Оқушылардың өзін-өзі бағалауы. Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады:
Алға қойған мақсаты.
Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).
Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.
Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу.
Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін:
Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы түсінігі;
Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы;
Әділдікті дамыту;
Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы.
Оқушылар өзін-өзі бағалау дағдыларын өз жұмыстарын сынау мақсатында қалыптастыру керек. Бұл жағдайда ол өз жұмысының қиыншылықтарына қарамай, соны жеңгенін көре алады. Осы арқылы оқушы өзінің жетістіктерін көре біледі.
Оқушының өзін-өзі бағалауы ұстаздың бағасымен сәйкес келуі керек. Өзін-өзі дәл бағалауға тәрбиелеу екі бағалауларды салыстыру арқылы қолданылады. Олар өткенді шолатын (орындалған жұмыстың бағасы) және болжамды (орындалатын жұмыстың бағасы) болып келеді.
Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.
Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің мақсаттары мен бағыттарын дәл және айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекіліктеріне баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.
Төменде топтық жұмыстың өзін-өзі бағалауының үлгісі берілген. Бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім оқушыларға топ ішіндегі өз жұмыстарын өз бетімен бағалауларын ұсынады . Үлгі оқушының топтағы өз жұмысын нақтырақ бағалап және оны мұғалімнің қойған бағасымен салыстыруына мүмкіндік береді.
Аты __________________________ Уақыты_____________________________
Сыныбы______________________ Қызметінің түрі________________________
Сен топпен жұмыс істегенде төмендегі іс-әрекеттерді қаншалықты жиі атқардың? (топтық жұмыста сенің деңгейіңді нақты анықтайтын сөзді белгіле)
Мен ақпарат алу немесе нақтылау үшін сұрақтар қойып отырдым.
Ешқашан
Кейде
Жиі
Мен өз пікірімді білдірдім.
Ешқашан
Кейде
Жиі
Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың көзқарастарын (пікірлерін) тыңдадым.
Ешқашан
Кейде
Жиі
Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне түсініктеме беріп отырамын.
Ешқашан
Кейде
Жиі
Мен өз тобымның басқа мүшелерін талқыламаға қатыстыруға тарттым.
Ешқашан
Кейде
Жиі
Мен ұстазым немесе тобым тапсырған қызметті атқардым.
Ешқашан
Кейде
Жиі
Топтық жұмыста маған ең қатты ұнағаны_____________________________ _________________________________________________________________
Бұл топтағы жұмыстың ең қиыны, бұл________________________________
__________________________________________________________________
Келесі топтық жұмыстағы менің мақсатым____________________________ _________________________________________________________________
Оқушы кестені толтырған соң топтағы өз қызметі жайлы қорытынды жасайды. Қажет болған жағдайда келесі жұмыстың мақсатын айқындайды. Кестеде оқушының топтық жұмысы мен ондағы қызметі жайлы ортақ әсерлері белгіленеді. Кесте әрбір бөлімге сандық (цифрлық) белгі береді. Ұстаз «Болжаулы ұпайлар» бағанындағы ұпайларды өзі таңдайды. (мектептегі 5 ұпайлық бағалаумен шатастырмай, 10 ұпайлық жүйені қолдану тиімді). Егер оқушылар мен ұстаздың «Қорытынды» жолағында қойған бағалары 10 ұпайдан асса, онда қайшылық тудырмау үшін ұстаз қатысушылармен міндетті түрде әңгімелесіп, нәтижелерін талқылауы қажет.