Портфолионың түрлері Портфолионың әр түрі бар, олардың әрқайсысы оқытуда және бағалауда бағдарламаның бiр бөлiгi сияқты нақтылы мақсаттарға қызмет көрсете алады. Портфолио түрлерiнің төменде келтiрiлген тiзiмi ғылыми әдебиетте жиi берiледi:
Құжатты немесе «жұмысты» портфолио:Ол нақтылы мерзiм iшiндегі iрiктеп алынған жұмыстарды жинақтайды және жоспарланған нәтижелеріне қарап оқушының табыстарының өзгерiсiн көрсетедi. Құжатты портфолио барлық мидағы жазылған идеялардан, жобалардан және оқушының толық бiтiрiлген жұмыстарын қамтиды (презентация, шығарма, эссе тағы сол сияқтылар). Портфолио материалдары нақты бір бiлiм беретiн мақсаттарға бағытталғанда ғана мағыналы болып қалыптасады. Портфолиоға күштi және әлсiз жұмыстар да кiре алады.
Портфолио процесі:Мұндай портфолио барлық тұрғыларды немесе оқытудағы процесстiң фазасын құжаттайды. Бұл портфолио түрі барлық оқу процесін құжаттауға келгенде өте пайдалы. Ол оқушының бойына сiңiрген нақтылы бiлiмін немесе дағдыларын және негiзгi деңгейден жоғары деңгейге алға басуын көрсете алады. «Портфолио процесі» оқушының рефлексиясын оқу туралы процеске күшейтедi. Мұндай портфолио ойлау күнделiктерiнің, жазылған идеялардың және тағы басқа оқушы рефлексиясының қолданылуын ескередi.
Демонстрациялық (көрсетпелі) портфолио.Бұл портфолио түрі суммативті бағалауда өте көп қолданылады. Ол мұғалім мен оқушылардың таңдап алған жақсы жұмыстарынан тұрады. Тек қана толық аяқталған жұмыстар осы портфолио түріне кiредi. Бұл портфолио түрін көбінесе көрнекiлiк құралдарымен толықтырады: фотосурет, бейнежазбалармен, компьютер арқылы есептелген нәтижелермен. Демонстрациялық портфолио оқушының қандай жұмыстарды осы портфолио түріне еңгізетіні туралы шешім қабылдауда жазған ойларынан тұрады.
Керi байланыс. Керi байланыс - нақты әрекеттер, ахуалдар, даулы мәселелер арқылы мақсатқа жетуге бағытталатын түсiнiктердi алу және мәлімет беру процесі.
Формативті бағалаудың мәселелерін зерттеушiлер Брангерт Драунс, Кулик, Морган сонымен қатар Элдвар және Корнолар «формативті бағалау – кері байланыстың оқушылармен үзіліссіз ағыны», «оқушыға реттелген түсініктерді алу және өзінің кемшіліктерін сезінуге көмектесетін айқын, түсінікті ұсыныстар мен ары қарай ілгері ұмтылу үшін жеткілікті мәлімет жинайды» деп өз жұмыстарында атап өттi. Керi байланыс мұғалiмге оқыту процесі қалай жүретiндігі және оқушының табыстары мен кемшіліктері туралы мәлiмет бередi. Керi байланыс өзара сыйластық пен тiлектестiктiң атмосферасында өтуi қажет және оқушы үшiн дұрыс жауап қайыруға немесе қателердi жөндеуге уақыт берiлуі керек. ойлау Сонымен қатар қызмет бағыттарын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Зерттеушiлер Блэк және Уильямның пiкiрiнше, оны пайдалану үшiн оқушы керi байланыс деген не екенін түсiну керек. Нақты жетiстiкке жету үшiн оқушы өзіне баға беруге үйренуi керек: «негізгі мақсатын түсініп, содан табысқа жетуге нені игеру керек екенін білуі керек ». Сайып келгенде, оқушылармен кері байланыс оқушы қалай және нені түсінетіндігін немесе түсінбейтіндігі туралы мәлімет береді, сонымен қатар мұғалімге оқушының жетілуіне қажет стратегияны алуға көмектеседі.
Сабақтың әр бөлімінде де кері байланыс орын алады. Кері байланыстың екі түрі болады.
Ауызша
Жазбаша