік;
• іс - әрекетке ерекше назар аудару;
• өзара сыйластық дағдылары дамиды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет