Интeрбeлсeнді oқуды ұйымдacтыpу eрeжeлeрі:
Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау. Аудитория (сынып бөлмесі, кабинет) үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын сан рет өзгертуі ықтимал, сол себепті де прталар мен үстелдер олардың емін – еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет. Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек. Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда тақта (оған қоса жылжымалы немесе интерактивті тақталар болса тіпті жақсы), қол астында бор, қағаз (А-1 және А-4 форматтардағы), маркерлер болғаны дұрыс.